Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сулу Р жер оры.docx
Скачиваний:
38
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
45.54 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР жер қоры

Орындаған: Маженов Ә.А.

Қабылдаған: Абдығалиева С.С.

Алматы 2014.

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ...........................................................................................3

1. ҚР жер қоры туралы жалпы түсінік...............................................4

2. ҚР жер санаттары............................................................................6

3. Жердің құқықтық жағдайы, оны құқықтық қорғау және экологиялық құқықтағы жауаптылық.......................................................................8

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................11

КІРІСПЕ

ҚР барлық жерлері еліміздің біріңғай мемлекеттік жер қорын құрайды. Республика жер қоры 272,49 млн. га құрайды. Бұндай кең аумақты 1.01.98 дерек бойынша 222,57 млн. га (81,67%) ауыл шаруашылық алқаптары алып жатыр. Бұндай ауыл шаруашылық алқаптарының жоғары үлестік салмағы халық шаруашылығында, бірінші кезекте ауыл шаруашылық айналымына жерлерді жұмсауының жақсы факторы ретінде бағаланады. Бірақта, бұл факторды төмендететін мәндерде аз емес. Бұған жатады: өнім беретін алқаптардың үлес салмағының төмендігі, бәрінен бұрын- жыртылған жер- шамамен 26,6 млн. га суаратын жерлер (18,0% ауыл шарушылық алқаптары ауданынан), соның ішінде шамамен 2 млн. га суарылатын жерлер (шамамен 7% егістің ауданынан), көп жылдық жеміс жидек екпе көшеттері барлығы 0,14 млн. га (0,01%), тыңайма 6 млн. га (2,67%) шабындық 5,05 млн. га (2,27%) ал жайылымдар 184,75 млн. га (8,95%).

Сондай-ақ табиғи мал азығы алқаптарының айтарлықтай аудандары әр түрлі мал шаруашылығы салаларын дамытуға бағыттылған мүмкіндіктерді ескеруге негіз береді.

Республиканың оңтүстік бөлігінде егіншілік тек суару жағдаймен мүмкін, құрғақ далалы ауданда суарылмайтын егіншілік (тәлмі). Бірақ, ол топырақта ылғалды жинау және сақтау бойынша күрделі кешенді шараларды талап етеді. Батыс және өңтүстік-батыс аудандарда көптеген аудандар су көздерінің жоқтығынан аридті төмен өнімді жайылымдар ретінде пайдаланады. Жер қорын пайдалануын тереңдететін проблемасының бірақ жер құнарлығына әсерін тигізетін жердің физико-климаттық белгілері, шамамен барлық ауыл шаруашылық алқаптарының 37%. Жеңіл механикалық құрамы жеңіл топырақта орналасқан бұл олардың эрозияға қауіптілігі алып келеді. Шамамен 22% тастылғы жерлерге, 42% тұздалған немесе сортаңданған топырақтар, 13% жуылған, дефлирленген топыраққа жатады. Қазақстанда 20 млн. га көп аудандағы егістік жән 35 млн. га жайылым баурайлы және жел эрозиясына қауіпті – 17 млн. га көп жерлер. Су және ирригациялық эрозияға қарап қорғау шараларын кешенді қолдану қажет.

Қоғамдық өндірісте жердің ролі мен міндет атқару мәні мағынасы бірдей емес. Қайта өңдейтін өнеркәсіпте ол тек кеңістік базис ретінде қызмет етеді, қазып өндіретін өнеркәсіпте ол табиғи қойма ретінде. Одан жер қойнауынан қоғамға қажетті минералды – шикі зат ресурстарын алады. Ал ауыл шараушылыкта маңызды өндіріс күші құралы ретінде, олсыз тамақ және жеңіл өнеркәсіп шикізат пен тұрғын үшін азық түлік өндірістің процестің мәні жоқ.

Қр жер қоры туралы жалпы түсінік.

Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

1.  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

2.  елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері.

3.  өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер.

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер.

5.   орман қорының жері.

6.   су қорының жері.

7.   босалқы жер

 Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады. 

Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді. Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді: 

1) орманды дала ;

2) дала;

3) қуаң дала;

4) шөлейтті;

5) шөлді;

6) тау етегі-шөлді-далалық;

7) субтропикалық шөлді;

8) субтропикалық-тау етегі-шөлді;

10) орта азиялық таулы;

11) оңтүстік-сібір таулы аймақтар.

Жердің құқықтық қатынастары дегеніміз – жер заңдары ережелерімен реттелетін жерді иемдену, пайдалану және қорғауға, яғни жер заңының ережелеріне сәйкес пайда болатын, жүзеге асырылатын, өзгеретін және жойылатын немесе тоқтатылатын нақты қоғамдық қатынастарды құрайтын адамдардың ерікті қызметінің нәтижесі.

Жердің құқықтық қатынастарының субъектілеріне Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығын жүзеге асырып отыратын өкілді және атқарушы органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жатады. Оларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар жатады. Жердің құқықтық қатынастарының объектілеріне жоғарыда көрсетілген жер қорының барлық санаттарындағы жерлер жатады.

Қр жер санаттары

Жоғарыда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:

1.  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

2.  елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері.

3.  өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер.

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер.

5.   орман қорының жері.

6.   су қорының жері.

7.   босалқы жер.

Жерді санатқа жатқызудың басты белгісі оларының нысаналы мақсатына, пайдалануына және анықталған құқықтық режіміне байланысты. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер – бұл ауыл шаруашылық қажеттілік үшін берілген немесе осы мақсатар үшін арналған жерлер. Республика жер қорындық жалпы ауданында бұл санат жерінің үлес салмағы шамамен 58% құрайды. Бұл санаты біріңғай жер қорының құрылысында абсолюттің мәні бойынша ғана емес, және халық шаруашылық мәні бойыншада бірінші орынды иеленеді.

Бірінші санаттағы жер – бұл біріңғай жер қорының ең бағалы (құнды) жер бөлігі, мұнда жер өндірістің басты құралы ретінде қызмет атқарады.

Аыул шаруашылық мақсатындағы жерлер азаматтар мен заңды тұлғаларға (шарауашылық қажеттілігі кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге және олардың бөлектеріне) товарлы ауыл шаруашылық өндірісі, қорғылыс ормандарды дамыту, ғылыми-зерттеу, тәжрибе және оқу мақсатары, қосылқы ауыл шаруашылығын жүргізу, бақ шараушылығы, егіншілік және саяжай құрылысы үшін беріледі.

Бұл санаттағы жер құралына аш алқабы ретінде ауыл шараушылық өнімдері өндіру үшін тікелей пайдаланатын, сондай-ақ ауыл шаруашылық алқаптары, шаруашылық жерін орындау жолдары, басқару және құр6алымдар, иеленген құрылыстар, су қоймалары ауыл шаруашылық қызметі үшін қажетті, жөніндегі басқа алқаптар (батпақ, бұталар, құмдар, жыралар және т.б.) жатады. Бұл санаттаға жердің ауыл шаруашылық келесі мәліметтермен сипаталады. Ауыл шараушылық алқаптарының жалпы көлемінің егістік 18% . көп жылдық жеміс жидек көшеттері шамамен 0,05%, шабындық 2,7% , жайылым шамамен 76% -ін құрайды.

Екінші санаттаға жер – бұл қалаларды, поселкелерді және елді мекендерін дамыту үшін берілген жер учаскелерін ол елді мекендер көбі шегінде жататын барлық жерлер кіреді. Бұл санаттаға жер біріңғай жер қорының жолы аудандығы үлестік салмағы шамамен 7,1% құрайды, бірақ тұрақты көлемінің тенденциясы бар. Соңғы 14 жыл ішінде бұл санаттағы жер көлемі 0,7% тен 1998 жылы 7,1% көбейген.

Үшінші санаттағы жер - Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және басқада ауыл шаруашылық қатысы атқару жерлер кәсіпорындар мекемелер және ұйымдар пайдаланатын мақсатына атқаруына сәйкес және оларды мақсаттарда жүзеге үшін беріледі. Бұл жерлер 6 % көбірек жерді иелейді және негізгі өнеркәсіптердің және басқада халық шаруашылық саларын дамыту және оранластыру үшін кеңестік базис қызмет атқарады.

Төртінші санаттағы жер – ерекше қорғаудағы табиғи аумақтар. Оған мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлтық табиғи орман нарктирі, биосфералыққорықтар, ботаника бақтар, мемлекеттік қорықтар сондай-ақ табиғи ескерткіштер иеленген, басқада табиғи кешендер мен объектілер, экологиялық, тарихи-мәдени, рекреациялық-дәрілік міндет атқару үшін берілген жер учаскелері. Бұл жер жалпы ауданының, 0,3 % алып жатыр.

Бесінші санаттағы жер - бұл орман қоры жері жер қорының 4% құрайды. Жер қоры жерлеріне орманмен сондай-ақ орман бірақ орман шаруашылығы қажеттілігі үшін берілген жер учаскелері. Бұл санат ауыл шаруашылық алқаптарының жалпы ауданынан 0,7 % құрайды.

Алтыншы санаттағы жер - су қоры жерлері – су қоймалары аудандары (өзен, көл, су қоймалары, т.б.)гидротехникалық және басқа сц шаруашылық құрылымдары алып жатқан аумақ. Сондай-ақ – су қорғау өзен бойы жерлер жатады. Бұл жер қорының 0,3% құрайды.

Жетінші санаттағы жер - мемлекеттік босалқы жер – бірі кімде біреудің жер пайдалана және жеке меншіктілігіне берілмеген жерлер. Ол қорының 15 % алып жатады.