Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нотариатты пайда болуы мен даму тарихы.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
115.71 Кб
Скачать

Қазақстандағы нотариаттың қалыптасуы мен даму тарихы

Қазақстанның Ресей империясының құрамында болу кезеңі айтарлықтай тарихи уақыт бөлігін алды. А.С. Ибраева өзінің жұмыстарында бұл кезеңді әдет-ғұрыптық құқықтық қалыптардың жоғалып, би соттарының біртіндеп таратылып, жаңа басқару жүйесінің пайда болу кезеңі деп сипаттайды9.

XIX ғасырдың 70 жылдары Түркістан өлкесінде азаматтық айналымдағы пайда болған қатынастарды реттеу қажеттілігі туды10. Империяның өлкелерінде азаматтық-құқықтық мәмілелердің қатысушыларын құқықтық жағынан қорғау үшін қажет бірыңғай қағидалар пайда болуы аталған қажеттіліктің себебі болды. Бұл процесстерге жергілікті халық өкілдері қатыса бастады. Бұған өнеркәсіптің дамуы, көші-қон процесстері, айтарлықтай шаруалардың қоныс аударуы, сауданың дамуы, т.б ықпал етті.

Нотариустарды Түркістан генерал-губернаторлығымен Сырдария облыстық басқармасынан нотариалды бөлім туралы ережені қанағаттанарлық дәрежеде білетіні жөнінде куәлік алған тұлғалар арасынан анықталды, олар ант бергеннен кейін қызметке қабылданады. Олар мемлекеттік қызметкерлер деп есептелді, оларға лауазым бойынша VІІІ дәреже берілді, бірақ оларға шендер берілмеді және олардың бұл атақ бойынша зейнетке шығуға құқықтары болмады.

Нотариустардың берілетін актілерге басу үшін облыстық елтаңбаның суреті мен жағалай жазуы: нотариустың (аты-жөні, қаланың аты) бар мөрі болды. Әр нотариустың мөрінің көшірмесі және қолтаңбасының үлгісі жергілікті облыстық басқармның сот бөлімінде сақталып отырды. Облыстық басқарманың сот бөлімі қызметкерлері нотариустарды ауыстыра алды. Нотариус қызметіне тек Ресей азаматтары ғана жұмыс істеуге жіберілді.

1880 жылдың 20 қыркүйек айында Түркістан генерал-губернаторы К.П.фон Кауфман өлкенің барлық әскери губернаторларына хат жолдады, мұнда жергілікті халықтың (қазақтардың) басқармалардың шенеуніктері оларға қолтаңбаларын қою үшін беретін құжаттардың мазмұны орыс тілінде жазылып, мазмұнын түсіндіріп бермей, құжаттарға қол қоюды міндеттейді деген шағымы туралы айтылды. Бұған байланысты өлкенің шенеуніктері соттық, оның ішінде нотариалдық іс жүргізуде келесі тәртіпті қатал орындауға тиіс болды: қағаздың мазмұнын аудару; таңба басуды ұсыну; орыс тілінде сауаттылығы бар жергілікті халық өкілдеріне (қазақтарға) қолтаңба алдында өзінің қолымен қағаздағы бар мәліметті білгені туралы жазу жасауды міндеттеу.

1883 жылдың 30 желтоқсанда Сардария облыстық басқармасы Шиелі уезінің судьясына жергілікті халықтың арыздары, өтініштері, шағымдары мен үй актілері нақты аты-жөнісіз жіберіледі және жасалады деп мазмұндап хат жіберді. Осыған байланысты заңдағы жеке адамның қолтаңбасын, есімін және тегін актілердің астында, өтініштер мен шағымдардан кейін астына қою туралы нұсқауларды толық орындауды ұсынады.

Сот, соның ішінде нотариалдық бөлім мәселелері бойынша үнемі болып отыратын жанжалдар мен шағымдар әуелде болған нотариат жүйесіне тиісті жаңа қағидалардың енгізілуіне әкеп соқты.

1898 жылдың 2 маусымында император Николай II бекіткен Түркістан өлкесінде және Дала облыстарында сот бөлімнің құрылымы туралы Мемлекеттік Кеңестің пайымдауына сәйкес белгіленген жерлерде сот мекемелері Сырдария, Ферғана, Самарқанд, Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарына сот жарғыларын қолдану туралы бір уақытта енгізілген арнайы ережелер негізінде құрылды және қызмет етті.

Бұл ережелерге сәйкес аталған облыстарда учаскелік және бітістіруші судьялар, бітістіруші судья мен сот тергеушісінің міндеттерін атқарды, сондай-ақ нотариусы жоқ жерде басшылық етті.

Нотариалдық бөлім туралы ережеге сәйкес бас нотариустың міндеттерін атқару аймақтық соттың бір мүшесіне тапсырылды. Нотариустарға, олардың орнындағы бітістіруші судьяларға бас нотариуспен бекітілуге тиіс актілерден көшірме жасауға және оларды нотариалдық мұрағатқа пошта арқылы жіберуге рұқсат етілді. Жыл сайын нотариустар саны өсті. 1894 жылғы мәліметтерге қарағанда олардың саны қалалардың және өлкенің дала облыстарында төмендегідей болды: Верныйда және Оралда екі-екіден; уездік қалаларда :

-Орал облысында: Гурьевте, Калмыковта, Темірде және Илецк станицасында;

-Ақмола облысында : Ақмолада, Көкшетауда және Атбасарда;

-Семей облысында: Павлодарда, Қарқаралыда, Өскеменде және Зайсанда;

-Жетісу облысында: Қапалда, Лепсіде, Пржевальскіде, Пішпекте;

-Торғай обысында: Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай және Торғайда бір-бірден.

Сот, нотариалдық және қамқор ету басқарулары мен облыстардағы халықтық сот Түркістан өлкесінде сот құрылымы жөніндегі ережелер негізінде құрылды және жұмыс атқарды, оған төмендегідей толықтырулар мен өзгерістер енгізілді:

-нотариустар қолтаңбалардың шынайылығын куәландыру кезінде актінің мазмұнымен алдын-ала таныстырып, ол бекітілген талаптарға сай болмаса, куәландыруды жүзеге асырудан бас тартуға міндетті болды;

-қалалық қоғамдық басқарманың депутатары алмастырушы ретінде уездік бастықтармен жариялық сату кезінде емес, жеке келісім бойынша сатылатын қала жерлерінің учаскелеріне сатып алу-сату құжатары нотариуспен жасалуы тиіс болды;

Нотариустарды анықтау мен жұмыстан босату, сондай-ақ олардың үстінен тәртіптік билікті жүргізу бойынша Сот палатасының бас төрағасының құқықары облыстық соттың төрағасына берілді.

Нотариустар, олардың орнындағы бітістіруші судьялар мен бас нотариустың міндеттерін атқаратын облыстық сот мүшелері дұрыс емес әрекеттеріне түскен шағымдар облыстық сотқа берілді, ал сот қаулылары Үкімет етуші Сенаттың отырысында қаралуы тиіс еді. Түркістан өлкесінде мүлікті сатып алуға құқығы жоқ адамдар атына жылжымайтын мүлік туралы әр түрлі актілер жасауға тиым салынды.

1895ж қаңтар айы үшін берілген Ақмола облыстықсотының нотариалдық мұрағаты бойынша нотариустармен атқарылған төмендегідей жұмыстар көрсетілді :

-сомасы 4020 сомды құрайтын қамалды сатып алу- сатудың 2 актісі бекітілді;

-сомасы 27сом 15 тиын болатын 1 акт бекітілді ;

-есептен шығару,көшірме және басқа да 3 акт бекітілді;

-көшірмелер мен басқа да актілер берілді – 3;

-баж салығының сомасы 170 сом 20 тиын .

Осылайша нотариустар ай және жыл сайын істелінген жұмыс жөнінде есеп беріп отырды.

Жоғары айтылған нотариат жөніндегі ережелер және олар бойынша өзгерістер мен толықтырулар екі бағытта пайдаланады:

1. Сот тергеушілерімен және уезд судьяларымен тергеуді жүргізу, іс жүргізудің жылдамдығын және дұрыстығын тексеруді нығайту;

2. Орыс әкімшілігінің қазақ жерлерін иелену мен оны басқару мүмкіншіліктерін арттыру.

Қазақстандағы нотариалдық құрылымы 60-шы жылдардың соңынан және XIX ғ. 90 жылдарының соңында болған өзгерістерді қоса 1917ж. Қазан революциясына дейін сақталған11.

Аталған барлық үрдістер қоғамда барлық уақытта маңызды болып табылатын меншік қатынастарының қалыптасуына өз әсерін тигізді.

Ресей империясының өлкелеріндегі нотариалдық қызметтердің даму тарихының зертелуіне М. Хасанаевтың басылымдары арналған. Ол алғаш болып заң әдебиеттерінде Ресей әкімшілігінің Қазақстан территориясына еуропалық құқық қалыпына сәйкес келетін мемлекеттік нотариат институттың енгізуі жөніндегі талпыныстарын зерттеген.

Оның мақалаларында қазіргі кездегі құқық ғылымында аз мәлімденген көптеген заң терминдері көрсетілді. Қарастырылып отырған кезеңнің құқықты қолдану тәжірибесінің сараптамасынан онымен төмендегідей ескертпелер жасалған: уезд судьялары уәсіхтерге, яғни қазылармен жергілікті халықтың мәмілелері бойынша жасаған құжаттарға ешқашан бірдей қарамады: кейбіреулер оларды нотариалдық тәртіппен жасалған актілер деп таныды, кейбіреулер оларды үй актілері деп қарастырды, енді біреулер оларды тіпті есепке де алмады. Сауатсыз адамдармен қолданылған бір жағында ақшаны қарызға беру немесе шарттар бойынша, ал басқа жағында ақшаны өтеу немесе келісімді орындау бойынша сызықтар, жарты сызықтар мен ширек сызықтар жасалған бирка-таяқшалар да дәл сондай маңыз-мағынаға ие болды. Бұл биркалардың жалпы соттар мен бітістіруші соттар үшін ешқандай маңызы болмады, олар тек дәстүрлі болыс соттарымен ғана танылды12.

Қазан төңкерісіне (1917 ж.) дейінгі кезеңде нотариалдық функциялар уездегі бітістіруші судьяларға жүктелді. Олардың нотариалдық амалдарды жүзеге асыру бойынша қызметі бүкіл уездік қалалар мен қыстақтарға таралды, ал нотариус болмаған жерде бас нотариус жұмысын сот мүшесінің бірі атқарды13.

XIX ғ. 60 жылдарының басынан жүргізілген нотариалдық қызметке қатысты реформалар Ресей патшалығы өлкелерінің ұлттық, географиялық және басқадай ерекшеліктеріне байланысты бір уақытта бітіріле алмады. Олар жаңа жерде таныс емес жағдайда жұмыс істеуге дайын білікті заңгерлер, мемлекеттің қазынасынан көп қаражатты талап етті. Мемлекеттік қызметке тұрарға дейін адамдар алдарында маңызды шарт қойылды, бұл жергілікті тілдерді және жергілікті әдет-ғұрыптарды білу еді. Бұл патша әкімшілігімен ұзақ мерзімді мақсатарға бағытталған ұзақ әрі мақсатты жұмысын талап етті.

Патшаны құлату мен одан кейін болған Қазан төңкерісі кеңес (халық), мемлекеттік нотариатының даму бағытын анықтады, мұнда буржуазиялық, яғни қабылданбайтын деп танылған ойлар мен принциптерге орын болмады. Дегенмен, азаматтық айналым, жаңадан туып отырған (социалистік үлгі) жеке меншіктегі қатынастар нотариатсыз өмір сүре алмады, сол себептен большевиктер билігі орталықта және жергілікті жерлерде нотариалдық қызметті құруға міндетті болды.

Кеңес кезеңі

Кеңес нотариаты мемлекет жеке меншікті мойындамаған кезде, азаматтық айналым шектелген кезде дамыды.

Нотариат тек-қана мемлекеттік болды, кеңес кезеңінің үлкен бөлігінде әділет органдарының басқару жүйесіне кірді.

Кейбір нотариалдық функцияның орындалуы жергілікті атқарушы және өкілеттілік органдарына өкілденді.

1921 жылы Нотариат өнінде ережені енгізу туралы Декрет және нотариалдық үстелдерді14 тарату жөніндегі Декрет басылып шығарылды, бірақ 1923 жылы “Мемлекеттік нотариат туралы” ережесі енгізіліп, «Нотариалдық кеңселерерді тарату жөніндегі» Декрет алып тасталды. Көп уақыт бойы бұл ереженің жеке баптарына өзгерістер мен толтырулар енгізіліп отырды.