Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11v.docx
Скачиваний:
59
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
174.63 Кб
Скачать

3.1. Ғимарат қасбетінің композициялық шешімдері

Ғимараттың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қазіргі заман талаптарына сай етіліп жасалады. Осы талаптарға сай келесі материалдарды қолдануға болмайды:

- жаңғыш материалдар

- адам денсаулығына әсер ететін химиялық қоспалары бар материалдар

- көпжылдық әрлеу материалды пайдаланбау

- жылуға жеңіл берілетіндер

- санитарлық-гигиеналық өнделуге жеңіл берілетіндер.

Ғимараттың сыртқы жұмыстарында келесі материалдар пайдаланылады: қабырға пенельдерден болған қабырғалардың сырты жоғары сапалы сылақпен сланады. Терезелер мен есіктер ағаштан, әйнектері көк түсті вакуумды шыныпакет.

4 Сәулеттік-конструктивтік шешімдер

Тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты конструкциялық жүйе бойынша қаңқасыз болып табылады.

Қабырғалары кірпіштен орындалған.

Іргетасы – ленталы.

Едендер өндірістік корпустың барлық бөлмелеріндегі едендер жер бетіне орнатылған. Топырақ алдын ала тығыздалған. Еденнің астына қалыңдығы 150мм бетоннан төсеніш жасалған. Жабын ретінде асфальтбетон қолданған қалыңдығы 30мм.

Жабын – 6 қабаттан:паркет,мастик,дыбыс оқшаулағыш,темірбетонды таврлы арқалық,екі кеуекті тастар 710х250х195,затирка. Жабын еңісі i=3%

Терезелер – терезе блоктары ГОСТ 12506-97 бойынша, ағаштан ені 2м, биіктігі – 2м.

Бөлгіш қабырғалар – керамикалық кірпіштен қалыңдығы 120мм, негізгі конструкцияларға бекітіледі.

Құрастырмалы жеңілбетон жабын плиталары – 1.465-71. сериясы бойынша, өлшемі 3х6м, қабырғалы, бетон класы В15, плита биіктігі – 300мм.

Едендер өндірістік корпустың барлық бөлмелеріндегі едендер жер бетіне орнатылған. Топырақ алдын ала тығыздалған. Еденнің астына қалыңдығы 150мм бетоннан төсеніш жасалған. Жабын ретінде асфальтбетон қолданған қалыңдығы 30мм.

Жабын – 4 қабатты орама қара қағаздан жасалынады. Қара қағаз астына 20мм қалыңдықта цемент–құм ерітіндісінен тегістеу қабаты орнатылады. Орама қағаз битум мастикасымен жапсырылады.

Жабын еңісі i=3%

Терезелер – терезе блоктары ГОСТ 12506-97 бойынша, ағаштан ені 4,5 және 1,5м, биіктігі – 1,8м.

Жобада келесі құрылыс конструкциялары қабылданған

Болат профильденген беттерден, толқынды асбестцементті беттерден жабулар. Болат мырышталған төсеніш(33–сурет) қалыңдығы 0,8–1 мм, биіктігі 40, 60, 80 мм, ені 680–845 мм рулонды болаттан дайындалады. Төсеніш ұзындығы 2 –12 м болуы мүмкін.

33–сурет. Құрылыс жағдайында орындалатын, профильденген беттен жабу:

а –жабу көрінісі; б–аралас тойтарма шеге;в–өзі тесетін болт; 1 –болат арқау;2 –қалыңдығы 1 мммырышталған болат бет; 3–буизоляциясы;4 –ыстық битумда желімделген плиталы жылытқыш;5–үш қабатты төбе жабынды кілем; 6–қиыршық тастан қорғау қабаты;7–өзі тесетін болт; 8–алюминий қорытпасынан тойтарма шеге; 9–болат стержень; 10 –М6 болты

Кірпіштік қабырғалар. Кірпіштен орындалған қабырғалар (32-сурет) өлшемдері үлкен емес және есіктері мен технологиялық ойықтары көп ғимараттарда, сонымен қатар, ылғалдылығы жоғары және агрессиялық ортадағы өндіріспен байланысты ғимараттарда қолданылады.

Кірпіштік қабырғалар қалыңдығы жылу техникалық талаптарға байланысты және 250,380,510 мм тең.

32–сурет. Өндірістік ғимараттардың кірпіштік қабырғалары:

а – ішінен пилястрамен күшейтілген, көтеруші; б – ішінен контрфорспен күшейтілген, көтеруші; в– қабырға бұрышы; г–өзінкөтеруші қабырға көрінісі;д– аспалы қабырғаларды бекіткіш арқалықтарға сүйенуі;е – өзінкөтеруші қабырғаларды қаңқа ұстындарына бекіту;1 – іргетастық арқалық; 2 – отмостка; 3 – гидроизоляция;4 – кірпіштік қалау;5 – темірбетонды маңдайша; 6 – карниз;7 – қаңқа ұстыны; 8 – қосалқы бөлшек; 9 – бекіткіш арқалық;10 – металл үстел; 11 – диаметрі 10–12мм болат анкер

Қаңқалы түрдегі өндірістік ғимараттарда бағаналы іргетастар қолданылады.

Темірбетонды ұстын асты тұтас құймалы бағаналы іргетас (25–сурет) екі бөліктен: ұстын асты плитасынан және бір, екі немесе үш қатарлы плитадан тұрады.

25–сурет. Стакан түріндегі тұтас құймалы темірбетонды іргетастар:

а – бір ұстын асты; б – қосарланған ұстындар асты; в – ұлғайтылған банкетті бөлігімен; г – металл ұстындар асты; 1 – плиталы бөлігі (бір, екі немесе үш баспалдақты); 2 – ұстын асты плитасы; 3 – стакан; 4 – анкерлі болттар

Іргетастарды В12,5, В15 класты бетоннан дайындайды. Жұмыстық арматура үшін А–II және А–III класты ыстықтай иленген болат қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]