Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МСС каз.doc
Скачиваний:
182
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
697.34 Кб
Скачать

5.2. Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері

"Сертификаттау туралы " заң.

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (процестерді), жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды peттейді, сертификаттауға қатысушы-лардың құқықтарын, міндеттеpi мен жауапкершілігін белгілейді.

3-бап. Сертификаттаудың мақсаттары.

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

- адамдардың өмірi мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- өнімдер мен қызмет көрсетудің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

- саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

- заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық сауда қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

4-бап. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару.

1. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттің органы жүзеге асырады.

2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

5-бап. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру

1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды: стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган; өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; тіркелген сынақ лабораториялары (орталықтары).

2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ лабораторияларына (орталықтарына) қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің, рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйсінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін, сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.

Ұйымдық және әдістемелік принциптері:

• сертификаттау объектісі туралы анық ақпаратын қамтамасыз ету;

• объективтілік және әзірлеуші мен тұтынушыдан тәуелсіз болуы;

• профессионалдық сынау;

• шет ел мәлімдеушілерге дискриминация жасамау;

• сертификаттау органы мен сынау лабораториясын таңдаудағы мәлімдеушінің құқығы; сертификаттау қатысушыларының жауаптылығы;

• сертификаттау нәтижелері немесе сәйкестік сертификаттың (белгінің) мезгіл тоқтауы (жоюға) туралы ақпарат ашықтығы;

• стандарттау объектісінің, оның шығару және пайдалану ерекшеліктерін есепке алатын сынау әдістерінің көптілігі;

• ИСО/МЭК, аймақтық ұйымдардың кепілдемелерін және ережелерін, халықаралық стандарттардың және басқа халықаралық құжаттардың қағидаларын сертификаттау қызметінде қолдану;

• Қазақстан қатысатын көптарапты және екітарапты келісімдердің негізіндегі шетелдік сертификаттау органдардың және сынау лабораториялардың аккредиттеуін, сертификаттардың және сәйкестік белгілерін ҚР-мен мойындауы;

• сауда құпияны құратын ақпарат жасырын сақтауы;

• Қажетті кезде сертификаттау жұмыстарға тұтынушылардың қоғамдарын тарту.

Сертификаттаудың негізгі ережелері.

1. Сертификаттау органы немесе сынау лабораториялары ретінде кез-келген әр түрлі жеке меншікті мекемелер болуы мүмкін, егер олар әзірлеуші (сатушы) немесе тұтынушы (сатып алушы) болмаса және орнатылған тәртіп бойынша акредиттеуден өтіп сертификаттау жұмыстарын атқаруға рұқсаты (лицензиясы) болса.

2. Сертификаттау органдарының және сынау лабораториялары-ның аккредиттеу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік стандарт комитеті немесе атқарушы өкіметтің органдары өткізеді. Аккредиттеудің нәтижесі бойынша аккредиттеу аттестаты беріледі.

3. Отандық және импорттық өнімдердің сертификаттау жұмыс-тары бір ережелермен жүргізіледі.

4. Егер сертификаттау жүйесінде бір өнімнің бірнеше сертификат-тау органдары болса, онда мәлімдеушінің қайсыбір органды таңдауға құқығы бар.

5. Мемлекеттік Реестрде тіркеу уақыттан бастап міндетті серти-фикаттау жүйесіндегі сертификаттардың және аккредиттеу аттестат-тардың әрекет күштері кіреді.

6. Барлық құжаттар (мәлімдеме, хаттамалар, актілер, аттестаттар, сертификаттар және т.б.) қазақ немесе орыс тілдерінде жазылады.

7. Келіспейтін жағдайлар туатын болса, онда сертификаттау орындарына, ҚР мемлекеттік стандарттау комитетіне және сертифи-каттау жұмыстарымен айналысатын басқа да мекемелерге апелляция беруге құқық бар.

8. Біркелкі өнімнің немесе қызмет топтарының сертификаттау жүйесімен орнатылған сұлбасы бойынша сертификаттау жұмыстары жүргізіледі.

Сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі.

Негізгі кезеңдері:

сертификаттауды жүргізу үшін мәлімдеме беру;

мәлімдемені қарастырып шешім қабылдау;

үлгілерді таңдап және идентификация жасап сынауды жүргізу;

өндірісті тексеру (егер сұлба бойынша тексеру қажет болса);

сынау нәтижелерін талдау, сертификат беру туралы шешім қабылдау;

сертификатты және сәйкестік белгіні пайдалануға рұқсат (лицензия) беру;

сертификаттау сұлбасы бойынша сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау.

Сертификаттау сұлбалары.

Сертификаттау сұлбасы - өнім, процесс, жұмыс, қызметке сертификаттау жүргізген кезде үшінші тараптың құрамы және іс-қимыл тізбектілігі.

Қазақстанда қолданылатын сертификаттау сұлбасы 1-кестеде көрсетілген.

Сертификаттау сұлбалары 1-кесте.

Сұлба

нөмірі

Сынау лабораторияларында сынау жүргізу

Өндірісті тексеру

Инспекциялық бақылау

1

Түрін сынау

Түрін сынау

Өндірістің күйін талдау

2

Түрін сынау

Сатушыдан алынған үлгіні сынау

Түрін сынау

Өндірістің күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгіні сынау

Өндірістің күйін талдау

3

Түрін сынау

Әзірлеушіден алынған үлгіні сынау

Түрін сынау

Өндірістің күйін талдау

Әзірлеушіден алынған үлгіні сынау

Өндірістің күйін талдау

4

Түрін сынау

Сатушыдан алынған үлгіні сынау

Әзірлеушіден алынған үлгіні сынау

Өндірістің күйін талдау

Түрін сынау

Өндірістің күйін талдау

Сатушыдан алынған үлгіні сынау

Әзірлеушіден алынған үлгіні сынау

Өндірістің күйін талдау

5

Түрін сынау

Өндірісті сертификаттау немесе сапа жүйесін сертификаттау

Сертификатталған сапа жүйесін бақылау. Сатушыдан және (немесе) әзірлеушіден алынған үлгіні сынау

6

Келтірілген құжаттарға сәйкестік декларациясын қарастыру

Сапа жүйесін сертификаттау

Сертификатталған сапа жүйесін (өндірісін) бақылау.

7

Топты сынау

8

Әрбір үлгіні сынау

9

Сәйкестік декларациясын қарастыру

Сәйкестік декларациясын қарастыру

Өндірістің күйін талдау

10

Сәйкестік декларациясын қарастыру

Сатушыдан және (немесе) әзірлеушіден алынған үлгіні сынау

10а

Сәйкестік декларациясын қарастыру

Өндірістің күйін талдау

Сатушыдан және (немесе) әзірлеушіден алынған үлгіні сынау Өндірістің күйін талдау

Сертификаттау органдары.

Өнім, процесс, жұмыс, қызметті сертификаттау жөніндегі орган – мемлекеттік сертификаттау жүйесімен белгіленген тәртіпте, белгілі қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға тіркелген заңды тұлға.

Аккредиттеуден өткен ұйымға (сертификаттау органға) қойылатын талаптар:

үшінші тарапты болу;

мәлімделген сертификаттау аймағында техникалық компетентті болу;

құжатталған процедуралар мен қажетті жабдықтарға ие болу;

арнайы оқытылған маман қызметкерлерімен қамтамасыз етілген;

керекті стандарттардың өзекті қорымен және басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;

сертификаттау және сынауды өткізу ғана емес, сонымен қатар сертификатталған өнімді инспекциялық түрде бақылау жүргізу.

Сертификаттау органының негізгі міндеттері:

аккредиттеу шегіндегі және ереже бойынша өнімнің сертификаттау жұмысын жүргізу;

сәйкестік белгіні қолдануға болатын рұқсат қағазын (лицензия) беру;

аккредиттеу аттестатының әрекет күші жойылған кезде қызметін тоқтату немесе уақытша тоқтату;

қызметтің инспекциялық бақылауына жағдай мүмкіндігін жасау;

өз қызметі және өзгерістері туралы ақпараттарды аккредиттеу органға тапсыру;

өтінушінің коммерциялық құпиясына қатысты деректердің жасырындығын сақтау.

Сертификаттау органының негізгі функциялары:

қызметкерлердің міндеттерін, жауапкершілігін және өзара байланыстарын үйлестіру;

органның жұмыс істеу және сертификаттау процедурасы мен сұлбаларын таңдау жөніндегі әдістемелік нұсқауларын құрастыру;

жүйеде қолданылатын нормативтік құжаттар қорын толықтыру және жаңарту;

өнімнің сертификаттау жұмыстарын жүргізу, сертификаттар мен сәйкестік белгіні қолдануға болатын рұқсат қағазын беру және олардың әрекет күшін жою немесе тоқтату;

сәйкестік сертификаттарды тіркеу және шетел сертификат-тарын, сынау хаттамаларын және өнім сәйкестігіне қатысты басқа да құжаттарды есептеу;

сертификатталған өнімді инспекциялық түрде бақылау (егер сертификаттау сұлбасы бойынша қажет болса);

барлық мүдделі тараптарына сертификаттау нәтижелері және анықталған сәйкестік еместігі туралы ақпараттарды жеткізу;

атқаратын қызметтер туралы ақпараттарды кедергісіз өтінушіге беру.

Сынау лабораториялары

Сынау лабораториялары – нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес өнімге сынау жүргізетін лаборатория.

Сынау лабораторияларға қойылатын талаптар мемлекеттік стандарттармен анықталады. Бұл стандарттардың қағидалары сынау лабораторияларының қызметіне қатысты ISO/МЭК басшылықтарына және еуропалық стандарттарына (EN 45001, EN 45002 және EN 45003) сәйкес құрастырылған.

Аккредиттелінген сынау лабораторияның міндеттері:

- тек қана аккредиттеу аймағына кірген сынауды өткізу туралы мәлімдеу;

- аккредиттеу және инспекциялық бақылауға кететін барлық шығындар ақысын төлеу;

- аккредиттеу куәліктің (аттестаттың) әрекет мезгіл өтуі бойынша лезде қызметті тоқтату;

тапсырыс берушілермен сынау өткізу туралы келісімдерді (келісім -шарттарды) бекіту кезінде, аккредиттеу және сынау хаттамалары өнімнің қойылған талаптарына сәйкестік туралы кепілдік бермейтіндігін ескеру керек.