Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нотариатты пайда болуы мен даму тарихы.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
115.71 Кб
Скачать

1926 Жыл

1926 жылы 14 мамырда шыққан КСРО-ның ХКК мен ОАК қаулысы бойынша мемлекеттік нотариатты ұйымдастырудың негізгі принциптері бекітілді.

1936 Жыл

1936 жылы 10 шілдеде РСФСР-дың БОАК15 және ХКК16 «Нотариалдық органдарды қайта құру туралы» қаулысы бойынша қалалық және кеңестік, әрі аудандық орындаушы комитеттерінің жүзеге асыруынан нотариалдық амалдар алынып тасталып, олар нотариалдық кеңселерге берілді. Барлық аудандық және қалалық орталықтарда нотариустар басқаратын мемлекеттік нотариалдық кеңселер ұйымдастырылды. «КСРО, одақтас және автономиялық республикалардың сот құрылымы туралы» Заңның шығуына дейін нотариалдық органдары жоқ аудандарда бұл функциялар халықтық сотқа жүктелді17.

1939 Жыл

25 қазанда Кеңес Халық комитеті Халық әділет комитеті туралы жаңа Ережені қабылдады. Комиссариат құрамында сот мекемелерінің, кадрлар, оқу орындары, кодификациялық, нотариалдық, т.б басқармалар жұмыс істеді.

1940 жыл

1940 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР КХК (Үкімет) «Нотариалдық кеңселер жүйесінің бекітілуі туралы» қаулысы шығарылды. Ол 1940 жылға 120 қалалық және аудандық мемлекеттік нотариалдық кеңселер тізбесін нормативтік жағынан анықтаған.

23 наурыз 1960 жыл

Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі төралқасының жарғысына сәйкес Әділет Министрлігі таратылды. Осыған байланысты Әділет Министрлігінің нотариатты бақылау жөніндегі функциялары Жоғарғы сотқа көшті.

1966 жыл

1.07.1966 жылы КСРО-дың Жоғарғы Сот Пленумы «Мұраға қалдыру жұмыстары бойынша сот тәжірибесі туралы» Қаулы қабылдады.

1970 жыл

КСРО-ның Министрлер Кеңесі “Одақтас республикаларда Әділет министрліктерін құру туралы” №960 Қаулыны қабылдады. Осы қаулының негізінде Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР-ның Әділет министрлігі мен оның жергілікті органдарын құру туралы» қаулыны қабылдады.

1972 жыл

28 ақпанда КСРО –ның Әділет Министрлігі КСРО соттары мен нотариат органдарымен шетел мемлекеттерінің әділет мекемелеріне құқықтық көмек беру және бұл мекемелерге құқықтық көмек үшін сұраныс жасау тәртібі туралы Нұсқауды бекітті.

1972 жылдың 21 наурызында КРСО-ның Министрлер Кеңесінің Қаулысымен КСРО-ның Әділет министрлігі туралы Ереже бекітілді.

28 қазанда КСРО Әділет Министрлігінің коллегиясы аймақтық, облыстық Халық депутаттарының Кеңесінің атқарушы комитеті жанындағы әділет бөлімі туралы ережені бекітті. Жергілікті жерлердегі нотариатты басқару құрылған әділет бөлімдерінің өкіметіне өтті.

1973 Жыл

20 сәуірде КСРО-ның Әділет министрімен «Бірінші Қазан қаласындағы мемлекеттік нотариат кеңсесінің жұмыс тәжірибесі және нотариалдық тәжірибенің біртұтастығын қамтамасыз етуде алғашқы мемлекеттік нотариат кеңселерінің ролін жоғарлату туралы бұйрық шығарылды.

19 шілдеде КСРО-ның “Мемлекеттік нотариат туралы” Заң қабылданды.

29 желтоқсанда КСРО-ның Әділет министрлігі нотариалдық амалдарды тіркеуге арналған реестрлер, нотариалдық куәландырулар мен мәмілелер мен куәландырылатын құжаттарға жасалатын куәландыру жазбаларының формасын бекітті.

1974 Жыл

1974 жылы 13 тамызда Қазақ КСР-ның “Мемлекеттік нотариат туралы” Заңы қабылданды, ол біртұтас одақтас мемлекет құрамында болған республиканың заңы болғандықтан, жоғары әмбебаптылық дәрежесімен сипатталатын алғашқы нормативтік акті болды18.

Ол қолданыста болған кезеңде Қазақстанның барлық аймақтарында нотариалдық органдардың біржола қалыптасуы болды, бұл саланы заңгер мамандармен қамтамасыз ету бойынша кадрлік жұмыс реттелді, нотариалдық тәжірибе мен оны қалыптастыру үстінен мемлекеттік бақылау орнатылды. Нотариалдық органдарға қатысты басқару мен ұйымдастыру функциялары Әділет министрлігі мен оның жергілікті органдарына берілді. Әділет министрлігі бірқатар нұсқауларды бекітті: Бас дәрігерлердің, олардың медициналық бөлім бойынша орынбасарларының, ауруханалардың, емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша басқа стационарлық мекемелердің, санаторийлердің кезекші дәрігерлерінің, сондай-ақ директорладың өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы 20.06.1974 жылы шыққан Нұсқау; әскери бөлімдер, құрамалар, мекемелер мен әскери оқу орындарының командирлері, басқарушылары, олардың медицина бөлімі бойынша орынбасарлары мен кезекшілердің өсиеттер мен сенімхаттарды куәландыру тәртібі туралы 15.03.1974 жылы шыққан Нұсқау; бас бостандығынан айыру орындарының басшыларымен өсиеттер мен сенімхаттарды куәландыру тәртібі туралы 14.03.1974 жылы шыққан № К-15/184 Нұсқау.