Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус ВОП каз.2014-2015.docx.doc
Скачиваний:
34
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
137.44 Кб
Скачать

Пән саясаты.

Студент міндетті:

  • оқу үрдісіне шығармашылық, даралық танытып белсенді қатысу;

  • аудиториялық сабақтардың барлық түріне қатысу (дәрістер, тәжірибелік сабақтар);

  • әр сабаққа дайындалып келу (берілген ақпаратты оқу және тапсырмаларды дайындау);

  • күнтізбелік кесте бойынша жұмысты уақытында орындау және тапсыру;

  • өткізілген сабақтарды уақытында өтеу;

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабақ уақытында алаңдамау;

  • сабақ уақытында ұялы телефондарды өшіріп тастау;

  • кафедра оқытушылары мен көмекші қызметкерлеріне сыйластық қарым-қатынас таныту;

  • өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау;

  • кафедра мүлкіне ұқыпты қарау;

  • сырт келбеті ұқыпты болу.

Жұмыс бөлімдерін орындамаған жағдайдағы айыптау шаралары:

студент тапсырманы орындамаған жағдайда тәртіптік және тәрбиелік сипатты айыптау шаралары қолданылуы мүмкін.

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

2.2 Пәннің мақсаты

2.3 Оқу тапсырмалары

2.4 Оқытудың соңғы қорытындылары

2.5 Реквизиттер алды

2.6 Реквизиттеркейін

2.7 Тематикалық жоспар

2.8 Үйрету және оқыту әдістері

2.9 Студенттердің білімдерін және дағыларын бағалау әдістері

2.10 Ұсынылатын әдебиет: негізгі және қосымша

2.1 Кіріспе

В 1978 ж. Алматыдағы БДҰ атақты конференциясы керекті медициналық көмекті көрсетудің аса экономикалық пайдалы жолы ретінде алғашқы медициналық сантарлық көмеккеанықтама берді және әлемде барлық денсаулық сақтау жүйесінде аса маңызды тәжірибелігін белгілеп, алғашқы медициналық көмек концепциясына көңіл аударды. Қазіргі кезде жалпы тәжірибелік дәрігер денсаулық сақтаудың алғашқы звеносы негізінде біздің елімізде денсаулық сақтауда кең таралды және реформаланды. Біріншілік денсаулық сақтауға бағыттау емдеуге және күтуге аз шығындалумен, науқастардың қажеттіліктерін сапалы қанағаттандырумен, халықтың денсаулық деңгейінің жоғары көрсеткішімен және дәрілік заттарды аз қолданумен байланысты.

Жалпы тәжірибелік дәрігер жиі қоғамдық денсаулық сақтаумен, алдын алу медицинасымен және науқастармен денсаулықты өзіндік нығайтумен қиылыса жұмыс жасайды. Жан-жақтылық, қолжетімділік, алдын алу, үздіксіз қызмет жасау, белгілі бір науқасқа және қоғамға бағытталу, госпитальдық деңгейде медициналық көмек көрсетубұл – кез-келген мамандықтың дәрігері жалпы тәжірибелік дәрігердің рөлінде болуы мүмкін себептер.

2.2 Пән мақсаты:Жалпы тәжірибелік дәрігер тәжірибесінде ұйымдастырудың жалпы қағидалары бойынша білімді және жасай білуді, алдын алуды, диагностиканы, емдеуді және аса көп таралған жағдайлардың емделуін және бақылау динамикасын қалыптастыру.

2.3 Оқу тапсырмалары:

студенттерді алғашқы медициналық санитарлық көмекті ұйымдастыру жағдайында жаалпы тәжірибелік дәрігердің жұмысын ұйымдастырудың қағидаларына үйрету;

студенттерді амбулаторлы жағдайда аса көп таралған аурулардың алдын алуының негізгі қағидаларына, адамның және жанұяның салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне және қағидаларына үйрету;

тұлға аралық қарым қатынас дағдыларын және науқастарға кеңес беруді жетілдіру.

2.4 Оқытудың соңғы қорытындылары

Студент білуі тиіс:

-АМСК және ДСБМЖ қызметін ұйымдастырудың қағидалары

-ҚР денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік-заңнамалық базасы (Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі)

-ЖТД медициналық қызметінің негізгі қызметі, міндеттері

-ЖТД тәжірибесіндегі аса көп таралған аурулардың алдын алудың негізгі қағидаларыжәне халықтың денсаулығын нығайту бойынша шараралар.

-Дәлелді медицинаның негізгі қағидалары, денсаулық сақтау тәжірибесінде қолдану.

-Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен пайдалы коммуникация әдістері.

-Жанұяны жоспарлау әдістері, жүкті әйелдерді сауықтыру,босанғаннан кейінгі реабилитация, созылмалы соматикалық аурулардың асқынудың алдын алу, ЖТД жұмысы жағдайында алғашқы медициналық көмек көрсету деңгейінде жүктіліктің асқынуының алдын алу.

Жасауы тиіс:

  • Мамандарға немесе стационарға кеңеске жолдама беруді негіздеу.

  • Еңбекке жарамсыздықтың сараптамасын жүргізу.

  • Науқастың амбулаторлық енгізу жоспарын құру.

  • Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлеріменаса жоғары сенімді қарым қатынасты орнату

  • Топта жұмыс жасау.

  • Скрининг-бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру.

  • Әйел тұрғындарын сауықтыру және алдын алу бойынша шараларын жүргізу.

  • Жеке және жанұялық жеңгейде аурулардың алдын алуын жүргізу.

  • Халықты салауатты өмір салтының негізгі қағидаларына үйретуді жүргізу, аруларды белсенді ескертуге, күтпеген жүктіліктің алдын алу мен жанұяны жоспарлаубойынша іске асыру және құрастыру бағдарламасына бағытталған медициналық және алдын алу білімдерін тарату.

  • Босанғаннан кейінгі және ота жасалғаннан кейінгімен қоса, медициналық реабилитацияны жүргізу.

  • Медициналық-генетикалық кеңестерді, контрацепцияларды қоса, жанұяны жоспарлау және туушылдықты реттеу жұмысының дағдысын білу;

  • Некедегі жұбайларды прегравидарты дайындауды, жүктілікті босанғанға дейін енгізу, жүктіліктің асқынуының алдын алу.

  • Акушерлік-гинекологиялықжәне соматикалық патологиясы даму қаупі бар фертильді жастағы әйелдерді сауықтыруды жүргізу.

  • Гестационды үрдістің физиологиялық ағымындағы жүктілерді диспансеризациялау, акушерлік көмек көрсету.

  • Жанұя денсаулығына әсер ететін әлеуметтік және биологиялық қауіп факторларының сараптамасын жүргізу, ЖЖБЖ төмендету бойынша алдын алу шараларын жүргізу, қауіп факторларын анықтау (сексуальды тұстардың қауіптілігі).

Дағдыларды игеру:

  • Есептік құжаттарды толтыру (уақытша жарамсыздық қағазы, статистикалық талон 025/у).

  • Тұлға аралық қарым-қатынас, науқастарға жақсы кеңес беру қағидалары

  • Ғылыми ақпаратты критикалық бағалау және нозологиялар бойынша ғылыми-дәлелдемелі әдебиеттерді іздеу.

  • Әрбір топқа қатысты алдын алу бағдарламасын жүргізу.

2.5 Реквизиттер алды: ішкі аурулардыңпропедевтикасы, коммуникативті дағдылар - 1, коммуникативті дағдылар - 2,клиникаға енгізу - 2, дәлелді медицинаның негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары, хирургиялық аурулар, акушерлікжәне гинекология.

2.6 Реквизиттеркейін:жалпы тәжірибелік дәрігер бойынша интернатура, ішкі ауруларбойынша интернатура, хирургиялық аурулар бойынша интернатура, акушерлікжәне гинекологиябойынша интернатура, балалар аурулары бойынша интернатура.