Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МСС каз.doc
Скачиваний:
182
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
697.34 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Садықбек Т.А., Тойбаев С.Н.

СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ, СЕРТИФИКАТТАУ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Алматы, 2006

УДК

ББК

Т

Садықбек Т.А., Тойбаев С.Н. Стандарттау, метрология, сертификаттау. Оқу құралы. – Алматы

ISBN

Пікір жазған:

Т

ISBN

Садықбек Т.А.

М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар акдемиясы

Кіріспе

1. Стандарттау негіздері

1.1 Стандарттау тарихынан қысқаша мәліметтер

"Стандарт" сөзін ағылшын (standart) тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель түсініктерімен басқа ұқсас нысандарды салыстыру үшін негізгі болып қабылданатын ұғымдарды білдіреді.

Стандарттау адамдар қоғамының дамуымен және адамдар жасаған еңбек қызметтерінің ең сәтті нәтижелерінің қайта пайдаланылуы мақсатымен оларды еске сақтауға деген талпынысымен түтас байланысты. Стандарттау бойынша қызмет үлгілері болатын стандарттық диаметрлі су жүргізу қүбырларының және стандарттық мөлшердегі қүрылыс бөлшектерінің өлшем жүйесінің бірлігін Ежелгі дәуірде қолдану.

Ежелгі Египетте қүрылыс кезінде үнемі "стандартты" өлшемдегі кірпіштерді қолданған, сонымен қатар арнайы шенеуніктер кірпіш өлшемін бақылаумен айналысқан.

Грек сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері - белгілі храмдар олардың бағандары, порттар "стандарттық" бөлшектердің салыстырмалы түрдегі кішігірім санынан жиналған.

Ежелгі римдіктер көлемі жағынан үнемі бірдей болып келетін су жүргізу құбырларын салу кезінде стандарттаудың принцптері мен әдістерін қолданған.

Орта ғасырларда кәсіптің дамуымен қатар стандарттау әдістері де жиі қолданыла бастады. Осылайша маталар енінің көлемі және жіптердің бірдей саны белгіленген, сонымен қатар соның негізінде тігін тігу өндірісінде пайдаланылатын шикізатқа деген жалпы талап анықталды. Венецияда алдын -ала бөлшектер мен түйіндерден (унификация әдісі пайдаланылды) дайындалған ескекті кемелер жинақтала бастады.

1785 жылы француз инженері Леблан әр қайсысы өзара алмастырылатын және көлемі жағынан бірдей ерекше сапаға ие 50 дана қару құлыптарының партиясын дайындап шығарды. Оларды алдын - ала дайындықсыз кез - келген қаруға қолдануға болатын еді.

Германияда жаппай өндіріске өту мақсатымен патша қару зауытында қару калибрінің соңғы мөлшері 13,9мм. анықталған қарулардың стандарты белгіленді. XX ғасырдың екінші жартысында стандарттау жүмыстары барлық өндірістерде жүргізіле бастады. Бүйымдарды дайындайтын зауыттардың ішкі стандартталуының нәтижесінде өндіріс процесінің тиімділігі мүмкін болды; кәсіпкерлер көздеген негізгі мақсат - одан анағұрылым жоғары пайда алу.

Стандарттау ең алдымен жеке фирмалар мен кәсіпорындар ішінде дамыды. Десек те, еңбектің қоғамдық тұрғыда бөлінуінің дамуы шамасына орай, стандарттау, үлттық тіпті халықаралық мағынаға ие бола бастады.

1846 жылы Германияда темір жол табанының ені мен вагондарға арналған тіркеме қүралдары бірыңғайланды (унификацияланды); 1869 жылы сол жерде