Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia2014.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
163.52 Кб
Скачать

19. Бөлшек және біртұтас жүйе арасындағы байланысты талдау.

Бөлшектер салыстырмалы түрдегі үздіксіздік және топтасқандықпен сипатталады, ал өріс болса кеңістікте біркелкі таралған.

Бұл жағдайда өріс абсолютті континуальды орта болып саналмайды. Өріс кванттары зат бөлшектерімен дискретті құрылымдар ретінде әрекеттеседі. Зат бөлшектерін де микроскопиялық түрдегі шектеулі шарик бейнесінде қарастыруға болмайды. Бөлшектер өрістен оқшауланбаған, олардың арасында нақты шекара жоқ.

Бөлшектердің ең маңызды сипаттарының бірі – спин – қозғалыс шамасының өзіндік сәті. Классикалық механикада ондай бірлікті дененің айналымы сипаттайды. Физикада спин қосымша физикалық жағдайды қамтамасыз ететін, бөлшектердің ішкі еркіндігінің дәрежесі ретінде қарастырылады.

Бөлшектердің қасиеттері мен ерекшеліктері олардың спиндерінің бүтін немесе жарты мәнге ие болуына байланысты.

Байланыс, өзара әрекеттесу және қозғалыс материяның негізгі атрибуттары болып саналады. Дененің барлық қасиеттері өзара әрекеттесуден шығады және олардың құрылымдық байланыстарының нәтижесі болып саналады.

Өзара әрекеттесу деген уақыт пен кеңістік шеңберінде бір объектіге материя және қозғалыс алмасуы арқылы әсер етуі.

Әрбір өзара әрекеттесудің негізіне заттардың өздеріне ең басынан қатысы бар қасиеттер жатады. Бөлшектердің өзара әрекеттесуге қабілеттерін тасушы, әрі өзара әрекеттесудің сандық өлшемі заряд болып табылады. Зарядтың ең кіші дискреттік шамасын (квантты) жекелеген заряд ретінде қарастырады. Өзара әрекеттесу күші кез келген жағдайда әрекеттесетін екі бөлшектің көбейтіндісіне тура пропорционал, ал өте күрделі түрде бөлшектердің арасындағы қашықтыққа байланысты.

Қазіргі көзқарастар бойынша, кез келген өзара байланыс түрінің өзіндік физикалық агенті бар, яғни онсыз өзара әрекеттесу болмайды. Заттардың бір-біріне тартылуы немесе тебілуі оларды бөліп тұратын орта арқылы беріледі. Ондай орта – вакуум. Өзара әрекеттесу теориясын жасаған кезде процестің белгілі бір жобасы пайдаланылады: фермион – заряд бөлшектер маңында бозон-бөлшектерін тудыратын өріс қалыптастырады. Екі реальды бөлшек белгілі бір әрекеттесу радиусында бір-бірімен қозғалмалы бозондарымен алмаса бастайды, яғни бір бөлшек бозон бөлген кезде екіншісі оны жұтып, өз бозонын оған береді немесе керісінше, бозондармен алмасу бөлшектердің арасында тартылу немесе тебілу құбылыстарын қамтамасыз етеді.

20. Қазіргі ғылымдағы эфир,кварк сияқты ұғымдар қай мағынада өмір сүреді:ешуақытта бақыланбайтын реалдылық ретінде ме;әзірше көрінбейтін реалдылық ретінде ме;немесе ойдағы шартты конструкция ретінде ме?.Философиялық талдау.

Қазіргі ғылымдағы эфир,кварк сияқты ұғымдар қай мағынада өмір сүреді:ешуақытта бақыланбайтын реалдылық ретінде ме;әзірше көрінбейтін реалдылық ретінде ме;немесе ойдағы шартты конструкция ретінде ме?.Философиялық талдау.

Эфир деген ұғым қазәргі таңда химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады, яғни эфир майлары– ұшқыш органикалық қосылыстардың құраушысы көп қоспасы; тамақ өнімдерінің хош иісін құрайды. Оның құрамында көмірсутектер, әсіресе терпендер, спирттер, фенолдар, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, сондай-ақ кейбір гетероциклді қосылыстар болады. Эфир майлары көптеген өсімдіктерде кездеседі және олардың бәрінде де эфир майларына тән ерекше иісі болады. Эфир майлары спирт, эфир, бензолда ериді, суда нашар, көбі іс жүзінде ерімейді. Эфир майлары негізінен парфюмерия, косметика және тамақ өнеркәсібінде, медицинада қолданылады. Кейбір эфир майлары химия өнеркәсібінде органикалық синтезде, мысалы, пинен-камфора синтездеуде, скипидар-сыр, бояу өндірістерінде, т.б. еріткіш ретінде қолданылады. Көптеген тамақ өнімдері үшін олардың мөлшері пайыз бөлігімен анықталады. Тамақ өнімдерінің хош иісі маңызды сапа көрсеткіші болып табылады. Жағымды хош иіс тәбетті ашады және тағамның сіңімділігін жоғарылатады. Хош иісті заттардың жеңіл булануын кейбір тамақ өнімдерін аспаздық өндегенде және сақтағанда ескеру қажет (татымдықтар, шай, кофе). Тамақ бұзылғанда жағымсыз иістер пайда болады, ол күкіртсутек, аммиак, индол, скатол және т.б. заттардың түзілуіне негізделген. Ал, кварктар қазіргі кезеңдегі ең кіші зат бөлшегі; күшті, әлсіз, электромагниттік және гравитациялық әсерлесулер Әлемдегі барлық объектілердің құрылысы, қозғалысы және дамуы үшін қажет. 1981 жылы академик Ж.С. Такибаевтың жетекшілігімен ядроның кварк-глюондық құрылымы, күшті әсерлесуге түсетін бөлшектердің соқтығысу механизміне байланысты мәселелер және олардың құрылымы қарастырылады, ядролық фотоэмульсия әдісімен атом ядросының құрылымы зерттелінеді. Оған қоса, энергияның жаңарған көздері саласында және оны алудың дағдылы емес әдістері бағытында зерттеулер орындалды. Кафедраның зертханаларында заттармен сәулелердің әсерлесу құбылыстарына іргелі зерттеулер жүргізілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]