Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
таным проц психология.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
27.06 Кб
Скачать
  1. 1. Түйсіктің физиологиялық негіздері

Түйсіктің табиғи- физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі- талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылымның анықтауынша, адам өзін- өзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі  хабарлау қызметін атқаратын мүшелері деуге болады. Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі фукцияларын реттеп, бірде жаңа әсер тудырып, бірде бұрыннан өтір жатқан әрекеттң барысына өзгеріс кіргізіп, оны түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі қызмет талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа  сүйенеді. Талдағыштар үш бөліктен құралады:

а) шеткі орган- бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады;

б) өткізгіш бөлім- рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар;

в) мидағы орталықтар

Бірінші бөлік-рецепторлар- түрліше құрылған жүйкелік  аппараттар. Олардың атқаратын қызметі- сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру.

Екінші бөлік- өткізгіш – бөлім- сыртқы қуаттың  сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуын екі жолмен жоғарғы және төменгі бағытқа жайып отырады. Орталыққа баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға   жеткізеді. Орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидағы қозу толқының екінші жолмен әр түрлі- органдарға өткізеді. Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп жатады. :шіеші бөлік- мидағы орталықтар. Бұл талдағыштардың негізгі бөлімі.

Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек. Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше- мидағы осы орталықтар.

  1. 2. Қабылдау және оның физиологиялық негізі

Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы «алдымнан бір нәрсе жалт етті», «маған білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау – затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау- шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.

Сонымен, қабылда дегеніміз- заттар мен құбылыстардың өзбқасиеттері және бөлшектері жиынтығыме қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың физиологиялық негізі- үлкен ми сынарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс- әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы нәтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда, ең алдымен, оның әдемі түрін, тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар исін иіскеп, жұтамыз, ұстап көріп оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]