Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Каз яз с ответами

.rtf
Скачиваний:
65
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
221.2 Кб
Скачать

Тема:

1. Жақты сөйлемді тап

A) – Мұның қалай ?

B) Асқа қарамауға тура келді

C) Тамаша

D) Тым-тырыс

E) Трактордың гүрілі біз жаққа естілді

Верный ответ: E

2. Жақсыз сөйлемді тап

A) Сіздердің ескерткендеріңіз дұрыс болды

B) Алматы – Республикамыздың ең үлкен қаласы

C) Болашақты бүгіннен бастайық

D) Алты қанат ақ орда әдемі-ақ

E) Асығып тез аттандық

Верный ответ: A

3. Толымды сөйлемді тап

A) Не істеп жүрсің?

B) Қайдан келуші едім?

C) Қаладан келдім

D) Сендерді іздеп келдім

E) Абай баласына бар денесімен бұрыла қарады

Верный ответ: E

4. Атаулы сөйлемді тап

A) Қу шөппен аузын сүртті

B) Жазық дала

C) Оған таңдануға болмайды

D) Кешегі күн ұмыт болмайды

E) Кеше қызық оқиға болды

Верный ответ: B

5. Толымды сөйлемді тап

A) Досанның барғысы келді

B) – Шаңырақты көтер

C) Біздің ертең жиналысқа баруымыз керек

D) Қандай тамаша!

E) Сәлем айтты

Верный ответ: C

6. Жақты сөйлемді тап

A) Біздің ашық сөйлесуіміз керек

B) Менің бұл сөзге қосылғым келмеді

C) Еңбексіз құр жүруге болмайды

D) Қалың қар жауды

E) Менің келгім келмеді

Верный ответ: D

7. Атаулы сөйлемді тап

A) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн

B) Үйге от жақты

C) Бойы жылынды

D) Төрт көзі түгел

E) Қар екпіндеп соқты

Верный ответ: A

8. Жақсыз сөйлемді тап

A) Оған келуге болмайды

B) Ол - әкесінің мұрагері

C) Өзіңе қарай дос таңда

D) Ыстық асты үрлеме

E) Әкесі мен шешесін асырайды

Верный ответ: A

9. Сөйлемнің жазылмай қалған мүшесін белгіле: ... жаңа келіп кетті

A) анықтауыш

B) бастауыш

C) толықтауыш

D) баяндауыш

E) пысықтауыш

Верный ответ: B

10. Жақты сөйлемді тап

A) Қысқы кеш

B) Адаммен олай ойнауға болмайды

C) Енді қорықпаймын

D) Сондай мінездің керегі не?

E) Бәрін білуің керек

Верный ответ: C

11. Толымсыз сөйлемді көрсетіңіз

A) Кітап оқуды өзім де жақсы көремін

B) Бұл – біздің жаңа болашағымыз

C) Бұл жөнінде алғаш сөйлеген Жандос еді

D) Бала жастан көп оқитынын білем

E) Жандос бұған мейлінше қосылды

Верный ответ: D

12. Жақсыз сөйлемді тап

A) Құнанбай үндеген жоқ

B) Саған әкелгізіп отырмын

C) Кеше айтқанмын

D) Менің әлі де айтарым – заңды бұзуға болмайды

E) Атаңның баласы болма, адамның баласы бол

Верный ответ: D

13. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді тап

A) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады

B) Мен түні бойы емтиханға дайындалдым, сондықтан бүгін ертерек жатуым керек

C) Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр

D) Сіз менің жалақымды беріңіз, әйтпесе сотқа шағынамын

E) Ағам демалысқа ертең келеді, немесе айдың соңында біржола жұмысын бітіріп келеді

Верный ответ: A

14. Кезектес салалас ....... жалғаулықтары арқылы жасалады

A) немесе, не, әлде

B) мынадай, сонша, сондай

C) кейде, бірде, біресе

D) сол себепті, өйткені

E) дегенмен, бірақ, сонда да

Верный ответ: C

15. Кезектес салалас құрмалас дегеніміз ––

A) құрамындағы бөліктерінің біреуі басқаларының мазмұнын ашып тұратын салаластың түрі

B) құрамындағы бөліктерінің баяндауыштары тұлғалас келіп, мағыналық жағынан бір сарындас болатын салаластың түрі

C) құрамындағы бөліктері бір -біріне себеп - салдарлы қатынаста келетін салаластың түрі

D) құрамындағы бөліктерде баяндалған іс -әрекет талғау мағынасында жұмсалып, солардың біреуі ғана орындалатынын білдіретін салаластың түрі

E) құрамындағы бөліктері істің, әрекеттің кезектесіп, алмасып орындалатынын білдіретін салаластың түрі

Верный ответ: E

16. Кезектес салалас сөйлемді тап

A) Ағаш жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп

B) Мен түні бойы емтиханға дайындалдым, сондықтан бүгін ертерек жатуым керек

C) Ол екеуі біресе болмашы нәрсеге ұрысып қалады, біресе керемет достардай болып жүреді

D) Біресе жаңбыр жауады, біресе долданған жел соғады

E) Сабақ басталғаннан бері аузын жапқан жоқ, тынышталмады

Верный ответ: C, D

17. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсет

A) Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер

B) Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді

C) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын

D) Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша – орнынан атып тұрды

E) Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі

Верный ответ: A, B, C

18. Талғаулы салалас сөйлемді тап

A) Биыл егін шықпады, өйткені жаздай жаңбыр жауған жоқ

B) Бүгін киноға барасыңдар ма, әлде сабаққа дайындық жасағыларың келе ме?

C) Бұл жұмысты не сен орында, не мен орындаймын

D) Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті

E) Таң арайлап атып, күн сәулесі жер бетіне шашылады

Верный ответ: B, C

19. Салалас құрмалас сөйлем түрін көрсет

Айдана біресе кітап оқиды, біресе теледидар көреді

A) Ыңғайлас

B) Қарсылықты

C) Талғаулы

D) Себеп-салдар

E) Түсіндірмелі

Верный ответ: C

20. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын тап

A) Не, немесе, я, яки

B) Бірде, біресе, кейде

C) Бірақ, дегенмен, алайда

D) Біресе, бірде, немесе

E) Өйткені, сондықтан, себебі

Верный ответ: A

21. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгіле

A) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым

B) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды

C) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

D) Әл-Фараби ежелгі Фараб қаласында туып-өсті, сондықтан араб елдерінде оны Фараби деп атаған

E) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді

Верный ответ: B, D

22. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді тап

A) Ербол бұл әннің үнін жақтырмаса да сөзін ұнатты, сондықтан кейде Абай әніне қосылып та кетеді

B) Хамиттің жүзі өзгеріп кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды

C) Өзен біресе төмен ағып жатқандай, біресе сай-салаға бұрылып ағып жатқандай

D) Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай

E) Мен тоңбаймын, анам маған жылы киім кигізген

Верный ответ: A, B, E

23. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді белгіле

A) Абай енді байқады: әкесі сөзін енді аяқтап келеді екен

B) Сөз ұлы нәрсе, себебі – сөзбен адамдарды біріктіруге де болады, жауластыруға да болады

C) Түркі халқының ұғымында жеті - киелі сан, сол себепті наурыз көже қасиетті тағам болып саналады

D) Жаман іске барма, жақсылыққа жақын бол

E) Сізге қояр талабым сол – емтиханға жақсы даярланыңыз

Верный ответ: B, C

24. Себеп-салдар салалас сөйлемдерді анықта

A) Су табиғатта кең тараған, себебі бүкіл атмосфера судан тұрады

B) Отан деген ұлы сөздің шағын баламасы осы ауыл болса керек, қайда жүрсең де, көкірегіңнің түбінде маздап жататын бір шоқ бар

C) Ермек шахтадан шығып кетті, себебі шахта астында жарылыс жиі болып тұрады

D) Қазақ халқы - мал мен егінді ежелден кәсіп еткен ел, сондықтан қазіргі кезде кәсіп пен шаруашылықтың түрі көп

E) Абайдың бұл келісін ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те атайды

Верный ответ: A, C, D

25. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді анықта

A)Халықтың тілі жойылса, халықтың да жоқ болғаны

B)Амантайды Балтабек танығанмен, Ботагөз танымайтын еді

C)Рахмет қоштасып кеткеннен кейін, Наталияның ұйқысы ашылып кетті

D)Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол

E)Әні әлемді шарлап,өз халқының даңқын жайып, Роза өз еліне оралды

Верный ответ: A

26. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Белгісі болса, жолдан жаңылмай,

Білімі болса, сөзден жаңылмас.

(Махмұд Қашқари)

A) себеп бағыныңқылы

B) мақсат бағыныңқылы

C) шартты бағыныңқылы

D) мезгіл бағыныңқылы

E)қарсылықты бағыныңқылы

Верный ответ: C

27. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді тап

A) Ауа райы түзелді, орақ басталды

B) Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ.

C) Жүзіне қарама, өнеріне қара

D) Ексең егін, ішерсің тегін

E) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен

Верный ответ: D, E

28. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Құлақ естісе, көңіл біліп,

Көз көрсе, шабыт келер.

(Махмұд Қашқари)

A) мезгіл бағыныңқылы

B) шартты бағыныңқылы

C) қарсылықты бағыныңқылы

D) себеп бағыныңқылы

E) мақсат бағыныңқылы

Верный ответ: B

29. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды жақсы тапсырды.

A) қарсылықты бағыныңқылы

B) мақсат бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы

D) мезгіл бағыныңқылы

E) шартты бағыныңқылы

Верный ответ: A

30. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Оқтың өзін алып тастағанмен, орны қалады.

(Сайф Сарайи)

A) қарсылықты бағыныңқылы

B) мақсат бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы

D) мезгіл бағыныңқылы

E) шартты бағыныңқылы

Верный ответ: A

31. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Білікті адам керекті сөзін айтқанмен, керек емесін бүгіп қалады.

(Ахмет Йүгінеки)

A) қарсылықты бағыныңқылы

B) мақсат бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы

D) мезгіл бағыныңқылы

E) шартты бағыныңқылы

Верный ответ: A

32. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Шекпен қанша тозса да, жаңбырға киюге жарайды.

(Махмұд Қашқари)

A) қарсылықты бағыныңқылы

B) мақсат бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы

D) мезгіл бағыныңқылы

E) шартты бағыныңқылы

Верный ответ: A

33. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Таңертең тұрған кезде, далада алғашқы қар жатыр екен

A) қарсылықты бағыныңқылы

B) мақсат бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы

D) мезгіл бағыныңқылы

E) шартты бағыныңқылы

Верный ответ: D

34. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Сауыт күші – қылышпен қылшылдатып ұрған кезде,

Аттың күші – жігітті алып шығып тұрғанда.

(Қорқыт)

A) қарсылықты бағыныңқылы

B) мақсат бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы

D) мезгіл бағыныңқылы

E) шартты бағыныңқылы

Верный ответ: D

35. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Жүргіншілер аршалы тастақ белге шыққанда, ұзын өлке бойында қалың шалғынды кең қонысқа созылып жатқан қалың ауылды көрді.

(Мұхтар Әуезов)

A) қарсылықты бағыныңқылы

B) мақсат бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы

D) мезгіл бағыныңқылы

E) шартты бағыныңқылы

Верный ответ: D

36. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі

Орталарына Дәрмен келгенде, Оспан қуанып қалды

(Мұхтар Әуезов)

A) қарсылықты бағыныңқылы

B) мақсат бағыныңқылы

C) себеп бағыныңқылы

D) мезгіл бағыныңқылы

E) шартты бағыныңқылы

Верный ответ: D

37. Хабарлы сөйлемді тап

A) Жаңбыр жауып тұр

B) Атың кім

C) Тұр орныңнан

D) Келші, қалқам, менің қасыма отыршы

E) Баян сол жерде тұрсын

Верный ответ: A

38. Сұраулы сөйлемді тап

A) Ертең күн ашық болады

B) Сен бүгін қайда болдың, не істедің

C) Алақай, ағам келе жатыр

D) Мына жұмысты тезірек бітірші

E) Келе сала бар жұмысты аяқтап тастады

Верный ответ: B

39. Лепті сөйлемді тап

A) Аспан шайдай ашық

B) Ол қандай адам

C) Қазақстан халықтарының достығы жасасын

D) Сабыр біздің үйге келсінші

E) Ол туралы көп ойладым

Верный ответ: C

40. Бұйрықты сөйлемді тап

A) Сіз қызық адам екенсіз

B) Оған жолдасың көмектессін

C) Мен бүгін ерте тұрдым

D) Сен сабаққа барасың ба

E) Сен үйге бара бер

Верный ответ: B, E

41. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз

A) Алыстан бір нәрсе көрінеді

B) Маған осының керегі не

C) Жаз бойы жаңбыр жауды

D) Ту, құдайым-ай

E) Осындай да адам болады екен-ау

Верный ответ: A, C

42. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз

A) Мейрам сырын аша сөйлеп отыр

B) Сен ше, дайынбысың

C) Көз алдыңдағыны көрмеймісің

D) Не деген тамаша табиғат

E) Екеуі жымиып күле берді

Верный ответ: B, C

43. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Ұшақ қонды да, жолаушылар ұшақтан шықты.

A) Ыңғайлас

B) Қарсылықты

C) Талғаулы

D) Түсіндірмелі

Е) Кезектес

Верный ответ: A

44. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Жаз шықты да, күн жылынды.

A) Ыңғайлас

B) Қарсылықты

C) Талғаулы

D) Кезектес

Е) Түсіндірмелі

Верный ответ: A

45. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Күз келді де, күн суыды.

A) Ыңғайлас

B) Қарсылықты

C) Талғаулы

D) Кезектес

Е) Түсіндірмелі

Верный ответ: A

46. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Билер тобының қатысуымен үш жүздің арасындағы мәселелер шешілген және олар халықты басқаруға арналған сот істеріне де араласқан

A) Ыңғайлас

B) Қарсылықты

C) Талғаулы

D) Түсіндірмелі

Е) Кезектес

Верный ответ: A

47. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Дүкеннен азық-түлік сатып алайын деп едім, бірақ дүкен жабық екен.

A) Қарсылықты

B) Ыңғайлас

C) Талғаулы

D) Түсіндірмелі

Е) Кезектес

Верный ответ: A

48. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Мен бауырыма ойыншық алып едім, бірақ ол онымен ойнамады.

A) Қарсылықты

B) Ыңғайлас

C) Талғаулы

D) Түсіндірмелі

Е) Кезектес

Верный ответ: A

49. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Қар жауып тұр, сонда да күн суық емес.

A) Қарсылықты

B) Ыңғайлас

C) Талғаулы

D) Түсіндірмелі

Е) Кезектес

Верный ответ: A

50. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Шетел тілін үйрену қиын, әйтсе де біз үлкен қызығушылықпен оқимыз.

A) Қарсылықты

B) Ыңғайлас

C) Талғаулы

D) Түсіндірмелі

Е) Кезектес

Верный ответ: A

51. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Ел аузында Төле би туралы тарихи аңыздар сақталған және оның атымен байланысты толып жатқан нақыл сөздер халық арасында кең тараған.

A) Ыңғайлас

B) Түсіндірмелі

C) Қарсылықты

D) Талғаулы

Е) Кезектес

Верный ответ: A

52. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Қазақ батырлары әскери кәсіппен шұғылданған, сондықтан олардың бар өмірі соғыста өткен.

A) Себеп-салдар

B) Ыңғайлас

C) Қарсылықты

D) Талғаулы

E) Түсіндірмелі

Верный ответ: A

53. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Бұл кітаптың ұнағаны сонша: келген адамдарды байқамай отыр.

A) Түсіндірмелі

B) Ыңғайлас

C) Қарсылықты

D) Талғаулы

Е) Кезектес

Верный ответ: A

54. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықта

Мал үшін таласпа, бірақ арың үшін талас

A) Түсіндірмелі

B) Ыңғайлас

C) Қарсылықты

D) Талғаулы

Е) Кезектес

Верный ответ: C

55. Дара бастауышы бар сөйлемді тап

A) Кеше канал қазу жұмысы басталып кетті

B) Ол суықтан қалтырап тұр

C) Партия жоспары – халық жоспары

D) Бәріміз тату едік

E) Оспан агроном өз ісін жақсы біледі.

Верный ответ: В, D

56. Бастауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді тап

A) Жүзімді үзіп жейді.

B) Әркім өз ойын айтты.

C) Бұл – сенің қолың.

D) Ағай жақсы кеңес берді.

E) Мерекеге кешікпей келді.

Верный ответ: D

57. Зат есімнен жасалған баяндауышты белгіле

A) Ердің сыншысы – елі.

B) Оқуың көп, тоқуың қалай?

C) Досымда жақсы кітап бар

D) Бала білімімен көркем

E) Темірді қызғанда соқ .

Верный ответ: A

58. Қарамен берілген сөйлем мүшесін анықта

Осы жұмысыңды тез бітір

A) бастауыш;

B) баяндауыш;

C) анықтауыш;

D) толықтауыш;

E) пысықтауыш.

Верный ответ: D

59. Тура толықтауышты тап

A) Ол жауапқа дайын

B) Ол нақты жауабын берді

C) Ол жауаптан қашты.

D) Жауабында айтылған

E) Оның берген жауабына таң қалды

Верный ответ: B

60. Қарамен берілген сөйлем мүшесін анықта

Ердің атын еңбек шығарады

A) бастауыш

B) баяндауыш

C) анықтауыш

D) толықтауыш

E) пысықтауыш

Верный ответ: C

61. Тұрлаулы мүшелері есімнен болғанда, арасына қойылатын тыныс белгі

A) қос нүкте

B) үтір

C) сызықша

D) дефис

E) көп нүкте

Верный ответ: C

62. Сан есімнен жасалған бастауышты белгіле

A) Бір-бірімен сыбырлап сөйлеседі

B) Әрқашан өзіңді ойлауың керек

C) Екеуі де келе жатыр

D) Бұнымен не демексің?

E) Менің сенімен сөйлескім келеді

Верный ответ: C

63. Күрделі бастауышты тап

A) Екеуі орынға жайғасты.

B) Еріншектің ертеңі бітпес.

C) Ол сөзді мына Ербол екеуміз айтайық

D) Тәйт – жек көру одағайы.

E) Көз – қорқақ, қол – батыр.

Верный ответ: C

64. Баяндауышты тап

Ағаш көркі – жапырақ

A) бірыңғай баяндауыш

B) күрделі баяндауыш

C) құрама баяндауыш

D) есім баяндауыш

E) етістіктен болған баяндауыш

Верный ответ: D

65. Анықтауыштың сұрақтарын белгіле

A) қандай? қайдағы? қанша? кімнің? ненің?

B) не істеуге? не үшін? не мақсатпен? неге?

C) қалай? қалайша? қайтіп? не етіп? неше?

D) неліктен? неге? не үшін? не себепті?

E) қашан? қашаннан бері? қай кезде?

Верный ответ: A

66. Мекен пысықтауыштың сұрақтарын белгіле

A) қайда? қайдан? қалай? қарай? қай? жерде?

B) не істеуге? не үшін? не мақсатпен? неге?

C) қалай? қалайша? қайтіп? не етіп? неше?

D) неліктен? неге? не үшін? не себепті?

E) қашан? қашаннан бері? қай кезде?

Верный ответ: A

67. Үстеуден жасалған пысықтауышты тап

A) Ол әдейі кірді

B) Әжесі үйде қалды.

C) 22 наурызда күн мен түн теңеледі.

D) Сол күні олар ұйықтай алмады.

E) Айнала жұрт сөзге қатты сүйсінді.

Верный ответ: A

68. Пысықтауыштың анықтамасын көрсет

A) Іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайды

B) Сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін анықтайтын мүше

C) Зат есімнен болған мүшенің сын-сипатын анықтап тұрады

D) Бастауыштың жай-күйін білдіріп тұрады

E) Іс-оқиғаның иесін білдіретін мүше

Верный ответ: B

69. Не үшін? Қашан? Неге? сұрақтары сөйлемнің қай мүшесін анықтайды

A) Бастауыш

B) Пысықтауыш

C) Анықтауыш

D) Толықтауыш

E) Баяндауыш

Верный ответ: B

70. Еліктеуіштен жасалған пысықтауышты тап

A) Бұл сөзіме Бауыржан кеңк-кеңк күлді.

B) Біз ілгері жүріп кеттік.

C) Екі өзен аралығы алақанға салғандай болып көрінеді

D) Ол жақсы сөйлейді.

E) Көйлекті қисық пішті.

Верный ответ: A

71. Пысықтауыш қатысқан сөйлемді белгіле

A) Ерлан – үлгілі студент.

B) Ол бүгін университетке ерте келді.

C) Жақсы сөз – жарым ырыс.

D) Павлодар – көрікті қала.

E) Ауа райы салқындай бастады.

Верный ответ: B

72. Сын-қимыл пысықтауыштың сұрақтарын көрсет

A) Қалай? Қалайша?

B) Қайда? Қайдан?

C) Неге? Не мақсатпен?

D) Қашан? Қашаннан бері?

E) Не үшін? Неге?

Верный ответ: A

73. Мезгіл пысықтауышты тап

A) Ер жолдасы – тәуекел.

B) Олар Абаймен біресе жарысады, біресе қалжыңдайды, ойнайды.

C) Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды.

D) Жұрт Дәметкеннің қылығына әрі сүйсінді, әрі аяды.

E) Бостандық өздігінен келмейді.

Верный ответ: C

74. Сын-қимыл пысықтауыштың сұрағын белгіле

A) неге? не үшін?

B) қалай? қайтіп?

C) қашан? қашаннан бастап?

D) қайда? қай?

E) не себептен? неліктен?

Верный ответ: B

75.Қарамен берілген сөйлем мүшесін тап.

Түсінбегендіктен, түсіне алмағандықтан сезбей қалар деп ойлады.

A) Бастауыш

B) Баяндауыш

C) Анықтауыш

D) Пысықтауыш

E) Толықтауыш

Верный ответ: D

76. Мақсат пысықтауышы бар сөйлемді көрсет

A) Мен әдейілеп келіп отырмын.

B) Сәкен алға бара жатыр.

C) Наташа қазақша әрең сөйлейді.

D) Бәрі меніңше болады.

E) Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды.

Верный ответ: A

77. Мөлшер пысықтауышы бар сөйлемді көрсет

A) Самат аз сөйлей ме, көп сөйлей ме?

B) Келесі жазда менің де Таразға баратын ойым бар.

C) Қазір Алматыда не істеп жүрсіз?

D) Түркістанға баруды әркім армандайды.

E) Бүрсігүні емтихан тапсырамыз.

Верный ответ: A

78. Мекен пысықтауышы бар сөйлемді көрсет

A) Бұл маңда ел жоқ

B) Бүрсігүні не істейсің?

C) Сәуле - шаштараз шебері.

D) Сәнияның әкесі мүшел тойын өткізіпті.

E) Бүгін ауа райы өзгерді.

Верный ответ: A

79. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет

A) Таңертең сергек тұрып, денешынықтыру жаттығуын жасаймын

B) Ол институтқа келгеннен кейін, қоңырау соғылды

C) Бұлт болса да, жаңбыр жауған жоқ

D) Күн ашық болса, балалар өзенге балық аулауға барады

E) Баласы шетел тілін үйренсін деп, ол оны шетел тілдер институтына жіберді

Верный ответ: A

80. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсет

A) Бірін басынан сипап, екіншісін маңдайынан сүйіп, үшеуі үйге бірге келді

B) Асықса да, пойызға үлгермей қалды

C) Атқан оғы кейде тиеді, кейде далаға кетеді

D) Айгүл кітапханаға барды, Мағжан Жұмабаевтың өлеңдер жинағын алды

E) Еңбектің наны – тәтті, жалқаудың жаны – тәтті

Верный ответ: A

81. Сабақтас құрмаластың түрін тап

Ол артына қарамастан, қалың ағашқа қарай жүгіріп кетті

A) Қимыл-сын бағыныңқы

B) себеп бағыныңқы

C) мезгіл бағыныңқы

D) мақсат бағыныңқы

E) шартты бағыныңқы

Верный ответ: A

82. Сабақтас құрмаластың түрін тап

Сен үшін бақша бұлбұлы әнін салған

A) мақсат бағынынқы

B) себеп бағыныңқы

C) қимыл-сын бағыныңқы

D) қарсылықты бағыныңқы

E) шартты бағыныңқы

Верный ответ: A

83. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет

A) Жоңғарлардан жерімізді азат ету үшін, қазақ батырлары өмірін қиды

B) Абылай хан жоңғарлардың тұтқынына түскенде, оны босатып алуға белсене араласты

C) Әбілмәмбет өлгеннен кейін Абылай хан сайланып, барлығы 48 жыл хандық құрды

D) Сен киінбей далаға шықпа

E) Ексең егін – ішерсің тегін

Верный ответ: A

84. Мақсат бағыныңқылы сабақтасты тап

A) Оқытушы беделді болу үшін, оның ғылымды меңгеруі керек

B) Қуаныштан екі көзі гүл-гүл жайнап, Жорабек үйге келіп кірді