Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тема_3_каз.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
125.95 Кб
Скачать

1 Слайд.

Автоматты қосылу. Операциондық жүйенің функцияларының бірі өздігінен автоматты қосылуды қамтамасыз ету болып табылады. Алдымен компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысының микросхемасына жазылған енгізу/шығару базалық жүйесінің программалары жұмыс істей бастайды. Олар компьютердің жұмыс істеу қабілеттігін тексеріп, экранға тексерілген құрылғылардың қалпы туралы хабарламалар шығарады. Тестілеу сәтті аяқталған соң енгізу/шығару базалық жүйесінің программалары дискілік жинақтағыштардағы операциондық жүйені іздестіре бастайды: алдымен иілгіш магнит дискілер үшін дисководтарда, сосын қатты дискіде. Өз жұмысын аяқтай отырып енгізу/шығару базалық жүйесінің программалары жүктелуге және операциондық жүйесі табылған дискінің жүйелік облысының құрамындағыны орындауға команда береді. Операциондық жүйенің программаларын жедел жадыға жазу (жүктеу) басталады. Сәтті жүктелген соң экранда операциондық жүйенің шақыру хабарламасы (MS-DOS үшін) немесе операциондық жүйенің белгі-суреттері бар жұмыс столы түріндегі негізгі экраны (Windows үшін) пайда болады.

Файлдық жүйеге қызмет ету. Операциондық жүйенің келесі маңызды функциясы файлдық жүйені құру және оған қызмет ету болып табылады. Файлдық жүйе мәліметтерді дискілерде сақтауға және оларға қатынауды қамтамасыз етуге арналған.

Пайдаланушы үшін файлдық жүйе файлдық құрылым деп аталатын иерархиялық құрылым ретінде көрсетіледі.

Операциондық жүйе файлдық құрылымға қызмет етудің келесі операцияларын орындайды: файлдарды құру және оларға ат беру; каталогтарды (папкаларды) құру және оларға ат беру; файлдардың және каталогтардың (папкалардың) аттарын өзгерту; дискілер және каталогтар арасында файлдарды көшіру және орын ауыстыру; файлдарды және каталогтарды (папкаларды) өшіру; файлдық құрылым бойынша шолу; файл атрибуттарын басқару.

Қосымшалармен жұмыс істеу. ОЖ-ның тағы бір маңызды функциясы қосымшаларды орнату, орындау және өшіру операцияларын басқару болып табылады. Қосымшалардың орындалу тәсіліне қарай біресептік және көпесептік операциондық жүйелер болады. Біресептік операциондық жүйелерде (MS-DOS) есептеу жүйесінің барлық ресурстары бір орндалатын қосымшаға беріліп, басқа қосымшаның параллель орындалуы мүмкін емес. Көпесептік ОЖ-да есептеу жүйесінің ресурстары бірнеше есеп арасында таратылады. Бұл кезде бірнеше қосымшаның бір уақытта жұмыс істеу, қосымшалар арасында мәліметтер алмасу және бірнеше қосымшалардың есептеу жүйесінің аппараттық, программалық, тағы басқа ресурстарын қолдану мүмкіндігі туады. Қазіргі ОЖ (Windows) көпесептік болып табылады.

Қосымшаны орнату деп аталатын операцияны орындау қажеттілігі программалақ қамтылудың орнатушы пакеті (дистрибутивтік жиынтық) аяқталған программалық өнім емес, орнату процессі кезінде толық жұмыс істейтін қосымша құрылатын жартылай өнім болып табылғандықтан туындайды. Қазіргі ОЖ қосымшаны орнатуды басқаруды өзіне алады.

Ресурстарды бірігіп қолдануға байланысты көпесептік ОЖ-да қосымшаларды өшіру процесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан қосымшаларды өшіру процесі де операциондық жүйе басқаруымен өтеді.

Аппараттық құралдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету. Аппараттық құралдармен өзара әрекеттесу драйверлер деп аталатын басқарудың арнайы программалық құралдарының көмегімен орындалады. Қазіргі ОЖ (Windows) құрылғылар драйверлерін орнатумен және оларға қосымшалардың басқарылуын берумен байланысты барлық функцияларды өзіне алады. ОЖ қосылатын құрылғылар арасында ресурстарды динамикалық таратуды қамтамасыз еткен кезде, қосылатын құрылғылдардың көбі өздігінен орнатылатын (plug-and-play) болып табылады

Компьютерге қызмет көрсету. Компьютерге қызмет көрсету функциясы әдетте ОЖ базалық құрамына арнайы қызмет қосымшаларын қосу арқылы қамтамасыз етіледі. Оларды қатарына жатады: дискілерді тексеру құралдары, дискіні "қысу" құралдары, виртуалды жадыны басқару құралдары, дискіні кэштеу құралдары және мәліметтердің қосымша көшірмесін алу құралдары.

Операциондық жүйелердің қосымша функциялары. Оларға компьютерлік желілерде жұмыс істеуді, санкционирленбеген қатынаудан мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету, т.б. жатады. Сонымен қатар қазіргі ОЖ құрамына қарапайым есептерді шешуге арналған қолданбалы программалық қамтылудың минималды жиынтығы кіреді: мәтіндік құжаттарды, суреттерді, дыбыс жазуларды редактрлеу, математикалық есептеулерді орындау, күнделік жүргізу және т.б.

Операциялық жүйенің классификациясы.

ОЖ бірмақсатты және көпмақсатты болып бөлінеді.

Бірмақсатты ОЖ (DOS – Disk Operating System) бір уақытта бір ғана тапсырма орындай алады.

Көпмақсатты ОЖ (Windows 98/ME) бірден бірнеше тапсырмаларды олардың арасында компьютердің қуатын бөле отырып орындайды.

Тапсырмалар саны процессордың қуатымен және жедел жадының сыйымдылығымен шектеледі.

ОЖ бірпайдаланушылық (бір клиентке қызмет көрсетуге арналған ) және көппайдаланушылық (бір уақытта пайдаланушылар тобымен жұмыс істеуге арналған) болады. Бірпайдаланушылық ОЖ-ға мысалы ретінде Windows 98/ME, ал көппайдаланушылық ОЖ-ға - Windows NT/2000 келтіруге болады.

ОЖ разрядтылығы (16-разрядты, 32-разрядты, 64-разрядты).

ОЖ мамандануы – ОЖ-ның біреуіне лайықты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]