Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кейс.аза тілі Балташева Жанна.docx
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
60.29 Кб
Скачать

Кейс №4 Әлеуметтік топтар

Әлеуметтік топ – жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді:

1. Үлкен әлеуметтік топтарға- халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша,этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.

2. Орташа топтар- өндірістік, аумақтық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.

3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер,қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.

Кең мағынасында Әлеуметтiк топ ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құрдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды.. Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығыңыз. Өз пікірінді айтыңыз.

2. «Әлеуметтік топ» дегеніміз не?

3.Соңғы сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

4. «Әлеуметтік топ» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз.

5. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

6. «Топ » сөзін септеңіз.

7. Әлеуметтік топтар теориясында топтар қалай бөлінеді?

Кейс №5 Әлеуметтік әділеттілік

Әлеуметтік әділеттілік  – қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік жіктердің, топтардың, шынайы орны мен әлеуметтік жағдайлары арасындағы, сонымен қатар, олардың құқықтарымен міндеттері, сіңірген еңбегі мен оны қоғамның бағалауы, қызметі мен марапаттаулары, қылмыс пен жаза арасындағы тиісті сәйкестіктердің болуын талап ететін ұғым. Әлеуметтік әділеттілік - қоғамдағы әлеуметтік құндылықтардың бірі. Осы күнге дейін әлеуметтік әділеттілікке толық қол жеткізген қоғам болған жоқ. Дегенмен, ойшылдар ерте кезден әлеуметтік әділеттілікті аңсап, армандап,түрлі теориялар мен тұжырымдар жасады. Кәне грек ойшылы Аристотельдің түсіндіруінше, эр адамның қоғамдағы рөлі оның ісіне, билік басындағы алатын орнына қарай бағалануы қажет.

Сондықтан құлдар мен құл иеленушілерге бірдей қарауға болмайды. Әбу Насыр әл-Фараби әлеуметтік әділеттілік орнатудың тиімді жолы қоғамның саяси билігі тұтқасын ізгілікті, рухани жан дүниесі бай, парасатты адамның ұстауымен байланыстырады. Атақты француз ойшылдары Ж.Ж. Руссо, Вольтер, Монтескье де әділеттілік, әділетсіздік мәселелеріне тоқталған. Қазақ ойшылдары арасында әлеуметтік әділеттілік мәселесі А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров және т.б. шығармаларында сөз болған. Олар әлеуметтік әділеттікке жетудің жолын адамгершіліктен, гуманизмнен таппақ болды.