Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ALEUMETTANU.docx
Скачиваний:
191
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
162.72 Кб
Скачать

71. Қазақстандағы әлеуметтік саясат.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің басты багыттарының бірі. Әлеуметтік саясаттың мәні қоғамның әлеуметтәк топтары мен тараптарының арасындағы қатынастарды қолдау, әл-ауқатын жақсарту, қоғам мүшелерінің тұрмыс деңгейін көтеру үшән олардың қоғамдық өндіріске қатысуына қажетті экономикалық ынталануын қалыптастыратын әлеуметтік кепілдіктер жасау болып табылады.Қазақстан Республикасын саяси жағынан жетілдіру өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын сыйпаттайды. Мұның өзі - әлеуметтік үндерістерді бір арнаға түсіруге және ойлаган тиімділікке қол жеткізу мақсатындағы іс-қимылды реттеп отыруға жәрдемдесу деген сөз. Сондықтан, Қазақстанның әлеуметтік саясатын зерттеу айтарлықтай ынта – ықылас туғызады. Өйткені, бұл мәселе саясатқа ғана емес, қоғам дамуының экономика, тарих, заңнама сияқты басқа да салаларының бір қыдыру мәселерін қамтиды.Әлеуметтік саясат пен жалпы әлеуметтік дамудың түпкі мақсаты - қай елде болсын, қоғамның әл-ауқатын барынша жақсартуға қол жеткізу. Қазақстан мемлекеті әлеуметтік саясатының арналы мақсаты халықтың «өмір самасы» және «әлеуметтік қорғалуы» тәрізді ұғымдарды білдіреді.Халық өмірі сапасының жоғары стандартына қол жеткізу және тиімді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету әлеуметтік саясаттының мақсаты ғана емес, сонымен бірге оның тиімділігін шешуші шара да. Өмір сапасы деген мәселенің ауқымында басты орында жалпы азықтанудың тиімділігі, айналадағы ортаның жағдайы, денсаулықты, білім мен мәдениет – тұтас алғанда, адам қарекетінің күллі мәнін айқындайтын экономикалық компоненттер тұрады.Әлемдік ауқымда салыстырар болсақ, Қазақстан әлеуметтік құрылымының өзгеруі ойлаған деңгейге көтерілді деуге келмейді. Нашар дамыған елдер сияқты, мұнда да аса байлар, байлар және тым кедейлер бар. Соған қарамастан, дамыған елдермен салыстырғанда, республикамыз шапшаң қарқынмен өркендеп келеді.Қазақстан қоғамын ілгерілетіп, үлгілендіру көп ұлтты халқымыздың өркендеуіне қажетті әлеуметтік алғышарттарға баса көңіл бөлінді.Қазақстанда әлеуметтік бағдарға негізделген экономиканы өркендетудегі ең маңызды әлеуеті халықтың өмір сапасының деңгейін көтеруге қол жеткізіп, оны одан әрі дамыту деп біледі. Әлеуметтік бағдар ұстанған нарықтық экономика негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуді міндет санайды. Соған сәйкес, мемлекет экономикалық мүмкіндіктерге орай өзгеріп отыратын әлеуметтік бағдарлама жасақтап отыр.

72.Сұхбат - әлеуметтік зерттеудің тәсілі.

Социологияда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі сұхбаттасу, ол ақпараттарды алу әдісі. Сұхбаттасуда қойылатын сұрақтар нақты, мазмұнды, мақсатты, тұжырымды болуы шарт. Ол жұмыс, оқу т.б. қызмет орындарында жүргізілді. Респондент болып кімдердұұің қалыптасуына қарай сұхбат топтық және жеке адамдық деп бөлінеді. Топтық сұхбат шағын топтарда жүргізіледі де топтың, жеке адамның ой пікірі, ұстаған бағыты анықталады. Сұхбаттың бұқаралық түрі де бар. Оған телефонмен сұхбаттасуды да жатқызуға болады. Телефондық сұхбаттың сұрақтары қысқа және тұжырымы барынша қарапайым болуы шарт.

Сұхбаттасу процесі шамамен бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: бірінші кезеңде респондентпен байланыс орнатып, оны әңгімеге тарту жағымды көңіл күйді қалыптастыру керек. Зерттеуші өзін таныстырады, қай ұйымнан екенін айтады, сұхбаттың мақсаты мен міндетін түсіндіреді. Содан кейін барып алғашқы сұрақ жауапқа көшеді. Бұл екінші кезеңді қамтиды. Жауапшы әңгімесін бөлмей, шыдамдылықпен тыңдағаны дұрыс. Үшініші кезеңде негізгі сұрақтар қойылады. Зерттешінің респондентке айтқан мәселелермен келіспеу мүмкіндігі болады, сонымен бірге мүмкін жауапшы сұрақтың мәнін түсінбеген болады. Ондай жағдайда сұрақты қайталап қою керек, басқаша сөзді қолданып оны дұрыс немесе сұрақты түсіндіру керек. Кейбір адам өзінің ойын дұрыс жеткізе алмаудан болады. Мұндайда оның берген ақпараттың құнды екенін баса айтып және сұрақтарға бірлесе жауаптар іздеуді ұсынған жөн болады. Төртінші кезеңде сұхбат қортындалып, оның негізгі нәтижелері анықталады. Сұхбаттың соңында зерттеуші жауапшыға рахметайтуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]