Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р Су кодексі.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
73.32 Кб
Скачать

Хvi тарау Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану

      87-бап. Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану

      Өрт сөндiру мұқтаждары үшiн сутоғандарының кез келгенiнен су алуға жол берiледi.

      88-бап. Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану               тәртiбi

      Суды өрт сөндiру мұқтаждары үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Хvii тарау Су қоймаларын пайдалану

      89-бап. Су қоймалары және оларды пайдалану

      1. Су қоймалары әртүрлi су пайдаланушылардың су жөнiндегi қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жер бетi суының ағысын реттеу мақсатымен жасалады.       2. Су қоймалары осы Кодексте көзделген экологиялық тұрақтылықты сақтауды, халықтың және экономика салаларының мүдделерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн талаптар мен шарттарды сақтаған кезде пайдалануға берiлуi мүмкiн.

      90-бап. Су қоймаларын толтыру және жұмысқа               қосу режимi

      Су қоймаларындағы су құбыры, су жiберетiн немесе су алатын құрылыстарын пайдаланушы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер су қоймалары ықпал жасайтын аймақтарда тұрған су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерiн ескере отырып су қоймаларын толтыру мен жұмысқа қосудың белгiленген режимiн сақтауға мiндеттi.

      91-бап. Су қоймаларын пайдалану тәртiбi

      1. Су қоймаларын пайдалану тәртiбi табиғатты, балық қорларын қорғауды, санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiм бойынша су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган бекiткен ережелермен белгiленедi.       2. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды су ресурстарын басқаратын мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      92-бап. Су қоймалары ретiнде пайдаланылатын               көлдердi және басқа сутоғандарын               пайдалану

      Осы Кодекстiң 89-91-баптарының ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдердi және басқа сутоғандарды пайдалануға да қолданылады.

Хvііі тарау Өзендер мен каналдардағы су деңгейiн көтеретiн және басқа гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

      93-бап. Өзендер мен каналдардағы су деңгейiн               көтеретiн және басқа гидротехникалық               құрылыстарды пайдалану тәртiбi

      Өзендер мен каналдардағы су деңгейiн көтеретiн және басқа да гидротехникалық құрылыстарды пайдалану осы құрылыстарды жобалаған кезде жасалған нормаларға сәйкес жүргiзiледi.

      94-бап. Уақытша салынған гидротехникалық               құрылыстардың көмегiмен жер бетi               суларының ағысын реттеу

      Уақытша салынған гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер бетi суларының ағысын су пайдаланушылардың реттеуi осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, табиғатты қорғайтын, су ресурстарын басқаратын, санитарлық қадағалау жасайтын мемлекеттiк органдармен, жергiлiктi атқарушы органдармен және басқа да мүдделi органдармен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.

Хiх тарау Бiрнеше мемлекеттер аумағында орналасқан сутоғандар мен шекаралық суды пайдалану

      95-бап. Бiрнеше мемлекеттер аумағында               орналасқан сутоғандарын пайдалану

      Қазақстан Республикасы мен көршiлес мемлекеттердiң немесе су бассейндерiнiң бiрлiгiмен байланысты мемлекеттердiң аумағында iшiнара орналасқан сутоғандарын пайдалану мүдделi мемлекеттермен жасалған келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      96-бап. Шекаралық суда су пайдалану

      Шекаралық суда су пайдалану, су шаруашылық және су қорғау шараларын жүргiзу мен дауларды шешу тәртiбi халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.