Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

аргын

.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
29.76 Кб
Скачать

Байланыс дегеніміз не?

Байланыс:

1) әр түрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау;

2) почта, телефон, телеграф, радио, т.б. хабарын таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кездехабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, қада, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, тех. жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай Байланыс почта және электрлік Байланыс болып бөлінеді. Почта Байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф,телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телеграф техникасының жетілдірілген түрі — факсимильді байланыс (фототелеграфия). Онымен газет беттерінің көшірмесі, фотография, сурет, қолжазба, сызба, сондай-ақ, Байланыстың басқа түрімен қабылданбайтын құжаттар беріледі. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф Байланыссы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі. Радиобайланыс қазіргі заманда өте кең тараған.

3)сәйкестілік,сілтеме,байланыстарды редакциялау кезінде — символ/символ, символ/адрес немесе адрес/адрес типінің сәйкестілігі; кибернетикалық жүйе жайында — әсер, ықпал; мәліметтерді қашықтан өндеу желісіндегі мәліметтерді жеткізу құралдарының жиынтығы; объектілер арасындағы қатынас; программалық модульдердің әрекетгестік механизмі; гипермәтіннің белгіленген элементі; сол элементті тышқанмен басқару арқылы мәтіннің басқа бөлігіне ауысу; желілердегі байланыс түйіні; екі байланыс торабын жалғастыру жабдығы.

Қазақстандағы байланыс жүйелері

20 ғасырдын басында Қазақстанда 250 почта-телеграф пункті болды. Электр Байланысның техника құралдары мен телевизияны пайдалану 1950—1960 жылдары басталды. Осы кезеңге дейін республикалық байланыс құралдарының негізін бағаналы желілер мен коммутациялық қондырғылар құрады. 1950 жылы Алматыда 800 нөмірлік АТС, 1956—1957 жылдары Алматы, Қарағанды, Өскемен қалаларында тұңғыш телевизия орталықтары салынды. 1960—1975 жылдары қалалардағы АТС-ті автоматтандырудың үлес салмағы 97%-ке жетті. 1966 жылы Қазақстанның батыс және оңтүстік облысы арқылы өткен Мәскеу-Ташкент Байланыс кабелі желісінің құрылысы аяқталды. Бұдан соң Новосибирск—Алматы, Самара—Атырау—Жаңа Өзен кабель магистральдары, 1967 жылы “Орбита” ғарыш қабылдау станциясы іске қосылды, халықаралық телефон байланысын автоматтандыру басталды. 1972 жылы Алматыда Қазақстанды КСРО-ның 120 қаласымен байланыстыратын АРМ-20 халықаралық автоматты телефон станциясы іске қосылды. 20 ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы Байланыс желілері телекоммуникацияның цифрлы жүйелері негізінде өзгертіле бастады. Республикадағы халықаралық телефон байланысы 2 жер үстілік телепорттар арқылы жүзеге асырылады. Республикада халықаралық телефон байланысы 1992 жылы Алматыда және 1995 жылы Ақмолада Жер серігі телеайлақтары арқылы қамтамасыз етілді. Халықаралық автоматты коммутациялық станциялар С-12 жүйесіндегі цифрлы станциялармен ауыстырылды. Аумағы зор, халқының орналасу тығыздығы әркелкі, кабель желілерін тартуға болмайтын қиын жерлері көп Қазақстанда ғарыштық спутник арқылы байланыс аса тиімді. 20 ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда байланыстың телефакс, ұялы радиобайланыс, пейджинг, транкинг, интернет сияқты жаңа түрлері пайда болды. Республиканың 7 облыс орталығында 7000 абонент ұялы байланыс, 12 ірі қаласында 5000 абонент дербес радиошақыру (пейджинг) қызметін пайдаланып келеді. 1996—1997 жылдары пайдалануға берілген Ақмола—Қарағанды талшықты-оптикалық желі Қазақстандағы халықаралық цифрлы Байланыс торабының негізін қалады. 1998 жылы республикадағы халықаралық телефон каналдарының ұзындығы 43 млн 363 мың км-ге жетті. Республика қалаларында жалпы сыйым. 1.856.997 нөмірлік 637 АТС, ауылдық жерлерде жалпы сыйымд. 573945 нөмірлік АТС-тер жұмыс істеді.[4]

Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон стансылары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.

Қазақтелеком” АҚ компаниясының құрылу тарихы.

Ұлттық байланыс операторының құрылу тарихы Қазақстан телекоммуникацияның өзіндік саласының қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты.

Қазақстан телекоммуникациясының жеткізу нүктесі, 1862 жылы Верный мен Пішпек қалаларын байланыстырған телеграф желісі болды. Сол кезеңде Қазақстан қалалары мен жалпы барлық өңірін қоршаған ортамен тез байланыстыратын жалғыз тиімді құрал болды. Келесі жылы телеграф желісі бойынша байланыс Верный қаласы мен Жетісу – Жәркент, Лепсі, Сергиопол, Қапал уездік қалалары арасында, ал содан кейін батыста – Ташкентте және солтүстікте – Семей мен Омбыда орнатылды.  1934 жылы Алматының поштамп, телеграф, қалааралық, халықаралық телефон станциялары орналасқан Алматы Байланыс үйінің құрылысы аяқталған кезде өте маңызды оқиға болды. 1934 жылдың наурызында телеграф құрамында алғашқы қалааралық телефон станциясы ұйымдастырылды, ол кейіннен өз алдына кәсіпорын болды. 1939 жылы алғашқы рет қазақстандық телеграф желісі бойынша фотобейне – қазақтың ұлы ойшылы және ақыны Абай Құнанбаевтың портреті жіберілген болатын.  1943 жылдың наурызында Қарағанды мен Ақмола арасында Алматы жоғары жиілікті телефон байланысы ұйымдастырылды. Содан кейін осы желі Мәскеуге дейін тартылды. Сол кездегі осы қуаттылығы жоғары Алматы – Мәскеу телеграф магистралінде жалпы алғанда 5 мың км асатын мыс сым тартылды.  Саланың нақты дамуы соғыстан кейінгі жылдары ғана жаңғыра бастады. 1945-1946 жылдары Алматыдан Семейге дейін және одан әрі Новосибирскіге дейінгі жолдар арқылы түрлі-түсті металдан телефон торлары тартыла бастады. Осы кезеңде Алматы – Ташкент учаскесінде қолданыстағы торапты нығайту жүзеге асырылды, ол Алматы мен Жамбыл, Шымкент, Ташкент және Мәскеу арасындағы сөйлесу сапасының жақсаруына мүмкіндік берді.  1955 жылдың ақпанында Қазақ КСР Байланыс министрлігі құрылды және соның көмегімен Қарағанды, Целиноград, Көкшетау арқылы Алматыдан Петропавловскіге дейін магистральды кәбіл тартуға қол жеткізілді. Бар-жоғы 15 жылдың ішінде тың жерді игеру басталғаннан кейін аймақтарда 91 % ауыл кеңесі, 99,5% совхоз, 99,8% колхоз телефондандырылды. 1970 жылы барлық совхоз, колхоздар мен ауыл кеңестерін телефондандыру аяқталды. Бұл барлық желіні бірыңғай автоматтандыруға ауыстыруға мүмкіндік берді. Автоматты қызмет көрсету әдісіне қалааралық байланыс та көшірілді.  Басқа сөзбен айтқанда, телекоммуникация саласындағы ұлттық операторды – компания құру қажеттілігі туралы мәселе туындады. Бұл 1994 жылы болды. 1994 жылдың 17 маусымы күні – “Қазақтелеком” ҰАК компаниясының құрылған күні, оның атымен біздің еліміздегі телекоммуникация саласының тағдыры байланысты. Бұл сала бойынша еліміздің көптеген көрсеткіштермен жоғары орындарға шығуына мүмкіндік берген біздің экономикамыздың стратегиялық маңызды облыстарының бірі болуға алғашқы қадам болды. Бүгінгі күні “Қазақтелеком” компаниясынсыз және ол ұсынатын байланыс қызметінсіз біздің қоғамның өмірі мүмкін еместігі баршамызға белгілі.

Ұялы телефон Тарихы

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр

Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.

Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.

Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.

Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.

Ұялы байланыс Тарихы

Оның жалпы қамту аумағы жеке базалық станциялардың қамту аумағымен анықталатын ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтар бір-бірін көмкеріп, желі құрайды. Тегіс және ашық жердегі қамту аумағының базалық станциялары шеңбер пішінді болып келеді, сондықтан олардан құралған желі алты бұрышты ұяшықтардан құралған бал арасының ұяшығына ұқсас болып келеді. Желі бірдей жиіліктежұмыс істейтін, кеңістікте таралатын қабылдағыш-таратқыштардан, қозғалыстағы абоненттердің орнын алдын ала анықтау және оның бір қабылдағыш-таратқыштың қызмет көрсету аумағынан басқа қызмет көрсету аумағына ауысу кезіндегі байланыстыңүзіліссіздігін қамтамасыз ететін коммутаторлық жабдықтардан тұрады. Ұялы байланыстың алғашқы жүйелері 1946 ж. АҚШ-тыңСент-Луис қаласында жасалды. Бұл байланыс жүйелері автомобильдерде орнатылып, жеткілікті дәрежеде үлкен аумақты қамтамасыз ететін бірыңғай орталықпен байланыстырылды.

XX ғасырдың 70-жылдарының аяғында Солтүстік Еуропа мемлекеттерінде 450 МГц жиілікте жұмыс істейтін NMT-450 стандарты енгізілді. 1986 жылдан жүйенің абоненттік сыйымдылығын кеңейтетін және функционалдық мүмкіндіктерін арттыратын NMT-900 стандарты қолданыла бастады. Алғашқы тәжірибелі GSMжелісі 1990 ж. пайда болып, 1992 ж. алғаш рет Германияда қолданысқа енді. GSM-900 — қозғалмалы байланыс жүйесінің ең кең тараған түрі. Оператордың жиілік ауқымы 890—960 МГц. GSM-900 стандартының басқа стандарттармен салыстырғандағы басты артықшылығы телефон аппараттары өлшемдерінің шағын болуы және аккумуляторының зарядталмай ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі. GSM операторында орнықты байланыс ең жақын базалық станциядан (үдеткіштер мен антенналар қолданғанда) 35 км-ге дейін жетеді. GSM-900 стандартында бөгде қосылудан қорғану үшін абоненттің арнайы модулі — SIM-карта қолданылады. Бұл картада белгілі абонент туралы нақты ақпарат жазылған микросұлба орнатылады, сондықтан оны GSM стандартты кез келген ұялы аппаратта қолдануға болады. Әрбір картаның арнайы идентификациялық нөмірі болады. SIM картаның тағы бір жетістігі абонент аппаратты ауыстырғанда оның ұялы нөмірі және ондағы барлық ақпараттар сақталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]