Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

EiOP (1)

.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
282.11 Кб
Скачать

2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы қанша кезеңнен тұрады:

C) үш

2013 жылға арналған республикалық бюджетке сәйкес айлық есептік көрсеткіш қанша теңге болып белгіленді:

C) 1731 тг

2013 жылға белгіленген ең төменгі жалақыны көрсетіңіз:

D) 18660 тг

Ағымдағы өтімділік коэффициенті келесі түрде анықталады:

A) ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерге қатынасы

Азаматтардың мүшелік негізде өз еңбегімен қатысуына және мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік – ол:

C) өндірістік кооператив

Айналмалы өндірістік қорлар мен қор айналымын жасауға және пайдалануға арналған ақшалай қаражаттар жиынтығы:

A) айналым қорлары (құралдары)

Айналым қорларын жүктеу коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

C) Кз = С / Т

Активтердің айналымдылық коэффициенті келесі түрде анықталады:

D) Сатудан түскен табыстың активтердің орташа жылдың құнына қатынасымен

Активтердің бір айналымының ұзақтығы – ол:

B) Есепті кезеңдегі күндер санының активтердің айналымдылық коэффициентіне қатынасы

Акционерлік қоғам – бұл:

D) өз қызметін жүзеге асыруға қажетті қаражат тарту мақсатында акциялар шығара-тын заңды тұлға

Акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы :

B) жеке құқық

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері қандай:

A) 50 000 АЕК

Акция түрлері:

C) жәй (қарапайым) және артықшылығы бар акция

Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі, ұлттық экономиканың негізін құрай-тын стратегиялық жағынан маңызды салаларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің ше-шімімен құрылған акционерлік қоғам – ол:

A) Ұлттық компания

Амортизация нормасы келесі формуламен есептеледі:

D) Ф – Л /ТФ

Амортизациялық аударымдар объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне байланысты анықталатын амортизацияны есептеу әдісін көрсетіңіз:

A) өндірістік

Асхана, емхана, сауықтыру кешендері негізгі құралдардың қай бөлігіне жатады:

C) өндірістік емес

Аудандық коэффициенттер нені көрсетеді:

D) жұмыс уақытының бірлігіне төленетін еңбек ақының ақшалай формасын

Әлемдік тәжірибеге сәйкес технопарктер моделін көрсетіңіз:

A) Американдық, Жапондық және аралас

Банктік қызметпен айналысатын заңды тұлға ашу үшін кімнен рұқсат алу қажет:

B) ҚР Ұлттық банкінен

Банктік шот ашу кейбір жағдайларда міндетті емес:

B) дара кәсіпкерлерге

Барлық ынта – жігерді қызмет жүйесінің белгілі бір түріне жұмылдырумен байланысты стратегия – ол:

A) жинақтау

Бәсекелік нарық жағдайында меншікті және қарыздық ресурстарды тиімді басқару мүмкіндігі – ол:

C) фирманың бәсеке қабілеттілігі

Белгілі фирманың атауын немесе танымал тауарлық белгіні пайдаланып бизнес жүргізу құқығын сатып алатын тұлға – ол :

A) франчайзи

Берілген өнімді өндіретін тек бір ғана жеке фирма болады және ол өнімді ауыстыратын басқа өнімдер болмайды-ол:

B) таза монолополия

Бір айналымның ұзақтығы келесі формуламен анықталады:

C) Аұз = С / (Т/Д)

Бір мақсатқа жетуге мүделі жекелеген заңды және жеке тұлғалар арасындағы бақталастық-ол:

C) бәсеке

Бір өндірістік цикл ішінде пайдаланылатын, өзінің заттай формасын өзгерте отырып, құнын өнімнің өзіндік құнына толық аударатын құндылықтар қалай аталады:

B) айналым құралдары

Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда жүзеге асырыла алады:

C) ерлі зайыптылар, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік

Бірыңғай тауарларды өндіруші фирмалардың өзара әрекетін күшейту немесе біріктіру нәтежесінде іске асатын интеграция :

B) көлденен интеграция

Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелер, қазыналық кәсіпорындар және пәтер иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкасы:

B) 1 АЕК

Даму институттарының қатарына төмендегілердің қайсысы жатқызылмайды:

C) Ұлттық банк

Дара кәсіпкерге лицензия берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы:

D) ҚР Үкіметі

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы:

D) 4 айлық есептік көрсеткіш

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қандай мерзімге беріледі:

A) мерзімсіз

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін қандай құжаттар өткізіледі:

A) өтініш және тіркегені үшін алым сомасы

Дара кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді:

E) өзіндік және бірлескен

Дара кәсіпкерлік қандай бизнестің субъектісі бола алмайды:

B) ірі

Дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу әдістері:

B) келіп тіркелу және міндетті мемлекеттік тіркеу

Дивиденд алу және қоғам таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығы:

C) мүліктік құқық

Егер де нарық сиымдылығы төмен, өнім танымал және бәсеке аса жоғары емес жағдайда қолданылатын баға саясаты:

D) таңдап ену стратегиясы

Еңбек ақының ерекше жағдайлары нені көрсетеді:

B) бюджеттік сала жұмысшылары мен жұмыстың разрядын

Есепті кезеңде есептен шыққан негізгі қорлар құны / кезең басындағы негізгі қорлардың бастапқы құны – ол :

D) Негізгі қорлардың істен шығу коэффициенті

Жай серіктестік жүзеге асырылады:

A) ортақ үлестік меншік негізінде

Жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын немесе салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын табысы бар дара кәсіпкерлер:

A) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады

Жалпы табыс пен кезең шығындарының айырмасы – ол:

A) Негізгі қызметтен түскен табыс

Жаңа немесе жетілдірілген өнім алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және интеллектуалдық әлеуетті пайдалану жөніндегі іс-шаралар жүйесі – ол :

B) кәсіпорынның инновациялық қызметi

Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін серіктестік:

D) жауапкершілігі шектеулі

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым-ол:

C) шаруашылық серіктестік

Жарғылық капиталының мөлшері салымдарды енгізу сәтінде 25 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек:

A) толық серіктестікте

Жарнама шығындары, банк несиелерінің пайыздары, әкімшілік шығындар қай топқа жатады:

B) кезең шығындарына

Жасалған еңбек үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйақы – ол:

C) еңбек ақы

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері кем болмауы керек:

D) 100 АЕК –тен

Жеке тұлға өзіне тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету құқығымен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік:

А) өзіндік кәсіпкерлік

Жеке тұлғалар өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде мүлікті бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік – ол:

B) бірлескен кәсіпкерлік

Жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілік арқылы табыс табуға бағытталған бастамашылық қызмет – бұл:

A) дара кәсіпкерлік

Жекелеген қала немесе аймақ негізінде құрылған және сол аймақтың өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми-өндірістік кешен:

D) технополис

Жеткізушілерді (жабдықтаушыларды) қатаң бақылауға алу үшін қолданылатын интеграция:

C) регрессивті

Жеткізушінің төлемді алуды жеделдету мақсатында жүргізілетін операция – ол :

C) факторингтік операция

Жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан, активтерінің орташа жылдық құны 325 000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары болса, онда ол –

B) ірі кәсіпорын

Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді:

A) өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консалтингтік

ЖШС-ның ерекшеліктеріне төмендегілердің қайсысы кірмейді:

E) жеке тұлғалардың тікелей қатысуы

Зейнетақы қорына аударымдар қанша пайыз болып белгіленген?

C)10 %

Инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестицияны көздейтін, сондай-ақ, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені –ол:

C) инновациялық жоба

Инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсынатын материалдық – техникалық кешенге құқығы бар заңды тұлға:

A) технопарк

Инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім, технологиялық үрдіс түрінде іске асырылған нәтижесі – ол :

B) инновация

Инновациялық үрдісті басқару тұрғысынан технологиялық бизнес-инкубаторлар құру келсіге мүмкіндік береді:

E) барлық жауап дұрыс

Кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға көмектесетін және оларға кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қажетті жағдай жасау үшін қызметтер көрсететін ұйым-дар мен бірлестіктер жиыны – бұл:

B) кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы

Кәсіпорын – бұл:

D) қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және табыс табу мақсатында өнім өндіру (қызмет көрсету, жұмыс орындау) үшін заңды тұлға құқығымен құрылған шаруашылық жүргізуші субъект

Кәсіпорын активтерінің айналым жылдамдығын көрсететін көрсеткішті анықтаңыз:

E) Активтердің айналымдылық коэффициенті

Кәсіпорын капиталының меншікті капиталға қатынасы – ол:

A) қаржылық тәуелділік коэффициенті

Кәсіпорын қызметінің экономикалық ,техникалық ұйымдастырушылық сферасында бәсекелестерден басымдықпен көріну –ол:

C) бәсекелік артықшылық

Кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып өндіріске жіберілсе онда ол:

E) ЛИФО әдісі

Кәсіпорындағы өндіріс пен сату үрдісін интеграциялаудың жоғары денгейімен анықталатын бәсекелік артықшылық-ол:

D) құрылымдық сипаттағы бәсекелік артықшылық

Кәсіпорындар меншік нысандары бойынша келесі түрде бөлінеді:

B) жеке, мемлекеттік, аралас

Кәсіпорындар өндірістік потенциал қуаты бойынша келесі түрде бөлінеді:

D) шағын, орта, ірі

Кәсіпорынды таратуды тіркеу қанша күннің ішінде жүргізілуі керек:

B) 10 күннің

Кәсіпорынның барлық персоналдары келесі түрде бөлінеді:

A) өндірістік және өндірістік емес

Кәсіпорынның жалпы табысы келесі түрде анықталады:

C) Сатудан түскен табыс - сатылған өнімнің өзіндік құны

Кәсіпорынның жарғылық капиталы баланстың қай бөлімінде көрсетіледі:

C) меншікті капитал

Кәсіпорынның қосалқы қызметінен туындайтын және өнімді өндіру үрдісіне қатысы жоқ табыстар қалай аталады:

A) негізгі емес қызметтен түскен табыс

Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына жатқызылады:

B) құрылтай шарты мен жарғы

Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу немесе төлеу қабілеттілігі – ол :

A) төлем қабілеттілік

Кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігі – ол :

B) өтімділік

Кәсіпорынның таза табысының активтерінің құнына қатынасы – ол:

E) активтердің табыстылығы

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштерге жатқызылады:

E) Барлық жауап дұрыс

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің сапалық критериилеріне жатқызылады:

A) Барлық жауап дұрыс

Кезең ішінде келіп түскен негізгі қорлар құны / кезең соңындағы негізгі қорлардың бастапқы құны – ол

C) Негізгі қорлардын жаңару коэффициенті

Келесі қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды:

C) аудиторлық қызметті

Көлік қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия мынандай мерзімге беріледі:

A) 5 жылға

Қажетті коммуникация құралдарының дамуы, еңбек, капитал, инвестициялық технологиялар мен тауарлар нарығының ашықтығы мен ұйымдастырушылығы дистрюбиторлық тораптардың дамуы қандай бәсекелік артықшылыққа тән болып келеді:

A) нарықтық инфрақұрылымның даму денгейімен анықталатын бәсекелік артықшы-лық

Қазақстандағы еңбек разрядының саны қанша:

D) 21

Қайта бағалау сәтінде қазіргі жағдайда негізгі қорлардың ұдайы өндірісін бағалауды көрсететін құн:

B) қалпына келтіру құны

Қаржылық ресурстардың болуы, орналасуы және пайдаланылуын көрсететін көрсеткіштер жиынтығы – ол:

A) Қаржылық жағдай

Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті – ол келесі түрде анықталады:

E) қарыздық қаражаттардың кәсіпорын капиталына қатынасымен

Қарыздық капиталдың меншікті капиталға қатынасы – ол :

B) қаржылық леверидж

Қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін серіктестік:

A) ЖШС

Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік:

C) толық серіктестік

Қатысушысы серіктестіктен шыққан жағдайда, оған жарғылық капиталдағы үлесіне пропорционалды мөлшерде мүлік құны төленетін серіктестік-ол:

C) ЖШС

Қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және табыс табу мақсатында өнім өндіру (қызмет көрсету, жұмыс орындау) үшін заңдарда белгіленген тәртіппен заңды тұлға құқығымен құрылған шаруашылық жүргізуші субъект :

D) кәсіпорын

Қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және табыс табу мақсатында өнім өндіру (қызмет көрсету, жұмыс орындау) үшін заңдарда белгіленген тәртіппен заңды тұлға құқығымен құрылған шаруашылық жүргізуші субъект :

C) кәсіпорын

Қолданбалы ғылым мен техниканың жоғары даму деңгейімен анықталатын бәсекелік артықшылық –ол:

B) техникалық ( технологиялық) бәсекелік артықшылық

Қор қайтарымдылығы қалай анықталады:

A) өндірілген немесе өткізілген өнім көлемі / негізгі құралдардың орта жылдық құны

Қор сиымдылығы қалай анықталады:

D) негізгі құралдардың орта жылдық құны / өндірілген немесе өткізілген өнім көлемі

Қормен қарулану қалай анықталады:

E) негізгі құралдардың орта жылдық құны / кәсіпорындағы жұмысшылар саны

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғылық каиталының ең төменгі мөлшері қанша болуы керек:

A) 100 АЕК

ҚР акционерлік қоғамның жарғылық капиталының төменгі мөлшері:

A) 50 000 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең

ҚР Салық кодексіне сай 2013 жылғы жеке табыс салығының мөлшері:

A) 10%

ҚР Салық кодексіне сай 2013 жылғы қосымша құн салығының мөлшері:

C) 12 %

ҚР салықтардың қайсысы жанама салықтарға жатады:

A) қосымша құн салығы, акциздер

ҚР-ның «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы соңғы рет қай жылы қабылданды:

A) 2003ж 13 мамыр

ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңы қай жылы қабылданды:

B) 2006 жыл 31қаңтар

Құқықтық емес сипаттағы бәсекелік артықшылыққа жатқызылады:

A) жат пиғылды бәсеке

Қызметкерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан, активтерінің орташа жылдық құны 60 000 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, онда ол жатқызылады:

A) шағын кәсіпорынға

лизинг затын жалға беруші мамандандырылған мекеме – ол ::

C) лизингтік компания

Лизинг субъектілерін келесі түрде бөлуге болады:

A) тікелей және жанама

Лизингтік операцияға кімдер қатысады:

A) кәсіпорын, лизингтік компания және лизинг алушы

Лизингтің мерзімі келесіге байланысты белгіленеді:

A) құрал-жабдықтың пайдалы қызмет ету мерзіміне

М.Е.Портер бойынша нарықтағы бәсекенің жағдайын сипаттайтын бәсекелік күшке төмендегілердің қайсысы жатқызылады:

D) барлық жауабы дұрыс

Мамандарды қабылдау коэффициенті келесі түрде анықталады:

A) жұмысқа қабылданған қызметкерлер санының жұмыстан шыққан қызметкерлер санына қатынасымен

Материалдық құндылықтарды есепке алу әдісіне төмендегілердің қайсысы жатқызылады:

C) барлық жауап дұрыс

Материалдық құндылықтардың бірінші кезекте кіріске алынғаны алғашқы болып өндіріске жіберілсе онда ол:

E) ФИФО әдісі

Материалдық өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі қорлар –ол:

A) өндірістік негізгі қорлар

Машиналар, құрал-жабдықтар, станоктар өндірістік негізгі құралдардың қай бөлігіне жатады:

D) активті

Медициналық, дәрігерлік және мал-дәрігерлік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия қанша уақытқа беріледі:

A) мерзімі шектелмеген

Мемлекет белгілейтін еңбек ақының ең төменгі мөлшері қай заңнамалық құжатта көрсетіледі:

B) республикалық бюджете

Мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер қалай аталады:

C) салықтар

Мемлекет еңбек ақы жүйесін қалай реттейді:

D) ең төменгі еңбек ақы мөлшерін белгілеу арқылы

Мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешені – ол:

A) индустриялық саясат

Меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі – ол:

D) кәсіпкерлік

Меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі – ол:

D) кәсіпкерлік

Меншікті капиталдың кәсіпорын капиталына қатынасы – ол:

A) тәуелсіздік коэффициенті

Нарықта қайсыбір тауарды өндірушілер мен тұтынушулар( сатып алушылар мен сатушылар) көп болғанда әрекет ететін бәсеке нысаны –ол:

D) еркін бәсеке

Нарықтағы бәсекелестерін ығыстырып, оларға белгілі-бір қиындықтар туғызу үшін қолданылатын баға саясаты:

C) баға бәсекесі стратегиясы

Нарықтың мақсатты сегментіндегі өзгерістер, халықтың мақсатты топтары санының артуы , халықтың миграциясы , білімдік және кәсіби деңгейдегі өзгерістер нәтежесінде құрылатын бәсекелік артықшылық-ол:

E) демографиялық факторларға негізделген бәсекелік артықшылық

Нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың (бірлестіктердің) бәсекесі-ол:

E) олигополиялық бәсеке

Нарықтың инфрақұрылымы, сатушылар, сатып алушылар, жарнамалық қызмет т.б. жө-нінде кең көлемді мәліметтер базасының болуына негізделетін бәсекелік артықшылық –ол:

B) ақпаратпен толық қамтамасыз етілумен анықталатын бәсекелік артықшылық

Нарықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті сан мен сапада өнім өндіру – ол:

C) кәсіпорынның өндірістік функциясы

Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстың қосындысы – ол:

E) Салық салынғанға дейінгі табыс

Негізгі капитал мыналардан тұрады:

B) негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар

Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері келесідей топтарға бөлінеді:

B) барлық жауап дұрыс

Негізгі қорларды салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан тұратын құн:

B) бастапқы құн

Негізгі қорлардың активті бөлігі / барлық негізгі қорлар құны – ол :

E) Негізгі қорлардың активті бөлігінің үлесі

Негізгі қорлардың бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасын оның пайдалану мерзіміне бөлу арқылы анықталатын амортизацияны есептеу әдісі:

D) түзусызықты (бірқалыпты) әдіс

Негізгі қорлардың қалдық құны / негізгі қорлардың бастапқы құны – ол :

B) Негізгі қорлардын жарамдылық коэффициенті

Негізгі қорлардың тозу соммасы / негізгі қорлардың бастапқы құны – ол :

A) Негізгі қорлардын тозу коэффициенті

Негізгі қорлардың тозуы келесі түрде бөлінеді:

B) табиғи және сапалық

Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында қаржы ресурстарын жинау – ол:

B) амортизация

Негізгі құралдар қалай бөлінеді:

B) өндірістік және өндірістік емес

Негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алғандағы құн:

A) қалдық құн

Негізгі қызметтен түскен табыс қалай анықталады:

B) жалпы табыс – кезең шығындары

Нормаланатын айналым қорларына жатқызылады:

A) барлық жауап дұрыс

Нормаланбайтын айналым қорларына жатқызылады:

C) Барлық жауап дұрыс

Оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, кеңес берушілік және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар – ол:

B) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары

Орта кәсіпорын үшін активтерінің орташа жылдық құны келесі шамадан аспауы қажет:

D) 325 000 айлық есептік көрсеткіштен

Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға – ол :

D) акционерлік қоғам

Өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін, мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапты болмайтын кәсіпорын нысаны:

D) Оралымды басқару құқығына негізделген кәсіпорын

Өздері енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік:

B) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Өндіргіш күштердің қызмет етуінің қоғамдық нысаны және жұмыс күшінің өндіріс құралдарымен бірлесу үрдісі болатын қоғамдық еңбек бөлінісінің жекеленген алғашқы звеносы – ол:

A) экономика

Өндірушіге тікелей немес жанама түрде байланыста болатын фактор – ол:

B) объективті фактор

Өндірушілердің (жеткізушілердің) қызметіне шектеулердің болуымен байланысты бәсекелік артықшылық-ол:

A) әкімшілік шаралардан туындайтын бәсекелік артықшылық

Өндірілген өнімді тарату жүйесіне ену мақсатын көздейтін интеграция –ол:

A) прогрессивті интеграция

Өндіріс көлеміне қатысы жоқ, өнім өндірілмесе де көрініс табатын шығындар қалай аталады:

C) шартты – тұрақты

Өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын өндірілетін өнімге тозу шамасы бойынша бірте-бірте өткізетін еңбек құралдары – ол:

B) негізгі қорлар

Өндірісті және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет – ол:

D) инновациялық қызмет

Өндірістік кооперативтің жарғылық қоры келесі түрде қалыптасады:

A) мүліктік жарналары негізінде

Өндірістік кооперативтің жарғылық қоры мен резервтік қорының мөлшері қайда белгіленеді.

A) жарғыда

Өндірістік кооперативтің негізгі қағидаларына төмендегілердің қайсысы кірмейді:

A) мүшелік жарна көлемін анықтау міндеттілігі

Өндірістік кооперативтің резервтік қорын қалыптастыру көзі:

E) жыл сайынғы табыстан аударымдар жасау

Өндірістік қорлар – ол :

A) өндіріске жіберу үшін дайындалған еңбек заттары

Өнеркәсіптік шпионаж, өндірістік құпияларды иеленетін мамандарды өздеріне қызықтыру, жасанды тауарлар шығару бәсекенің келесі түріне тән:

D) жат пиғылды бәсеке

Өнімді дайындау үрдісіне байланысты шығындар қалай бөлінеді:

D) негізгі және үстеме

Өнімді немесе қызметті едәуір төмен бағада ұсынуға негізделген бәсеке –ол:

E) бағалық бәсеке

Өнімді өндіруге тікелей қатысы жоқ, бірақ өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар қалай аталады:

A) үстеме

Өнімнін сапасы, оның жанашылдығы, дизаины, сервисі шешуші роль атқаратын, тұтыну-шыға нарықтан тыс әсер ету әдістерін қамтитын бәсеке нысаны:

A) бағадан тыс бәсеке

Өнімнің бағасына ықпал ететін факторларды көрсетіңіз:

B) сұраныс пен ұсыныс, тұтынушылар

Өнімнің бәсеке қабілеттілігі – ол өнімнің:

D) жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшеленуі

Өнімнің бәсеке қабілеттілігін анықтайтын факторды көрсетіңіз:

C) барлық жауап дұрыс

Өнімнің бәсеке қабілеттілік қасиеттеріне төмендегілердің қайсысы жатқызылады:

E) барлық жауап дұрыс

Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсіліне байланысты шығындар қалай бөлінеді:

D) тікелей және жанама

Өнімнің өзіндік құнына оларды бөлу арқылы жатқызатын шығындар қалай аталады:

B) жанама

Өткізілген өнімнің 1 тг кеткен шығындары қалай анықталады:

C) (өткізілген өнімнің өзіндік құны + кезең шығындары) / сатудан түскен табыс

Портер бәсеке қабілеттілікті келесі стратегия арқылы көрсетті:

A) шығындылықты төмендету, бөлшектеу, жинақтау

Портердің 5 бәсекелік күшіне кірмейтінін көрсетіңіз:

A) монополистік фирманың нарықтағы орны

Ресурстардың барлық түрлерін ұтымды және тиімді қолдану, сол арқылы табысты өсіру – ол:

B) кәсіпорынның экономикалық функциясы

Салық заңдылықтары бойынша салық салынатын табыс не мүлік:

D) салық объектісі

Салық заңдылықтары бойынша салықты төлеуге міндетті тұлға:

B) салық субъектісі

Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс қалай анықталады:

D) негізгі қызметтен түскен табыс + негізгі емес қызметтен түскен табыс

Салық салғаннан кейінгі жиынтық табыс қалай анықталады:

C) негізгі қызметтен түскен табыс + негізгі емес қызметтен түскен табыс

Салық салғаннан кейінгі жиынтық табысқа төтенше жағдайлардан болған табысты (шығынды) қосу немесе шегеру нені көрсетеді:

A) таза табыс

Сату – сатып алу объектісі ақша айналымы, бағалы қағаздар, валюталық қатынастар болатын кәсіпкерлік қызмет түрі:

B) қаржылық

Сатудан түскен табыстың ағымдаға активтердің орташа жылдық құнына қатынасы – ол:

A) Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті

Сенім серіктестігінің толық серіктестіктен айырмашылығы неде?

E) салымшылар жауапкершілігі шектелгендігі

Сенім серіктестігінің ісін басқаруға қатыса алмайды:

A) салымшылар

Статистика органы құжаттар тапсырылған соң статистикалық карточканы қанша күннен кешіктірмей береді:

D) 5 күннен

Статистикалық код кәсіпорынға болашақта мынадай мақсатта қажет:

A) қаржылық есептерінде және әртүрлі ұйымдармен қарым-қатынасында пайдалану

Табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы – ол:

A) қаржылық тұрақтылық

Тарифтік ставка нені көрсетеді:

B) жұмыс уақытының бірлігіне төленетін еңбек ақының ақшалай формасын

Тарифтік тор нені көрсетеді:

D) жұмыстың күрделілігіне байланысты белгіленетін разрядтар мен тиісті тарифтік коэффициенттерді

Тауарлардың экспорты мен импортына лицензия:

B) заңда көзделген мерзімдерге беріледі

Тауарлы – материалдық қорлардың айналымдылық коэффициенті келесі түрде анықталады:

B) сатылған өнімнің өзіндік құны / өндірістік қорлар құны

Технопарктер алғаш рет қай елде пайда болды:

C) АҚШ-та

Технополистерді құру идеясы алғаш рет қай елде жүзеге асырылды:

E) Жапонияда

Тозу дәрежесі анықталмайтын және амортизация есептелмейтін активтерді анықтаңыз:

E) барлық жауап дұрыс

Толық серіктестік келесі жағдайда таратылады немесе басқа нысанда қайта құрылуы тиіс:

A) серіктестікте жалғыз қатысушы қалса

Толық серіктестіктерден және салымшылардан (коммандиттерден) тұратын серіктестік:

A) сенім

Толық серіктестіктің қатысушысы серіктестіктен шыға алады:

C) алты ай бұрын ескерте отырып

Төменде берілгендерден кезең шығындарына кірмейтінін көрсетіңіз

C) Шикізаттар мен материалдар шығындары

Төменде берілгендердің қайсысын технопарктер қызметінің негізгі сипаттамасына жатқызуға болады :

A) барлық жауап дұрыс

Төменде келтірілгендердің қайсысы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007жылдарға арналған Бағдарламасының міндеттеріне жатқызылады:

A) барлық жауап дұрыс

Төменде келтірілгендердің ішінен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамытуды жүзеге асыру жолдарына жатпайтынын анықтаңыз:

D) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі

Төмендегілердің қайсысы инновациялық қызметтің ішкі мотивіне жатпайды:

E) салық, ақша – кредиттік және қаржы саясатындағы өзгерістер

Төмендегілердің қайсысы негізгі құралдар құрамына кіреді:

E) есептеуіш техникалар

Төмендегілердің қайсысы өндірістік кооперативтің ерекшелігіне жатпайды:

A) мүшелері барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болуы

Төмендегілердің қайсысы толық серіктестіктің негізгі ерекшеліктеріне кірмейді:

D) серіктестікті бір адам құра алады

Төмендегілердің қайсысын инновациялық қызметтің сыртқы мотивтеріне жатқызамыз:

B) барлық жауап дұрыс

Төмендегілердің ішінен бәсекенің түрлеріне жатпайтынын көрсетіңіз:

A) экономикалық бәсеке

Төмендегілердің ішінен айналмалы өндірістік қорларға жатқызылмайтынын көрсетіңіз:

A) ақшалай қаражаттар

Төмендегілердің ішінен индустриялық аймақтардың міндеттеріне жататынын көрсетіңіз:

E) барлық жауап дұрыс

Төмендегілердің ішінен кезең шығындарына жатқызылатынын көрсетіңіз:

C) Барлық жауап дұрыс

Тұрақты қаржыландыру коэффициенті келесі түрде анықталады:

B) меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің жалпы капиталға қатынасымен

Тұтынушылардың нақты топтарының талаптарын қанағат тандыратын, жоғары сапада өнімдер өндіру мен өткізу үшін салада техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлардың болуын сипаттаса - ол:

B) саланың бәсеке қабілеттілігі

Тіркеу органына құжаттар өткізілгеннен кейін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу қанша уақытта жүзеге асырылады:

C) 2 жұмыс күнінен кешіктірмей

Ұзақ және орта мерзімді төмен пайызды банк кредиттерін беру, сондай-ақ, кредиттер бойынша кепілді міндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттің бастамаларына қаржылай қолдау көрсету - бұл:

B) Даму банкінің негізгі міндеті

Ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын (1 жылдан артық), өзінің заттай формасын сақтай отырып, құнын дайын өнімге біртіндеп аударатын еңбек құралдары қалай аталады:

A) негізгі құралдар

Ұзақ уақыт ішінде өзінің заттық нысанын өзгертпестен қызмет ететін және құнын бөліп-бөліп жоғалтатын материалдық-заттық құндылықтар – ол:

D) негізгі қорлар

Ұлттық инновациялық қордың негізгі міндетіне төмендегілердің қайсысы жатқызылады:

C)инновациялық инфрақұрылым элементтерін құруға қатысу

Үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз:

A) акция

Франчайзер жеке тұлғаға немесе компанияға (франчайзиге) өзінің атынан кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру лицензиясын сату немесе жүзеге асыру құқығын беру :

A) іскерлік франчайзинг

Франчайзер франчайзиге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), өзі жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материалды, технология мен жабдықтарды пайдалана отырып өнім өндіру мен өткізуге құқық берсе, онда ол:

B) өндірістік франчайзинг

Франчайзи алдыңғы қатарлы танымал фирмадан оның тауарлық маркасын пайдалана отырып тауарларды өткізу құқығын сатып алса, онда ол:

E) тауарлық франчайзинг

Франчайзинг- бұл:

C) барлық жауап дұрыс

Франчайзингтің франчайзер үшін артықшылықтарын көрсетіңіз:

C) барлық жауап дұрыс

Франшизаны пайдалану құқығын беретін адам – ол :

B) франчайзер

Шағын бизнес субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкасы қандай:

D) 5 АЕК

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, құрал-жабдықтар беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға – ол:

E) бизнес-инкубатор

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан бөлінетін қаражаттар мен меншікті қаржылық қаражаттарын тиімді пайдалану келесі қаржылық институттың негізгі мақсаты болып табылады:

A) «шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» («Даму») АҚ-ның

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаларын көрсетіңіз:

A) барлық жауап дұрыс

Шағын кәсіпкерліктің артықшылығына төмендегілердің қайсысы жатпайды:

D) тәуекел деңгейінің жоғары болуы

Шаруашылық серіктестіктер қанша түрге бөлінеді:

B) 4 түрге

Шаруашылық серіктестіктердің бір-бірінен негізгі айырмашылығы келесіге байланысты болады:

C) жауапкершілік дәрежесіне

Шет елдік тәжірибе бойынша «өте шағын» кәсіпкерлікке жатқызу үшін қызметкерлер саны келесі шамада болу қажет:

C) 19 адамға дейін

Істеген жұмыс уақытына байланысты төленетін еңбек ақының формасы қалай аталады:

A) мерзімді

Экономикалық факторларға негізделген бәсекелік артықшылыққа жатқызылады:

C)барлық жауабы дұрыс

Экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бастамаларына кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету - ол:

D) инвестициялық қордың мақсаты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]