Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нотариатты пайда болуы мен даму тарихы.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
115.71 Кб
Скачать

1975 Жыл

28 наурызда КСРО-ның Әділет Министрлігі «Қалалық, кенттік және ауылдық Халық депутаттарының кеңестерінің атқарушы комитеттеріне нотариалдық әрекеттер орындау барысында әдістемелік көмек көрсету туралы» нұсқаулық хатты басып шығарды.

1 тамызда КСРО-ның Әділет министрі “КСРО-ның мемлекеттік нотариалдық кеңселерінде депозиттік операцияларды тіркеу тәртібі туралы нұсқауды” өз бұйрығымен бекітті.

1976 жыл

1976 жылы 31 мамырда КСРО-ның Әділет министрлігі «Теңіз наразылығын жасау тәртібі туралы» нұсқаулық хатты шығарды.

1976 жылы 19 қазанда КСРО Әділет министрлінің «Мемлекеттік нотариаттың жұмысын әрі қарай жетілдіру туралы» бұйрығы шықты.

1977 жыл

23 наурызда КСРО-ның Әділет министрлігі «Құжаттар көшірмесінің және олардан жасалған жазып алулардың шынайылығын куәландыру бойынша нотариалдық кеңселердің жұмысын жетілдіру туралы» Әдістемелік хатты шығарды.

29 шілдеде КСРО-ның Әділет министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі КСР Одағының консулдық мекемелерімен нотариалдық амалдарды жасау тәртібі туралы Нұсқауды бекітті.

1978 жыл

2 тамызда КСРО-ның Әділет министрі «Қалалық, кенттік және ауылдық Халық депутаттарының кеңестерінің атқарушы комитеттеріне нотариалдық әрекеттер орындау барысында әдістемелік көмек көрсету жұмысын әрі қарай жетілдіру туралы» бұйрықты шығарды.

1980 жыл

30 қаңтарда КСРО-ның Әділет министрлігі нотариалдық тәжірибені пайымдау бойынша Әдістемелік ұсынымдамаларды шығарды.

31 қаңтарда КСРО-ның Әділет министрлігі КСРО-ның Министрлер Кеңесінің бас мұрағат басқармасымен бірлесіп КСРО-ның Әділет министрлігі, әділет органдары, мекемелері мен соттардың Құжаттар тізбесін және құжаттарды сақтау мерзімдерін бекітті.

19 наурызда КСРО-ның Әділет министрлігі жоғары және арнайы орта білімі бар мамандармен алмастырылуы тиіс әділет органдары, мекемелері мен соттар лауазымдарының Тұрпатты номенклатурасын бекітті.

21 сәуірде КСРО-ның Әділет министрлігі мемлекеттік нотариустар үшін жеке меншікті мұрагерлікке алуға байланысты азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Практикалық оқу құралын басып шығарды.

5 мамырда КСРО-ның Әділет министрлігі нотариалдық кеңселерді келушілерге арналған анықтамалық-ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету бойынша Ұсынымдамаларды шығарды.

25 маусымда КСРО-ның «Аймақтық, облыстық халық депутаттар Кеңестерінің, автономиялық облыстар мен автономиялық аймақтардың халық депутаттар Кеңестерінің негізгі өкілеттіліктері туралы» Заңы қабылданды. Өкілеттілік құрамында нотариатты басқару да болды.

30 қыркүйекте КСРО-ның Әділет министрлігі «Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігінде үлеске жеке меншік құқығы туралы куәліктерді беру тәртібі туралы» әдістемелік хатты шығарды.

1983 Жыл

4 тамызда КСРО-ның Жоғарғы Кеңес Президиумы азаматтар құқықтарына қатысты құжаттар көшірмелерін кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың беру және куәландыру тәртібі туралы Жарғысы шықты.

15 қарашада КСРО-ның Әділет министрлігі «Мемлекеттік нотариат туралы заңнаманың шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, шетел кәсіпорындарына және ұйымдарына қолдану, сондай-ақ нотариалдық тәжірибеде құқықтық көмек беру туралы халықаралық келісім-шарттар мен шетел мемлекеттерінің заңнамасын қолдану туралы» нұсқаулықты шығарды.