Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Borokko.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
148.99 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ әдебиеті кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Барокко дәуірі

Орындаған:___________________

__________________

Тексерген:___________________

___________________

Қарағанды – 2014

Жоспар

КІРІСПЕ.......................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. Барокко дәуірі

1.1. Барокко дәуіріне жалпы сипаттама.........................................................4-5

1.2. Римдік Барокко.......................................................................................6-8

1.3. Ирандық барокко...................................................................................9-11

ІІ. Барокко дәуіріндегі мәдениет

2.1. Барокко дәуіріндегі музыка, сурет өнері...........................................12-13

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................14

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................15

Кіріспе

Жаңа заман стильдері — заман талабынан туған мәдени қажеттілік болып саналады. Солардың бірі — мәдениет саласындағы ескі дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра білген өнердегі мүлде жаңа стиль — барокко бағыты болды. Барокко — астарлы, әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі — абсолютизм дәуіріндегі дворяндық мәдениет. Барокко — халықаралық құбылыс, ол әсіресе Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайлар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер саласының қалыптасып дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стильде зәулім сарайлар мен парк ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дөуірінде парктер мен бақтар — философиялық әңгімелер мен ойтолғаныстарының негізгі орталықтары болды. Олар — табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға айналды. Парктер мен бау-бақшаларкомпозициясын музейлер мен театрлар, сурет галереялары мен кітапханалар, ғибадатханалар және т.б. мәдени ошақтар одан әрі түрлендіре түсті.[1]

Барокко»деген сөз «өзгеше»деген мағынаны білдіреді. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды.

І. Барокко дәуірі

1.1. Барокко дәуіріне жалпы сипаттама

Барокко (италяндық barocco - әлеміш) — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль. Барокко Қайта өркендеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Барокко»деген сөз «өзгеше»деген мағынаны білдіреді. Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.Тың ағым ғажайып өзгешелігімен,бас айналдырар, шым-шытырық әшекейлерімен,адам ойлағаннан да асып түсетін безендіруі мен көрерменді таңдандырады.Бұл өнердің қызметін католик шіркеу иелері мен ел билеушілері жақсы пайдаланды.Осы өнер арқылы олар өздерінің мығым да,айбынды билігін, күшін көрсетіп бақты. Сондықтан да «барокко»өнері шіркеулер мен кароль сарайларында барынша өркендеді.Біртіндеп өзінің сипатымен бүкіл Европаны тәнті еткен бұл ағым-испандықтар арқылы Америкаға дейін тарады. Қазірге дейін Америкаға жайылған сол барокко ағымы «испан стилъі» деп атайды.

Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды. Мысалы, Италия архитектурасында Барокконың стильдік ерекшеліктері ғимараттың іші-сыртына бірдей сіңіп кеткен. Барокко стиль ретінде, алдымен,Италияда қалыптасты. Өйткені, 17 ғасырдағы ірі шеберлер: архитектор әрі мүсінші, Италияның ең үлкен архитектор ансамблі — Әулие Петр соборының алдындағы алаңның авторы Л.Бернини, Сан-Карло шіркеуінің авторы Ф.Бароминни, Римдегі Санта Мария шіркеуінің авторы К. Райнальди, күрделі композициялық шешімге әуес, Туриндегі Кариньяно палаццосының авторы Г. Гваринилер осы стильде жұмыс істеді. Ал Францияда құрылыстың сырты классикалық қалпынан көп өзгермеді, бірақ ішкі әрлеуінде ерекше байлық, салтанат (Во Ле Виконт қорғаны, Версаль сарайының cоғыс және бейбітшілік залы) көз тұндыратын. Бұл кезеңдегі француз архитектурасына классикалық сыртқы түр мен Барокколық ішкі мазмұнды қарама-қарсы қою тән болды. Тұтастай алғанда, Франция архитектурасы абсолютизм идеясын (Версаль сарайы мен паркінің жобасы) ашық білдірді. Испанияның сол кездегі әлеміш формаларға жақын тұрған архитектурасы Италия Бароккосын қабылдауға жайлы жағдай жасады. Мұндағы Барокко жетістіктері Х. Чурригердің және оның шәкірттерінің (чурригереск мәнері, яғни Чурригер енгізген ерекше әлемнің безендіру бөліктері) еңбектерімен тікелей байланысты. Бельгияда Барокконың дамуына Италия мен Испанияны көп аралаған атақты суретші П.П. Рубенстің үлкен ықпалы болды. Германияда бұл бағыттағы құрылыс 18 ғасырдың басында ғана өрістеді және оны осы елдердегі Барокконың жиынтығы деуге болады. Өйткені, елдің батысы мен Баварияға француз құрылысшылары, солтүстік аймағына нидерландтар, оңтүстігіне италиянлықтар қатты әсер етті. Барокко стиліндегі айтарлықтай сарайлар мен шіркеулер 17—18 ғасырда Чехияда да (Черн графтарының сарайы, Прагадағы Әулие Николай шіркеуі) тұрғызылды. 17 ғасырдағы төңкерістің әсері тиген Англияның классикалық архитектурасында да сол кезеңнен бастап Барокко белгілері қылаң берді. Барокко заманында сәулетшілердің сәулеттік айшығы валюталар болды. Олар фасадтар мен терезе жақтауларына қолданылды. Барокко ғимараттары әр түрлі шым-шытырық роспистермен, мүсіндермен көмкерілді. Кереге мен төбедегі сұңғат шығармалары алданыш кеңістік ұғымын тудыратын. Барокко заманында мүсін өнері дамып, сәулет өнерінің бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасты. әр түрлі мүсін бейнелері сарай, бөлме ішін әсемдеуге, үйдің фасадтарын көркемдеуге қолданылды. Бұл мүсіндер орта ғасырдағыдай белгілі бір тақырыпқа құрылмады, олар тек әсемдік ролін атқарды. Сонымен қоса сәулет өнерінің толықтырушысы болып табылды. Сая бақтар мен сая жолдар ежелгі аңыздарға құрылған мүсіндермен көмкерілді. Мүсін тұғырлармен безендірілген неше түрлі фонтандар өмірге келді. Барокко мүсіні әдеттегіше өте қимыл-қозғалысты, бай киім киілген ке»йіпте бейнеленеді, сонымен қоса (егер жалаңаш күйде сомдалса) өте ойлы, маңызды түрде сомдалатынды.

1.2. Римдік Барокко

Барокко сәулет өнерінің туған Отаны-Рим болды. Бұл жаңа өнер ағымы шіркеу құрылыстарында кеңінен қолданылды.Соның бір айғағы-Римдегі Санта-Сусанна шіркеу ғимараты.Ғимарат екі қабатты, қанатты фасадтан тұрады. Фасадтағы жартылай діңгегтер мен пиластрлерден құралып, жоғарғы жағын үш бұрышты фронто»маңдайша шатыр»қамтиды.Ұзыншақ төменгі яруспен енсіз шағын жоғарғы ярус бір-бірімен екі бүйірінде»волюта»деп аталатын сәулеттік әшекеймен жалғасады. Барокко сәулет ғимаратының тән тағы бір ерекшеліктер, оның керегелері біресе ішіне кіріп,тіресе сыртқа шығып, түрлі иірімді «қозғалысты қимыл»жасап, түрлендіріп жасалатындығында. Осындай түрлендіріліп тұрғызылған сәулет ғимаратының шебер жобалаушысы атақты Франческо Борромини (1599-1667)болды. Сәулетшінің ғимараттарына тән нәрсе, қабырғаларының құбылмалы жасалуы еді. Сол кездегі аса ірі мүсінші және сәулетші италяндық Лоренцо Бернини (1598-1680) барокколық ағымды өркендетуде үлкен үлес қосты. Оның негізгі жұмыс аренасы – Рим қаласы болды, сондықтанда қаланың барокколық бет-бейнесін жасауда өзіндік із қалдырды. Суретшінің ең белгілі жұмыстарының бірі – мифалогиялық тақырыпқа құрылған жер асты патшасы Плутонның Прозерпинаны ұрлауы. Сонымен қоса «Экстаз әулие Тереза» жұмысы өзінің орындалуы, сомдалуы жағынан өте жоғары шеберлікпен салынған жұмыс екенін көрсетеді. Егер бұл жұмысқа аса ынта қойып қарар болсақ, мәрмәр тастан қашалған киім қыртыстары, ұлпа бұлт, адам қимылы аса бір әсем иірімдердің қабаттаса, жарыса өрнектелуімен көз тартады. Ең алғаш сұңғаттың да барокколық ағымы осы Италияда пайда болды (17 ғ.). италияның атақты сарайлары мен шіркеулері барокко стиліндегі сұңғаттармен безендірілді. Барокколық ағым негізін салушы Каррачилер семьясы сол кезде Болонье мен Римде антикалық тақырыпқа салынған көптеген роспистер жазып, жұмыстары ондаған жырдар бойы кейінгі толқын суретшілерге үлгі бола білді.

Рим бароккосының көрнекті өкілі — сәулетші, мүсінші Франческо Барромини (1599—1667). Оның Римдегі Сан Карло Алле Куатро Фонтане шіркеуі барокко стиліне сай және өзінің ерекшелігімен көзге түседі. Бұл ғимарат элементтері ірі және жылжымалы тәрізді. Ондағы періште бейнелері қабырғадағы сопақша гербті ұстап тұр. Барокко сәулетшілерінің ең ұнамды элементтерінің бірі — сопақша еді. Сан Карло шіркеуінің бұрышы кесілген және алдында фонтаны бар төрт мүсін орналасқан. Сондықтанда ғимарат атауы — Алле куатро Фонтане. Ф.Барроминидің екінші құрылысы — Сант Иво алла Сапиенда шіркеуі.

Барокко тамаша көріністерге бай болды. Римдегі барокко көрермендердің негізгі ансамблі ретінде қалыптасты. Олготика дәуіріндегідей сәулет өнерін, мүсін мен кескіндемені біріктірді. Барокко шеберлері өнерді табиғатпен байланыстырумен қатар театр құрды. Үлкен сарайларды — саябақтармен, демалыс орындарымен және су бұрқактармен әшекейледі.

Барокконың көрнекті мүсіншісі — Лоренцо Бернини.Ол ұзақ өмір сүрді, сарайда патша қарамағында қызмет істеді, көптеген тапсырыстарды асқан шеберлікпен орындады. Лоренцо Бернини — қасиетті Петр Соборын әрі қарай жалғастырып, әшекейледі.

Жалғыз ғана үлкен мүсіндер тобы Санта-Мария делла Виктория атты шағын шіркеуде орналасқан. Бұл мүсін Бернини шығармашылығын тереңінен ашады, ол мәрмәрден спектакль ретінде жасалды. Оның “Давид”, “Аполлон мен Дафна” атты шығармалары белгілі. XVII ғасырдағы Италия кескіндемесінде көрнекті суретшілер орын алды. Солардың бірі —Римде, Испанияда жұмыс істеген Микеланджело да Караваджо (1573—1610). Оның шығармалары: "Савлдың өзгеруі" (1600—1601). Мұндағы Савл — римдік әскери басшы, қасиетті христиан Павелге айналды. Метафоризммен катармифологиялық, библиялық (діни) көріністің көмегімен бейнеленген. Сызықтық композиция мен тұрмыстық жанр қолданылған. "Мария Құдай-апа әлімі" (1605—1606) — мұнда негізгі көрініс Мария өлімі."Табытқа салу" (1602—1604) — батырлық көрініс көтеріңкі бейнеленген. "Қасиетті Матвей" шығармасында алғаш рет қасиетті адамды қарапайым етіп бейнелейді.[4] Суретші көп жасамаса да, артына өлмес мұралар қалдырды, өмірді бар болмысымен қарапайым бейнелеуге бейім болды. Ол басқа суретшілер сияқты, мысалы: Тинтеретто мен Эль Грекодай стилизацйалы форьмаларды жазбады жөні жоқ мақсат етті. Кезінде Каравачо өз еңбектерінің ерекшелігімен аса кемеңгер шетберлігімен бүкілш Европаны тәнті етті. Суретші көбінесе жарық пен көлеңкенің тылсым табиғатын зерттей отырып, оны өз еңбегінде шеберлікпен пайделанды. Оның белгілі жұмыстарының бірі «корзинкамен жеміс –жидек ұстаған бала» атты туындысы. Мұнда суретші қарапайым қызметші баланы бейнелеген туындыдағы жеміс-жидек өмірдегідей, шыншылдықпен берілген. Суретші бейнелеген заттардың не нәрседен екенін керемет зерделікпен бейнелей білген. Караваджо жұмыстарын басқа жұмыстардан тез айыруға болады. ол көбінесе іңірдегі немесе ала көлеңкелі шаты бейнелейді. Бұл әдісті кейін көптеген суретшілер қабылдап өз еңбектерінде қолдануды мақсат етті.

ХI ғасырдың орта шенінде француз монах-шежірешісі Рауль Глабер жұрағаттарына шұбарланған латын тілмен мынадай жастық шақ естелігін арнады: «1000 жылдан кейін, көп ұзамай шіркеулер салу қайтадан басталады және мұның өзі барлық жерде дерлік қолға алнуда, бірақ негізінен бұл іс Италия мен Галлияда кең өріс алып жүргізілуде. Оларды тіпті ешқандайқажеті болмаса да салды, өйткені әрбір христиан қауымы көршілерінен гөрі анағұолым әсем шіркеулер салу үшін жарысқа түсуге асыққан. Тегінде, дүние өз өне бойын шіркеулердің ақ жасауына орау үшін өзінің ескі-құсқысын сілкіп тастағандай болады». Ол бір қатал, қатерлі, сонымен бірге, жасамраз да дәуір еді. Ол феодализмнің ең жоғары дамудәуірі болатын, демек, оны ізденіс дәуірі емес, әлументтік ұйымның тұрақты формаларын табу дәуірі, жасанды немесе кездейсоқ емес, ұлттық сана-сезімнің оянуынан табиғи түрде туған жаңа мемлекеттік құрылымдар дәуірі деп түсінген жөн. Иә ол енді ізденіс дәуірі емес, бір-бірімен қосылмай орта ғасырлардың бас кезіндегі дүниетанымға әсер еткен ағымдар мен тығыз қарым –қатынастардың және дәстүрлердің қандай да бір синтезін жас Европа тапқан уақыт еді. Сәулеткерлік бүкіл орта ғасырларда жетекшілік өнерге айналған, бұған сондағы нағыз асқаралы ғимарат құрылысы дәлел.

Орта ғасырлардың бас кезінде ғимарат қабырғалар мәні жағынан геометриялық және абастрактылы болып келетін әшекейлі ою-өрнекпен көз тартып тұратын. Роман өнері мұндай ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен толықтырып, кейде тіпті, ауыстырып та отырады, бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға мүмкіндік берген еді. Сонымен, міне, ғимаратың тас тұлғасы шебер қырналған адам бейнелерімен ажарланатын болды. Ол бейнелер қандай да бір інжіл ертегісін көрнекті түрде елестететін көп фигуралы композицияға үнемі біріктіріліп отырылды.Болмаса осындай композицияның бейнелі құрылысын ақындайды. Мысалы, міне, «Құпия жиын», тамақтану сәтінде шәкірттерінің ортасында отырған Христос.Композиция әсем тимпанның жартылай шеңберінде-шіркеу порталы есіктерінің үстіңгі жағындағы аркамен көмкерілген кеңістікте өрбеиді. Фигуралардан суретшінің аса байқағыштығы айқын көрінеді. Бірақ олардың бір-біріне қарым-қатынасы бізге өмірде болатындай немесе болуға тиіс жағдай сияқты әсер бермейді. Бұл арада декоративтік өнер заңдарының ықпалы тиген. Жартылай шеңберлі алаңда тамақтанып отырғандардың фигуралары шыңы Христостың ең үлкен тұлғасы болып табылатын үлкен пирамида құрап, әр түрлі көлемдегі бейнелер болып шыққан немесе стол фигуралармен бірге тимпанға ұқсас болып жартылай иіліп тұрадыда, Христос тағы та өзгелерден шоқтықты болып көрінеді. Бұл жерде ең маңыздысы, жоғарғыдағы екі көріністе де тәңіріні көрнекі түрде дәріптеу және кеңістікті әсем толтыру сияқты негізгі екі міндет шешілген. Біздің алдымызда штрихтар емес, шиыршықтар мен сызықты әшекей емес, адам бейнелері тұр. Бірақ бұл композициянаң тұтас болмысыда, оның майда шүйдесіде қайталаулары, алмасулары, толысқан диагоналдары бар, геометриялық дәлдігімен симметриясы сақталған обстракты ою-өрнек істепті болып құрастырылған. Оның үстіне тұлғалардың ішінара әрбір өзгеріс сәндікке ықпал етіп қана қоймайды,сонымен бірге, белгілі бір фигураның да, бүкіл композицияның да бейнелі мәнерлігін ұштай түседі.Бұрынғы романдық және одан неғұрлым кейінгі бейнелеу өнері сияқты, мұнда да абстаркты ою-өрнекті циркуль мен сызғыш жүйелеп отырған[2].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]