Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Borokko.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
148.99 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта айтқанда, Барокко – стиль және белгілік бағыт болып табылады, оны өнер синтезге, сәулет өнерінің қосылуына, мүсін өнеріне, кескіндеме өнеріне және декоративті өнерге ұмтылыс деп есептеуге болады.

Барокко өнеріндегі адам әлемнің бір бөлшегі деп танылады. Осы стильде гармонияны сақтау жоқ. Барокко өнеріне тән: батыл контрастты масштабтар, жарық және көлеңке, шынайылық пен фантазияны қосатын түс.

Ең басты белгілері: салтанаттылық, сәнділік,қозғамалылығы, өмірлік иландыру мінезі.

Барокко Қайта өрлеудәуірінен кейін пайда болып,Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық

қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің

ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері

болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды.

Барокко стилі өнердің ең бір жұмбақ стильдердің бірі және Ренессансқа өзгеше жауап ретінде пайда болды. Барокко өнері сәнді, қызулы, тынышсыз, өсіңкі, ассимметриялы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. италяндық суретшілердің кескіндемелеріне топырлаған бұлшық еті ер адамдар және кеуделері толық әйелдер, дастархандары тағамға толған, құйындай иретілген сәнді оюланған матадан тігілген киімдер, орасан зор антикалық ғимараттан аспанға қалықтап бара жатқан үлкен қанатты періштелер. Барокко өнері өзінің әдейілеп театралдығымен кескіндеменің көзге бұлыңғырлығын, әдебиетте сөздегі сырбаздықты ұнатады. Реформация дүниеге келген протестанттық елдерінде ғибадаттық сыртқы көріністерге онша көп назар аударылмады. Сыртқы көрініс католиктердің ең негізгі алдамшысына айналды, керек болса оған дін тәртібін ұстаушылық та құрбан етілді. Папалықны католик шіркеуінің аясына көшіруде орасан зорлығымен, кей уақытта асыра сілтейтін экспрессивтігімен, патетикасымен, сезімге қатты назар аударатындығымен, әсіресе кереметті бейнелеуімен, дене бастамасымен, елестетумен, діни экстаздығымен және т.б. қасиетерімен барокко стилі үлкен роль атқарды.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.

  2. http://kk.wikipedia.org/wiki/Барокко

  3. kazakh.irib.ir

  4.  Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. 

15

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]