Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЖ 5.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
515.16 Кб
Скачать

Ip-адрестеу жүйесі

Бүкіләлемдік желіні ұйымдастыру үшін, әрине, адрестеудің ең жақсы жүйесі пайдаланылады. Internet одағы Internet –тің барлық түйіндерін адрестеу үшін ІР-адрестеу деп аталатын бірегей стандарт орнатты. Кез-келген IP-адрес 1 мен 254 интервалы арасындағы өзара нүктемен бөлектенген төрт саннан тұрады. Төменде IP-адрестің мысалы келтірілген: 10.18.49.102. IP-адрестеу схемасында 0 мен 255 сандары да пайдаланылады, бірақ, олар арнайы мақсаттар үшін сақталған. 255 саны IP - желінің барлық компьютерлеріне дейтаграммаларды бағыттау үшін пайдаланылады. 0 саны ад­ресті толық та дәл көрсету үшін пайдаланылады. Жоғарыда көрсеткен мысалда адрес 10.18.49.102. желісінде 102 түйінді белгілеу үшін келтірілген делік. Онда адрес 10.18.49.0 тек желіні, ал 0.0.0.102 бір түйінді белгілейді.

IP-адресін бірнеше түйіні бар желілер, миллиондаған түйіндері бар желілер құру үшін де пайдалануға болады. Ол үшін Internet Одағы бір-бірінен өлшемі бойынша ерекшеленетін желілердің үш класын анықтады:

  • Класс А: Миллиондаған түйіні бар үлкен желілер. Онда біріншісі (сол жағындағы) желінің адресін анықтайды. Қалған үш тобы – түйіннің нөмірлерін белгілейді.

  • Класс В: Мыңдаған түйіні бар орташа өлшемді желілер Алғашқы екі октет (сол жағындағы) желінің адресін белгілейді.. Қалған екеуі (оң жағындағы) — түйіннің нөмірін анықтайды..

  • Класс С: Бірнеше жүздеген түйіні бар желілер. Алғашқы үш октет желінің адресін, соңғысы- түйін адресін анықтайды.

Желідегі барлық компьютерлердің, Internet-ті айтпағанда, IP-адрестерін есте сақтау мүмкін емес.

Сондықтан, 1993 жылы Internet желісінің иформациялық орталығы (Internet Network Information Center — InterNIC) құрылды. Оның қызметі - домендік аттар жүйесін (Domain Name System — DNS) басқару .

Бұл механизм сандық IP-адрестердің орнына домендердің жеңіл есте қалатын символдық аттарын ұсынды. Мысалы, АЭСА ЕНД кафедрасының оқытушысының comsys.end -aesa домендік атты оған сәйкес 10.18.49.102 IP адреске қарағанда есте сақтауға көп мүмкіндігі бар.

Сізге IP-адрес бөлініп берілгеннен соң, өзіңізге домендік ат таңдауыңыз керек, жоғарыдағы мысалда — соmsys. Таңдап алынған домендік ат бірегей болуы керек, және сонымен қатар, Internet-тің қандай-да бір адресімен сәйкес келмеуі керек. Сіздің доменнің аты домендер аттарының иерархиялық мәліметтер базасына қосылады.

Домендердің аттарын сақтау және басқару үшін аттар серверінің иерархиясы пайдаланылады. Бұл серверлерде домендік аттардың мәліметтер базасы және олармен байланысқан IP-адрестер орналасады. Егер желіні қолданушы қандай-да бір Internet-адреске қосылғысы келсе, онда ол жергілікті аттардың серверіне хабарласады. Бұл сервер басында өзінің мәліметтер базасынан IP-адресті табуға тырысады. Оны тауып болғаннан соң, ол адресті сұраныс жасаған компьютерге қайтарып береді, ал ол Internet-ке қосылады.. Егер мәліметтердің жергілікті базасында домендік аттар табылмаса, онда сервер сұранысты иерархия бойынша өзінен жоғары тұрған серверге жібереді. Осы процесс сұраныс аттардың түбірлік серверіне (root name server) жеткенше жіберіледі. Бұл серверде белгілі бір типті домендерге жататын домендік аттар мен IP-адрестер жинақталған. Аттардың түбірлік сервері Америка Құрама Штаттарында орналасқан және InterNIC қарамағында, турасын айтқанда соны қолдайды. Түбірлік сервердің мәліметтер базасынан IP-адрес табылғаннан соң ол сұраныс жіберген компьютерге қайтарылады. Кері жағдайда сервер доменнің аты жоғы жайында мәліметті қайтарады. Түбірлік серверден қайтатын IP-адрестер домендер аттарының жергілікті сервері кэш-жадында сақталады. Бұл жиі пайдаланылатын серверлерге сұраныс жасауды жеделдету үшін қажет, яғни аттардың түбірлік серверіне сұраныстар мөлшерін азайтады

Сонымен қатар, домендер аттары жоғарғы деңгейдің категорияларын қамтиды.

Мысалы, домен атының басындағы www сервер World Wide Web бойынша байланысты ұстайтынын білдіреді.

World Wide Web туралы материалдарды келесі лекцияларда толық қарастырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]