Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЗХТ УМК КАЗ.doc
Скачиваний:
473
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.78 Mб
Скачать

2.7. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізімі

  1. Мұнай мен газды тасымалдау және өңдеуге ұңғы басында дайындау процесінің технологиясы. Мұнайды газсыздандыру мен тұрақтандыру.

  2. Мұнай эмульсияларының түрлері мен оларды ыдырату әдістері.

  3. Мұнай және мұнайөнімдерінің физико-химиялық қасиеттері.(Компоненттік құрамы, тығыздығы, қаныққан бу қысымы, критикалық көрсеткіштері).

  4. Мұнайөнімдерінің жылуфизикалық қасиеттері (энтальпия, жылусыйымдылық, жану жылуы).

  5. мұнайды біріншілік өңдеу қондырғысының негізгі өнеркәсіптік кескіні (Комбинирленген біріншілік өңдеу қондырғысы-ЭЛОУ-АВТ-екіншілік айдау).

  6. Мұнайды біріншілік айдау өнімдері.

  7. Тауарлы мұнайөнімдерінің сипаттамасы. Отынның негізгі қаиеттері (бензин, реактивті және дизель отыны).

  8. Тасымалдау мен өңдеуге табиға газдар мен газконденсатты ұңғыда дайындаудың процесінің технологиясы. Қышқыл компоненттерден газдарды тазалау мен кептіру. Газдарды форакциялаудың негізгі өнеркәсіптік кескіндері (ГФУ мен АГФУ).

  9. Көмірсутекті шикізатты өңдеудің екіншілік процестері. Термиялық крекинг. Мақсаты.

  10. Көмірсутектерті шикізатты байытудың каталитикалық гидрогенизациялық процестерінің технологиясы.

  11. Каталитикалық крекинг процесінің технологиясы мен теориялық негіздері.

  12. Каталитикалық риформинг процесінің технологиясы мен теориялық негіздері.

  13. Бутан-бутиленді фракцияны каталитикалық алкилдеу процесінің технологиясы.

  14. Пентан-гександы фракцияның каталитикалық изомерлену процесінің технологиясы.

  15. Каталитикалық гидрокрекинг процесінің технологиясы.

  16. Ауыр мұнай өнімдерінің гидрокрекингі. Технологиялық кескіндері мен қолданылатын кескіндер.

  17. Каталитикалық крекинг. Процестің технологиясы мен аппаратуралық суреттелуі.

  18. Каталитикалық риформинг. Процестің технологиясы мен аппаратуралық суреттелуі.

  19. Изобутанды бутиленмен каталитикалық С-алкилдеу технологиясы. Шикізаты мен өнімдері.

  20. Қанықпаған алифатты қатар қосылыстарының полимерлері.

  21. Төмен тығыздықты полиэтилен. Алынуы. Қасиеттері. Ерекшелігі.

  22. Жоғары тығыздықты полиэтилен. Алынуы. Қасиеттері. Ерекшелігі.

  23. Полиизобутилен алу технологиясы.

  24. Полиизобутилен өндірісі процесінің сызбанұсқасы.

  25. Полиизобутилен қасиеттері. Қолданылуы.

  26. Қанықпаған ароматты көмірсутектердің полимерлері.

  27. Полистиролдың өсу көлемі мен өндірісін ескеретін факторлар және оның сапасына талап қойылатын алу әдістері.

  28. Стиролдың нақты полимерленуі

  29. Атактикалық полистирол алу әдісі.

  30. Полиметилметакрилат өндірісінің ерекшеліктері.

  31. Полиметилметакрилат мономерлері қалай анықталады.

  32. Полиакрилонитрил алынуы мен қасиеттері.

  33. Полиметилметакрилат қасиеттері.

  34. Фенол-альдегидті полимерлердің өндірісі.

  35. Новолакты фенол-формальдегидті полимерлер.

  36. Новолакты фенол-формальдегидті шайырлар өндірісінің процесінің сызбанұсқасы (үздікті әдіс).

  37. Новолакты фенол-формальдегидті шайырлар өндірісінің процесінің сызбанұсқасы (үздіксіз әдіс).

  38. Новолакты полимерлердің қасиеттері.

  39. Новолакты полимерлердің қолданылуы.

  40. Резолды фенол-формальдегидті полимерлер.

  41. Резолды фенол-формальдегидті шайыр өндірісі процесінің сызбанұсқасы.

42. Резолды фенол-формальдегидті шайырлардың қасиеттері. Қолданылуы.

  1. Композицияларда байланыстырушының ролі.

  2. Толтырғыштардың түрлері (ұнтақ тәрізді, талшықты, жапырақты).

  3. Фенол мен формальдегидтің қандай қатынасында новолакты шайыр алынады?

  4. Резолды шайыр синтезі үшін қандай мономер артық мөлшерде алынады?

  5. Текстолиттер дайындағанда қандай толтырғыштар қолданылады?

  6. Үздіксіз әдіспен новолакты шайыр синтезінде реакторлардың қандай түрлері қолданылады?

  7. Полимерлік материалдардың ерекше қасиеттері.

  8. Полимерлік материалдардың кемшілігі.

  9. Полимерлік материалдардың шикізат базасы.

  10. Пластиктердің негізгі типтері.

  11. Өнеркәсіптік талшықтар композиттерде армирлеуші материалдар ретінде қолданылады.

  12. Полимерлік материалдарды соңғы өнімге өңдеудің әртүрлі тәсілдері.

  13. Полимерлерді өңдеуге дейінгі қасиеттері.

  14. Компаундтау процесі.

  15. Араластыру әдісін кеңейте түсінік беріңіз.

  16. Каландрлеу. Процес барысы.

  17. Үлгіде құю.Ротациялық құю.Қысыммен құю.Қабыршақ құю.

  18. Тура формалау процесінде қолданылатын пресс-форманың кескіндік суреттелуі

  19. Қысыммен құю процесінің кескіндік келбеті

  20. Пнефмоформалау әдісі.

  21. Термопласттарды вакуумды формалау процесінің кескіні

  22. Листті термопластарды формалау процестерін кескіндеу

  23. Экструзия әдісімен жатық бұйымдар алу.

  24. Экструзия әдісімен құбырлар алу.

  25. Экструзия әдісімен үрлеп Технология получения пленок из ПЭ методом экструзии с раздувом.

  26. Реактопласттарды формалаутехнологиясы.

  27. Пластмассаны каландрлеу мен прокатка. Технология ерекшелігі.

  28. Реактопласттан бұйым шығару ерекшелігі – үлестеу мен қыздыру.

ГЛОССАРИЙ

Технология – бұл өндірістік процестердің жүргізу құралы мен әдістері бойынша білімдер жинағы.

Химиялық технология – ішкі құрылысы мен құрамы, қасиеті терең өзгеретін процестерді зерейді.

Шикізат - өнеркәсіптік өнімдер өндіруге қолданылатын бастапқы материалдар.

Жартылай өнім - өнеркәсіптік өңдеуге ұшыраған шикізат.

Ілеспелі газдар дегеніміз, мұнай скважинасынан оны өндіргендегі мұнаймен бірге бөлінеді.

Газды бензин дегеніміз жеңіл бензин фракциясы, ол бензинсізденген ілеспелі газ нәтижесінде алынған және қаныққан көмірсутектерден тұрады

Табиғи дегеніміз, таза газды кенорнынан өндірілген. Құрамы бойынша ол ілеспелі газдан біршама ерекшеленеді.

Газконденсат – пластты қысымы жоғары бірқатар газды кенорындары газдағы сұйық көмірсутектердің біршама мөлшері болуымен ерекшеленеді.

Мұнайзауыттық газдар. Оларда қаныққан және қанықпаған көмірсутектер болады С1 – С4. одан басқа, бұл құрам газдарына көбінесе сутек, күкірсутек пен меркаптандар кіреді.

Сұйық мұнайөнімдері (дистилляттар мен қалдықтар). Оларда бірқатар құнды компоненттер қатары бар, ол мұнайхимиясында қолданылады. Тура айдаудың бензині мен крекингінде пентандар, гександар, циклопентан, метилциклопентан, циклогексан мен оның гомологтары бар.

Сусыздандыру процесі негізіне мұнай эмульсиясын ыдырату жатады, ол мұнайдың сумен түйісуі нәтижесінде түзілген.

Конденсат - сығылған газ қондырғыдан енгізіп ГӨЗ бағыттайды.

Жанғыш газдарды кептіру. Табиғи газдарды кептіру үшін абсорбциялық процесс кең қолданылады, абсорбент ретінде жоғарыконцентрленген гликоль ерітнділері – диэтиленгликоль (ДЭГ), триэтиленгликоль (ТЭГ), сонымен қатар пропиленгликоль (ПГ) қолданылады.

Жылуалмасқан аппараттар. Оларды шикізат пен өнім процесінде қатысатын қыздыруға, булануға, конденсациялауға, суытуға қолданады.

Каталитикалық крекинг мақсаты– жоғарыоктанды бензин мен құнды сығылған газдардың технологиялық шығымы жоғары өндіріс (50% дейін және одан жоғары), сонымен қатар мұнайхимиялық процестер үшін шикізат.

Бағадат Самат қызы Селенова

Айгүл Жадыра қызы Керімқұлова