Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кодекс о здоровье народа_kaz.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.02 Mб
Скачать

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру

 

23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері

1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері:

1) бюджет қаражаты;

2) ерікті сақтандыру қаражаты;

3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру:

1) мемлекеттік медициналық мекемелер үшін – жеке-дара қаржыландыру жоспары бойынша;

2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары үшін – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарт негізінде жүзеге асырылады.

 

25-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану

1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеуге;

2) денсаулық сақтау саласындағы бағдарла­маларды іске асыруға;

3) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;

4) дәрілік заттарды, орфандық препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-био­ло­гиялық препараттарды, сондай-ақ медициналық мақ­саттағы бұйымдар мен медициналық техни­каны сатып алуға;

5) инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға;

6) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға;

7) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады.

2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығын­дарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Шығындарды өтеу көрсетілген медици­налық көмектің сапасы мен көлеміне уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

 

 

7-тарау.

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру

 

26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері

1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен электрондық қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері болып табылады.

2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттан­дыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып табылады.

3. Денсаулық сақтау саласының ақпараттан­дыру саласындағы қызмет «электрондық үкімет» шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпа­раттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды, жеке және заңды тұлғаларды меди­циналық-статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер ұсынуды қамтиды.

 

27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттан­дыру мынадай:

1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресми­лендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;

2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды кеңінен пайдалану;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпа­раттық ресурстарға еркін қолжетімділікті қамта­масыз ету;

4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;

5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурс­тары деректерінің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) әрбір пациент туралы ақпараттық ресурс­тарды персоналдауды және пациенттің персо­налдық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету принциптеріне негізделеді.

 

28-бап. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету

1. Денсаулық сақтаудың жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстары алынуы, өңделуі мен пайдаланылуы оларды жинау мақсатымен шектелетін құпия электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады.

2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардың (пациент­тердің) денсаулық жағдайы туралы мәлімет беру жеке тұлғаның (пациенттің) келісімімен жүзеге асырылады.

3. Персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері оларды жария етуден қорғау (құпиялылықты сақтау) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Мұндай міндет персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жібергенге не дерексіздендіргенге дейін немесе осы деректер өзіне тиесілі адамнан оларды жария етуге келісім алынғанға дейін сақталады.

4. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

5. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға медициналық персоналдың қолжетімділігі жеке тұлғаға (пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатымен ғана шектелуге тиіс.

 

 

8-тарау.