Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Getero_31-60_bez_59.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
7.08 Mб
Скачать

31. Хинолиннің пиридинмен электрофильді орынбасу реакциясындағы қабілетттілігін салыстырыңыз. Жауапты нақты синтездермен түсіндіріңіз.

Хинолинде электрофилді орын басу реагентттерді оңай қабылдаушы бензол ядросына бағыттталады,мысалы хинолинді сульфирлегенде 8-хинолинсульфоқышқылы түзіледі:

Бұл қышқылды кәдімгі фенолдарды алғандағыдай,сілтіде балқытқанда аналитика химиясында комплекс түзуші ретінде оксин деген атпен кең қолданылатын 8-оксихинолинге айналады.

Бензол сияқты пиридин электрофильді орын басу реакциясына түседі,бірақ оның белсенділігі төменірек.себебі азот атомының үлкен электротерістілігінен. Пиридин 300 °С аз шығынмен нитрленеді:

Азот атомы электрофильді орын басу реакцияларында 2-текті орынбасардың рөлін атқарады,сондықтан электрофильді орын басу мета орында жүреді.

32. N- оксид пиридиннің пиридинмен электрофильді орынбасу реакциясындағы қабілеттілігін салыстырыңыз. Жауапты нақты синтездермен түсіндіріңіз.

Нитрлеу. Пиридин көміртек атомы бойынша қиын нитрленеді; өте қатаң жағдайда 3-нитропиридин аламыз

N- оксид пиридиннің де электрофильді орын басуы да қатаң жағдайда жүреді. POCl3 немесе NO, қатысында α- және γ- жағдайдағы орынбасары бар пиридин ала аламыз.

Сульфирлеу. Пиридин конц Н2SO4 әсеріне тұрақты. HgSO4 кат-ры қатысында оңай жүреді.

N- оксид пиридинді протондауда электрофильді орын басу 3ші жағдай б/ша жүреді.

Галогендеу. Пиридин хлормен және броммен 3 ж/е 5 жағдай б/ша әрекеттеседі. Кат-рға пемза алынады. Хлорлау кезінде AlCl3 қатыында 100С-да 3-хлорпиридин түзіледі.

Ацетоксимеркурлеу. Пиридинді бөлме темп-да сынап ацетатымен әрекеттестіргенде тұз түзіледі. Қыздыру кезінде 3-ацетоксимеркурпиридин түзіледі.

33. Бензфуран, бензтиофен және индолдың электрофильді және нуклеофильді реакциялары.

Индолдың электрофильді агенттермен реакциялары

Нитрлеу. Орынбасарлары жоқ индол бензоилнитратпен төмен температурада нитрленеді.

Сульфирлеу. Индол пиридиндегі пиридинсульфотриоксидпен сульфирленгенде реакция үшінші орын бойынша өтеді.

Галогендеу. Индолды үшінші орын бойынша галогендегенде жеңіл әсер етуші агенттерді қолданған жөн.

Үшіншілік орын басқан индол екіншілік орын бойынша галогенденеді.

Алкилдеу. Индолдар алкилгалогенидтермен бөлме температурасында реакцияласпайды. Орынбасарлары жоқ индол 80-90о-та диметилформамидтегі йодты метилмен метилденеді, реакция нәтижесінде скатол шығады.

Индолдың нуклеофильді агенттермен реакциясы.

Нуклеофильді агенттермен реакция индолдарда депротондау жолымен жүреді. N-натрий, N-литийтуындыларды, және де N-магнийгалогениндолдарды алу үшін индолдарға сұйық аммиактағы натрий амидімен, эфирдегі н-бутиллитиймен немесе эфирдегі метилмагнийгалогенидпен әсер етеді. Алынған N-металлданған индолдар синтетикалық әдістерде қолданылады.

Бензофуран мен бензотиофеннің электрофильді орын басу реакциялары. Бензотиофеннің электрофильді орын басулары үшінші орын бойынша жүреді. Ал бензофуранда реакция екінші орын бойынша өтеді.

Ал орынбасарлары бар қосылыстарда реакция басқа орындар бойынша өтеді:

Бензофуран мен бензотиофеннің нуклеофильді орын басу реакциялары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]