Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МСС каз.doc
Скачиваний:
182
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
697.34 Кб
Скачать

3.4 Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар

Әлемде стандарттау бойынша Скандинавия, Латын Америкасы, Арабия аймағы, Африка және Европалық одақ елдеріндегі МГС тәрізді жеті аймақтық ұйым бар. Ең қызықты тәжірибеге Европалық одақ ие.

Стандарттау бойынша, Европалық комитет, 1961 жылы стандарттау бойынша Европалық комитет (СЕН) болып бекітілген және 1972 жылы электротехникада стандарттау бойынша Европалық комитет (СЕНЭЛЕК) болып құрылған ұйымдар болып табылады.

Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланды, Португалия, Финляндия, ГФМ, Франция, Швеция, Швецария тәрізді 18 европалық мемлекеттің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдары СЕН мүшелері қатарына кіреді.

СЕН Бас ассамблеясының шешімі бойынша мүшеліктің жаңа санаты болып саналатын - ассоциациялы мүше құрылды.

Дәрежесі ұлттық немесе европалық заң шығару орындарымен анықталатын СЕН мемлекет мүшесінің кез - келген қоғамдық, ғылыми, экономикалық ұйымы Ассоциациялық мүше бола алады.

Ассоциация мүшелері СЕН мақсаттарына қол жеткізуге және стандарттау процесіне ортақтасуға жағдай жасап, стандарт жобаларын талдауға қатысуы керек (шешім қабылданар алдын), бірақ олар дауыс беруге құқылы.

СЕН басты мақсаттары:

ЕС мемлекеттері мен өзге халықаралық ұйымдар өз дерективтерінде жүгіне алатын европалық стандарттарды (евронормаларды, ЕИ) дайындау жолымен тауарлар және қызметтермен саудаласудың дамуындағы европа мемлекеттеріне жәрдемдесу;

ел - мүшелерде ИСО және ХЭК халықаралық стандарттарының біркелкі қабылдануын қамтамасыз ету;

стадарттаумен айналысатын европалық аймақтық мекемелермен қызметтесу;

европалық стандарттарға (евронормаларға) сәйкес келу үшін сертификаттау бойынша қызметтерді ұсыну болып табылады.

СЕН жоғарғы органы стандарттау бойынша ұлттық ұйымдар ЕС мемлекет - мүшелер және еркін сауда Европалық ассоциациясының (ЕСЕА) үкіметтік органдары, сонымен қатар ассоциацияланған ұйымдары бар Бас ассамблея болып табылады.

Бас ассамблея мына қызметтерді атқаратын Әкімшілік кеңесті сайлайды:

европалық стандарттарды жасау кезінде халықаралық және ұлттык стандарттардың қатысушы мемлекеттерде қолданылу ерекшеліктері мен әдістерін белгілейді;

ұлттық және халықаралық нормативті құжаттардың европалық стандарт ретінде тікелей қолданылу мүмкіндігін және олардың сақталуын бақылауды анықтайды;

ұлттық стандарттау бойынша жүмыстарды аймақ шеңберінде үйлестіреді.

Стандартау саласындағы ұлттық үйым өкілдері - директорлар Алқасымен анықталып, Бас ассамблея тарапынан белгіленеді.

Стандарттау бойынша техникалық жұмыстың қызметі техникалық бюромен үйлестірілетін техникалық комитеттер тарапынан орындалады.

СЕН және СЕНЭЛЕК шеңберінде 1200 европалық стандарт және 200-ден астам директив дайындалған 239 ТК қызмет етеді.

СЕН авиацияға арналған жабдық, су жылытатын газ құрылғылары, газ балондары, көтергіш механизмдер үшін жинақтаушы бөлшектер, газ плиталары, балқыту және қесу, құбыр желілері, насостық станциялар сияқты салаларда стандартауды дайындайды. СЕНЭЛЕК - жабдықтың әр түріне арналған стандарттарды ақпарат саласында әзірлейді.

Стандарттау мәселелері европалық деңгейдегі СЕН шеңберінде стандартты барлық мүдделі тараптардың консенсусы негізінде қабылдау, дайындау және жоспарлауды енгізеді.

Стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау барысында стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардан, ассоциациялық органдардан, европалық ұйымдардан және сауда ассоциацияларынан түсетін ұсыныстар енгізіледі.

СЕН жұмыстары ұстанымдарының бірі ИСО халықаралық стандарттарын евронормаларды дайындау үшін негіз ретінде міндетті түрде пайдалану немесе ИСО нәтижелерінің жетістікерін толықтыру болып табылады.

Басым бағыттың таңдалуы болашақ стандарттың бір - біріне пайда алып келетін байланыстардың дамуына әсер ету деңгейімен басшылық етілетін экономикалық қажеттілікпен, аталмыш мақсаттар үшін халықаралық немесе басқа стандартты қоданудың мүмкін еместілігімен, СЕН қатысушы -мемлекет ұсыныстары немесе ЕС органдары кеңестерімен негізделуі тиіс.

Стандарт жобасының дайындалуы техникалық комитетке жүктеледі. Ол комитет алғашқы жобаны бекітіп, оны орталық секретариатта тіркейді, содан соң құжат европалық стандарттың ресми жобасы болады.

Техникалық комитеттер өз жұмыстарында халықаралық стандарттарға сүйенеді, аймақтық ұйымдармен қатынастарды үзбейді, жапсарлас мәселелермен айналысатын басқа техникалық комитеттердің қызмет нәтижелерін ескереді.

Комитеттің алдына қойылған міндет орындалғаннан кейін, ол техникалық бюро тарапынан ыдыратылып кетуі мүмкін немесе стандарттың қайта қаралуы есебінен формалды жауапкершілікті сақтайды.

Көп жағдайда стандарт жобасының дайындалуы ИСО шеңберінде жүргізіледі, жоба жетекшісі болып ЕС мемлекет - мүшенің европалық өкілдері тағайындалады.

Стандартты қабылдау процедурасы, белгіленген мерзімде дауыс беру үшін стандарттау бойынша ұлттық ұйым түрінде СЕН-нің барлық мемлекет -мүшелерінің техникалық бюро тарапынан жобаның таралуын және техникалық комитеттің жүмысшылар тобы қолдау тапқан жобасын енгізеді.

Европалық стандартқа (евронормаға) СЕН-нің 80 % жуық мүшесі дауыс берген жағдайда ғана ол қабылданған болып есептеледі. Қабылданған стандарт барлық мемлекет - мүшелердің стандартталуының ұлттық жүйесіне осы санмен қатар және "қарсы" дауыс бергендермен қатар енгізіледі.

Ары қарай Әкімшілік кеңес бұл стандарттың қажеттілік деңгейін ЕС мемлекет - мүшелер үшін қарастырады. Оңды шешім шығарылған жағдайда оған ЕС-тің соған сәйкес директивінде нұсқау жасалынып, стандарт ЕС мемлекет - мүшелерде міндетті деңгейге ие болады.

Өнімге, қызметке, процеске арнап стандарт дайындаудан өзге, СЕН өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесімен сынақ әдістерін стандарттаумен, сондай - ақ сынақ зертханаларын аккредитациялаумен айналысады.

Осы бағытта "мұқаба әдісімен" қабылданған 9000 сериялы ИСО-ның халықаралық стандарттарын ұсынатын 29000 (ЕН29000) сериялы евронорманың европалық стандарттары жасалып, бекітілген.

Осылайша, ЕС стандарттауының нормативті базасын жақсы дамыған техникалық заң шығарушы орын көрсетеді. Евростандарттар техника мен технологияның жаңа жетістіктерін көрсетеді, ал директивтер халық және қоршаған орта үшін зиянды немесе қауіпсіз өнімдердің ЕС-ке кірігуіне қарсы тиімді шараларды қарастырады. Стандарт ЕС бюлетенінде директив нөмірінің белгіленуімен басылып шыққаннан кейін ғана үйлесімді, яғни сәйкес келетін директивтің таратылуын қамтамасыз ете алады.

Көптеген европалық стандарттардың ерекшелігі, олардың негізіне жеке европалық елдердің ең үздік стандарттарының салынуымен анықталады. Мысалы, дербес компьютерлердің электромагниттік қауіпсіздігі бойынша жоғары техникалық деңгейімен танымал Швеция стандарттары ЕС бірегей стандарттарының негізіне қойылған.

ИСО және ХЭК халықаралық стандарттарын аймақтық сапада неғұрылым жиі пайдалану, СЕН және СЕНЭЛЕК комитеттерінің саясаты болып саналады. Нәтижесінде 45% жуық нормативті құжаттарды ЕС шеңберінде ИСО/ХЭК дайындаған халықаралық стандарттар көрсетеді.