Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кейс.аза тілі Балташева Жанна.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
60.29 Кб
Скачать

Кейс №12 Отбасының әлеуметтік мәні.

Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.

Ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы ұатынастар некелесу (үйлену, тұрмысқа шығу) алуан түрлі тәртіп бұзушыларға қарсы қолданылатын жазалау шараларының жиынтығы арқылы реттеліп отырады. Бұл некелесу ұйымы еркек пен әйелдің арасындағы қарым- қатынастарды реттеп отырудың әлеуметтік ережелерінің, олардың арасындағы міндет пен құқықтың жиынтығын белгілейді. Отбасының топ ретінде дұрыс қызмет атқаруын, өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы ережелер, оның ішінде міндет пен құқық ережелері құықтық сипатта болады. Бекітілген құқықтық ережелерге кіретін мәселелер: мүлікке иелік ету, ерлі-зайыпты адамдар балаларын және бір-бірін материалдық қамтамасыз ету, т.б.

Неке туралы басқа да ережелер бар, олар моральдық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде болады. Олардың қатарына: ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көңілін табу, жағыну ережелері, некені және некелік тәртіпті сұрыптап алу, отбасындағы билікті және міндетті бөлісу, баларды тәрбиелеу, отбасындағы бос уақытты дұрыс пайдалану, т.б. кіреді. Отбасы қатынастарының басқа да түрлері бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б. қатынасу.

Неке әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.

Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан – ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз.

  2. Не туралы айтылғанын қысқаша мазмұндаңыз.

  3. «Отбасы», «неке», «махаббат»  сөздерін септеңіз.

  4. Мәтін бойынша 10 етістікті тауып, жіктеңіз.

  5. Мәтін бойынша 1-3 сұрақ құрастырыңыз.

  6. Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде жалпы қандай ұғымдар қолданылады?

  7. Отбасының қоғамдағы орны қандай?Өз ойыңызды жазыңыз.

  8. Отбасы туралы бірнеше мақал-мәтел жазыңыз.

Кейс №13 Девиантты мінез-құлық

Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.  Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.  Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметттік санкцияға жатқызылады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасынадағы қатынасқа(өтірік, дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және қатысушыларлың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда девиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі(қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі). Сондықтан мінез құлықты кең және шағын мағынада алып қарастырады.  Тар мағынада алғандағы  девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын,яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтіе ауытқулар ретінде түсініледі.  Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құлыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып шығыңыз.

  2. Социологтар «құқық бұзушыны» қалай деп таниды?

  3. Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма дегеніміз не?

  4. «Девиация» сөзінің анықтамасын беріңіз.

  5. «Мінез-құлығы», «норма» сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз.

  6. Сөйлемді сөз құрамына қарай талдаңыз: Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады.

  7. «Девиация » сөзіне синоним жазыңыз.