Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Фотоэтюд

.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
2.99 Mб
Скачать

Фотоэтюд

Фотопортрет

Фоторепортаж

Фотоколлаж

Фотонатюрморт

Фотоархитектура

Фото интерьер

Фотопейзаж

Абстракционизм (ағылш. abstractio — дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) — қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қаттарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей керсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған», деп айтады. Ол үшiн бейнеленетiн нерселердiң көркемдiк бiтiмдерi (кеңiстiктегi формалары, аумағы, бояуы,т.б.) маңызды емес, бiрiншi орынға суреткер-тұлғаның субъектiлiк көңiл-күйi шығады. Абстракционизм 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бiр уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңiнен өрicтедi. Абстрокционизмнің эстетикалық бағдарламасын 1910 ж. В.Кандинский «Өнердегi руханилық туралы» еңбегiнде айқындап бердi. Абстракционизм eкi бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескiндердiң қиюласуын үйлесiмдi етуге ұмтылу жене геометриялық абстракцияларды құрастыру.

Ар нуво – жана багыт

модерн стилі (фр. moderne – ең жаңа, қазіргі) – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Еуропа және Америка елдері өнерінде орын алған стильдік ағым. Модерн Бельгия, Ұлыбритания мен АҚШ-та – “жаңа өнер”, Германияда – “югенд-стиль”, Австрияда – “сецессион стилі”, Италияда “либерти стилі”, Испанияда – “модернизм” деген атпен белгілі. Ол символизм мен эстетизм идеяларын, Ф.Ницшенің “өмір философиясын” дамытты. Модерн өкілдерінің (У. Морристің социалдық утопиясына сүйенген бельгиялық археологиялық әрі дизайнер Х.К. ван де Велде) пікірлеріне қарағанда ол қоғам құруға ықпал жасарлық жаңа өмір стилі, адам баласына эстетикалық ләззат алар орта мен тұрмыс жағдайын туғызу, байырғы дәстүрден бөлек, қазіргі конструкцияларды пайдалану арқылы өнерге жаңа жол салу болып табылады.

Борокко

В XVII в. Италия — первое звено в искусстве эпохи Возрождения, потеряла экономическое и политическое могущество. На территории Италии начинают хозяйничать иностранцы — испанцы и французы, они диктуют условия политики и пр. Истощённая Италия не утратила высоты своих культурных позиций — она остается культурным центром Европы. Центром католического мира является Рим, он богат духовными силами.

Рококо

Рококо (фр. rococo), рокайль - 18 ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіндегі Еуропа өнерінде сарай зиялылары мен мәдениетімен байланысты туған стиль. Ұлу қабыршағының түріне ұқсас рокайль өрнегінің атына байланысты аталған. Францияда абсолютизм тоқырауға ұшыраған кезеңде пайда болған. Сәулет әнерінде Рококо, негізінен, ғимарат интерьерін нақыштау ісінде кең қолданылды. Алуан айшықты өрнек салу, айна, панно - Рококоға тән белгілер. Бұл салада белгілі болған архитекторлар: Франңияда Ж.М. Онпенор, Ж.О. Мейсонье, Ж.Бофрман; Германияда И.Б. Нейман, М.Д. Пзенппельман, Г.В. Кнобельсдорф. Ықшамдылық, накыштау ісіндегі нәзіктік пен образды тым сұлуландыру барысындағы үстірттік, мифологиялық, пасторальдік, көбіне жеңіл эротикалық сюжетке бой ұру - бейнелеу өнеріндегі Рококо стиліне тән қасиеттер. Әсем әрі жеңіл пошым мен ашық та ұнамды бояу үндестігі, экзотикалық мотивтер Рококо декорация өнерінің негізгі ерекшелігі болып табылады. 18 ғасырдың орта кезіндегі орыс декораңия өнерінде В.В. Растрелли мен С.И. Чевакинский шығармғынан Рококо белгілері байқалды.

Экспрессионизм (фр. expressіo — бейнелеу) — еуропа өнері мен әдебиеттіндегі бағыт. Еуропадағы 20 ғасырдың 1-ширегінде болған әлеуметтік дағдарысқа (1-дүниежүзілік соғыс пен оған ұласқан төңкерістік дүмпуді қамтиды, шамамен 1905 – 20 жылға дейін) жауап ретінде көрініс тапты. Экспрессионизм сол кезеңде өз заманындағы өркениет жұтаңдығына қарсылық көрсету ретінде пайда болды. Өнерде экспрессионизм принциптері 20 ғасырдағы кескіндемешілер П.Гоген (Франция), В.Ван-Гог (Голландия), Э.Мунк (Норвегия), Дж. Энсор (Бельгия) шығарм-нан көрініс тапты. Германияда экспрессионистік бірлестіктер “Көпір” (1905, мүшелері Э.Л. Кирхнер, М.Пехштейн, Э.Хеккель, т.б.), “Көк салт атты” (1911 – 12, өкілдері В.В. Кандинский, Ф.Марк, т.б.) пайда болды. Бұл ағым 1-дүниежүзілік соғыстан кейін Германия (кескіндемеші К.Шмидт-Ротлуф, мүсінші В.Лембрук, археологиялар Р.Штейнер, Э.Мендельзон, Х.Пельциг) мен Австрияда (кескіндемеші О.Кокошка) кең өріс алды.

Импрессионизм (фр. іmpressіonnіsme, іmpressіon – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды. Бейнелеу өнерінде импрессионизмның алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делакруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері (К.Моне, О.Ренуар, Э.Дега) қалады. Олардың шығармаларынан өмірдің немесе табиғаттың бір сәттілік бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін, жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Импрессионизм өкілдері табиғаттағы құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, анық жеткізуге тырысты. Түстердің түрленуін алғаш көрсеткен де импрессионизм ағымы болды. Францияда 1870 жылдан бастап импрессионизм көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Дегенмен импрессионизм адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, құбылмалы шақтарын, жарық пен атмосфераның ықпалынан зат түсінің өзгеруін дәл де нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті.

Стрит арт – дала коркемонер. Басты багыты графити болып табылады.

Поп-арт (ағылш. рор аrt - көпшілік өнер) - 20 ғасырдың 50 жылдары ортасында пайда болған ағылшын-американдық өнердін бір бағыты. Оның теор. негізгі прагматизм эстетикасы болып табылады ("өнер тілі іс жүзінде қолдануға пайдалы болуы керек"). Бірқатар сыншылар Поп-артты абстракционизмге реакция ретінде қарастырады. Поп-арт теоретиктері әрбір бұйым белгілі бір контексте өнер туындысына айналады, өзінің алғашқы мағынасынан ажырап, көркемдік сапаға ие болады деп санайды. Заттық дүниені эс-тетизациялау Поп-арттың үстанымына айналған. Поп-арт - бұл тұрмыстық бұйымдардың композициясы. Кейде олар муляжбен (заттың бітімін дәл беретін бедер) немесе мүсінмен ұштасуы (бірлесіп бейнеленуі) мүмкін.Оның теориялық негізі прагматизм эстетикасы болып табылады: өнер тілі іс жүзінде қолдануға пайдалы болуы керек. Көркем бағыт ретінде Поп-арттың көптеген түрлері бар. Поп-арт (көркем ұйымдастырылған оптик. әсерлер, геометрияландырылған тұзу сызықтар мен дақтардың комбинациясы); Эл-арт (электромотор көмегімен қозғалатын бұйымдар мен констукциялар); Поп-арт терминін 1965 ж. ағылшын көркемөнер сыншысы Ф.Элоуэл енгізді. Бүл бағыт сәуегейлік мәдениеттің ең көп таралғаи құбылыстарының бірі. Поп-арт ағымының өкілдері: П.Блейк, Р.Смит, Р.Раушенберг, Э.Уорнхолл, Д.Сигал, т.б.

Соц арт – мемлекеттик идиалогияны насихаттауша багыт

Соцреализм – соц артка уксас. Пропаганда мен айналыскан багыт.

Косми́зм (греч. κόσμος — организованный мир, kosma[прояснить] — украшение) — ряд религиозно-философских, художественно-эстетических и естественнонаучных течений, в основу которых положены представления о космосе как о структурно-организованном упорядоченном мире и о человеке как о «гражданине мира», а также о микрокосмосе, подобном макрокосмосу

Кубшылдық (Cubisme – куб сөзінен шыққан) – 20 ғасырдың бірінші ширегінде болған бейнелеу өнеріндегі модернистік ағымның түрі.

Фовизм (от фр. fauve — дикий) — направление во французской живописи конца XIX — начала XX века. Название закрепилось за группой художников, чьи полотна были представлены на осеннем салоне 1905 года. Картины оставляли у зрителя ощущение энергии и страсти, и французский критик Луи Восель назвал этих живописцев дикими зверями (фр. les fauves). Это было реакцией современников на поразившую их экзальтацию цвета, «дикую» выразительность красок. Так случайное высказывание закрепилось как название всего течения. Сами же художники никогда не признавали над собой данного эпитета.

Футури́зм (лат. futurum — будущее) — общее название художественных авангардистских движений 1910-х — начало 1920-х годов, прежде всего в Италии и России. Футуристов интересовало не столько содержание, сколько форма стихосложения. Они придумывали новые слова, использовали вульгарную лексику, профессиональный жаргон, язык документа, плаката и афиш.

Сюрреализм (фр. surréalisme — сверхреализм) — модернистік өнердің бір бағыты. Оның негізін салушылардың бірі француздың ірі ақыны Г. Аполлинер (1880 – 1918). Ол поэзия мен театрдың буржуазиялық тіршіліктен жоғары тұрғанын қалады. 1917 жылы жазылған «Груди Тиресия» (Тиресияның кеудесі) атты «сюрреалистік драмасының» алғысөзінде және 1918 жылы жарық көрген «Жаңа уақыт рухы және ақындар» мақаласында Аполлинердің сыртқы шынайлықты ғана бейнелейтін буржуазиялық драматургияға және сол кездері «асқан сұлулықты» жалау етіп, адам жанының тереңіне бойлай алмай жатқан символистік театрға деген қарсылығы, эстетикалық идеялары көрініс тапты. Аполлионер жырлаған буржуазиялық тіршіліктен жоғары тұру деген ұранды суреткер-модернистер шынайы өмірден биіктеу және ирреальды, яғни адам санасының астындағыны көрсету деп түсінді.

XIX ғасырдың 30-жылдары өнерде жаңа көркемдік бағыт — романтизм өркен жайды. Хореографияда бұл ағымның ықпалы спектакльдерде жаңа тақырып, жаңа сахналық тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленді. Барлық романтикалық балеттер бір тәсілмен құрылатын. Онда екі өмір — шынайы өмір мен фантастикалық арман өмір бір-біріне карама-қарсы келді. Бұл спектакльдің көркемдігіне, оның бүкіл атмосферасына әсерін тигізді. 1832 жылы Парижде "Гранд операда" Филиппо Тальонидің "Силъфида" балеті бірінші рет көрсетілді. Бұл балетті Филиппо Тальони өзінің қызы үшін, атақты биші Мария Тальони үшін шығарған.

Архитектура мен бейнелеу, сән және қосалқы өнерде Классицизм бароккомен, 18 ғ-дан бастап рококомен жарыса дамыды. Классицизмге қатаң үйлесім, көбінесе, салтанатты сипат тән. Оның негізіне пішіндердің айқындығы мен тектоникалығы, композицияның жинақылығы мен орнықтылығы, қатаң ритм мен пропорциялылық алынды. Архитектурадағы Классицизмде ежелгі дәуір сәулет өнерінің көптеген принциптері мен жекелеген желілері көрініс тапты. Архитектурадағы К. құрылыстарының бітімінде геом. өлшем дәлдігі және симметриялы түзу сызықтар үстемдік етеді. Сәулет ғимараттары алдында асқақ бағаналары бар, қасбеті үшбұрышты, ежелгі дәуір ғимараттарына ұқсастырыла тұрғызылды. Мұндай құрылыстар біртіндеп бүкіл Еуропаға тарады. Мүсін мен сурет өнеріндегі Классицизмге композиция тұйықтығы, түрдің пластикалық шешімі тән болып келеді. Классицизм белгілері алғаш, 16 ғ-дың 2-жартысында Италияда пайда болды. Ал біртұтас стильдік жүйе түрінде 17 ғ-дың 1-жартысында Францияда қалыптасты. Франция рационализмінің эстетикалық өзегі ретіндегі Классицизм, әсіресе, бейнелеу өнерінде жан-жақты ашылды. Франция Классицизмнің көрнекті өкілдері Жак Луи Давид, оның шәкірті Доминик Энгр (1780 – 1867) және италиялық мүсінші Антонио Канова (1757 – 1822), даниялық Бертель Торвальдсен (1768 – 1844) болды. 19 ғ-дың 1-ширегінде Классицизмде жалаң стиль қуалаушылық пен академизм белгілері бұрынғыдан да күшейе түсті (Францияда Давидтің кейінгі кезеңдегі суреттері, ішінара Энгрдің суреттері).

Фэ́нтези[1] (от англ. fantasy — «фантазия») — жанр фантастической литературы, основанный на использовании мифологических и сказочных мотивов. В современном виде сформировался в начале XX века. С середины века огромное влияние на формирование современного облика фэнтези оказал Джон Рональд Руэл Толкин

Авангардизм, авангардшылдық (фр. avantgardisme — алғы шептегілер) — қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым. Авангардизм XIX ғ. аяғы мен XX ғ. 60—70 жылдарында өрістеді. Ол модернизмнің тым өсерленген бағыты ретінде қалыптасты. Авангардизмнің басты мәнісі—мәдени мирасқорлықтың маңызын кемітіп, «мәңгі құндылықтар» деген ұғымды қайта қарау. Авангардизмнің пайда болуына философияда постклассикалық ағымның (Шопенгауэр, Ницше, Бергсон, Хай-деггер, Сартр т.б.) ықпал етуі; психологияда — фрейдизм мен психоанализдің қалыптасуы, лингвистиканың мәдениеттанулық деңгейде көрінуі; еуропаорталықтық принциптен бас тартып, шығыстық мәдениеттерге, дінге назар аудару; теософия, антропософия жаңа эзотериялық ілімдердің жандануы үлкен әсерін тигізді. Авангардизм ұғым-терминін өнертануда алғашқы рет қолданысқа енгізген француз көркем өнер сыншысы Т. Дюре болды. Авангардизм өкілдері өнерді өмірден айырып қарап, оның әлеуметтік маңызын жоққа шығарды, өнердің ерекше эстет, табиғатын әсіреледі. Реализмді теріске шығарғандардың барлығы өздерін «авангардшылар» қатарындамыз деп есептеді: тарихи-мәдени маңыздылығы бойынша авангардизмнің екі бағытын айыруға болады: ғаламдық және шағын аумақты. Соңғылары өздерінің жеке ізденістері мен тәжірибелері арқылы жалпы авангардизмнің ықпалын күшейтті. Авангардизм өнердің әр саласында өзінше көрініс тапты: театрда реалистік декорация абстракті конструкциямен алмастырылды, қойылымның шарттылығына, еркіндігіне ерекше назар аударды (Б. Брехт, Вс. Мейрхольд, Е. Вахтангов т.б.); әдебиетте (А. Бехер, П. Элюар, М. Пруст, Ф. Кафка, Э. Ионеско т.б.) жаңа рәміздік-шарттылық тәсілдер кеңінен қолданылды; бейнелеу өнерінде (П. Пикассо, М. Шагал, С. Дали, Маттисс т.б.) абстракшылдықтың, дадаизмнің, сюрриализмнің, конструктивизмнің т.б. тәсілдері алдыңғы қатарға шықты; музыкада, әсіресе, таспаға жазып алу және электронды синтезатордың пайда болуы, оны XX ғ. ырғақтарына сәйкестендірді; сәулет өнеріндегі авангардизм стиліндегі ғимараттар адамзат қиялының нәтижесі ретінде көрініс тапты. Ғасыр басында авангардизм бағыты қаншама әділ сынға ұшырағанымен, өзінің мәдени құндылығын жоғалтпады.

Впервые заявили о себе русские живописцы-символисты в 1904 году в городе Саратов. Там прошла выставка «Алая роза»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]