Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Суды орау шаралары

.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
48.78 Кб
Скачать

Суды қорғау шаралары

Жоба:

  • Кіріспе бөлім

  • Негізгі бөлім:

    • Тақырып проблемасы

    • Мемлекеттік органдардың іс-әрекеті

  • Қорытынды

Кіріспе

Су -  сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы.

Су объектiлерi:

1) жер үстi су объектiлерi;

2) жер асты су объектiлерi;

3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;

4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.

Судың пайдалану мақсатына байланысты су түрлері:

  • Ауыз суы

  • Шаруашылық-тұрмыстық мақсатына қарай сумен қамтамасыз ету

  • Электр энергиясын өндіру мақсатындағы су

  • Су және әуе көліктерінің қызметін қамтамасыз ету

  • Қалдық сулар

  • Орман қажеттіліктері мақсатындағы сулар

  • Рекреациялық мақсатта

  • Балық шаруашылық пен аңшылық мақсатындағы су

  • Пайдалы қазбаларын өндіру мен барлау мақсатындағы

  • Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы

  • Қалыпты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету мақсатындағы сулар

Суды қорғау- адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді.

Негізгі бөлім

Тақырып проблемасы.

Бұл тақырыптың негізгі проблемасы, судың ластануы және ауыз судың тапшылығы.

Судың ластануының салдары:

  • Ауыз суының тапшылығы

  • Ауыл шаруашылығының күйреуі

  • Экологиялық апаттың орын алуы

  • Балық шаруашылығының құлдырауы

  • Малдың қырылуы

  • Ормандардың жойылуы

Осындай ірі экологиялық апаттың болуына кедергі келтіретін бүкіл халық, бірақ өкінішке орай адам осы суды ластайды. Мемлекет суды қорғаудың негізгі бағыттарын таңдап, бағдарламадарды қабылдайды, оны жүзеге асырады және жүзеге асыру үшін ақша бөледі. Яғни мемлекет суды қорғау шарасындағы негізгі субъект.

Судың қорғау шараларындағы мемлекеттік органдардың өкілеттілігі.

Су объектiлерiн қорғау

1. Су объектiлерi:

1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;

2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;

3) сарқылудан қорғалуға тиiс.

Су объектiлерi:

1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;

2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;

3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын;

4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;

5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;

6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;

7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.

Су объектiлерiн қорғау:

1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;

2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;

3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;

4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;

5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттік және басқа да нысандарын жүргiзу;

6) су объектiлерiн қорғау жөніндегі талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Суды қорғау жөніндегі міндеттер—Қазақстан Республикасының аумағында қызметі судың жай-күйіне әсер ететін барлық заңды ұйымдар мен азаматтардың суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйі мен режімін жақсартуды қамтамасыз ететін технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық және басқа да міндетті шараларды жүргізуі.

Суды қорғау аймақтары мен белдеулері — өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айласында, сондай-ақ каналдарды, су желілері мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдаланудың шарттары бар аймақтар мен белдеулер

Суды қорғау шаралары бірнеше сатыдан тұрады:

  • Заң, бағдарламаларды қабылдайды.

  • Жергілікті атқарушы орган бағдарламаны жүзеге асырады.

  • Бағдарламаның жүзеге асуын қадағалау органы, яғни прокуратура тексереді

  • Прокурордың актісі негізінде басқа да органдар тексеру мүмкін

Алғашымен заң бағдарламасы парламентте талқыланып, президентке қол қойылғанға беріледі. Ол бағдарламалар жергілікті атқарушы органдарға жеткізіледі.

Жергілікті өкілді органдар осы заңдарды орындайды, оларды халыққа жеткізеді.

Прокуратура жергілікті атқарушы органдардың осы заңдардың орындауын, заңдылық жағдайын қадағалайды.

Егер прокурор жергілікті атқарушы органдардың қызметінде кемшіліктерді немесе құқық бұзушылықты тапса, арнайы акт жазып, осы атқарушы органды басқа құқық қорғау органдар тексереді.

Суды қорғаудың міндеттері — барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режімінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиістілігі. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.

Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:

1) су объектiлерiнiң су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүргiзiледi;

2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;

3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;

4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;

5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.

Суды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және басқа өнімдер ысыраптарымен ластану мен былғанудан қорғау —су көлігі құралдарын,құбыр желілерін, сутоғандарындағы жүзбелі және басқа құрылыстардыиеленушілер, ағаш ағызушы ұйымдар, сондай-ақ басқа заңды ұйымдар мен азаматтардың май, сүрек ағаш, химия, мұнай және өзге де өнімдер ысыраптарының салдарынан судың ластануы мен былғануына жол бермеу міндеттері.

Қорытынды

Осындай іс-әрекеттер арқылы, мемлекеттік органдар бір-бірінің қызметтерін қадағалап суды ластанудан, қоқыстаудан, сарқылудан қоғайды. Суды қорғау шараларды дамыту үшін, тек мемлекет әрекет етпеуі керек, ол барлық адамдардың міндеті.