Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурахунова Р.К. Метрология жне лшеу.doc
Скачиваний:
133
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
5.85 Mб
Скачать

1.9.1 Сурет. Омметрдің көмегімен кедергіні өлшеу схемалары

Тізбектей жалғаған кезде аспаптың стрелкасының бұрылу бұрышы:

(1.9.1)

мұндағы - шунттау коэффициенті шунта; Ik – омметр тізбегіндегі қысқаша тұйықталу тогы, яғни Rx=0 болғанда; RN - үлгі ретіндегі резистор кедергісі; Rx – өлшенетін кедергі; SI – аспаптың сезімталдығы.

Параллель жалғаған кезде аспаптың стрелкасының бұрылу бұрышы:

(1.9.2)

Аспаптың көрсетуі Rx кедергісінің тікелей функциясы болады, егер болатын болса ғана, ал бұл шаманың тұрақтылығын Rx=∞ кезінде жүргізеді, яғни омметр ұштары ажыратылып тұрған кезде стрелканы «∞»- белгісіне қою керек.

Омметрдің параллель жалғану схемасын аз кедергілерді өлшеу үшін ал тізбектей жалғану схемасын үлкен кедергілерді өлшеу үшін қолданады.

Мегомметрлерде магниттіэлектрлі жүйедегі логометрлік түрлендіргіштер қолданады, ал ток көзі ретінде тұрақты ток генераторын қолданады. Аспаптың схемасы 9.2- суретте көрсетілген.

Аспатың стрелкасының бұрылу бұрышы:

мұндағы r1, r2 – логометр орамдарының кедергісі; RN – үлгі ретіндегі кедергі.

Генератор шығысындағы кернеу аспатың көрсетуіне әсер етпейді, ол тек сынақтау кернеуін ғана көрсетеді.

1.9.2 Сурет. Мегомметрмен өлшеу схемасы

Өлшеммен салыстыру әдістері арқылы өлшеу (Компарирующие методы)

Өлшеммен салыстыру арқылы электр тізбегінің параметрлерін өлшеу әдісі кезінде өлшенетін шаманы өлшеммен, яғни өлшенетін шамамен бір аттас белгілі шамамен салыстыру принципіне негізделген.

Әртүрлі электрлік немесе электрлік емес шамаларды өлшеу үшін өлшенетін шаманы өлшеммен салыстыру әдісіне негізделіп жұмыс жасайтын өлшеу аспатары – көпірлік схемалар мен коменсаторлар қолданылады.

Көпірлік схемалар резисторлар, конденсаторлардың және индуктивті орамдардың параметрлерін өлшеу үшін кеңінен қолданылады.

Компенсаторлардың көмегімен айнымалы және тұрақты кернеулерін, электр қозғағыш күшін, кернеу мен байланысты өзгеретін басқада параметрлерді өлшеуге болады.

Көпірлік схемалардың және компенсаторлардың кеңінен қолданылатын түрлері 1.9.1-кестеде көрсетілген.

1.9.1-кесте

Көпірлік схемалар түрі

Өлшенетін параметр теңдеуі

Тұрақты ток көпірі

Аз кедергілерді өлшеуге арналған қосарланған көпір

Rпр=0 ΔR=0 үшін

Конденсатор параметрін өлшеу көпірі:

а) шығын бұрышы аз болғанда

б) шығын бұрышы үлкен болғанда

в) жоғары кернеулі бөліп теңгеретін көпір

Орам параметрін өлшеу көпірі

өзара индуктивтілікті өлшеу көпірі

Тұрақты ток компенсаторы

үшін

Екі координаталы айнымалы ток компенсаторы

үшін

Көпір схемаларының кеңінен қолданылуы олардың көмегімен өлшеу нәтижесін жоғары дәлдікпен алуға болатындығы, жоғары сезімталдығы және әртүрлі шамаларды өлшеуге мүмкіндік беретіндігімен түсіндіріледі. Көпір схемалары құратын иықшалардың сипатына, көпірді қоректендіретін ток түріне байланысты көпірлер тұрақты және айнымалы ток көпірлері болып екіге бөлінеді.

Схема түріне байланысты төрт иықты (жалқы) және алты иықты (қосарланған) болуы мүмкін Теңгерілу түріне байланысты қолмен немесе автоматты теңгерілетін болып бөлінеді. Айнымалы және тұрақты ток кернеуі мен ЭҚК-ті өлшеу үшін тұрақты және айнымалы ток компенсаторлары қолданылады. Қолмен немесе автоматты түрде теңгерілетін компенсаторлар болып бөлінеді

Көпірлік схемалардың және компенсаторлардың негізгі артықшылықтары мыналар:

- өлшеуді өте жоғары дәлдікпен жүргізуі;

  • өлшеу тізбегінен қуат тұтынбайды;

  • өлшенетін шаманың өте кең аралықтағы мәндерін өлшеуге мүмкіндік береді;

  • жоғары сезімталдылығы.

Ток түріне байланысты көпірлер мен компенсаторлар айнымала немесе тұрақты ток тізбектері үшін арналған болуы мүмкін.