Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Borokko.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
148.99 Кб
Скачать

Іі. Барокко дәуіріндегі мәдениет

2.1. Барокко дәуіріндегі музыка, сурет өнері

Барокко өнерінің негізгі түрлері парк және сарай ансамбльдері, діни сәулет, сәндік кескіндеме және мүсін, салтанатты репрезантативті портрет болып саналады.

Кескіндемеде барокко кескіндемелік таңба линияларын, массаны, көлем жасалатын жарық-көлеңкелі контрастыларды жоғары бағалайды. Мұндағы ең жоғары жетістіктер итальяндықтар Аннибале Каррачи (1560-1609 ж.ж.), Караваджо (1573-1610 ж.ж.), фламандықтар Питер Пауль Рубенс (1577-1640 ж.ж.), Антонис ван Дейк (1599-1641 ж.ж.) есімдерімен байланысты.

«Аласапыран кезеңнің» жалпы хаосынан шығу жолдарының бірі кейбір ғалымдардың, жазушылардың, философтардың өзіндік әдеби жанр - әлеуметтік утопияға көңіл бөлуі болды. Кампанелланың ізін қуушы француз жазушысы-еркін ойшыл Сирано де Бержерак (1619-1655 ж.ж.) болды. «Басқа Әлем немесе мемлекеттер мен Ай империялары» романында автор Айға ұшып барған кезді және оны мекен етушілердің әдеттері туралы әңгімелейді. Көптеген жазушылар, ойшылдар, суретшілер үшін «аласапыран кезеңнен» құтылу жолы Антика мұрасына бет бұру болды. Сол өткен заманнан жаңа дәуір заманында таппаған сұрақтарға жауап табуға тырысты. Бұған француз суретшісі Никола Пуссеннің шығармашылығы айғақ бола алады (1594-1655 ж.ж.). Оны антиканың табиғат пен адам арасындағы үйлесімі қатты қызықтырды.

Сурет өнері. 16 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырда Италия өнерінде бояуы бай, сәндіктің жоғары дәрежесіне көтерілген барокко өнері [мүсінші Л.Бернини, суретші Пьетро да Кортона (1596 – 1669)] басым бағыт болды. 16 ғасырдың аяғында Болонья мектебінде (М.Караваджо; Г.Рени, 1575 – 1642) академизм ағымындағы кескіндеме қалыптасты. Қазақ мемлекеттік көркемсурет музейінде Моретто да Брешианың (Алессандро Бонвинчино болуы мүмкін, 1498 – 1554 ж.) “Нәрестелі мадоннасы”, Лука Камбиазоның (1527 – 1585) “Алтын ғасыры”, Франческо Моланың (1612 – 66) “Аласталған Агариі” т.б. суретшілердің әр кезде, әр түрлі әдіспен орындаған шығармалары сақтаулы.

Музыканың дамуы. Соңғы Ренессанс дәуірінің музыка өнері Италия бароккосында көрініс тапты, жаңа жанр — опера пайда болуы соған байланысты. 1581 жылы В.Галилей "Ежелгі және жаңа музыка туралы диалог" деген пәлемикалық трактат жазды. Галилейдің ойларын 1570 жылда Флорентий камератасына біріккен бір топ ақындар, музыканттар және гуманист-ғалымдар қолдады. Бұл үйірменің кайраткерлері Я.Пери мен О.Ринуччини ең алғашкы "Дафна" және "Эвридика" (музыкасын жазуға 1600 жылы Дж. Каччини қатысты) операларын жазды. Кейінірек "Эвридика" операсына Дж. Каччини либретто жазды; ол "Жаңа музыка" деген бір дауысты мадригал мен ария жинағының авторы; өз операларына төн стилистикалық принциптерді дамытқан. Бұл мәнерге "жаца стилъ" немесе "бейпелеу стилі" деген ат берілді. К.Монтеверди операға драматизмді кіргізді, оның шығармашы- лығының шыңы — "Помпейдің таққа отыруы" операсы. Венецияда операны бәрі көре алатын болды, ал 1637 жылы мұнда ең алғашқы "Сан-Кассиано" деген опера театры ашылды. Мифологиялық тақырыптың орнына тарихи сюжеттер, драмалық және батырлық, комедиялық және фарстық тақырыптар енді. Римде комедиялық опера жанрының үлгілері пайда бола бастады ("Кезбе де уміттенеді" Моццокки және Мараццоли, 1636; "Жаман айтпай жақсы жоқ" Аббатини және Мараццоли, 1653). М.А.Чести операларында вокалды рөлдер көбейді. Оның "Алтын алма" (1667) операсы Еуропа елдерінде көрсетіле бастады. XVII ғасырда соңында Италия операсының дамуындағы негізгі рөл Неапольға ауысты. Неаполитандық опера мектебінің алғашкы ірі кайраткері Ф.Провенцале, бірақ оның негізгі басшысы А.Скарлатти болды. Ол опера-сериа түрінің типтік белгілерін бекітті. Ол ән айту және аспапты опера түрлерін байытып дамытты, сонымен қатар ол Италия операсының увертюраларын жасады. Операмен тығыз байланыста әдеби емес діни өнер — оратория жаңа жанры дамыды. Бұл Дж.Кариссими шығармашылығында өзіндік орыналды. Кейін А.Страделла ораторияға драмалық патетика элементтерін енгізді. Дж.Кариссими мен Л.Росси ораторияға туыс камералық кантата жанрының шеберлері болған. Шіркеулік музыка авторының ішінде Г. Аллегри, П.Aгостини, О.Беневолиді атап өтуге болады.[4]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]