Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Окулык. жу.тіркеу.есепке алу.doc
Скачиваний:
106
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.01 Mб
Скачать

1.3. Жер кадастрының халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлерімен және жерді үйлестірумен байланысы

Халық шаруашылық есепке алудың кейбір түрлері шаруашылық қызметіне жатады және ақпаратты бақылау, жинау, өңдеу, талдау процесін жүзеге асыруға бағытталған /оларды бақылау және дамуына әсер ету мақсатымен процестерді сапалық көрсету, сипаттау/. Халық шаруашылық есепке алудың тиісті өлшемдері /натуралдық, еңбектік, құндық/, абсалюттік және салыстырмалы шамалары қолданылады.

Натуралдық өлшемдер /сан, ұзындық, салмақ/ шарушылық құралдарының нақты түрлері мөлшерін береді. Мысалы, жер ауданын тек қана натуралдық өлшемде көрсетуге болады /га/. Дегенмен, натуралды өлшемдермен тұтас өндірістік процестерді, әртекті объектілер мен процестердің /аудан, масса/ көрсеткіштері әр дақылдың тиімділігі бойынша бағаланса тұтас жер сапасын салыстыру мүмкін емес.

Еңбектік өлшемдер шаруашылық құбылыстарды көрсету үшін жұмсалған еңбек мөлшері, уақыт бірлігі /сағат, жұмыс күн/ ретінде қолданылады. Натуралдық көрсеткіштермен бірге олар еңбек төлемін, өндіру нормасын есептеу үшін пайдаланылады.

Құндық өлшем талдауда кең қолданылады, ол бүкіл шаруашылық әрекеттері нәтижелерін қорытуға мүмкіндік береді. Жер кадастрында оның көмегімен жерге жалпы баға береді.

Халық шаруашылық есепке алу жүйесіне оның келесі негізгі түрлері кіреді:

1/ статистикалық;

2/ бухгалерлік;

3/ қолма-қолдық /оперативный/.

Жер кадастырының құрамдық бөлігі ретінде жерді есепке алудың орны ерекше. Онда статистикалық және жедел есепке алу сәттері жанастырылады.

Статистика деп әдетте қоғамдық өмір немесе құбылыстардың жан-жағын сипаттайтын сан көрсеткіштері жиынтығын айтады. Статистикалық есепке алуда мәліметтерді алу, өңдеу, талдау бойынша айрықша тәсілдер қолданылады. Ол толық, орта шамалық және т.б. әдістер. Бұл әдістерді де жер кадастрында қолданады.

Бухгалтерлік есепке алу өндіріс жүрісін, кіріс, шығысты, қаржылық нәтижелерді көрсетіп бақылайды, оның объектісі шараушылық процестер, материалдық құндылықтар болып табылады. Ол қатаң құжаттылықта жүргізіледі, оған есепке алынатын екі жақты тексеру тәсілі тән.

Жедел есепке алу объектісі болып жеке шаруашылық операциялар, сондай-ақ өндірістің жеке звенолары саналады. Жедел есепке алуда натуралдық, ақшалық, еңбектік өлшемдерді қолданады.

Осы аталған статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алу жер кадастрында кең қолданады. Мысалы, жерлерді бағалауда, олардың пайдалануын сипаттауда дақылдардың шығымдылығы, алқаптардың өнімділігі, өнімдердің шығымдары, жалпы құны, жалпы және таза пайда туралы есепке алу құжаттарында болатын мағлұматтарды жер кадастрында кеңінен қолданады. Әсіресе ақпараттар алудың, өңдеудің, талдаудың статистикалық тәсілдері мәнді. Мысалы, жерді есепке алуда, бағалауда статистикалық топтау, бақылау және баланс әдістері, сондай-ақ салыстырмалы, орта шамалар, индекстер, корреляциялық талдаулар қолданылады. Өз кезегінде, жер кадастры мағлұматтарын жер пайдалануды талдау барысында статистикалық, бухгалтерлік жедел есепке алуда пайдаланады.

Жер кадастры жерді үйлеструмен өте тығыз байланыста. Олар жер қорларын ұтымды, тиімді пайдалануды, қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Екі жағдайда да жер табиғи қор және өндіріс құралы ретінде қаралады. Жер қорларын тиімді пайдалану, оларды территорияларды үйлестіру керектігін объективті түрде себептейді. Былай айтқанда, жерді үйлестіру арқылы мемлекет жерді нысаналы, дұрыс пайдаланады. Осының нәтижесінде халық шаруашылық, сапалық, шаруашылық ішкі тұрғыларда жақсы территориялық жағдайлар жасалынады.

Шаруашылықаралық жерді үйлестіру процесінде пайдаланатын жерлердің жаңа құрылымдары құрылып, кәзіргі қолданыстағылары ретке келтіріліп, өзгертіледі. Шаруашылық ішінде жерді үйлестіруде өндірістік бөлімшелерді, шарушылық орталықтарын, жол желісін, алқаптарды және ауспалы егістерді ұйымдастыру, бақтарды, жүзімдерді, шабындықтарды, жайылымдарды орналастыру мәселелері шешіледі. Учаскелік жерді үйлестіруде аз көлемді жер учаскелерінің, массивтерінің территорияларын ұйымдастыру мәселесі шешіледі.

Жерді үйлестіру мәселелерін шешу-республика-мыздағы барлық жерлер мен әр жер учаскесінің табиғи, шаруашылық және құқықтық жай-күйлері туралы нақты мағлұматтар алу қажеттігін білдіреді. Ал жер қорлары туралы бұл мағлұматтарды мемлекеттік жер кадастры береді. Жерді үйлестіру, мелиорация, рекультивация, жерлерді жақсарту жобаларын құруда кадастр мәліметтері бастапқы ретінде алынады. Жерлерді күнделікті есепке алуды жүргізуде алқаптардың бір түрінен екіншісіне көшу жобаларын іске асыру тексерулері, зерттеулері кадастр үшін қажетті мағлұматарды алу және бұрынғыларын дұрыстауға негіз болып саналады.

Бөлімге сұрақтар:

1. Есепке алу өлшемдерінің түрлері.

2. Жерлерді есепке алудың басқа есепке алу түрлерінен өзгешілігі неде?

3. Жер кадастрының шаруашылықаралық жерді үйлестіру мен байланысы неде?

4. Жер кадастрының шаруашылық ішінде жерді үйлестіру мен байланысы неде?