Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прил. 2 к пр.218 гос.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
125.95 Кб
Скачать

3. Бцж вакцинасын қолдану

  1. БЦЖ вакцинасы БЦЖ вакциндық штаммының тірі микобактериялары (вируленттігі әлсіз, иммуногендік қасиеттері жоғары), лиофилді кептірілген, тері ішіне егуге арналған. Препарат арнайы туберкулездің алдын алуға қолданылады. Вакцинаның қасында түссіз, мөлдір, қоспалары жоқ стандартты еріткіші болады.

  2. Жаңа туған сәбилерге вакцинация перзентханада, туғаннан кейінгі 1 - 4 - күні, егу бөлмесінде, анасының көзінше жасалады. Баланың анасына алдын ала вакцинациядан бас тартудың салдары, мүмкін болатын реакциялар мен асқынулар туралы түсіндіріп, келісім хат алу керек. Сәбиді педиатр дәрігер қарап тексеріп, вакцинация жасауға рұқсат бергенін сәбидің сырқатнамасына тіркегеннен кейін ғана вакцинация жасалады. Сәбилерге вакцинацияны егу бөлмесінің егуге рұқсаты бар медбикесі жасайды. Егер анасы денсаулық жағдайына байланысты егу бөлмесіне келе алмаса, онда оның жазбаша келісімімен медицина қызметкері қатыса алады. Перзентханадан шықпас бұрын сәбидің анасына перзентханада жасалған алдын ала егулер туралы мәліметтер жазылған Егу төлқұжаты беріледі.

  3. БЦЖ вакцинасын егу тәсілі мен мөлшері:

1) вакцинасы бар ампулаларды алдын ала тексеру керек, мынадай жағдайларда оны қолдануға болмайды:

ампулада этикетканың болмауы немесе ол дұрыс толтырылмаған болса;

жарамды мерзімі өтіп кеткен болса;

ампула жарылған болса;

препараттың физикалық қасиеттері өзгерген болса (түсі, нысаны өзгерген болса және т.б.);

препаратты еріткен кезде бөгде не вакцинаның нұсқауында көрсетілген уақыт ішінде ерімеген талшықтар болса.

2) БЦЖ вакцинасы сол жақ иықтың жоғары және ортаңғы үштен бір бөлігінің сыртқы шекарасында тек қана тері ішіне нұсқауда көрсетілген мөлшерде енгізіледі.

  1. БЦЖ вакцинациясына қарсы айғақтар:

1) бірінші дәрежелі туыстарда анықталған жайылған БЦЖ инфекциясының анықталуы (тұқым қуалайтын иммундық тапшылықтың болуы мүмкін);

2) АИТВ/ЖИТС;

3) шала туу – салмағы 2000 граммнан төмен немесе жүктілік мерзімі 33 аптадан кем;

4) ОНЖ зақымдануы – босану кезіндегі неврологиялық белгілері бар жарақаттар (орташа ауырлықтағы және ауыр дәрежелі);

5) құрсақішілік инфекция, жаңа туған нәрестелердің сепсисі;

6) жаңа туған сәбилердің гемолитикалық ауруы (орташа ауырлықтағы және ауыр түрлері);

7) субфебрилді температура және сәбидің жалпы жағдайының бұзылыстары байқалған орташа ауырлықтағы және ауыр түрдегі аурулар.

  1. Перзентханада БЦЖ вакцинациясы жасалмаған балаларға БМСК ұйымында вакцина егілуі тиіс, екі айға дейін уақыт өтсе вакцинация туберкулин сынамасынсыз жасалады, ал екі айдан асқан болса – Манту сынамасының теріс нәтижесінде ғана жасалады.

  2. Вакцинация жасалған балалар, перзентханадан үйге шыққанда бактерия бөлушімен қарым-қатынасқа түспеуі үшін кем дегенде 2 ай бойы сәбилер бөлімшесінде не балалар үйінде оқшаулануы тиіс (туберкулезге шалдыққан науқасты оқшаулау мүмкін болмаған жағдайда).

  3. Егер сәбидің анасы белсенді туберкулезбен ауырса, баланы 3 айға химиопрофилактика жүргізу мақсатында оқшаулау керек, содан кейін Манту сынамасының нәтижесі теріс болған жағдайда БЦЖ вакцинасы егіледі және де иммунитет түзілгенге дейін анасынан тағы 2 айға оқшауланады.

  4. БЦЖ ревакцинациясы:

  1. дені сау, жұққандығы жоқ, Манту сынамасы теріс нәтижелі 6 жасар балаларға жасалады (1-сынып);

  2. 2 ТБ Манту сынамасы күмәнді нәтижелі болған жағдайда сынама 3 айдан кейін қайталанып, нәтижесі теріс болса - БЦЖ ревакцинациясы жасалады;

  3. ревакцинацияны республика бойынша жаппай 6 жасар оқушылар арасында (1-сынып), оқу жылының бірінші айында (қыркүйек), ұйымдастырылған түрде мектепте, ТҚКҰ фтизиатр дәрігердімен бірлесе отырып БМСК ұйымының медицина қызметкері жасайды. Бұл айда басқа алдын ала егулер жасауға тыйым салынады. Қолданылмаған БЦЖ вакцинасының қалдығын облыстық, қалалық және аудандық денсаулық сақтау басқармаларының дәрі қоймалырына қайтару керек. БЦЖ вакцинасын тұрақты түрде перзентханаларда (босану бөлімшелерінде) ғана сақтауға рұқсат беріледі, ол құлыптанатын биксте тоңазытқышта сақталуы тиіс.

  4. Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясы арасындағы аралық кем дегенде үш күн және екі аптадан аспауы керек. Медициналық қарсы көрсеткіштер болған жағдайда ревакцинация қарсы көрсеткіштер жойылғаннан кейін бірден жасалады.

38. БЦЖ ревакцинациясының қарсы көрсеткіштері:

1) туберкулез микобактерияларының жұққандығы немесе бұрын туберкулезбен ауруы;

2) оң не күмәнді Манту сынамасы;

3) БЦЖ вакцинациясына асқыну әсерлердің болуы;

4) бірінші дәрежелі туыстардың арасында жайылған БЦЖ инфекциясының анықталуы

5) АИВ-жұққандығы;

6) иммундық тапшылық жағдайлары, қатерлі ісіктер;

7) жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулардың өршуі, аллергиялық ауруларды қоса. Ревакцинация аурудан жазылғаннан немесе ремиссиядан соң екі айдан кейін жасалады;

8) алдын ала егуден уақытша босатылған балалар бақылау мен есепке алынып, толық жазылғаннан соң не қарсы көрсеткіштер жойылғаннан соң бірден егілуі тиіс.

39. БЦЖ вакцинасын еккеннен кейінгі реакциялар:

1) БЦЖ вакцинасын еккеннен кейін ағза тарапынан жалпы жауап байқалады. Аймақтық лимфа түйіндері 15-20 мм-ге дейін ұлғайса, ағзаның қалыпты жалпы жауабы деп бағаланады; ал 20 мм-ден астам ұлғайса – арнайы ем тағайындалады. Лимфадениттер 6-9 ай ішінде тарқайды;

2) нәресте перзентханада болған кезде дәрігер (медбике) сәбидің анасына тері ішілік вакцинациядан кейінгі 4-6 апта ішінде жергілікті егу реакциясының болатынын және реакция байқалғанда сәбиді учаскелік дәрігер-педиатрға көрсету қажеттігін хабарлайды ;

3) вакцинация (ревакцинация) жасалған балаларды жалпы емдеу жүйесінің дәрігер-педиатрлары бақылайды және де 1, 3, 6, 12 айдан кейін жергілікті егу реакциясы тексеріліп, оның сипаттамасы мен көлемі 063е, 026е, 112е есепке алу үлгілерінде тіркеледі. Сонымен қатар, ағзаның вакцинацияға жалпы рекциясын анықтау және аймақтық лимфаденитті уақытылы анықтау мақсатында шеткі лимфа түйіндерін де тексеру қажет;

4) БЦЖ вакцинасын енгізген бетте папула пайда болып, ол 15–20 минөт ішінде тарқап кетеді;

5) вакцинациядан кейінгі жергілікті егу реакциясы вакцинация жасалған балаларды 4-6 аптадан кейін, ал ревакцинация жасалған балаларда бір аптадан кейін байқалуы мүмкін. Яғни вакцина егілген жерде гиперемия мен диаметрі 5-9 мм инфильтрат (папула) пайда болады. Содан кейін инфильтрат везикулаға, пустулаға алмасып, кейіннен қабыршық пайда болып, ол өз бетімен түскеннен кейін тыртықша түзіле бастайды. Аталған реакциялар қалыпты болып есептеледі және ешқандай дәрілермен өңдеуді талап етпейді;

6) БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясының нақты нәтижесі егуден кейінгі 1 жылдан соң тыртықшаның мөлшерімен бағаланады. Егу техникасы дұрыс жасалған және вакцина дұрыс сақталған жағдайда егу орнында 95-97% тыртық пайда болады. Тыртықшаның ең тиімді мөлшері 5-8 мм. Кейде БЦЖ вакцинасын еккен жерде апигментті дақ пайда болады (2-3%);

7) жергілікті егу реакциясы байқалмаған (тыртықшаның болмауы) балалар міндетті түрде есепке алынып, 6 айдан кейін алдын ала Манту сынамасы жасалмай–ақ, ал 1 жылдан кейін – Манту сынамасының теріс нәтижесінде қайтадан егіледі (қосымша вакцинация) (тек қана бір рет).

40. Сирек жағдайларда БЦЖ вакцинасын еккеннен кейін төменде аталған жергілікті жанама әсерлер байқалуы мүмкін: