Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сулу Р жер оры.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
45.54 Кб
Скачать

Қорытынды

Жер – тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Жеке жер бөлімшелерінің сапасының әр түрлілігіне байланысты ол жерлерде өндірілген өнімдердің құны да әр түрлі  болады. Сапалы жерлерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады.

Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту. Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау. Топырақ сапасын бағалау экономикалық бағалаудың негізгі және алғышарты болып табылады. Жердің сапасын бағалау үшін оның әр түрлі табиғи қасиеттері өнімділігі тұрғысынан және әр түрлі климаттық жағдайдың топырақ түрінің әсері айқындалады. Қазіргі кезде топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше варианттары белгілі. Оларды негізгі екі түрге бөлуге болады: біріншісі – топырақтың қасиетіне байланысты өнімділігін ескеріп, бонитетін бағалау; екіншісі – жерді өнімділігіне байланысты, табиғи қасиетін ескеріп бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 5 том

  2. « Қазақстанның жер кадастры» Ж.Т.Сейфуллин, Г.Н. Нюсупова, Г.Ж. Сейтхамзина. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті» 2013ж.

  3. Wikipedia сайты

  4. Turboreferat.kz сайты

11