Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
86
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
136.98 Кб
Скачать

Өзге және өзім ұғымдарының отбасында және жұмыстағы қолданысы

Кесте -1

Өзім

Өзге (біреудің туыстарына қатысты қолданылады)

Chichi(әке), roufu (қарт әкесі), oyaji, chichioya, boufu (дүниеден қайтқан әкесі)

Otousama, gosompusama, gosendaisama басқа адамның әкесіне қатысты қолданылады

Haha (ана), roubo (қарт анасы), boubou (дүниеден қайтқан анасы)

Okaasama, goboudosama

басқа адамның анасына қатысты қолданылады

Chichi(күйеуінің әкесі) gifu

Ohichijyousama, Ofutusamaана

Otto, shyujinn, taku

Goshyujinsama, Dannasama,

Жұмыс барысында қолданылатын «өзім-өзге» оппозициялары

Кесте - 2

Өзім

Өзге

Қызметі жоғары басшыларға

tencho, shacho

Gojoshi, kishashacho, kishabucho, kishatencho

Тұрғылықты жер

Jyutaku,toho, shotaku, kochira

Otaku, sochirasama, oie, kika

Ой, көзқарас

shiken,guko

Goiken, takusetsu, takuken

Тауар, зат жайында

Sohin, sohan,soshu

Bika, bishu

Жапон тілінің сыпайылық жүйесінде «жоғары және төмен» тұрған қайшылықпен қоса, «өзің және өзге» белгісіне үлкен мән берілетіндігін байқаймыз. Кестелерге қорытынды жасай келе, жапон тіліндегі «өзім» ұғымындағы сөздер «түкке тұрмайтын» деген мағынаны білдіретін «хей», «қарапайым» деген мағынаны білдіретін «то», «ақымақ, сандырақ» деген мағынаны білдіретін «гу», «қарапайым, кішкентай» деген мағынаны білдіретін «со» префикстері арқылы іске асады. Ал, «өзге» ұғымындағы сөздерге «қайырымды» деген мағынаны білдіретін «ки», «әдемі» мағынасындағы «би» және «о» префикстері арқылы, адам есімдеріне «сан» және «сама» қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Бұны да жапон қоғамының ерекшелігі деп білеміз.

Жапон тілінде сыпайылық стилі ерекше дамыған. Жапон тіліндегі этикет сөздердің құрылымы өте күрделі. Олар жапон халқының әлеуметтік құрылымында бұрынғы феодалдық-патриархалдық қарым-қатынасты көрсететіндей. Әлеуметтік қарым- қатынастың көрінісі тілден орын алғаны сөзсіз.

Сонымен, жапон тіліндегі этикет формалары лексикалық құрамының көптігімен қоса, грамматикалық қатар түзуімен ерекшеленеді. Сөйленіс кезіндегі гармония, жапон мәдениетінің қайталанбас ерекшеліктерінің бірі. Браун және Левинсон теориялары бойынша ұсынылған сыпайылық стратегиялар ішінен сыпайылықтың теріс сыпайылық түрі жапон қоғамында кең қолданысқа ие.

2 СӨЗ МӘДЕНИЕТІ – ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЭТИКАЛЫҚ ҰҒЫМ

2.1 Сөйлеу мәдениетінің қолдану аясы

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - ең алдымен, ауызша және жазбаша әдеби тіл өлшемдерін, яғни айтылу ережелерін, екпін, сөз саптау, грамматикалық және стильдік ерекшеліктерін, сонымен қатар тілдің барлық мәнерлі амал-тәсілдерін айтылған ойдың мазмұнына сай қарым-қатынас процесі барысында қолдана алу әрекеті. Тіл білімінің мамандары сөйлеу мәдениетінің негізгі критерийлері ретінде нақтылық, жүйелілік, айқындылық, туралық, тіл тазалығы сияқты нормативті белгілері анықтауда. Яғни, логикалық үйлесімділік, тіл табайлығы, грамматикалық конструкциялардың алуандылығы, көркем әдеби мәнерлілік сияқты сөйлеу шебершілілігіне тән бірліктерді сөйлеу әрекеттерінде үйлестіру коммуниканттардың алдыларына қойған коммуникативтік мақсаттарға жетуінде орасан зор нәтижелер береді.

Д.Әлкебаева өз зерттеуінде былай дейді: «Сөйлеу мәдениеті – көп мағыналы ұғымдардың бірі. Оның ең негізгі мігдеттерінінің бірі болып әдеби тіл ережелері мен өлшемдерін қорғау, этикалық нормалаларды ұстану, белгілі бір сөйлеу түріне байланысты тілдік амалдарды таңдау т.б. іс-әрекеттер саналады. Қаншалықты таң қалдарарлық жағдай болса да оның себебі жаңа демократиялық сөз бостандығы мен жариялылықта. Адамзат баласының табиғат – Анамен өзара байланысы және өзара қатынасы мәселелерімен қатар сөйлеу жағдайындағы экологиялық проблемалар бүгінгі күні өзектілердің бірі болып отыра негізгі факторлардың бірі ретінде арнайы лексикасы, сөзжасам құралдарые ерекше пайдаланумен сипатталатын және стилистикалық тұрғыдан төмендетілген жаргондарды қолдану, қарым-қатынас барысында мәнерлі әдіс-тәсілдерді қолданбай сөздік қорды тарылту, жалпы, тілдік нормаларды бұзу. Кез-келге тілде өтетін қарым-қатынас процесі, демек, коммуникация дегеніміз – байланыс түрі, екі не одан да көп тұлғалардың өзара түсінуіне негізделген қатынас формасы. Адамдар арасындағы іскерлік қатынастардың қалыптасуы кезеңінде, әрине, жоғарыда аталып өткен сөз әдебіне кері әсер ететін амалда және факторлармен түбегейлі жұмыс жүргізе отыра кәсіби деңгейдегі коммуникативтік актіні қалыптастыруға септігін тигізуде атақты тіл мамандары, ғалым, зерттеуші филологтар, сонымен қатар, психологтар, социологтар, философтар, мәдениеттанушылардың бірден-бір қосқан үлесі мол» [10, 78 б] .

Жалпы сөйлеу мәдениетін халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының сан қырлы жағына тоқталады. Сөйлеу табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан.

Ал, «Мәдениет» деген түсінікке тоқталатын болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі барлық ұғым енеді [10, 98 б], - деп М.И.Калинин атап көрсетеді.

«Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы», - дейді тілші-ғалым М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті» атты еңбегінде. Сондай-ақ М.Балақаев, Т.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, Ш.Беркімбаева, Н.Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, сөйлеу мәдениеті жөнінде сөз өрбітсек.

Сөз мəдениеті тілдік нормаларға иек артып соның аясында қарастыру оның басқа көкейкесті мəселелерін назардан тыс қалдыру болып саналады. Сөйлеу мəдениетінің тілдік норма, қарым қатынас түрі, ұстанымдары мен ережелері, қарым қатынастың этикалық нормасы қазіргі қоғамдағы сөйлеу мəдениеті оларға қарама қарсы құбылыстарды тану əрі оқып үйрету, меңгертуге жəне дағдыландыру. Сөз мəдениеті – қазақ тіл білімінің зерттеу нысандарының ішінде кейінірек қолға алған сала. Сөз мəдениеті тілдің басқа салалардан айырмашылығы оның күнделікті өмірмен тілді қолдану, жазу, сөйлеу мəдениетімен тығыз байланыстылығында. Қазақ тілін үйренушілер көбінесе қазақ тілінің грамматикасын меңгеруге күш салады. Ал қазақ тілінде (қазақтардың өзі де) мəдениетті сөйлеу мəселесіне көп көңіл бөлмейді. Тілші ғалымдармен бірге басқа да маман иелері тіл мəдениеті туралы өз ойларын, құнды пікірлерін мəдениетті сөйлеуге қажетті ой-пікір, ұсыныс, көзқарастарын жиі айтады. Бүгінгі мəдени коммуникацияда сөйлеу мəдениеті қандай болу керектігі өте көкейкесті мəселе болғандықтан, ешуақытта əлеумет назарынан тыс қалмайды. Сөз мəдениетінің қарастыратын мəселесі жеке тұлғаның немесе социум өкілдерінің мəдениетті сөйлеуімен ғана шектелмейді. Мемлекеттік тұрғыдан алып қарасақ атқарылып жатқан іс шаралар аз емес сияқты, жазу мəдениетіндегі орфографиялық қателер, емле ережелерін бұзу, жер-су атауларының дұрыс жазылмауы т.б. мəселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде қанша айтылып, жазылып жатса да əлі бір жүйеге түспеген көкейкесті мəселе екені белгілі.

«Сөз мəдениеті» деген термин көп мағыналы болып келеді. Сөз мəдениетінің ең дамыған формасын қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан жүргізілетін іс шаралар маңызды орын алады, ол қоғамдағы сөз мəдениетінің қоғамда толық орнығуын қамтамасыз етуге тікелей ықпал жасайды. Атап айытқанда мемлекеттік тіл саясаты, тіл идеялогиясы, тілді жоспарлау, тілдік ситуация, тілге қатысты бағдарламалар т.б. Кез келген дамыған мемлекетте тілдік саясат өз мемлекетінің ұлттық тілін құқықтық, əлеуметтік, саяси идеялогиялық жақтан қорғап бақылап отырады, тілдік ситуацияны реттеп отырады. Сөз мəдениеті нің статусын көтеруге тілдік факторлардан басқа тілден тысқары факторлардың да ролі басымдылық танытады. Сөз мəдениетінің басты қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Сөздің тазалығы

  • Сөздің анықтығы

  • Сөздің дұрыстығы

  • Сөздің көркемдігі.

Сөздің тазалығы: Сөздің тазылығы дегеніміз не? Таза сөз деген тіркес бар ма? Қазақта таза қазақша сөйлейді деген сөйлем айтылып жатады. Сөздің тазалығы сөйлеуші өз сөзінде ұлттық тілдің табиғы таза болмысын табиғатын сақтап сөйлеуі болып табылады. Сөйлеуші өз сөзінде өзінің «сүйікті сөздерін» қосып сөйлейді. Қалай айтсам екен, иə, яғни, деп қойсақ, көрдіңіз бе, түсінесіз бе т.б. Сөйлеуші өз сөзінің ішінде бос сөздерді қосып сөйлесе, тыңдаушыны ыңғайсыз жағдайға қалдырады.

Сөздің анықтығы. Сөздің анықтығы дегеніміз тыңдаушыға түсінікті сөз мазмұны. Сөз анық, түсінікті болу үшін айтушы тыңдаушыға жіберген ақпараты туралы толық мəліметі болу керек. Айтушының ойының екіұштылығы, көпмағыналы сөздерді жиі қолдануы сөз мазмұнын қиындатқандықтан сөздің анықтығы сақталмайды. Ол үшін ақпарат беруші сөзіне нақты, дəл мағына беретін тілдік бірліктерді таңдап, іріктеп, сұрыптап қолдануы керек. Мысалы айтушының сөзіндегі бірнеше мағына беретін тілдік бірліктер тыңдаушының түсінігіне қиындық келтіреді. Сөздің анықтығы адам ойының логикалық түсініктілігіне де тікелей қатысты. Бірақ анық түсінікті ой миға əр уақытта келе бермейді. Қазіргі заман-ақпарат ғасыры. Ақпараттың дамуы, ғылымның параметерлік масштабының көптігі, жаһандану үрдісінің қарқындылығы т.б. факторлар адам ойының анықтығына сөзге айналу қызметіне түрлі қиындықтар тудырып жатады. Б.Борисов былай дейді: «В век глоболизации стало модно выражаться иностарнными парафинированными словами ничего не ясно но выглядит умно». Сөздің анықтығы ойдың анықтығына байланысты екені дау тудырмайды, бірақ ой анықтығы сөзге айналғанда дəл беріле қоймайды, бірақ сөз мəдениетінде сөз анықтығы басты критерийлердің бірі болып қарастырылады.

Сөздің дұрыстығы. Айтушы сөзінің дұрыстығы – сөз сөйлеуде, жазуда тілдік нормаларды сақтау. Сөздің дұрыстығы сөздің көммуникативтік сапасының басты межесін анықтайды. Коммуникативтік сапаның нəтижелі болуы айтушының ұлттық əдеби тіл нормаларымен стилистикалық норманың түйіскен сəтінде анықталады.

Сөздің көркемдігі: Көркемдік өнер, жазу, сөйлеу тəжірибесінде адам сөзінің көркемдік қуаты қабылдаушыға əр түрлі ықпал етеді. Сөздің көркемдік сипаты қабылдаушының тілдік санасына бірдей ықпал етпейді. Сөздің көркемдігі – қабылдаушыға когнитивті-ассоциоциялық, эстетика-стилистикалық қызмет атқарады. Сөздің көркемдікке құрылған мəні адам санасына ерекше стилистикалық əсер тудырады. Сөз көркемдігі – коммуникативті актіде «тыңдаушыға əсер ететін» образды сөздер топтамасы. Айтушының сөзіндегі көркемдік қасиеттің көп болуы коммуникативтік актіге қатысушылардың прагматикалық масқатының сəтті орындауына ықпал етеді – деп Д. Әлкебаева сөз мәдениетінің басты қасеттерін атап өтеді [10, 103-122 б].

Сөз әдебі – тіл біліміндегі аса ауқымды, кең көлемді мәселелердің бірі. Сөйлеу мәдениеті қоғамдағы жүріс-тұрыс мәдениетінің ең негізгі құрамды бөлігі, ал жүріс-тұрыс мәдениеті – адамның күнделкті өмірде байқалатын мінез-құлық түрлерінің жинағы, адамдарды құрметтеу, сыпайылық, әдептілік, өнегелік, өзгенің уақытын үнемдеу, т.б. әрекеттерді қамтиды.

Сөйлеу мәдіниетінің құпияларын түйсіну, игеру ісі өте маңызды және ерекше құбылыс. Қарым-қатынас орнату өнері тек тіл қату немесе әңгімелесу ғана емес, одан да мәнді және маңызды жақтары бар үлкен әлем. Ол адамның жан дүниесін ашу, түсіну өнері. Ізетті де сыпайы қатынастар көңілді марқайтып, жүректе жылы нұр қалдырады. Осындай ғажап әсердің болуы және жақсы пікірдің қалыптасуына үлкенді құрметтеп, қадір тұту, екі жақты сыйласа білу сияқты жүріс-тұрыс ережелерінің негізгі қағидалары орасан ықпал етеді. Ілтипатты қарым-қатынасты халқымыз ерекше бағалап, «Әдептің басы – тіл», «Сыйластық екі жаққа бірдей», «Сыпайылық жоқ жерде сыйласу да жоқ», «Әдептілік – әдемілік, әдеп сөзден білінеді», «Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде ұғарсың», және т.б, нақыл сөздерді кейінгі ұрапақтарға қалдырған. Осы тектес мақал-мәтелдер дархан халқымыздың әр уақытында да құрметтеген, сыпайы да кішіпейіл адамдарды үлгі өнеге ете білгендігін, жас ұрпақтың тәлімді әрі тәрбиелі болып өсуін мақсат еткендігін айқындайды. Бұл жайттардың бәрі қарым-қатынас әрекетінде толығымен байқалған. Өз кезегінде коммуникативтік акт дегеніміз - белгілі-бір ойды баяндау және хабар алмасу, оған кем дегенде екі адам, демек, хабарлаушы мен қабылдаушы қатысады. Лингвистикалық атаулардың сөздігіне хабар берушіні трансмиссор, хабар қабылдаушыны – реципиент, сол сияқты хабарды жіберушіні – адресант, эксперимент, тыңдаушы деп те атайды.

Қарым-қатынастың мақсаты мен өтіп отырған орнына, коммуникаттардың саны мен позицияларына байланысты қатынастың бірнеше түрін білуге болады:

Коммуниканттардың уақыт пен кеңістігі орнына байланысты жанасқан – аралық қатынастар. Жанасқан қатынаста әңгімелесушілер бір-біріне жақын орналасқан, сондықтан ым мен дауыс ырғағы үлкен рөл атқарады. Бұл жағдайда бәрі де басынан бастап түсінікті, көбіне көз әлпеті, сөз тізбегіндегі екпін мен дауыс ырғағы маңыздылардың ьірі деп саналады. Ал аралық қатынаста коммуниканттар уақыт пен кеңістік өлшемдері бойынша алшақ орналасқандықтан, оған телефонмен сөйлесу, хат-хабар алысу жатады. Кез-келген жанама «аппараттың» болу, болмауына байланысты тіке, тура- жанама қатынас түрлері бар. Тура қатынас түрніе әңгімелесу, сөйлесу, баяндама жасау жатса, ал жанама түрге – телефонмен сұхюаттасу, хат алысу, хабарды радио, теледидар және кітап арқылы беру жатады.

Коммуникативтік акт тілдің формасы тұрғысынан ауызша-жазбаша деп бөлінеді. Ауызша қатынас жанасқан, тура қарым-қатынаспен байланысты, ал жазбаша формасы дистантты, жанама қатынаспен ұқсас. Жазбаша мәтін ой жүгіртіп байқауды талап етеді, лексика мен грамматика ережелеріне бағынышты. Ауызша айтылған хабар айналадағы орта мен жағдайға байоланысты, ым мен дауыс ырғағын «қағып алумен» әлденеді, кей жағдайда ой толық айтылуы мүмкін.

Қарым-қатынас процесіне қатынасушылардың санына және сөйлеуші мен тыңдаушының ауыспалы, тұрақты позицияларына байланысты диалог-монолог сияқты қатынас түрлері ажыратылады. Диалог – «мен» және «сен» рөлдерінің алмасуынан туады да репликаларының жинағынан тұрады. Диалог – тілдік қатынастың бастапқы және табиғи түрі болып саналады. Коммуникантттардың саны екіден асуына қарай қарым-қатынас процесі полилог ретінде қарастырылады.

Комуниканттардың өзара байланысына қарай жеке адамдар арасындағы және ресми қатынас түрлері бар. Ресми қатынас кезінде жүріс-тұрыстың ережелері стериотипті және оған қатысушылар белгілі-бір әлеуметтік өкілдері ретінде жүріп-тұрып қатынас орнатады. Жеке адамдар арасындағы, демек, бейресми қатынас еркін, дос-жаралық немесе тұрпайы жағдайлары болуы мүмкін. Қарым-қатынастың мақсатына байланысты: белгілі-бір ақпаратты беру қызметі – мәліметтендіру; болған оқиға немесе жайтқа тыңдаушысын нандыру – сендірту функциясы; эмоционалдық – адамның жай күйін, сезімін тілдік және бейвербалды амалдар арқылы жеткізу; үгіт-насихат түрі – айқындалған мақсатқа жету үшін белгілі тәсілдерді қолдана әрекеттену;

Сөйлеу жағдайына байланысты: кәсіптік қатынас – мүдделері мен мамандығына байланысты мақсат-міндеттері ортақ адамдардың арасына коммуникативтік акт. Ол баяндама, дәріс, пікірталас, т.б. түрде болады; күнделікті қарым-қатынас күн сайнығы тұрмыстық, әлеуметтік, отбасылық мәселелерді шешудегі жақын адамдардың арасындағы байланыс;

Қарым-қатынас процесінің кем дегенде төрт құрамды бөлігі болуы шарт, олар – сөйлеуші, тыңдаушы, тіл және талқылау тақырыбы.

Сөйлеу актісінде қарым-қатынасқа қатысушылардың коммуникативтік мақсатына жетуі және олардың бір тақырып көлеміндегі ірлері мен көзқарастарының айқындалуы ерекше маңызды. Қарым-қатынастың ойдағыдай өтуі әңгімелесушілердің қатынасқа түсуге ынтығы, сөйлеушінің коммуникативтік ниетіне көңіл аудару, адресаттың көзқарастарына ден қою, жүріс-тұрыс қағидаларының стереотиптері және әлеуметтік-мәдени нормалармен таныс болу, грамматика мен сөздік қордағы ережелер жиынтығын білу сияқты факторларға байланысты.

Осыдан шығатыны сөйлеу әрекеті. Бұған Б. Хасанұлы мынадай анықтама бере кеткен: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз – негізгі құрал ретінде тілді қолданатын, өзінің белгілі-бір себебі, мақсаты және нәтижесі бар құбылыс» [15, 56 б]. Тілдік қатынас теориясына назар аударатын болсақ, көртеген ғалымдар сөйлеу әрекетінде сөйлеуші мен тыңдаушының реттеуші қызметіне ан пікқтамалар берген. Мәселен, «екі адамның сұхбаттасу кезінде екеуі де жарыса сөйлесе, коммуникативтік акт нашар өтті деп есептеледі. ...бұл мынандай көрініс табады: Егер А деген коммуникант В есімді тұлға сөйлеп тұрғанда сөйлесе, және керісінше, В А-ның сөзін тыңдамай өзінше сөйлей берсе, коммуникация бұзылады». Қатынастың кез-келген түрінде коммуниканттар белгілі-бір ережелер жүйесіне сүйеніп, бір-бірімен араласады. Сөйлеу мәдениетінде сөйлеуші мен тыңдаушыға қатысты орныққан жүріс-тұрыс қағидалары қалыптасқан. Олардың көбі әдептілік және сыпайылық, мәдениеттілік пен қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білу ұғымдарымен тығыз байланысты.

А.Сейсенова коммуникативтік акт барысында сөйлеушінің мынадай ережелерге негізделіп байланыс орнатып, қарым-қатынасқа түсетінін айтады:

« - Өзінің тыңдарманына ақжарқын қарап, оған сөзі, іс-әрекетімен ренжитіндей іс-қылықтар көрсетпеуі тиіс. Тіл тигізу, балағаттау, менсінбеу, елемеу, жалпы, ұнамсыз қимылдарды жасамауы жөн.

- Cөйлеуші тілеулестік білдіріп, сыпайылық, тәртіп сақтау керек. Тыңдаушының жасын, жынысын, қызмет бабын, қоғамдағы орнын, әлеуметтік сипатын, көңіл-күйін ескеруі керек. Дер кезінде алғыс айтуды, кешірім сұрап, құттықтауды ұмытпауы қажет.

- Қатынас кезінде «мен» есімдігін көп қолданбағаны жөн. Тыңдаушысына өзінің пікірі мен көзқарастарын ұсыну, оған нандыру деген жағдайлар болмауы керек. Әңгіменің ынтымақтастығы болуы, бір шешім мен пікірге келуі дұрыс.

- Адресант тыңдаушының әлеуметтік рөлдері және әңгіменің түйіні, тақырыбы жайында білу, білмеуі жайында хабардар болуы керек. Тілдік құралдар, қайталама қаратпа сөздер, ым, қимыл белгілерін жомарттанып көп қолдануы құба-құп. Сөйлеуші адресаттың әңгіме көңіл бөлуін назарынан қалдырмауы жөн.

- Сөйлеуші осы уақыт талабына және сөйлеу жағдайына лайық тақырып таңдауы керек. Әңгіме арқауы қарым-қатынас жасаушы екі кісіге де ортақ, һәм қызықты болуы лазым.

- Ол тыңдаушының айтылып отырғанның мағынасын қабылдауы мен көңіл бөлу сияқты нәрселерді әрдайым жадында ұстау қажет.

- Адресант үнемі тілдік әдістерді мәтіннің стильдік құрылымына қарай іріктеп, ресми немесе бейресми жағдайға қарай бейімделеді.

- Сөйлеуші мынадай қағиданы ұмытпауы керек: ауызша, жанама, тіке қатынаста тыңдаушы тек тыңдап қана қоймай, көріп отырғанын да ескерген жөн. Демек, көзқарас, дене қимылы мен қалпы, дауыс арқылы және өзін-өзі ұстау мәнері, жүріс-тұрыс мәдениеті мен сөз әдебінің коммуникация барысында ерекше орны бар» [6, 37 б].

Ал Роджер Т.Белл бұл жөнінде, дәлірек айтқанда тыңдаушының қатынас процесі кезіндегі мынадай ережелерге сай ұстау керектігін айтады:

  • Егер біреу тіл қатса, жұмыстарын ысырып қойып, әлгі кісіні жақсылап тыңдауы керек. Әрине, сөйлеуші қолы бос емес адамды мазаламауы дұрыс, себебі ондай тұлға әңгімелесуші бола алмауы да мүмкін.

  • Тыңдап отырып сөйлесушіге тілектес екенін білдіріп, құрмет сезімін танытып, әңгіме тым ұзаққа созылған жағдайда шыдамсыздық көрсетпеуі жөн, әңгімені ыждаһаттылықпен көңіл қойып аяғына дейңн тыңдауы дұрыс. Қатынас барысында серігіне құрмет көрсету – негізгі ережелердің бірі болып табылды.

  • Әңгіме барысында сөйлеп отырған адамның сөзін, ойын бөліп, жөн-жосықсыз қыстырма сөздер қосу дөрекіліктің белгісі болып есептеледі, сондықтан оған жол бермеу керек.

  • Бірінші кезекте сөйлеушінің мүлде мен тілектеріне ден қойып, оған көңіл аудару қажет. Оның өзі мен сөздеріне ықылас қойып, назар аударғанын көз қарасы, ым, дене қимылы, бас шұлғу, одағай сөздерді қосу сияқты қимылдармен білдірген жөн.

  • Уақытында әңгімелеушінің сөзі мен пікірін бағалап, қосылатыны немесе қолдамайтынын ретті жерінде білдіріп, қойылып отырған сұрақтарға жауап беріп, талап қойғанда сөзбен немесе іспен ойын білдіріп отырудың еш сәкеттігі жоқ. Бір сөзбен айтқанда, тыңдаушы мен сөйлеуші қызметтерін үйлестіре біліп, диалогқа жедел енуі дұрыс. Бұл ережелер бір-бірімен өзара тығыз байланыста, себебі сөйлеуші мен тыңдаушы қатынас әрекетінінің бөлінбейтін және ажырамас екі жағы. Сөйлеуші адресаттың көңілін аудартып, белгілі-бір хабар не деректі берген кезде оның түсінікті әрі қабылдауға лайық болуын қадағалап отыруы керек. Ол ойын жүйелі де қисынды түрде жеткізіп, сұхбат барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, қарым-қатынасты жалғастыру жөн. Ал тыңдаушы жаңа бір хабарды қабылдауына дайын екенін аңғартып, сөйлеушінің айтар сөзін ықыласпен тыңдап, дер кезінде айтылған пікірді мақұлдағаны немесе толығымен келіспейтіндігін білдіргені дұрыс. Демек, кез-келген қарым-қатынас процесінің негізі ретінде адресанттың арасындағы тілектестік, әңгіме арқауынан хабардар екендігін білдіру, өз пікірі мен көзқарастарын шын ниетімен таныту сияқты әрекеттер туындайды. Бұлардың барлығы да ойын нақты түрде білдіру, тілде қалыптасқан өлшемдерді сөйлеу мәдениетіне сай қолдану әрекетімен ерекшеленеді. Диалогтар мен полилогтарда әңгіме тақырыбын таңдау және одан әрі өрбіту сөйлеу әрекетінде маңызды кезеңдердің бірі болуы себепті сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидаларына сүйене отыра коммуникативтік актіде ерекше орын алады.

  • Сөйлеу әрекетінің негізгі субъектілері – сөйлеуші мен тыңдаушы қарым-қатынас барысында мәртебелік, позициялық және ситуациялық рөлдерді атқаруына байланысты, жоғарыда атап өткініміздей, коммуниканттардың жасы, жынысы, мамандығы, ұлты, білімділігі, қоғамдағы орны, қызмет бабы, әлеуметтік сипаттары ерекше ескеріліп, ассиметриялық және симетриялық қатынастар түрлері ретінде ғылыми тұрғыдан зерттелген [16, 28-34 б].

Жоғарыдағы айтылған жұптың кез келгенін алсақ та олардың әрқайсысы коммуникативтік актіде сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидаларын ұстануда өте маңызды. Әр адам сөйлеуші немесе тыңдаушы рөлінде бола отыра жоғарыда сөз болған ережелерді ескеріп, қарым-қатынас орнатса, сөз әдебіне сай өзінің әдептілігі мен сыпайылығын, кішіпейілдігі мен мәдениеттілігін таныта алады.

Дегенмен, А.Сейсенова: «Сөз әдебіне лайықты коммуникация процесі кезінде әртүрлі тілдік амалдар қолданылады, көп жағдайда адамдар мәдениеттілік пен сыпайылық ұғымдарын жадында ұстап, қарым-қатынастың сөйлеу мәдениетінің талаптарына сай орындалуын қадағалап отырады», - деп айтады. Бұндай амал-тәсілдерге арнайы лексика, этикет элементтері, есімдіктер және т.б. бірліктер жатады. Адамның жанына жағымды сөздер оның көңіл-күйінің кілті іспеттес. Жылуы мол, жан жадыратар шуақты сөздер туралы халқымыз «Асыл сөз арнап берген сыйдан артық», «Сөзі райлының – жүзі шырайлы», «Жақсы сөз жан азығы», «Жақсымен сөйлессең – жаның рахаттанады», «Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы» және т.б. мақал-мәтелдерде әңгімелесу мен сөйлесу реттерінің маңызы, қоғамдағы орнын бағалаған [6, 86 б].

Ал, белгілі ғалым Р.Сыздық: «Адамдар арасында қалыптасқан және қарым-қатынас процесінің негізгі нормасы болғандықтан жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы – әдептілік деп аталады. Ал сөйлеу мәдениеті дегеніміз - бір-бірімен тілдесушілердің қоғамдағы қарым-қатынас әрекеті ережелерінің бір бөлігі және осы ортаға тән әлеуметтік қатынастардың әдептілік ұғымын қамтитын жүйе» [17, 167-175 бб], - деп нақты анықтама бере кеткен.

Әлемдік мәдениетке бетбұрған бүгінгі жаһандану кезеңіне тұспа тұс келген тіл тағдыры әр түрлі деңгейде дамып келеді. Қай кезеңде болмасын тілдің қадір-қасиетін жоғалтпай, әрбір сөзді өз мақсатында қолданып сөйлей білу, тіл тазалаған сақтай отырып, жауапкершілікпен қарау – адамзаттың парызы.

«Тіл мәдениеті – тілдің тазалығын, тілдің ережелерге сай жұмсалуын, сөйлеуші мен оқушысының тіл жұмсау реттілігін, дұрыстығын қарастыратын ғылым. Сөз бен сөзді мағыналық және тұлғалық жағынан дұрыс тіркестіру, сөйлемді грамматикалық заңдылықтарға сәйкес әрі түсінікті, әрі тұжырымды құрау, әдеби тілдің нормаларын сақтап, белгілі бір өлшеммен, белгілі бір қалыппен жазу мен сөйлеу тіл мәдениеті саласының зерттеу міндеттерінің қатарынан саналады» [17, 3].

Тіл – ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай жеткен асыл қазына. Тіл мүмкіндігі Қазақстанның егемендік алуымен бірге дербес ұлттық тіл ретінде қоғамның барлық саласында қанатын жайып, қолданыла бастады. Қазақ тілі – тек қарым-қатынас тілі емес, бүгінде халықаралық деңгейде іскерлік бағытта біршама мүмкіндіктерге ие болды.

Жалпы сөз мәдениетінің сапалық жүйесін қалыптастыруда ғалымдар М.Балақаев, Р.Сыздық зерттеулер жүргізіп, осы салада ғылыми тұрғыда өз үлестерін қосты. Жалпы тілші ғалымдар әдеби тіл нормасына қайшы келетін сөздерді, сөз тіркестерін қайталап, ретсіз қолдануға қарсы.

Бүгінгі заман талабы білім мен қабілетті, мәдениет пен еңбекті өз ісімен көрсете алатын іскер мамандарды қажет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың өзіне ғана тән ерекшеліктері, қалыптасқан әдеттері, тұрақталған құжаттары бар. Сонымен қатар, іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі үшін сауаттылық та өте маңызды. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін іскерлік қарым-қатынас тілі маңызды рөл атқарады.

Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.

Сөйлеу мәдениеті туралы өз заманында ұлы қаламгер М.Әуезов нақты дәлелмен мысалдар келтірген: «Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар. ...Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де «одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз» деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді» [18, 15].

Олай болса, іскерлік қарым-қатынас тілінің маңызды ерекшелігі – әдеп пен мәдениет шеңберінде сөйлеу және басты шарты талқыланатын тақырып жөнінде жан-жақты білім қажеттілігі, нақты деректерді дәлелдеу болмақ.

Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды талдау, ортада, көпшілік алдында мағыналы сөйлеу, ойды жеткізудің әдіс-тәсілдері бар.

Кесте – 3

Ауызекі сөйлеу тілі

                                                                                  

- баяндау;

- есеп беру;

- талқылау;

- хабарлау;

- өз ойын жеткізу

 

- маңызды ақпарат;

- жұмыстың нәтижелі жолдарын қарастыру;

- өзге пікірлермен санасу;

- мағыналы сөйлеу

 

- қарастырылатын мәселеге қатысты пікірлерді айқындау;

- нақты қорытынды жасау;

- сөйлеу мәдениетін сақтау

Мамандар сөйлеудің мазмұнға сәйкес, мағыналы болуы үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:

-      белгілі бір жағдаятқа қатыстылығы;

-      мәселенің айқындалуына жаңа ой-пікірлердің әсері;

-      ойды  теңеулермен, терминдермен әсерлі жеткізу;

-      қосымша пікірлердің қарастырылатын мәселеге қатысты болуы;

-      сөйлеуші ұстанымы;

-      сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланыс.

Пікірталас – қарастырылатын мәселе төңірегінде қарама-қайшы пікір туғызу немесе сөйлеушінің өз пікірін дәлелдеу мақсатында шешім қабылдау, яғни, тілдік қарым-қатынас орнату. Қандай да бір мәселеде түрлі көзқарастардың түптің түбінде ортақтасатын кезеңі бар, ол - сөйлесуге деген қызығушылық. Бұл іскерлік сұхбаттың алғы шарты, сыпайылықтың этикет формулаларымен, аргументтердің ақиқаттылығымен көрінетін шынайылық пен әділдік, сенім білдірудің үлгілері. Пікірталастың мақсаты – екі тараптың ортақ шешім табуы.

Сұхбаттасуда адамның жеке басының мәдениеті, тәрбиесі көрініс береді. Пікірталасушылардың бір-біріне құрметпен қарауы, асыра сөйлемеуі – әдептіліктің бір белгісі. Осындай жағдайда сөйлеушілер бірінің сөзін бірі бөлмей аяғына дейін тыңдап, өз ризашылықтарын білдіруі тиіс. Сөз әдебі – адамдық қасиеттерді сақтау, орнымен сөйлеп, салмақты жауап беру. Екі тараптың әңгімелесу кезінде келісімге келмеу белгілері байқалса, тақырыпты аздап басқа бағытқа бұруға болады. Бұл да – әдеп белгісі. 

Іскерлік қарым-қатынаста сөздің әсерлілігі, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу әдебі жұмыстың атқарылу барысына өз әсерін тигізеді. Қоғамдағы ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде тілімізге енген жаңа ұғымдар, атаулар, терминдердің атқаратын қызметі де ерекше. Кейбір жаңа сөздер әлеуметтік-тұрмыста қолданылса, кейбір терминдер белгілі бір салада айналысқа түседі.

«Қоғамдық қызметі өскен тілдің сөз байлығы өсіп, тіл стилдік тұрғыдан сараланып, мағыналық өзгерістерге түседі. Олай болса, мемлекеттік тіл өмірдің әрқилы салаларына тәкелей қатысты болып келетін іс жүргізу саласында кеңінен қолданылуы тиіс. Саланың арнаулы сөздері мен терминдері, кейбір құжатқа тән сөз саптау ерекшеліктері тіліміздің дамуына өз әсерін тигізеді».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]