Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЖ 5.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
515.16 Кб
Скачать

Интернетке қосылу әдістері

Бүгінгі күнде Интернетке қосылу әдістерінің ең оңай түрі - аналогты және аналогты-цифрлы телефондық желіні пайдалану. Әрбір байланысуында Сіздің компьютерден модем арқылы телефондық желі бойынша провайдеріңіздің Интернеттің ресурстарына қолжеткізуге мүмкіндік беретін жақындағы локальді компьютеріне сигнал түседі. Локальді компьютермен байланыс жылдамдығына көптеген факторлар әсер етеді: модемыңыздің сапасы, телефондық желілердің қалпы и провайдердің техникасының жұмысының көптігі. Байланыстан кейінгі желіде жұмыс істеу жылдамдығы жоғарыда айтылған факторлар және жеке түйінділердегі жағдайға байланысты. Кейбір кездерде «тығындалулар» болуы мүмкін, олар траффиктің (traffic) жұмысының көптігіне, яғни желі арқылы жіберілетін ақпараттың көлемділігіне байланысты. Мұндай жағдайлар бір уақытта көптеген пайдаланушы бір серверге сұраныс жібергенде де тууы мүмкін. Мұндай (dial-up) сеанстың пайдасы неде? Оның арзандығында. Интернетке телефондық желі арқылы шығу ең арзан болғандығымен айтатындай кемшілігі де бар: сигнал екі рет өңделінуіне байланысты /цифрлық - аналогты - цифрлық/ ақпараттық бұрмалануы мүмкін, тозған телефонды кабельдерге жауын да әсерін тигізеді, осыларға қоса модем арқылы байланыстың жылдамдығы аудио және видео ақпараттан нақты уақыт режимінде толық ләззат алуға мүмкіндік бермейді.

Провайдер таңдау жәңе келісім-шарт жасау

Провайдер деген кім?

Интернет жүйесінде табысты жұмыс істеу көп жағдайда провайдерді - Интернет желісінің қызметін ұсынатын компанияны дұрыс тандауға байланысты. Ешкімге тиісті емес нәрсені сату мүмкін бе?- деп сұрайсыз Сіз. Бұл жерде жүйенің фрагменттерін немесе барлық Интернетті тұгастай сату туралы сөз болып тұрған жоқ. Сізге тек Әлемдік Желінің мәліметтерін Сіздің үйдегі компьютеріңізге тез арада жеткізуге жеткілікті техникалық мүмкіндігі бар жеткізуші қажет. Және де мұндай жеткізуші , егер Сіз кәдімгі модемдік қосылуды пайдаланатын болсаңыз, Сіздің телефон аймағыңыздың ішінде орналасуы қажет. Басқаша жағдайда телефондық шоттар Сізге Интернетте жұмыс істеуден толық қанағаттануыңызға мүмкіндік бермейді. Нағыз провайдер Интернет желісінің қызметін жеткізуге құқық беретін арнайы лицензия алуы керек. Провайдерді сыртқы әлеммен қосатын арна бойынша мәліметтерді жеткізу жылдамдығы секундына 512 килобиттен кем болмауы керек. Провайдердің бір телефон желісіндегі қолданушылардың саны, өте аз мүмкін болатын провайдер модемдерінің жылдамдығы секундына 33600 бит болған жағдайда 10 адамнан аспауы керек.

О, бұл - өте қызықты жұмыс! Ең бастысы - асықпау. Бірнеше есте ұстайтын ережелер: провайдер ең арзан да, ең қымбат та болмауы керек;

Провайдерді қалай таңдау керек?

Ұзақмерзімді келісім-шартқа қол қоюға асығудың да қажеті жоқ, ал енді егер Сіз провайдермен келісім жасайтын болсаңыз, Сіздің тілегіңіз бойынша кез келген уақытта келісім-шартты тоқтатуға болатындығына көз жеткізіңіз; осы провайдер қызмет жасап жүрген қолданушылармен сөйлесіңіз; сыйлықтарға сақ болыңыз; Сіздің ана тіліңізде (немесе сізге өте таныс тілде) тәулік бойы мүмкіндік берілетіндігін және Сіздің тұрған жеріңізде бөлімше бар екендігін біліңіз. Келісім-шартқа отыру қайткенде де қажет екенін сезген соң, провайдермен достасыңыз, кейде бұл көмектеседі. Келісім-шартқа отыруда провайдерден қандай мәліметтер алу керек? Келісім-шартқа қол қоярда провайдер Сізге желілік ат (user name) беруі және Сізбен пароль туралы келісуі керек. Өзіңізге ат таңдауда есіңізде болсын: Сіз онымен өмір сүресіз. Парольді қажет болған жағдайда, кейін ауыстыруға болады. Мұндай жағдайлар, мысалы, Желіге кіру үшін Сіздің мәліметтерді басқа біреу санкциясыз қолданғанда кездеседі.

Провайдер сонымен бірге Сізге компьютердің телефон номерін ұсынуы керек. Сіз оған Желіге шығу үшін (dial-up number ) қосыласыз. Сіздің желіде бұл номердің анық екеніне көз жеткізіңіз. Бұл үшін үй-ішінің біреуіне берілген номер бойынша телефон шалуын сұраңыз. Егер модемге тән ұзақ гудоктар естілсе – бәрі орнында ( дабыл дыбысы: тыныштық немесе қысқа гудоктар). Сонымен бірге берілген номерге қосылғандағы әңгімелесу құнын да тексеру қажет. Бұл мәселелер бойынша провайдерге сенуге болады. Оның басты мәселесі - тек клиенттерді тарту ғана емес, оларды ұстап тұру. Одан кейін провайдер Сізге, төрт таңбалы сандар жиынтығынан тұратын (мысалы, 192. 117. 64. 66). бірінші және екінші DNS (Domain Name System), сыртқы компьютермен байланыс адресін мәлімдеуі керек. Көбінесе бұл мәліметтердің бәрі орналастыру файлына енгізіледі. Оны Сіз дискетте немесе компакт-дискіде ала аласыз.

Провайдерден басқа Интернетке ену әдісі - интерактивті қызметтер (Online Services). Олар Интернетке кіргеннен басқа да көптеген қосымша коммуникациялық мүмкіндіктерді ұсынады. Ең кең таралған интерактивті қызметтер қатарына CompuServe и America Online жатады. Қолдану әдісіне байланысты Интернетке кірудің басқа тағы бірнеше тәсілдері бар. Төменде Интернетке қосылудың стандартты әдістері келтірілген:

  • Хат алмасу және электронды пошта – Internet-ті қолданудың қарапайым әдістері. Тек хат алмасу мен электрондық поштадан басқа ешқандай қосымша мүмкіндіктер бермейтін қосылу - орнату жағынан ең қарапайымы және арзаны..

  • Домендік кіру - провайдермен шартқа тұрып Internet-ке кіру. Жоғарыда толық айтылып кетті.

  • Клиенттік кіру жұмысшы станцияларында Internet қосымшаларды жүктеу үшін (мысалы, акцияларды сату үшін брокерлік кеңсемен немесе нақты уақыт режимінде конференция өткізетін коммуникациялық программалармен байланысуға қажетті программалық жасақтамалар) қажет. Бұл сияқты қосымшалар жүктелген кезде өздігінен Internet-ке кіруді

орнатады және жұмыс біткеннен соң өздігінен өшіріледі..

  • Тікелей тұрақты кіру - Internet арқылы тауарлар мен қызметтерін ұсынатын компаниялар пайдаланады; мысал ретінде Internet арқылы билеттерді брондау мүмкіндігі бар авиакомпанияларды айтуға болады.

Осы қарастырған әдістердің әрқайсысы қызметтің әртүрлі деңгейін, ұсмынады, әрине қосылудың бағасы да әртүрлі болады.

Домендік немесе клиенттік кіру кезінде хабар алмасуды қамтамасыз ету үшін провайдерге коммутацияланатын мүмкіндік қана (dial-up access) жеткілікті; яғни, сіз қосылуды стандартты телефондық байланыс пен модем немесе ISDN-торабын пайдаланып орната аласыз. Олар жылдам болғанымен, ақысы қымбат болады.

ISDN торабын қолдану үшін ISDN-қосылуды қолдайтын телефондық компания арқылы қосылу керек Ол үшін сіз ISDN-сәйкестік коммутацияланатын маршрутиза­тор орнатуыңыз және телефондық компаниямен ISDN-құрылғыларды пайдалануға келісім-шартқа тұруыңыз қажет.

Егер күндіз-түні жұмыс істейтін Web-сервер орнатқыңыз келсе, онда әрдайым қосылып тұруын қамтамасыз ету үшін ерекшелеген торапты (leased line) пайдаланғаныңыз жөн. Байланыстың бұл түрі үшін Internet-ке қосылғаны және пайдаланғаны жайында тұрақты келісілген баға орнатылады. Ерекшеленген торап сізбен провайдер арасында екі жақты мәлімет алмасу үшін арналған. Ерекшеленген торап бойынша мәлімет алмасудың жылдамдығы коммутацияланатын торапқа қарағанда біршама жоғарылау. Ол 56 Кбит/с -тен 45 Мбит/с-ке дейін өзгере береді.. Көптеген ерекшеленген тораптар байланысты 1,5 Мбит/с-ке дейінгі жылдамдықпен қамтамасыз ете алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]