Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LbkhpitvitKZ.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
120.32 Кб
Скачать

Бейорганикалық минералдық заттар

Құрамына негізгі заттар, белоктар, майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары болатын қосылыстардан басқа адам ағзасына тағаммен бірге басқа да химиялық элементтер түсуі қажет.

Негізгі элементтер: С, О, Н, N, S, P, сонымен бірге, 20-ға жуық минералдық заттар да жатқызылады.

Қандай да бір минералдық элементтің жетіспеушілігі өте сирек кездеседі, себебі, олар тағам мен судың құрамында жеткілікті мөлшерде болады. Бірақ кейбір минералдық заттарға байланысты эндемиялық аймақтар болады. Ол қандай да бір элементтің жетіспеушілігімен (мысалы, иодтың немесе фтордың) байланысты.

Минералдық заттарға мәйітті өртегенде қалатын күлдің құрамы жатқызылады. Ересек адамның мәйітінен 3 кг-ға жуық күл қалады.

Қазіргі кезеңде, біздің ағзамызда 70-ке жуық әртүрлі элементтерді бөледі:

а) макроэлементтер – олардың мөлшері грамм, ондаған немесе жүздеген грамм. Олар – Na,K,Ca,P,S,Cl.

б) микроэлементтер – олардың мөлшері миллиграмм, ондаған миллиграмм. Олар – Аu, Сг және т.б.

Минералдық элементтерді тіршілігі үшін қажеттілігіне байланысты жіктегенде, оларды “биоэлементтер” деп те атайды. Ағзадағы қызметі белгісіз элементерді “кездейсоқ қоспалар” деп атайды. Мысалы,Au (алтын).

Ағзада минералдық заттар біркелкі таралмаған. Ағзаның ең қатты ұлпасы тістің 98%-ы минералдық заттар, торшасыртылық сұйықтықта небары 0,5-1% ғана минералдық зат болады. Фтор көп мөлшерде тіс эмалінде, йод-қалқанша безінде, темір-қызыл жілік майында кездеседі. Көптеген минералдық заттар жекеленген ұлпаларда концентрацияланады.

Біршама біркелкі Mg, Аl, Br, Se таралған.

Ағзадағы минералдық заттардың формалары.

1. Иондалған форма – минералдық тұздардың диссоциацияланған ерітіндісі түрінде. Иондар белок молекуласымен байланысып комплекс түзеді. Байланыс спецификалық немесе спецификалық емес болуы мүмкін. Спецификалық байланыстың мысалы, трансферрин белогының темірді тасымалдауы. Спецификалық емес байланыстың мысалы, плазма альбумині көптеген металдарды тасымалдайды.

2. Органикалық молекулалар құрамындағы форма. Бұл жағдайда байланыс спецификалық және мықты. Мысалы, гемоглобиндегі темір, тироксиндегі иод.

3. Ерімейтін тұздар түрінде (кристалдық форма). Мысалы, сүйек және тіс ұлпасындағы гидроксиапатиттер кристалдары (кальций фосфаттары, фтор тұздары).

Минералдық заттар ағзаға тағам және су арқылы асқазан-ішек трактісінен және тыныс алу мен тері жамылғыдан түседі. Қалыпты жағдайда олар асқазаннан нашар сіңіріледі, ал ішектен олар активті тасымалдану жолымен сіңіріледі.

Минералдық заттардың ролі.

1. Құрылымдық ролі. Бұл рольді сүйек пен тіс ұлпасындағы ерітілмеген тұздар ғана емес, сонымен бірге, торша мембранасы құрамына кіретін фосфолипидтер те атқарады.

2. Энергетикалық ролі. Минералдық элементтер тікелей энергия беруші қызметті атқармайды. Олар ағзадағы энергияның түрленуі мен айналуларына қатысуға қажетті заттар болып табылады. Мысалы, фосфор макроэргиялық байланыстар, темір – цитохромдар құрамына кіреді.

3. Реттеушілік роль. Минералдық заттар қатысады: а) қанда және торшаларда осмостық қысымның тұрақтылығын ұстау; б) қанда және торшаларда рН тұрақтылығын ұстау. Бұл ағзадағы екі буферлік жүйенің көмегімен өтеді: - а) бикарбонаттық; б) фосфаттық.

Минералдық заттар біздің ағзамыздың биореттеушілерінің (ферменттер, гормондар, витаминдер) құрамына кіреді. Әрбір минералдық компонентті тек өзіне ғана тән рольді атқарады және басқасымен ауыстырылуы мүмкін емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]