Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LбхпитвитKZ.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
120.32 Кб
Скачать

Кейбір минералдық заттардың метаблизмінің ерекшеліктері.

Кальций (Са).

Адам ағзасында жуық шамамен 1-2 кг. кальций болады. Оның 90%-ға жуығы ерімейтін тұз формасында сүйек және тіс ұлпаларында, ал 10%-ы ионданған қалыпта кездеседі.

Қызметі: 1. Сүйектену процесі үшін қажет; 2. Ферменттік жүйенің жұмысына (бұлшықет жиырылуына) қатысады; 3. Жүйке импульсін өткізеді; 4. Қанның ұю факторы; 5. Кейбір гормондардың активтілігін реттеуге қатысады; 6. Кейбір ферменттердің активаторлары, тағамдық шығу көзі: -сүт өнімдері, боб, дақылдар, жаңғақ, қышқылдық ортада жақсы сіңіріледі.

Тәуліктік қажеттілігі – 800 мг, жүкті әйелдер үшін – 1,2 г.

Фосфор (Р).

Ересек адамның ағзасында 1 кг-ға жуық фосфор болады. 85%-ы сүйек ұлпасының құрамында. Қан плазмасындағы фосфордың концентрациясы 1-1,4 ммоль/л-ді құрайды.

Адам ағзасы үшін кальций мен фосфордың келесі қатынасы маңызды:

Са/Р2

Қызметі: 1. Сүйектену процесіне қатысады; 2. Макроэргтер құрамына кіреді; 3. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді; 4. Кейбір коферменттер құрамында болады; 5. Фосфолипидтер құрамында болады; 6. Қанның буферлік жүйесінің құрамына кіреді; 7. Фосфопротеиногеннің (сүт казейні) құрамына кіреді.

Фосфордың ағзада жетіспеушілігі жиі түрде фосфор алмасуының бұзылуымен байланысты.

Натрий және калий алмасуы (Nа, К).

Натрий – адам ағзасының негізгі торшасыртылық ионы.

Қызметі: 1. Осмостық қысымның тұрақтылығын ұстау; 2. Қанның буферлік жүйесінің жұмысына қатысу; 3. Жүйке-бұлшықет тонусына қатысу; 4. Жүйке торшаларының қоздырылуы процесіне қатысу.

Тәуліктік қажеттілігі – 1 г. Бірақ біз жиі түрде 10 грамға дейін қабылдаймыз. Натрийдің артық мөлшерде қабылдануы адамда гипертониялық аурулардың дамуына әкеледі.

Калий – ағзаның негізгі торшаішілік ионы.

Калийдің тәуліктік қажеттілігі – 4 граммға жуық. Адам іш өтуде және құсуда калийді көп жоғалтады.

Торша ішінде

Торша сыртында

10

140-150

К

120-140

4-ке жуық

Торша мембранасында бұл иондардың концентрациясының градиенті болады. Бұл концентрациялар айырмасын ұстау біздің ағзамыздың көптеген қызметін атқару үшін маңызды. Калийдің торшаішілік тұрақты жоғары концентрациясы Nа/К-АТФ-аза есебінен ұсталынады. Бұл фермент торша мембранасына қосылған. К ионы үшін байланысу орталығы мембрананың сыртқы бетінде орналасқан, ал Nа ионы үшін ішкі бетінде. Na/К-АТФ-аза АТФ-тің гидролизденуі энергиясын пайдаланып, К+-ті торша ішіне, ал Na+-ті сыртына шығарады. Na+ жақсы гидраттанады, сондықтан Na+- пен бірге торшадан су да шығарылады.

Темір және мыс (Ғе, Сu).

Темір.Оттегі тасымалдауы белоктардың гемінің (гемоглобин, миоглобин), цитохромдар, пероксидазалар, каталазалар синтездері үшін қажет.

Темір ішектен Ғе2+ионы түрінде сіңіріледі, бірақ өте баяу. Оның сіңірілуі тотықсыздандырғыштар қатысында (С витамині) жылдамырақ өтеді.Адам мен ішек микрофлорасы арасында темірге бәсекелесу болады. Жануарлар өнімдерінен темір жақсы сіңіріледі.

Ағзаның темірге қажеттілігі қажетті мөлшерден 5-6 есе артық болуын керек етеді. Тәулігіне 10 мг темір түсуі қажет.

Сіңірілген темірдің ішек эпителилерінен қанға өтуі ферритин белогы қатысуымен өтеді. Қанда ферритинмен тасымалданады. Темір ағзадағы бауырда, көкбауырда, қызыл жілік майында ферритин белогымен комплекс түрінде болады. Фагоциттелуші эритроциттерден бөлінген темір пайдалануға ыңғайлы және өт пен нәжіс құрамында аз мөлшерде шығарылады. Қан кетуде темірдің жоғалуы көп жоғарылайды.

Мыс.Темірдің жақсы сіңірілуі үшін тағам құрамында міндетті түрде болуы қажет.

Мыс цитохромоксидаза, супероксиддисмутаза ферменттерінің синтездері үшін қажет.

Мыс лизилоксидаза ферментінің активті орталығының құрамына кіреді. Бұл фермент коллаген мен эластиннің тізбектеріндегі көлденең тігістердің (байланыстарының) түзілуін катализдейді. Сондықтан мыс дәнекер ұлпасы мен эндоденешіктердің қалыпты дамуы үшін қажет. Мыс жетіспеушілігінде тамырлар сынғыш келеді, олардың жарылуы мүмкін.

Мыс қан плазмасының белогы церулоплазминмен тасымалданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]