Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сил фарм каз.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
109.3 Кб
Скачать

2.9. Білімдерін және дағдылардын бағалау әдістері:

1-9 сабақтар когнитивті-тілдік құзіреттілікпен бағаланады.

10-14 сабақтар коммуникативтік құзіреттілікпен бағаланады.

Ағымдық бақылау: тәжірибелік сабақ кезінде қадағалау.

Тәжірибелік сабақ:

  • ауызша жауап алу;

  • грамматикалық тапсырмалардың орындалуын қадағалау;

  • жазбаша түрде тестілеу;

  • грамматикалық тақырып бойынша оқытушының сұрақтарына жауап беру;

  • тестік жұмыстарды орындау;

Барлық тапсырмалар өз уақытында өткізілуі керек. Тапсырманы кеш орындағаны үшін төмен бағаланатынын, жазбаша жұмыстарды орындағанда көшірмеу керектігін қатаң ескерту.

Ағымдық бақылау t- құзіреттілік қалыпты деңгейлік бағасы

t=(Z+N+K+P+S)/n

n-барлық құзіртеттілік бойынша саны

Z: z1 + z2+... zn – білім үшін бағасы

N: n1+ n2+... nn – дағды үшін бағасы

K: k1+ k2+... kn – коммуникативті құзыреттілік үшін бағасы

P: p1+p2+...pnқұқықтық құзіреттілік үшін бағасы

S: s1+s2+...sn – СӨЖ үшін бағасы

Әрбір құзыреттілік 100 балл шкаласымен бағаланады.

Бағалау формасы, әрбір құзыреттілік бойынша тапсырма саны жұмыс бағдарламасында (п 2.9 білімдерін және оқыту дағдыларын бағалау әдістері) және Силлабус (п 2.10 білімін бағалау ережесі және критериясы).

Аралық бақылау r-коллоквиум

Пән саясаты саны және өткізу түрі бойынша анықталады.

Рейтингіге жіберу

Рейтингіге жіберу студенттің қортынды бағасы 60% кем болмау керек,

0.6 формуласымен анықталады.

– ағымдық бақылау

– рейтинг

Қорытынды бақылау

Қорытынды бақылау: Емтихан 2 этаптан тұрады. 1) тестілеу 2) жазбаша (тәжірибелік дағдыларды және т.б. билет бойынша).

- 1 этаптағы тест балы

- 2 этаптағы емтихан балы

Қорытынды баға

Қорытынды баға – рейтингіге жіберу және қорытынды бақылауды қосумен анықталлады.

І R*0.6+E*0.4

I – қорытынды баға

R – рейтингіге жіберу бағасы (пән бойыншы емтихан)

Қорытынды рейтингі – рейтингіге жіберу 60% және қорытынды бақылау бағасы 40%.

Аралық бақылау – әр семестрде өтілген материалдарды меңгеру деңгейі. Студенттер жылына 1 аралық бақылау орындайды.

Қорытынды бақылау - емтихан (ауызша және тест әдісі).

Қорытынды бақылау, аралық бақылау және консультация уақыты.

  • Концультация уақыты емтиханнан 3 күн бұрын өтіледі

  • Аралық бақылау уақыты – 15 аптада

  • Қорытынды бақылау уақытысы – семестрдің соңында ОҮБжЖБ-ң сабақ кестесі бойынша.

2.10. Білімін бағалау ережесі және критериясы.

Әрбір тәжірибелік сабақта студент максимальды 100 балл алады.

  1. Үй тапсырмасы, терминдердің сөздік тұлғасы, терминдерді қиыстыру-50 балл.

  2. Лексикалық минимумды толық дұрыс жазу (карточкада 10 сөз) -50 балл.

Барлығы 100 балл

СӨЖ-ді бағалау критериясы

Максимальды 100 балл (1СӨЖ).

СӨЖ орындау аралық бақылауға дейін және студенттің таңдауы бойынша.

  1. Жазба жұмысы (реферат,баяндама)

  2. Терминалогиялық сөздік

  3. Презентация.(кесте, схема, крассворд)

Тәжірибелік сабақтарды бағалау әдісі.

  • әрбір тәжірибелік сабақта студент максималды 100 бал алуы мүмкін. Ол үшін студент сабақта грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындауы, сұрақтарға жауап беруі, тестік тапсырмаларды орындағанда грамматикалық білімін жалпы жұмыста белсенділік көрсетуі керек. Әріптік жүйе бойынша бағасы – А. Балдық бағасы – 100-95.

  • грамматикалық тапсырмалардан санаулы қателіктер жіберіп, тақырыпқа толық жауап берген жағдайда 90-94 бал алады. Әріптік жүйе бойынша бағасы – А-. Тест тапсырмаларын орындауда 95 % кем дұрыс жауабы болса.

  • студент 85-89 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларды дұрыс орындап, грамматикалық тапсырмаларды орындауда санаулы қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы – В+. Тест тапсырмаларын орындауда 90% кем дұрыс жауабы болса.

  • студент 80-84 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларды дұрыс, бірақ толық орындай алмаса, грамматикалық тапсырмаларды орындауда кателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы – В. Тест тапсырмаларын орындауда 85% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 75-79 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларды санаулы қателіктер болса, бірақ толық орындаса, гармматикалық тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы – В-. Тест тапсырмаларын орындауда 80% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 70-74 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларда біршама қателіктер болса, толық орындай алмаса, грамматикалық тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы – С+. Тест тапсырмаларын орындауда 75% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 65-69 бал алды, егер тақырып бойынша тілдік және стилистикалық қателіктер жіберіп, дәл жауап бермеген жағдайда, грамматикалық тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы – С. Тест тапсырмаларын орындауда 70% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 60-64 бал алады, егер тақырып бойынша тапсырмаларды дұрыс орындай алмаса, грамматикалық тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы – D+. Тест тапсырмаларын орындауда 60% кем дұрыс жауабы болса.

  • Студент 50-54 бал алады, егер тапсырмаларды дұрыс орындай алмаса, көптеген қателіктер жіберсе. Әріптік жүйе бойынша бағасы – D. Тест тапсырмаларын орындауда 55% кем дұрыс жауабы болса.

  • Тапсырмаларды дұрыс орындамай, көп қателіктер жіберген жағдайда 0-49 бал қойылады.

СӨЖ-ді бағалау әдісі

Реферат, баяндамаларды бағалау әдісі.

100-90 балмен бғаланады, егер студент реферат, баяндамаларды таңдаған тақырыбы бойынша мазмұны терең, кеңінен толық қамтыған жағдайда. Жұмыс катесіз, мағыналы, әдеби тілде, жоспарлы түрде, өзіндік стилде таңдаған тақырыпқа сәйкес болған жағдайда.

89-75 балмен бағаланады, егер тақырыбы мазмұнды, лексикалық-грамматикалық ерекшеліктерге сәйкес, әдеби көркемділікпен орындаған жағдайда.

74-60 балмен бағаланады, егер таңдаған тақырыбының мазмұны толық қамтылмаған, әдеби, логикалық кемшіліктер, синтаксистік құрылымдардың біркелкілі және сөздік қоры нашар болған жағдайда.

59-50 балмен бағаланады, егер таңдаған тақырыбына мазмұны сәйкес келмеген, әдеби-логикалық мағынасынан ауытқып, сөздік қоры нашар болған жағдайда.

0 балмен бағаланады, егер студент СӨЖ-ді орындамаса.

Презентация, оқу таблицалар, схемалар, крассворд және қабырға газеттерін бағалау әдісі:

100-90 балмен бағаланады, егер студент өзінің жасаған жұмысында, алған білімін тәжірибесімен толық ұшырастырып, қорғай алған жағдайда.

89-75 балмен бағаланады, егер студент өзінің жасаған жұмысында алған білімін тәжірибесімен ұшырастырып, толық қорғай алмаған жағдайда.

74-60 балмен бағаланады, егер студент өзінің жасаған жұмысын толық меңгермей, қателіктер жіберіп, дәлелдеп бере алмаған жағдайда.

59-50 балмен бағаланады, егер студент өзінің жасаған жұмысын дұрыс меңгермей, қорғай алмаған жағдайда.

0 балмен бағаланады, егер студент СӨЖ-ді орындамаса.

Жазбаша жұмыстардың орындауын бағалау әдісі.

Жазбаша жұмыстарға 30 қиысқан және қиыспаған анықтауыштардың минимумын орындау міндеттеледі.

100-90 балмен бағланады, егер студент термин- сөз тіркесінің қатесіз және сөздік тұлғасымен қиысқан және қиыспаған анықтауыштарды толығымен дұрыс орындаған жағдайда.

89-75 балмен бағаланады, егер студент термин – сөз тіркестерінің сөздік тұлғасымен орындап, санаулы қателіктер жіберген жағдайда.

74-60 балмен бағаланады, егер студент термин – сөз тіркестерін құрастырып, сөздік тұлғасын қате орындаған жағдайда.

59-50 балмен бағаланады, егер студент тапсырманы дұрыс орындай алмаған жағдайда.

0 балмен бағаланады, егер студент СӨЖ-ді орындамаса.

Терминдік сөздікті бағалау әдісі.

100-90 балмен бағаланады, егер студент терминологиялық жүйенің негізгі құрастырып, терминдерді құрастырудың негізгі тәсілдерін біліп, медициналық терминологияны өзінің жұмысында белсенді қолданып, жалпы ғылыми және арнайы терминдер туралы түсінігі болып және олардың аудармасын білген жағдайда.

89-75 балмен бағаланады, егер студент терминологиялық жүйенің негізін құрастырып, жалпы ғылыми және арнайы терминдер туралы түсінігі болып, терминдерді құрастырудың негізгі тәсілдерін біліп, кейбір терминдердің аудармасын білмеген жағдайда.

74-60 балмен бағаланады, егер студент терминологиялық жүйенің негізін құрастырып, терминдерді құрастырудың негізгі тәсілдерін біліп, жалпы ғылыми және арнайы терминдер туралы түсінбей, терминдердің аудармасын білмеген жағдайда.

59-50 балмен бағаланады, егер студент тапсырманы дұрыс орындай алмаған жағдайда.

0 балмен бағаланады, егер студент СӨЖ-ді орындамаса.