Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sillabus_farm_khim.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
70.37 Кб
Скачать

2 Бағдарлама

2.1 Кіріспе:

Фармацевтикалық химия – дәрілік заттардың химимялық құрылысы мен фармакологиялық белсенділігінің арасындағы байланысты, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, алынуының әдістерін жалпы химиялық және физикалық заңдарға сүйене отырып жүргізетін ғылым.

Фармацевтикалық химия арнайы пәндермен қатар негізгі пән ретінде дәрілік заттардың фармацевтикалық анализ ерекшеліктерін және олардың медицина тәжірибесінде алатын орнын анықтайды. Дәрілік заттар анализінде ерекше орынды ароматикалық және гетероциклды қосылыстардың әр түрлі туындылары алады. Бұл қосылыстарды медициналық практикада ауруды емдеу және алдын алу үшін қолдану оларды ерекше орынға шығаруда.

Ароматикалық және гетероциклды қосылыстарға химиялық, физико-химиялық, биологиялың әдістерді қолдану мүмкіндігі олардың химиялық ерекшеліктеріне негізделген. Әсіресе бұл молекуланың тек қана химиялық құрылысын анықтайтын физиологиялық белсенді бөлігіне ғана емес, сонымен қатар қосылыстың құрылымына енетін жеке функционалды топтарға да байланысты. Бұл топ дәрілік заттарының талдауын анықтайтын негізгі факторларға құрылымдық ерекшеліктер, физикалық және химиялық қасиеттер жатады.

Бұл аймақтағы зерттеулердің бағыты физико-химиялық қасиеттерді анықтауға, химиялық ерекшеліктерін анықтауға, биологиялық белсенді заттардың биологиялық ерекшеліктерін анықтауға негізделген әдістер арқылы жүргізіледі.

Фармацевтикалық әдістердің жүргізілу ерекщеліктерін ескере отырып, дәріханаішілік және өндірістік дәрілік заттар үшін арнайы ізділік құрастырылады.

2.2 Пәннің мақсаты: оқушыларда дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттері, олардың фармакопеялық зерттеуі, дәрілік заттарды алу және сақтау кезіндегі фармацевтикалық анализ жүргізу ережесі туралы дағдыларды қалыптастыру.

2.3 Оқыту мақсаты:

  • Дәрілік заттарға анализ жасауды ұйымдастыру және жүргізу реті туралы білім қалыптастыпу;

  • Дәрілік заттар талдауынде фармакопеялық әдістерді қолдануды үйрету;

  • Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бағалау туралы нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәкес фармацевтикалық анализді жүргізуді қалыптастыру.

2.4 Оқытудың нәтижелері:

Когинитивті бөлшекті қалыптастыру (білім):

  • Дәрілік заттарға қойылатын талаптарды және олардық құрылысна байланысты анализдің әдісін таңдау кезінде жалпы физикалық және химиялық заңдылықтарын қолдануды қалыптастыру;

  • Фенолдар мен хинондар тобының дәрілік заттарының құрысы, талдауы және медициналық қолданылуы;

  • Ароматикалық қышқылдар тобының дәрілік заттарының құрылысы, талдауы және медициналық қолданылуы;

  • Құрамында иоды бар органикалық қосылыстардың жалпы зерттеу әдістері және талдауы;

  • Арилалифатты аминқышқылдарының иодталған қосылыстары дәрілік заттарының қасиеттері, құрылысы, талдауы және медицинада қолданылуы;

  • Арилоксипропаноламиндер тобы дәрілік заттарының дамуы және биотранформациясы;

  • Фенил- және нитрофенилалкиламиндердің дәрілік заттарының қасиеттері, құрылысы, талдауы және медицинада қолданылуы;

  • Дәрілік заттардың бүгінгі номенклатурасы мен жіктелуі;

  • Бензилсульфаниламидтердің сапасына қойылатын талаптар;

  • Гетероциклды органикалық дәрілік заттардың талдау ерекшеліктері;

  • O-, N-, S- гетероциклды қосылыстардың қасиеттері, құрылысы, талдауы және медицинада қолданылуы;

  • Құрамында азоты бар спирттердің күрделі эфирі ретінде және орынбасушы карбон қышқылдары ретінде тропан мен оның аналогтары синтезінің жалпы әдістері;

  • Гетероциклды қосылыстардың сандық және сапалық қасиеттерін, құрылымдық ерекшеліктерін анықтау үшін талдаудың заманауи физико-химиялық әдістерін қолдану.

Жедел біліктілікті қалыптастыру:

  • Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылаушы нормативті-техникалық құжатнаманы, анықтамалық және ғылыми әдебиетті қолдана білу;

  • Дәрілік заттардың сапасын көз мөлшерімен және физикалық тұрақтылар бойынша бағалау;

  • Дәрілік заттардың негізділігін химиялық реакциялар бойынша анықтау;

  • Дәрілік препараттағы әсер етуші заттың сандық құрамын талдаудың химиялық және физико-химиялық әдістері арқылы анықтау;

  • Дәрілік препараттардың фармацевтикалық талдауы бойынша хаттамасын толтыру.

Құқықтық компетенция:

  • «Дәрілік заттар туралы» ҚР заңы;

  • Дәрілік заттардың сапсын регламенттейтін нормативті-құқықтық құжаттар: Мемлекеттік фармакопея, дәрілік заттарды зерттеу әдістеріне және талдауына арналған жалпы фармакопеялық баптар, фармакопеялық бап (уақытша фармакопеялық бап), жеке дәрілік препаратқа аналитикалық нормативті (уақытша нормативті) құжат;

  • Дәрілік заттардың сапасын фармацевтикалық бағалау үшін реактивтермен жұмыс істеу ережелері;

  • Фармацевтикалық тәжірибеде қолданылатын электрқондырғылармен жұмыс істеу ережесі.

Аксиологиялық (коммуникативті) компетенция:

  • Сұрақтар мен оның жауаптарын құрастыра білу;

  • Өзінің көзқарасын дәлелдей білуі;

  • Коллективта жұмыс істей білу;

  • Топпен жұмыс істегенде көшбасшылық қасиетке ие болу.

Үздіксіз білім алу мен өзін-өзін жетілдіру компетенциясы:

  • Әдебиетпен, интернет-ресурстармен, ғылыми және оқу материалдарымен жұмыс істеу;

  • Презентацияларды, рефераттарды, баяндамаларды және кқрнекілік материалдарын дайындау және т.б.

2.5 Пәннің пререквизиттері: бейорганикалық химия, физика, математика, аналитикалық химия, органикалық химия, физикалық және каллоидты химия, дәрілік заттарды талдаудың және зерттеудің жалпы әдістері.

2.6 Пәннің постреквизиттері: токсикологиялық химия, тдәрілер технологиясы, фармакогнозия.

2.7 Тақырыптық жоспар: тақырыптар, әр бір сабақтың өткізілу формасы және ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы, өзіндік жұмыс).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]