Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК, 2013, Ксіби аз.т..doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
583.17 Кб
Скачать

1.11 Курстың саясаты мен процедурасы

Курстың саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсыруын негіздеуі қажет. Студенттер өз уақытысында өзіндік жұмысын орындап, оқытушыға тапсырып отыруы керек.

2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу

Тақырып атауы

Академиялық сағат саны

Тәжірибелік сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

1. Тау-кен ісі саласы

2

2

2

2. Тау-кен өнеркәсібінің өркендеу тарихы

2

2

2

3. Металлургия – өнеркәсіптің бір саласы

2

2

2

4. Геологиялық-барлау саласы

2

2

2

5. Полиграфия өндірісі

2

2

2

6. Ақпараттық технологиялар

2

2

2

7. Дербес компьютерлер

2

2

2

8. Microsoft корпорациясының бастығы Билл

Гейтс

2

2

2

9. Мұнай-газ ісі саласы

2

2

2

10. Мұнай мен газдың халық

шарушылығындағы маңызы

2

2

2

11. Сәулеттік құрылыс саласы.

2

2

2

12. Құрылыс материалдары өнеркәсібі

2

2

2

13. Экономикалық дамудың жалпы негіздері

2

2

2

14. Экология саласы

2

2

2

15. Машинажасау саласы

2

2

2

Барлығы:

30

30

30

«Халық пен халықты, адам мен адамды

теңестіретін – білім»

(М.Әуезов)

1-апта. 1-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Жаңа ғасыр – жаңа технологиялар мен ақпараттардың ғасыры. Топ болып жаңа көзқарас пен пікіріңізді ортаға салып, ақпараттану ғылымының даму жолдарын талқылаңыздар.

А қ п а р а т т ы қ т е х н о л о г и я л а р

* * * * * *

Ақпараттану ғылымының даму жолдары

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған аяқ және қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар – абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, «Манхеттен жобасын» (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.

1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен, транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанымен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.

70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан). Осындай микропроцессорлардың (біріктірілген интегралдық схемадан – БИС элементтерінен тұратын) шығуы дербес компьютерлер заманы басталғанының алғашқы белгісі болды.

Бастапқы кезеңде ЭЕМ-дерде арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.

70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьютерлер деп аталатын микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы LBM фирмасы жасаған, кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды. Бұл құралдар өте қымбат болғандықтан, оның мүмкіндіктерін ірі корпорациялар мен қаржы ұйымдары ғана пайдалана алды. 1960-1980 жылдардың аралығында осы салада бүкіл әлем бойынша 12 миллионнан астам жұмыс орындары құрылған. Ал қазіргі уақытта нақ осы салада істейтін адамдар саны жылдан-жылға басым түсіп келеді. Мәселен, АҚШ-та халықтың 60 пайыздан астамы, Еуропада үштен екі бөлігі ақпараттық салада жұмыс істесе, кейбір деректер бойынша ТМД-да бұл көрсеткіш 40 пайызға жуықтап қалған.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендірле бастады. «Шекарасыз әлем» атауына ие болған ғаламтор арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен ақпараттар еш кедергісіз қоғамымызға енуде.

«XXI ғасырда техника дамыған елдерде ақпараттың негізгі базасы қағазсыз көріністе ЭЕМ (компьютер) жадында сақталады. Демек, XXI ғасырдың басында осындай ақпараттарды пайдалана алмаған адам – XX ғасыр басындағы не оқу, не жазуды білмейтін адамдай боп қалады» – деген еді В.M.Глушков.

Қазіргі заман ақпарат технологиясы адам әрекетінің барлық салаларына терең тамыр жаюда. Сол себепті, ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан әрбір азамат жаңа технологияларды пайдалана алуы және компьютерде істеуі бойынша дағдыға ие болуы қажет.

Сөздік:

электронды есептегіш мәшине – электронная вычислительная машин

түсінік – понятие қарқынды – интенсивно

ақпарат – информация ғаламтор – интернет

Сабақта талқылаңыздар! Ілім мен білімнің дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі десек, келешекте білімі күшті ел ғана озары анық. Бүгінгі күні оқу, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ғылыми-зерттеу жұмыстары, медицина, тағы басқа адам қызметінің барлық салаларына ақпараттық технология, интернет жүйесі бірқатар өзгерістер енгізуде. Ақпараттану ғылымының қарқынды даму жолдары туралы не білесіздер? Ой бөлісіп, пікір алмасыңыздар.

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Адамзат баласының даму тарихында есептеу жұмыстарын жүргізіп отырудың қаншалықты қажеттілігі болды? 2. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты нелер шығарыла бастады. 3. Қолмен есептеу істері неге байланысты адамның тікелей араласуын талап етті? 4. Алғаш пайда болған ЭЕМ-дер қандай болды? 5. Микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға деп нені айта аласыздар? 6. Тәуелсіз Қазақстан қандай ғасырға қадам басты? 7. В.M.Глушков XXI ғасырдағы техника жөнінде қандай пікір айтқан? 8. Не себепті ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан әрбір азамат жаңа технологияларды пайдаланып, компьютерді меңгерулері тиіс?

3-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді ауызша айтып беріңіздер.

Ақпарат латынның «information» деген сөзінен шыққан; ол – түсінік беру, хабардар болу, баяндауды білдіреді. Материалистік философия позициясынан қарасақ, ақпарат дегеніміз – күнделікті өмірді мәліметтер (хабарлар) көмегімен бейнелеу. Хабар дегеніміз ақпараттың сөз мәнін, бейне, сандық деректер, сызбалар, кестелер т.б. түріндегі пішіні. Ақпараттың кеңістігі мен түсінігі – адамдар арасындағы мәлімет алмасу, жанды және жансыз табиғат аралық, адам мен құрылғылараралық белгілердің алмасуы ретінде қолданылатын жалпы ғылымдық түсінік.

Ақпарат – қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілер, олардың параметрлері, қасиеттері туралы берілген мәліметтер.

4-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, сәйкестендіріп, олармен сөйлемдер құрастырып, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

Ү л г і : Ғаламтор арқылы көп мәлімет алуға болады.

1. ақпаратты

2. адамдардың

3. компьютерлік

4. кибернетикалық

5. компьютер

6. ғаламтор

7. құбылыстың

а) арқылы

ә) күйі

б) жады

в) өңдеу

г) жүйе

ғ) тәсілдер

д) уақыты

1……………………………………

2……………………………………

3……………………………………

4……………………………………

5……………………………………

6……………………………………

7……………………………………

5-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Программисты, сотрудничество в области технического профессионального образования, коллега, креативный элемент, проект, новейшие технологии, работадатель, обсуждение.

6-тапсырма. Берілген мәліметпен танысып, өзара ой бөлісіп, пікірсайыс ұйымдастырыңыздар.

Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 - нан астам компьютер қосылады екен. ISOC (Internet SocietyInternet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ десек те, осы көрсеткіштердің Қазақстанға, яғни елімізге қаншалықты үлесі бар деп айта алар едіңіздер? Жалпы алғанда, Қазақстанды өркениеттің қандай көкжиегінен көре аламын деп ойлайсыздар?

7-тапсырма. Ақпараттық технология мамандығында қолданылатын термин сөздердің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Бағалы информация – информация бағалылығы оның көмегімен қандай мәселелер шешуге болатындығына байланысты анықталады.

Архив – сығылған күйде сақталатын мәліметтер немесе программалар жиынтығы.

Драйвер – сыртқы құрылғылармен байланыс жасайтын жүйелік программа.

Ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мағлұмат, есептеу техникасында ЭЕМ-ге енгізіліп, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға шығарылатын мәліметтер.

Ақпараттық сервер – қалың көпшілікке арналған, әрбiр тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттардың түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалары, т.с.с. мәліметтер сақталады.

Ақпаратты сақтау – желіге қосылған, тұтынушыларға қызмет етуге арналған сервердің ішкі функциясы.

8-тапсырма. Өзара 3 топқа бөлініп, «Менен сұрақ, сенен жауап» пікірсайысын ұйымдастырыңыздар. Екі топқа сұрақтар беріледі. Әр топ осы сұрақтар бойынша ойларын жеткізеді. Үшінші сарапшы топ төрелігін айтады.

І топ. 1.Оқу үрдісінде электрондық оқулықты пайдаланасыз ба және оның тиімділігі қандай? 2. Компьютерді өз бетімен үйренушілерге электрондық оқулықтың пайдасы бар ма?

ІІ топ. Интернеттен керекті мәліметті қалай іздеуге болады және өзіңізге керекті мәліметтерді аласыз ба? 2. Интернеттегі ақпараттық қоқыс туралы не білесіздер?

ІІІ топ. Сарапшылар ойы. Ал сіздер осы студенттердің айтқан пікірлеріне қосыласыздар ма?

9-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Маңызды ақпарат. Ақпарат ұғымы. Ақпарат қабылдаушы. Ақпарат тасушы. Ақпаратты өңдеу. Ақпаратты сақтау.

10-тапсырма. «Ақпаратты Қазақстан бұл нағыз ұлттық бағдарлама» атты тақырыпқа шығарма жазып, соңынан шығарманы топ болып талқылаңыздар.

2013 жылдың ақпан айында АҚТ тұрғысынан Үкімет «Ақпаратты Қазақстан2020» атты Мемлекеттік бағдарламасын енгізді. Ақпаратты Қазақстан бұл нағыз ұлттық бағдарлама, себебі бағдарлама баршамызға арналған. Оның іске асуы барлық қазақстандықтарға АҚТ тұрғысынан инфроструктурасын қолдануға және де әрбір азамат жеке өз қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның іске асырылуы еліміздің ақпараттық технологиясының дамуына қаншалықты өзгеріс алып келеді?

11-тапсырма. Төмендегі сұрақ төңірегінде ой бөлісіп, пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

Соңғы уақытта жастар арасында «Агент – әлемдік дода» деген сөз қалыптасып, кішкене ғана ұялы телефонға үңіліп отыратын жастардың қатары күнен-күнге артып барады. Жалпы агенттің пайдасы мен зияны туралы қандай ой-пікірлеріңіз бар?

12-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.

А қ п а р а т т а н у. Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануарлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем емес. Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтер ғана емес, күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельефінде сақталатын мәліметтер болып табылады.

Дегенмен, ақпарат ұғымы ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым тек материалдық ақпарат тасуыш, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы барын ұйғарады деп пайымдауға болады.

Бұл ұғым бірі қалмастан, барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, социологияда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде пайдаланылады.

Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат – бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.

Әдістемелік ұсыныс: Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарын пайдалануда шығармашылық қабілеттің дамуына мүмкіндік жасау. Мәтіндегі сөздердің дыбысталуына, жазылуына назар аударып, студенттердің ғылыми тілде сөйлей білу дағдысын және ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру.

Әдебиет: Нег.: 1 [27-35]; Қос.: 12 [ ]

Бақылау сұрақтары:

  1. Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптардың түрлеріне шолу.

  2. XX ғасырды ақпараттық технология ғасыры деп атау себебі төңірегінде әңгімелесу.

  3. «XXI ғасырда техника дамыған елдерде ақпараттың негізгі базасы қағазсыз көріністе ЭЕМ (компьютер) жадында сақталады. Демек, XXI ғасырдың басында осындай ақпараттарды пайдалана алмаған адам – XX ғасыр басындағы не оқу, не жазуды білмейтін адамдай боп қалады» – деген В.M.Глушковтың пікірін түсіндіріп, талқылау.

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ

13-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып, жаңа замандағы ғаламтор желісі төңірегінде дөңгелек үстел ұйымдастырып, пікір алмасыңыздар.

Ғаламтор желісі Дүниежүзілік Желі

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған – 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. Онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығы және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанымен, сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатындығы анықталды.

INTERNET (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі.

Дегенмен, INTERNET тек қана желі ғана емес, ол желілердің желісі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды желі деп атайды. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең алкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

Ғаламтор жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, мұражайларды, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.

Интернет (Interconnected Networks) – компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілері арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.

2010 жылдың 22 қаңтарынан бастап Интернетке Бүкілхалықтық космостық станциялар қосыла алатын болды. Интернеттегі ақпараттық қорларды пайдалану бостандығы мемлекеттік шекаралармен немесе ұлттық домендермен шектелмейді, бірақ тілдік шекаралар сақталады. Интернетте басым қолданылатын тіл – ағылшын тілі. Екінші орында қытай тілі, ал үшінші – испан тілі.

Ғаламторда адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, мұның бәрін істейтін арнайы қоғам – Ғаламтор провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Ғаламтор провайдері болып Ғаламтор трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communications, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.

Сөздік:

өркениет – цивилизация желі линия; сеть

қамтамасыз ету – обеспечивать ауқымды объемный

ұйым – организация жылдам – быстро

тағайындау – назначать; устанавливать

14-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған қандай компьютерлік жүйе, онда не анықталды? 2. INTERNET қандай желі және оның желілік нүктелері қайда орналасқан? 3. Ғаламтор жүйесін пайдалана отырып қандай мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады? 4. Қазіргі кезде интернет пен компьютерден басқа тағы қандай желілер арқылы байланысуға болады? 5. Интернеттегі ақпараттық қорларды пайдалануда қандай шекаралар сақталады? 6. Ғаламторда адресті кім тағайындайды? 7. Компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі? 8. Компьютер телефонмен қалай қосылады?

15-тапсырма. Төмендегі мәліметтерді басшылыққа алып, «INTERNET – өркениеттің желісі» атты тақырыпқа шығарма жазыңыздар.

INTERNET тек қана желі ғана емес, ол желілердің желісі және оны дүниедегі ең үлкен ауқымды желі деп атайтындығы жөнінде білесіздер. Ғаламтор жүйесін пайдалана отырып, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлестеріңізді қосып, өзіңізді дүниенің кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.

16-тапсырма. Шағын мәтінді қазақ тіліне аударып, өз тараптарыңыздан толықтырып, түсінгендеріңізді қазақ тілінде айтып беріңіздер.

Началось все с сети компьютеров, расположенной в одной комнате, затем сеть расширилась в пределах здания, города, страны… За 15 лет компьютерная сеть разрослась до международных масштабов, объединив передовых ученых всего мира. Рождение интернета как Всемирной компьютерной сети произошло в 1973 году – к сети ученых с помощью трансатлантического телефонного кабеля подключились английские и норвежские организации. С тех пор прошло почти 40 лет, компьютерная сеть претерпела ряд существенных изменений – и сейчас интернет доступен большинству жителей цивилизованного мира.

17-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сұхбат құрастырыңыздар.

  • kz домен шеңберіндегі қазақ тілді сайттардың рейтингісі қандай дәрежеде деп ойлайсыздар?

  • Қазақ интернеті әлемге танылып, ғаламдық ғаламтор кеңістігінде танымал болатынына сенесіздер ме?

  • Қазақ интернетінің болашағын қалай елестетесіздер?

18-тапсырма. Терминдердің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Интернет – (ағыл.Internet-желі арасындағы) бүкіл элементтердің он мыңдаған желілерін біріктіруші бүкіл әлемдік орасан зор компьютерлік желі. Оның қызметі кез келген талап етушінің кез келген ақпаратқа кіруін қамтамысыз ету.

Климент – (басқаша айтқанда, жұмыс істеп тұрған станция) – сервер қызметіне кіру мүмкіндігі бар кез келген компьютер.

Кодтау – 1. Мәліметтерді олардың кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементі мен символдар жиынының кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру. 2. Нақты сипаттамаларды программаға түрлендіру.

Төлем шлюзі – транзакциялық қызметтер көрсету төлемдерді жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

«Электрондық үкімет» веб-порталы – «электрондық үкіметтің» барлық электрондық қызмет көрсетулері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің біріңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе.

Ақпараттық процестер адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау және түрлендіру процестері.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – компьютер жадының бумаларында (каталогтардағы) сақталған әр түрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру технологиясы.

Телеконференция – интернетте атау беріліп, түрлі компьютерден таратылатын жаңалықтар тобы.

18-тапсырма. Елімізде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысып, мәтінге тақырып қойып, мазмұндаңыздар.

«Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама» қабылданды. Бағдарлама еліміздің ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуін және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті ұлттық секторын қалыптастыру мақсатын көздейді.

Аталған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін бағдарламаны жүзеге асырудың нақты көрсеткіштері белгіленген. 2014 жылға таман ақпараттық-коммуникациялық саланың ішкі жалпы өнімдегі үлесін 3,8 пайызға жеткізу көзделуде. Осылардың негізінде «Электронды үкімет» қызметі одан әрі дамытылмақ. 2014 жылға таман әлеуметтік мәні бар мемлекеттік қызметтердің кемінде 50 пайызы электронды тасымалдағыштарға көшірілетін болады.

Азаматтар мен бизнес қоғамдастықтар үшін қол­жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, «Электронды үкімет» веб-порталында «Мемлекеттік қызметтердің электронды тізілімі» іске асырылып, барлық екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне кіріктіру нәтижесінде «Электронды үкіметтің» төлем шлюзі дамиды.

Лицензиялардың 100-ге тарта түрі автоматты үдерістерге көшіріліп, олардың 80 пайызын электронды түрде беру қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, бірте-бірте қағазсыз технологияға өту ісі жүзеге асып, құжат айналымының 80 пайызы электронды түрге көшіріледі.

Қазіргі күні еліміздің ақпараттық-коммуникациялық саласы қарқынды даму үстінде. Қазақстандағы осы үдеріске шетелдік білікті сарапшылар да жоғары баға беруде. Мәселен, осы сала бойынша әлемге танымал J’son & Partners компаниясының бас директоры Карл Йоханссон жуырда ғана әлем елдері бойынша жүргізген зерттеу сараптамаларында қазақстандық бұл саланың халықаралық компаниялар үшін тартымды рыноктардың біріне айнала бастағандығын атап көрсетті.

19-тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударып, есте

сақтаңыздар.

Қоршаған әлем, зат, ақпарат, қоғам, мәлімет, сақтау, ақпарат тасушы, ақпарат көзі, ақпарат жеткізуші, қабылдаушы, байланыс арнасы,барлық салаларда, таңбалар, бейнелеу.

20-тапсырма. Мәтінді мұқият танысып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Адамның барлық іс-әрекеті кез келген уақытта ақпарат алумен байланысты: көріп – ақпарат аламыз, естіп, зат ұстап, ас ішіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, радио т.б. Адамдардың үйдегі, мектептегі, жұмыстағы және көшедегі бір-бірімен қарым - қатынасы – бұл ақпарат беруі.

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық – саясаттық, әлеуметтік – экономикалық, ғылыми – техникалық, химия – биологиялық, физиологиялық т.б.

Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

  1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық)немесе шығыстық ;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық, айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары: Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді. Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден кетеді.

Кейбір ағаштар бір – біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет

бере алады. Мұндай хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарына улы заттар шығарады.

21-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Сезу мүшесі, ақпаратты өңдеу, сұрыптау үшін, таңба түрінде, ақпарат тасушы, тұқым қуалау, ақпарат беру, қорғану үшін, мәлімет беру.

Әдістемелік ұсыныс: Ғаламтор желісі туралы мәтінде кездесетін терминдерге түсіндірме сөздіктің негізінде жазбаша түсініктеме мәлімет дайындау. Қазіргі күні қарқынды даму үстіндегі еліміздің ақпараттық-коммуникациялық саласы туралы қосымша оқып танысу. Мәтін мазмұнын беруге негіз болатын тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын ашып беруге, еркін ғылыми тілде сөйлеуге дағдылану.

Әдебиет: Нег.: 1 [18-35]; Қос.: 12 [---]

Бақылау сұрақтары:

  1. Ғаламтор желісінің алғаш пайда болуы жөнінде әңгімелеңіздер.

  2. Ғаламтор желісі жалпы алғанда қандай желі?

  3. Ғаламтор желісі қандай жетістіктерге жеткізуде?

  4. Қазіргі күні еліміздегі ақпараттық-коммуникациялық саланың даму қарқыны жөнінде айтып беріңіздер.

1-апта. 1-тәжірибелік сабақ

1-тапсырма. Металлургия ғылымының зерттелуі, бүгінгі таңдағы қол жеткізген жетістіктерінен мәлімет алып, толықтырып, мәтінді мазмұндаңыздар.

2-тапсырма. Мәтіннен металлургия саласындағы термин сөздерді теріп жазып, оларға түсіндірме сөздіктің негізінде түсініктеме беріңіздер.

МЕТАЛЛУРГИЯ – ӨНЕРКӘСІПТІҢ БІР САЛАСЫ

* * * * *

Металлургия саласының зерттелуі

Қазіргі кезде металлургия дегеніміз ғылыми-зерттеу мекемелерінде немесе өнеркәсіп саласында металдарды және олардың құймалары мен қосылыстарын өндіру деп түсінуге болады. Ерте кезден бастап-ақ адам баласы металл өндіруді меңгере білген.

Металлургия – өнеркәсіптің бір саласы ретінде кенді өндіріп, оны байыту, металдарды, оның құрамаларын, тұздарды, қышқылдарды шығарудан тұрады.

Ал, қысқаша айтқанда, металлургия өндірісінің міндеті – концентраттардан таза металдар алу. Осыған орай металлургия ғылыми пән ретінде кен шикізатынан металдар алудың әдістері мен сол процесс кезінде орын алатын теорияның негіздерін де қарастырады.

Еуропа елдеріндегі зауыттарда металлургия саласындағы бірінші зерттеулерді 1494-1555 жылдары жүргізген ғалым-металлург Агрикола (Бауэр) болған. Ресейде 1711-1765 жылдары орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов химиялық реакциялардағы массаның сақталу заңын ашуына байланысты, металдарды өндіру тәсілдерін ғылыми жолмен шеше бастады. Сонымен қатар, М.В. Ломоносов ғылыми металлургияның негізін қалаушы және бірінші рет орыс тілінде 1763 жылы металлургия туралы өзінің еңбегін жазған.

Ол өзінің еңбегінде металдардың ауамен тотығатындығын ғылыми негізде дәлелдеп, металлургия саласына даңғыл жолды ашып берді. Осындай зерттеулерге байланысты металлургия процестері кеңінен өріс алып, М.В. Ломоносов алғаш рет университетте физикалық химия пәнінен сабақ берді.

1748-1795 жылдары Н.П.Соколов бірінші рет балқытылған металдардың күкіртпен әрекеттесуін зерттеп, олардың өзіне тән әртүрлі қасиеттері бар екендігін дәлелдеген. Академик Г.И.Гесс 1802-1850 жылдарда химиялық реакциялардан бөлініп шыққан жылудың сақталуына байланысты термохимия мен термодинамика заңдарын ашты.

1834 жылы М.Фарадей металдарды электролизбен өндіруге болатындығын дәлелдеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көп металдар осы тәсілмен өндіріледі. Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев 1869 жылы көптеген зерттеудің нәтижесінде элементтердің периодтық заңын ашты. Бұл сол кездегі дүниежүзіндегі химия саласындағы жетістіктердің бірі болып есептеледі. Д.И.Менделеевтің жасап берген элементтер системасы осы уақытқа дейін өзінің күшін жойған жоқ, қайта ары қарай дами түсуде.

XIX ғасырдың аяғында ғана металлургия процестері бір жолға қойылып, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады.

ХХ ғасырдың басында металлургия тек тәжірибе тәсілі ғана емес, жеке ғылым болып қалыптасып, әртүрлі шешілмеген мәселелерге жауап беретіндей халге жетті. Қазіргі уақытта металлургия ғылымының күннен-күнге ұлғайып, өсіуінің арқасында металдардың қасиеттері анықталып, метал шығатын кендер анықталып, оларды байыту, қорыту, металл айыру және сұйық затпен ерітіп алу әдістері анықталып, қалыптасты.

Теория жағынан да жан-жақты талқыланып, жылдан-жылға толығып, тәжірибе жүзінде кеңінен қолданылып келеді.

Қазіргі уақытта осы теория бағыттарына сүйеніп, нәтижесінде кеннен мыс айырып алудың негізгі екі әдісі анықталды:

1. Кенді оның концентраттарын от арқылы қорытып, олардан мыс және басқа бағалы элементтерді айыру. Бұл – пирометаллургия әдісі деп аталады.

2. Кеннен оның концентратына әртүрлі сұйық еріткіштер қолданып, мысты және басқа бағалы металдарды айыру. Бұл – гидрометаллургиялық әдіс деп аталады.

Сөздік:

құйма – литье; сплав; отливка тотықтандыру – окислять

өріс алу – распространиться балқыту – литье; расплавить

күкірт – сера; спички әрекеттесу – взаимодействие

жылу – тепло; теплота жетістік – достижение; успех

шикізат – сырье; сырое вещество

тәсіл – тактика; средство; прием; способ

тотығу – окисляться; окисление; почернеть; заржаветь

құрама – комбинированный; соединенный; сборный

3-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Металлургия дегенді қалай түсінесіздер? 2. Адам баласы қай уақыттан бастап металл өндіруді меңгерген? 3. Металлургия өнеркәсібінің саласы неден тұрады? 4. Металлургия өндірісінің міндеті не? 5. Металлургия ғылымы нені қарастырады? 6. Еуропа елдерінде металлургияны алғаш рет қай уақыттарда, кім зерттеді? 7. Ресейде металлургияның негізін ең бірінші қалаған кім? 8. Неге байланысты металлургия процестері кеңінен өріс алды? 9. Металдардың әр түрлі қасиеттерінің бар екендігін қашан, кім дәлелдеді? 10. Академик Г.И.Гесс қашан, қандай жаңалық ашты? 11. Элементтердің периодтық заңын ашқан кім? 12. Металлургия қашан жеке ғылым болып қалыптасты? 13. Кеннен мыс айырып алудың қанша әдісі анықталды?

4-тапсырма. Берілген етістіктерді келер шақтың үш түрінде жазыңыздар.

Ү л г і: Үлес қосу: Үлес қос+а+ды (ауыспалы келер шақ); үлес қос+ар (болжалды келер шақ); үлес қос+пақ+пын (мақсатты келер шақ).

Жұмыс істеу, жүзеге асыру, қайта құру, институт ашылды, дайындап шығару, орталықтың ашылуы.

5-тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып, әңгіме құрастырыңыздар.

Шикізаттан металл қорытып алу, химиялық-физикалық өзгерістер, сырттай бақылау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылым болып қалыптасты, металдардың қасиеттерін анықтау, металл шығатын кендер, әдістерді қолдану, тәжірибеден өту, кеннен мыс айыру.

6-тапсырма. Етістіктерді металлургия саласындағы сөздермен байланыстырып, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і: Қасиеттері анықталды. Пештерде балқытылды.

Анықталды, қалыптасты, зерттелді, дәлелденді, бақылады, жазды, өндірілді, талқыланды, шешілді.

7-тапсырма. Төмендегі терминдердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Металдық пайдалы қазбалар түрлеріне алтын, платина, титан, мыс, мырыш, қорғасын, темір т.б. кен орындары жатады.

Ашық кен жұмыстарытікелей жер бетіне жақын жатқан жер қойнауындағы пайдалы қазылымдарды алу үшін орындалатын жұмыстардың жиынтығы.

Балқуқосылыстардың қатты күйден сұйық күйге ауысуы. Балқыған кезде көптеген заттардың көлемі ұлғаяды, ал кейбіреулерінің ғана көлемі кішірейеді.

Жемірлікбір қатты дененің екінші қатты денемен үйкелісуі кезіндегі қажағыштық қабілеті.

Жеңіл металдартығыздығы біршама аз металдар. Жеңіл металдарға жататындар: литий, калий, натрий, рубидий, магний, алюминий, бериллий т.б.

8-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мысты байыту, металлургия мамандығы, дүниежүзілік өндірісте, мыс кенінің түрлері, табиғи металдарды қолдану, Ресейдегі металлургияның дамуы, сирек кездесетін металдар, түсті металлургия, металдарды алу.

9-тапсырма. Көп нүктенің орнына рай категориясының тиісті жұрнақтарын қосып жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Егер қалмақтарға ірі-ірі соққылар бер... , онда оларды кейін қайтарар еді. Осы шайқасты қазақ халқы жең..., онда Тәуке хан Төлені Ұлы жүздің бас биі етіп сайламақшы еді. Тәуке өзінің «Жеті жарлығын» (заңдарын) жаса... , онда оны жүзеге асыру үшін, көрші елдермен достық қарым-қатынас жасауға кірісер еді. Үш жүздің ұлы ханы деген атағы болма... , әр жүздің ханы өз бетімен, өз билігімен басқарады. Байтақ Отанды алып жатқан қазақ бір жерде ғана қырылған бол... , ол арнайы сөз болмас еді (шындыққа жанаспайды).

10-тапсырма. Мәтінмен танысып, металдар туралы айтылғандарды есте сақтаңыздар. Мәтінге сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Металдарға жалпы тән қасиетке олардың токты және жылуды өткізгіштігі, металдық жарқылы, соғылғыштығы жатады. Атомдар мен иондар кристалда белгілі бір тәртіппен орналасып, металға тән металдық кристалды тор түзеді. Металлургия саласында көп компонентті металдар алынады, мысалы, металдар, олардың құймалары, металл керамикасы және композиттер.

Біздің елдің өндірістік структурасына сәйкес металдар мынадай топтарға бөлінеді:

1. Қара металдар. Бұл топқа: темір, марганец, ванадий, хром және осы металдардың қосылыстары жатады.

2. Түсті металдар. Бұл топтағы металдар олардың технологиясына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді.

Түсті металдардың техникалық классификациясы

1. Ауыр металдар. 5. Сирек жер металдары.

2. Жеңіл металдар. 6. Радиоактивті металдар.

3. Шашыранды металдар. 7. Асыл металдар.

4. Баяу балқитын металдар.

11-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді қалау райға айналдырыңыздар.

Ү л г і : Қазыбек би бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан (орында+ғы+сы келді). Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарын одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты (жаса+ғы+сы келді).

Әз Тәукенің бір орталықтан жүргізіп отырған басшылығына іріткі түсірді. Қазыбек – мемлекет істерімен қатар, ру аралық сұлтандар арасындағы тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. 1743 жылы Абылай тұтқыннан босап, қазақтың 33 қаласы Әбілмәмбет ханға қайтарылып берілген. Қазыбек өз елінің «ақтабан шұбырындыға» ұшырағанын көрген жоқ. «Жеті жарғыға» сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіре бастаған.

Әдістемелік ұсыныс: Металлургия саласының зерттелу, даму жолдары, оның міндеті төңірегінде ой бөлісіп, талқылау.

Әдебиет: Нег.: 3[20-25]; Қос.: 20[20-25].

Бақылау сұрақтары:

1. Металдарды өндіру жолдары.

2. Металлургия ғылымының негізін қалаушылардың ғылыми еңбектері, дәлелдері.

3. Д.И.Менделеевтің элементтердің периодтық заңы.

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ

12-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқып, мағынасын меңгеріңіздер.

13-тапсырма. Мәтінді өздеріңіз білетін деректермен толықтырыңыздар.

14-тапсырма. Мәтіннен Қазақстандағы металлургияның даму тарихынан мәлімет алып, есте сақтаңыздар.

Қазақстандағы металлургияның дамуы

Қазақстан жерінде миллиондаған жылдар бұрын адамдардың пайда болғанына археологиялық қазбалардан табылған көптеген палеолиттік құралдар дәлел болады. Мекендер, молалар, кен орындары, қола дәуірінің тасқа салған суреттері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі.

Жетісудан 50-ші жылдардың аяғында Тамғалы жерінен (Аңырақай таулары, Алматының солтүстік батысынан 170 км жерде) қабырғаларында суреті бар керемет орда табылған. Қабырғадағы суреттердің мұражайында бірнеше тарихи кезең бейнеленген. Ертедегі түркі дәуірінің қола ғасырына жататын 4000-ға жуық суреттер табылған, мысалы: күнбасты құдайлар бейнесі, аңшылықтың көріністері, діни құрбандыққа шалу көріністері, адам және жануарлар салынған композициялар.

Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, найза мен жебелер, білезік, моншақ, басқада әшекей бұйымдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданған.

Б.з.б. I мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру мен өңдеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді.

Б.з.б. I мың жылдықтың басында Қазақстан жерінің ежелгі тайпалары қызыл және қоңыр темір тасты, магнитті, темір жылтыры сияқты тез балқитын рудаларды жақсы білген. Бұл Қарқаралы қаласына жақын Суық бұлақ қоныс жұртын қазу кезінде табылған, оны темір рудасының үйіндісіне қарап білуге болады.

Ежелгі Қазақстанда мыс-қалайы өндіру басым болды. Сақ заманында кен ісі мен руданы алғашқы өңдеу техникасы Андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақ шеберлері әсіресе, қола құю ісінде елеулі табыстарға жеткен.

1969 жылы Есік қорғанынан табылған сақ жауынгерінің барлық киімдері алтынмен қапталған. Оның басындағы телпегінен бастап аяқ киіміне дейін төрт мың алтын алқа қадалған. Мұны «Алтын адам» деп атайды. Ол сол кездегі сақ тайпаларының тұрмысы, мәдениеті қандай болғанын көрсетеді.

Орталық Қазақстандағы Атасу мен Мыржық мекендері, Ақсу-Аюлы, Беғазы, Дандыбай молалары басқа ескерткіштерге қарағанда жақсы зерттелген. Семиречьедегі, Орталық және Шығыс Қазақстандағы тастағы суреттерге деген қызығушылық жоғары. Б.э.д. V ғасырға жататын Семиречьедегі Есік қорғаны мен бесшатыр молалары кеңінен танымал.

Мыс пен қоланың бай кен орындары бар жерлерде темірдің алғашқы кездерде жолы болмады. Мұндай аудандарға Қазақстан мен Оңтүстік Сібірді жатқызуға болады. Мұнда темірге дейін металлургия жоғары деңгейде дамып, одан темірге дейін бұйымдар жасаған.

Қазақстан жеріндегі тайпалар үшін б.э.д. VIII-VII ғ. темірдің ашылып, кеңінен пайдаланып жүрген кезеңі болған. Бұл дәуірде даму әртүрлі аймақта бірдей уақытта келген жоқ.

Сөздік:

қола – бронза, бронзовый жоба – гребень; кряж; хребет

баурай – подножье (горы) қола дәуірі – бронзовый век

құлпы тас – надгробный памятник темір – железо; железный

орда – ханская ставка; богатая юрта мекен – местонахождение

қорған – курган; укрепление темірді құю – литье железы

құралдар – орудие; инструменты тұрмыста – бытие; бытовые

орда – центр; очаг балта – топор

діни құрбандыққа шалу – зарезать в качстве жертвы

құрбандық шалу – зарезать в качестве жертвы

аңшылық – занятие охотой; звероловство; охотничий промысел

15-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Адамдардың миллиондаған жылдар бұрын пайда болғанына не дәлел бола алады? 2. Жетісуда не табылған, онда не бейнеленген? 3. Андронов дәуірінде адамдар металдан не жасаған, оларды қайда пайдаланған? 4. Ежелгі Қазақстанда не өндірілген, сақ шеберлері нені өндіруде елеулі табыстарға жеткен? 5. «Алтын адам» туралы не білесіздер? 6. Қабырғадағы суреттерде не бейнеленген, онда не табылған? 7. Орталық Қазақстанда не жақсы зерттелген? 8. Темір қалай дамыған? 9. Металлургияның даму жолдары қандай деңгейде болған?

16-тапсырма. Термин сөздердің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Металлургия ғылымның, техниканың және өнеркәсіптің кеннен немесе басқа материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.

Өнімдер металлургиялық өнімдер – металлургиялық әдістермен алынатын заттардың, металдың соңғы (нәтижесі) өнімдері.

Өңдеу шикізаттардан немесе қолданыста боған заттардан ақырғы өнім алу үшін қолданылатын процестер жиынтығы.

Таза металдарқоспалар мөлшері аз металдар, не қорытпалар.

Қорытпаларекі немесе бірнеше құрам бөліктерден тұратын балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер.

Күйдіру өңделетін шикізаттың минералогиялық және химиялық құрамын өзгерту мақсатында жоғары температуралар кезінде жүргізілетін металлургиялық процесс.

Электролиттер – көбіне иондық өткізгіштігі бар қатты және сұйық түріндегі химиялық заттар. Электролиттік ертінділерін көбінесе Э деп атайды.

17-тапсырма. Отан оттан да ыстық! Отаныңызды қорғауға дайынсыз ба? Отаныңыздың патриоты бола аласыз ба? Сұрақтарға жауапты мақалмен байланыстырып беріңіздер.

  1. Ел болам десең, бесігіңді түзе.

  2. Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы.

  3. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

  4. Отанды сүю – отбасынан басталады.

  5. Туған жердің жуасы да тәтті.

  6. Әркімнің өз жері – жұмақ.

  7. Отан үшін күрес, ерге тиген үлес.

  8. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

  9. Ақылдың қазынасы – білім.

  10. Қазынаны тереңнен табарсың, білімді кітаптан табарсың.

  11. Елу жылда ел жаңа, елуінде ер дана.

18-тапсырма. Берілген өлең жолдарындағы негізгі ойдың түйіні не? Ой бөлісіп, пікір алмасыңыздар.

Жастықтың оты қайдасың, Мен үшін қазақ жерінің

Жүректі түртіп қозғамай. Жаманы және жаты жоқ.

Ғылымның біліп пайдасын, Мен үшін қазақ жерінің

Дүниенің көркін болжамай. «Анадан» басқа аты жоқ.

(Абай) (Ж.Молдағалиев)

19-тапсырма. Төмендегі етістіктерге бұйрық райдың жұрнақтарын қосып жазыңыздар

Ү л г і : Сөйлеу – сөйле+йін; сөйле; сөйле+ңіз; сөйле+сін; сөйле+йік; сөйле+ңдер; сөйле+ңіздер; сөйле+сін.

Зерттеу, жүргізу, қолдану, есептеу, толықтыру, пайдалану, барлау, күресу, бақылау, қорыту, бағалау.

20-тапсырма. Бұйрық райдың жекеше және көпше түрде жіктелу формасын есте сақтаңыздар.

Ү л г і :

I Мен көмектес+ейін, арала+йын Біз көмектес+ейік, арала+йық

II Сен көмектес, арала Сендер көмектес+іңдер, арала+ңдар

Сіз көмектес+іңіз, арала+ңыз Сіздер көмектес+іңіздер, арала+ңыздар

III Ол көмектес+сін, арала+сын Олар көмектес+сін, арала+сын

21-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар. Сөздікті жаттаңыздар.

Ү л г і :

– Қазыбекті кім би етіп тағайындады?

– Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі етіп

тағайындады.

XVIII ғасырға дейінгі Ресейдегі металлургияның дамуы. Ресей жерінде едәуір көлемде металды өңдеу (VI-VIIIғ.) ежелгі славяндықтарды таратып жібергенге дейін жүрді. Бұған алтай елінің оңтүстік және солтүстігінен табылған олжалар дәлел бола алады. Әсіресе «чудь» деген атау алған халық ерекшеленеді. Олар металл өңдеу кәсібін өте мықты меңгерген. Чудьтардың жасаған бұйымдары тек Ресей жерінде ғана емес, басқа елдерде де табылған. Металл өңдеумен (чудьтардан басқа) басқа да халықтар айналысқан. Воронеж аймағының оңтүстік аудандарында қожалық еткен скивтер де болған. Қаражердің оңтүстігінде қолөнер металлургиясын дамыту үшін барлық жағдай болды. Мысалы: табиғи бай темір кені; олардың ең ірісі – Липец-Студенец кен орны. Қаражердің оңтүстігі басқа елдердің аудандарымен ыңғайлы өзен жолдарымен байланысты. Олар өнімдерін жеткізе алды.

Б.э.д. 2000 жылдың ортасында-ақ Воронеж облысы жеріндегі Мосолов қалашығы деген атпен белгілі болған ежелгі қолөнер металлургтарының елді жерлері (поселение) қоныстанғанына археологиялық дәлел болады.

Сөздік:

олжа – добыча; находка; трофей; прибыль

ежелгі – древний; давний; исконный

қожалық ету – владеть; хозяйничать; пользоваться властью;

господствовать

22-тапсырма. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсініп, бұйрық райлы етістіктерді тауып, қай жақта айтылғанын анықтаңыздар.

Ү л г і: айтпа – II жақ, жекеше, ..

  1. Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа!

  2. Аға алдында пейіліңді көрсет, іні алдында мейіріңді көрсет.

  3. Келмей жатып қорықпа, көрмей жатып тарықпа.

  4. Сырын білмеген адамға сырыңды айтпа, қасақы жауға шыныңды айтпа.

5. Ақылдыдан үйрен, сұмнан жирен.

6. Сол көзіңе оң көзің қарауыл болсын.

23-тапсырма. Берілген етістіктерді өткен және келер шақтың 3 түріне салып, үлгі бойынша өзгертіңіздер.

Ү л г і:

Металдар тазартылды, металдар тазартылатын, металдар тазартылған (өткен шақ); кешке кетесің, келетін сияқты, жазармын, оқымақпын (келер шақ).

  1. ертіндіден металл айыру

  2. ертіндіге айналдыру

  3. шикізатты өңдеу

  4. металды балқыту

  5. қоспаларды тазарту

  6. металдарды шаймалау

24-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, олармен сөз тіркестерін жасаңыздар.

1. Соколов-

2. металлургиялық

3. кеңес

4. ғылыми 5. байлықтарды

6. мамандар

7. түсті

8. акционерлік

9. кен

10. «Қазақмыс»

а) кәсіпорындар

ә) зерттеу институты

б) металдар

в) Сарыбай

г) қоғам

ғ) корпорациясы

д) даярлау

е) байыту

ж) игеру з) өкіметі

Ү л г і: Кеңес өкіметі.

1....................................

2....................................

3....................................

4....................................

5....................................

6....................................

7....................................

8....................................

9....................................

Әдістемелік ұсыныс: Миллиондаған жылдар бұрын адамдар неден пайда болды, еңбек құралдарын неден жасады, «Алтын адам» туралы қандай тарихи деректер білесіздер? Сұрақтар төңірегінде ой бөлісу, талқылау.

Әдебиет: Нег.: 3[20-25]; Қос.: 20[20-25].

Бақылау сұрақтары:

1. Металлургия дегеніміз не?

2. Қорытпалар қалай алынады?

3. Таза металдар қандай болады?

2-апта. 3-тәжірибелік сабақ

25-тапсырма. Мәтінмен танысып, Тау-кен металлургия институтының тарихын нақты деректермен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Металлургия институты

* * * * *

Алғаш ашылған кездегі Тау-кен металлургия

институтының тарихы

Қазақ ұлттық техникалық университетінің тарихы 1934 жылдан басталады.

Осы жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институтының жалғыз геологиялық барлау факультетінде инженерлер даярлау басталды. ҚазТКМИ 1934-1960 жылдар аралығында 6 факультетте 15 мамандық бойынша инженерлер және ғылыми қызметкерлер дайындайтын еліміздің жоғарғы оқу орындарының біріне айналды. Институттың ғылыми зерттеу және педагоктік қызметтерін 3 кафедрада жұмыс істейтін 160 профессор мен оқытушылар жүзеге асырды. Институттың ең алғашқы ректоры талантты басшы Ә.Ж.Бүркітбаев болды.

Осы кезең ішінде ҚазТКМИ әр түрлі мамандық бойынша 4 мыңнан астам инженерлер дайындап шығарды. Институт қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері Қазақстан өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты.

1960 жылы ҚазТКМИ Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылды.

ҚазПТИ-дің дамып жетілген материалдық-техникалық базасының арқасында әрбір факультет өзіндік оқу бөлімшесі ретінде көріне бастады. Осы факультеттер негізінде Алматы энергетика және байланыс институты, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы, Рудный индустриалдық институттары ашылды.

ҚазҰТУ құрамында Қаратау қаласындағы филиал, Зыряновск мен Өскемен қалаларындағы жалпы техникалық факультеттер, Алматыдағы Кинотехникум мен машина жасау техникумы бар.

Мамандарды дайындау 54 мамандық бойынша 10 факультетте мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Университеттің аспап жасау, автоматика, электронды және есептеу техникасы, геология, мұнай және газ, металлургия, машина жасау және машина тану мамандықтары бойынша 4 оқу-әдістемелік бірлестігі бар. Бұл бірлестіктер республикамыздың 20 жоғары оқу орындарында 49 мамандық бойынша мамандар дайындауды өз жетекшілігіне алып отыр.

Өнеркәсіп қызметкерлері мен оқу орындарының техникалық пәндер оқытушыларын жоғарғы оқу орындарынан кейінгі білім берудің көп салалы жүйесімен қайта дайындау және біліктілігін арттыру бойынша Республикалық орталық ашылды.

Сөздік:

мамандық – специальность

елеулі үлес қосты – внес значительный вклад

ғылыми қызметкер – научный сотрудник

ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

есептеу техникасы – вычислительная техника

аспап жасау – приборостроение

талантты басшы – талантливый руководитель

даярлау – подготовить

26-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Тау-кен металлургия иниституты алғаш қай жылдары құрылды? 2. 1934-1960 жылдар аралығында неше мамандық бойынша инженерлер дайындалды? 3. Институттың алғашқы ректоры кім? 4. Қазақстан өнеркәсібінің дамуына институт қандай үлес қосты? 5. Қазақ Политехникалық институтынан бөлініп шыққан институттарды атаңыздар.

27-тапсырма.

28-тапсырма. Төмендегі сөздердің аудармасын есте сақтаңыздар.

ЖОО (жоғарғы оқу орны) – ВУЗ (высшее учебное заведение)

Мемлекеттік ЖОО – Государственный ВУЗ

Жекеменшік ЖОО – Частный ВУЗ

Халықаралық ЖОО – Международный ВУЗ

Жоғары Білім – Высшее Образование

29-тапсырма. Жыр жаттайық! Бір шумақ өлең арқылы ақын не айтып тұр? Түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Шежіремді ұрлапты...

Ғасырлардан бір ызың тыңдап тұрмын.

Алтын адам шынымен

Қымбат болса

Білген екен құнының қымбаттығын (М.Мақатаев)

30-тапсырма. Терминдердің мағынасын түсініп, түсінгендеріңізді мазмұндаңыздар.

Тау жыныс түрлері құрамы мен құрылымы азды-көпті тұрақты, жер қыртысын құрайтын және онда дербес денелер түрінде болатын табиғи минералдық агрегаттар. Таза металдарқоспалар мөлшері аз металдар, не қорытпалар, тазалық дәрежесіне қарай тазалығы орташа немесе техникалық таза.

Минералды шикізаттар ресурстарыхалық шаруашылығында пайдалануға болатын, алғашқы немесе екінші қайтара түзілген минералды шикізат. Оларға: кен, кен емес, жанғыш минералды шикізаттар, қатты сұйық және газ тәріздес кен қалдықтары мен минералданған сулар жатады.

Қабатаралық қалыңдыққалың қаттарды немесе кен шоғырланған қабаттарға бөліп қазып алу барысында қабаттар арасында алынбай қалдырылатын пайдалы қазылымдар қалыңдығы.

Кентрек – пайдалы қазылым қаттарының (шоғырларының) кенорнын қазу барысында уақытша алынбайтын бөлігі. Кең тараған кентректер: сақтандырғыш кен қазбаларын, ғимараттардың астынан кеулеуін болдырмауға арналған.

Балқыту – жоғары температуралы пирометаллургиялық процесс, ол көп жағдайларда материалдардың толығымен балқымаға айналуын қамтамасыз етеді. Балқытуды екі түрге бөледі: кендік және тазартушы (рафинирлеуші).

Вакуумдық металлургия – қазіргі металлургия өнеркәсібінің кеннен немесе басқа материалдардан вакуумдық әдіспен металл алатын ең маңызды салаларының бірі.

Плазма – заттың күшті иондалған күйі, жоғары температурадан немесе газ бөлшектерінің шапшаң электрондармен, электрондардың тең концентраттарымен және оң зарядталған иондармен соқтығысуынан пайда болады.

31-тапсырма. Сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріп, құралған сөз тіркестерін көрсетілген жолдарға жазыңыздар.

химиялық 1. .......................

кенді 2. .......................

күкіртті 3. .......................

көп 4. .......................

тау-кен 5. .......................

кеннің 6. ......................

технологияны 7. ......................

32-тапсырма. Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Легкий металл, высокая прочность, электрический провод, высокое сопротивление, деформация металла, изменять физические свойства, техническое чистое железо.

33-тапсырма. Есімдіктерді тауып (жіктеу және белгісіздік), оны түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Біздің университет бүгінде 75-тен астам мамандық бойынша инженер мамандарын дайындайды. Мен студентпін. Сен де болашақта тау-кен инженері боласың. Әрбір адамның өмірде өз таңдауы бар. Біреу маркшейдер болғанды қалайды, ал кейбіреулер мұнай-газ инженері болсам деп армандайды. Қалай болғанда да біз қазақстандықтармыз. Қазақстан – біздің Отанымыз. Олар біздің елімізге келіп-кетіп жүретін қонақтар. Әрқайсысының ойында әлденеше сұрау бар. Біз болып, сіз болып Отанымыз Қазақстанның гүлденуіне үлесімізді қосайық, ағайын!

34-тапсырма. Мәтіннен сілтеу есімдіктерін тауып, есімдіктердің түрлерін атаңыздар.

1. Осынау маркшейдерлік түсіру деп тау-кен өнімдерінің жобасын, геодезиялық өлшеулерді, суреттер жинағын айтамыз. 2. Мына бастапқы бағытқа магниттік меридиан, географиялық меридиан және белдем меридианы жатады. 3. Бұл жерасты түсіру және оның квалификациясы болып есептелінеді. 4. Мынау тау-кен өнімдері. 5. Осы жерасты маркшейдерлік түсіру жұмыстары үш принципке сүйенеді. 6. Міне, жер беті түсірілді.

Әдістемелік ұсыныс: Университет тарихы туралы әдебиеттермен танысып, пікір алмасу.

Әдебиет: Нег.: 3.Қос.:[48-50]; Қос.: 12; 4.

Бақылау сұрақтары:

1.Техникалық жоғарғы оқу орнының ашылу тарихы.

3. Алғаш ашылғанда қандай мамандықтар сұранысқа ие болды.

3. Университеттің қанша жылдық тарихы бар.

2-апта. 4-тәжірибелік сабақ

36-тапсырма. Мәтінді оқып, Ө.Байқоңыровтың өмір жолы мен ғылымға сіңірген еңбектерін, еңбек жолын салыстырып, мазмұндаңыздар.

Қазақ ТКМИ түлегі, академик Ө.А. Байқоңыровтың

өмірі мен қызметі

Өмірхан Аймағанбетұлы Байқоңыров 1912 жылы Қарағанды облысының бұрынғы Жезді ауданы Ұлытау кеншарында дүниеге келген. Әкесі Қарсақбай Шымкент заводында металлург жұмысшы болып істеген.

1935 жылы Ө.А.Байқоңыров Қазақ тау-кен металлургия институтына оқуға түсті.

1940 жылы иниститутты бітіріп Жезқазғанға жолдама алады. Инженерлік істі қарапайым кезекші мастерден бастаған жас маман, Кен басқармасының басшысы, комбинаттың бас инженеріне дейін көтерілді. Ол бойындағы табандылық пен қайсарлықтың арқасында, өндірісте өз міндетін қалтықсыз орындай жүріп, жаңашыл, өнертапқыш, білікті инженер болып қалыптасты.

Инженер Ө.А.Байқоңыровтың ізденісі мол нәтиже бере бастады. Сол кезеңде ғылым тарихына «Байқоңыров кен үңгірі» деп аталып кеткен қазу жүйесін өндіріске енгізген. Мұны өндіріске енгізгенде бұрғышылардың еңбек өнімділігін 1,78 есеге өсіруге, ал 1т кеннің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік алды.

Сол жылдары өзі істеген өндірісте, экономикалық тиімділігімен ерекшеленген оннан астам кен қазу жүйелерінің жаңа нұсқаларын сынау жұмыстарын ұйымдастырды. Ө.А.Байқоңыров басқаратын осы шахта жұмыстары 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше маңызды болды. Металға бай кен-тіректерден кен алуды алға қойып, жаңа кен учаскесін даярлап іске қоса отырып, қазбаны шапшаң өндіруді ұйымдастырды.

Өндірісті бүге-шүгесіне дейін білетін, әрі ғылымға деген құштарлығы мен ерекше қабілетінің арқасында Ө.Байқоңыров 1951 жылы өндірістен қол үзбей жүріп, кенші ғалым академик А.С.Поповтың жетекшілігімен, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін табысты қорғап шықты

1952-1962 жылдары Қазақ Тау-кен металлургия иниститутының ректоры қызметін атқарды. Ө.А.Байқоңыровтың нағыз ұйымдастырушы талантының көрініс тапқан кезеңі десе болады. Ол иниституттың материалдық тнхникалық базасын қайта дамытуға бар күшін салды.

1959 жылы «Рудалы кендерді қазу»кафедрасы бойынша Қазақ тау-кен металлургия және Москваның тау-кен институтының ұсынысымен Ө.А.Байқоңыровқа профессор ғылыми атағы берілді.

1962 жылы профессор Ө.А.Байқоңыров ҚазССР ҒА ның толық мүшесі және Академияның хатшылығына қоса сайланды.

Академик Ө.А. Байқоңыровтың ғылым жолындағы ерекшеліктері – үнемі жаңалық іздеу және оны іске асыруға ұмтылысы. Ол 300-ден аса ғылыми еңбектердің авторы.

Ол тек бір институтпен шектеліп қана қоймай, республика бойынша инженер техникалық мамандар даярлауға белсене араласқан.

Ө.А.Байқоңыров оқытушылар мен студенттер алдына шығып мазмұнды баяндамалар жасайтын. Жастарға арналған өнегелі сөзі тыңдаушыларының көкейінде қалушы еді. Тас тесетін тамшының құдыреті оның күшінде емес, жиі тамуында. Адам да білімді күшімен емес, өнебойы ізденістен алады. Ғылымға деген ниет, пәнді игерудегі «науқандық» сипатта емес, жүйелі түрде зерделеу нәтижесінде қалыптастырылады.

Ө.А.Байқоңыровтың Республикаға сіңірген ерен еңбектері Ленин орденімен, ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президумының медальдары және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қазіргі кезде ғалымның аты Жезқазған университетіне, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тау-кен иниститутына, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының көшелеріне берілген.

Сөздік:

кен қазбасы – горная выроботка ұмтылу – устремиться вперед

үңгу – копать яму; бурит землю кен алу – извлечение руды

кенді кентірек – рудный целик құштарлық – влечение, страсть

жолдама алу – направлять; по направлением

өндіріске енгізу – вводить проезводство

жетекші – руководитель үңгірлеу – делать глубокую выемку

37-тапсырма. Мәтінге берілген жоспармен танысып, жоспарда берілгендерді қатыстырып, сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

1. Ө.А.Байқоңыровтың өмірі, оқыған оқу орны.

2. Алғашқы жұмыс бастаған өндіріс орны.

3. Өндіріске енгізген жаңалықтары мен ұйымдастыру шеберлігі.

4. Өндірістен қол үзбей жүріп жеткен ғылыми жетістіктері.

5. Қызметінің жоғарлауы мен жазылған ғылыми еңбектері.

6. Мамандар даярлау барысындағы жастардың біліктілігін артырудағы

сіңірген еңбектері.

7. Жастарға қалдырған өсиеті.

8. Отанға сіңірген еңбегінің жемісі.

38-тапсырма. Сөздердің синонимдерін тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Басшы, тиімді, ұйымдасу, жұмыс, тәрбиелеу, бағыт, білімділік, жетістік, жұмыс, болжам.

39-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесіздер? Түсініктемені топ болып талқылап, ой бөлісіңіздер.

Бүге-шүгесіне дейін, өндірістен қол үзбеу, жаңалық іздеу, өндіріспен ұштастыру, көкейінде қалу, өнегелі сөз, белсене арласу, өнебойы іздену, қайта дамыту.

40-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды толықтырып, өзара пікір алмасыңыздар.

1. Ө.А.Байқоңыровтың білікті маман болып қалыптасуындағы басты ерекшелігі неде? 2. Ол неге инженер болуды қарапайым кезекші мастерден бастаған? 3. Кен өндірісіне енгізген жаңалықтары қандай пайда әкелді? 4. Еңбек еткен ортасында қандай үлкен жетістіктерге жетті? 5. Өндірісте жүріп ғылым кандидаты болуының себебі неде?

41-тапсырма. Сөздерді орыс тіліндегі аудармаларымен сәйкестендіріп, сөздікті жаттап алыңыздар.

табандылық

жаңашыл

өнертапқыш

жетекші

білікті

қайсарлық

тәжірибелі

зерделі

енгізу

опытный

внимательный

ввести

упорство

изобретатель

новатор

образованный

настойчивость

руководитель

42-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Инженер маркшейдрлер, тау-кен инженерлері, білім алады, институт түлектері, ғылыми еңбек, білім көтеру, жұмысқа орналасу.

43-тапсырма. Мақалдарды екінші бағанадағы жалғасымен байланыстырып, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Жақсының аты өшпейді, ...... ......

2. Білімдінің сөзі жібектей, ...... .....

4. Алтын тағың болғанша, ...... .......

5. Білімдіден ақыл шығар ...... .....

талаптыға болсын кез.

білімсіздің сөзі білектей.

ақылдыдан нақыл шығар.

ғалымның хаты өшпейді.

44-тапсырма. Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздерді тауып, оларды аудармаларымен бірге жазыңыздар.

Ү л г і: белгілі болды – белгісіз болды (было известно – неизвестно было)

алғашқы металл – первичные металлы

жұмсақ темір – мягкая железо

қатты болат – твердые сталь

жаңа технология – новый технология

ертеде – в прошлом

қолданылу – употребляться

45-тапсырма. Терминдердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Алфенол – темірдің (84%) алюминиймен (16%) магниті жұмсақ қорытпасы. Әлсіз өрісте жоғары магниттік өтімді, қатты, берік, тозуға төзімді, электрлік кедергісі едәуір. Өткен ғасырдың 50-шы жылдарында жасалған.

Аморфты – (грек. amorhauz – пішінсіз ) – қасиеттері кристалды қалыпқа жетпеген қатты заттар (шыны, табиғи және жасанды полимерлер және т.б.) Олардың физикалық әртүрлі бағытта бірдей болып келеді.

Агломерациялау – ірілету. Жылу энергиясын күйдіру арқылы ұнтақты затты біріктіріп, белгілі кесектікке жеткізу. Бұл процесс ұнтақ кенді концентратты металлургиялық өңдеу алдында қолданылады.

Күйжентектеу – ұсақ түйіршіктің немесе ұнтақ материалдардың жоғарғы температурада жентектелуі (пісірілуі); Кезінде материалдың химиялық-физикалық қасиеттері мен құрылымы өзгереді.

Күкіртті балқыту пеш газдарын өңдеумен бірге, күкірті мол кендерді пиритті балқыту арқылы таза күкірт алу.

Еріткіштерәртүрлі заттарды ерітетін бейорганикалық қосылыстар (бензол, спирт, ацетон, бензин т.б.). Органикалық еріткіштердің көпшілігі ұшпа, жанғыш, кейде улы сұйықтар, бұлар ауамен жарылыс қауіпті қоспалар түзеді.

Әдістемелік ұсыныс: Дөңгелек үстел ұйымдастырып, Ө.Байқоңыровтың еңбек жолы төңірегінде пікір алмасу.

Әдебиет:Қос.:3[48-50]; Қос.: 12; 8.

Бақылау сұрақтары:

1. Ғалым еңбек жолын неден бастады?

2. Ғылымдағы жаңалығы қандай?

3. Қандай жауапты қызметтер атқарды?

3-апта. 5-тәжірибелік сабақ

46-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып, мағынасын түсініңіздер.

47-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

48-тапсырма. Мәтіндегі термин сөздермен жұмыс жасаңыздар.

49-тапсырма. Мәтінді өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырып, мазмұндаңыздар.

СӘУЛЕТТІК ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

* * * * *

Сәулет өнері және оның зерттелуі

Сәулет өнері ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Архитектор гректің «архитектон» деген сөзінен алынған. Алғашқы мағынасы құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдірген.

Ал, Даль – архитектор деген терминге «ғалым-құрылысшы», «суретші-құрылысшы» деген анықтама береді. Сәулет өнерінің мақсаты – адам өмірі мен қызметін құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырып іске асыру.

Ғасырдан ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары сәулеттік ескерткіштер қатарына жатады. Ондай ескерткіштер өз дәуірінің құрылыс салу тәсіліне сай бітім-пішіні бар белгілі үлгімен салынады. Дүние жүзі халықтарының архитектурасындағы мұндай ерекшілік оның ең бірінші қоғамдық даму сатысына, тұрмыс салты мен мәдени өркендеуіне, ұлттық дәстүріне, табиғаты мен ауа райына, сондай-ақ жергілікті құрылыс материалына байланысты болады.

Құрылыс – жер шарындағы ең ежелгі өнердің бірі. Адам өзінің бірінші үйін ежелгі тас дәуірінің палеолит кезеңінің басында тұрғызған. Түнемелікке жататын жер үшін қалың шөптесінді немесе қалқалау жерді таңдаған, содан кейін күрке, лашық сала бастады. Қазірдің өзінде өте ежелгі күрылымдар, көне жұрт, баспана-жайлар кейбір жерлерде сақталған.

Алғашқы өркениет пайда болғанға кейін адамдар осындай құрылыстарда тұрып келген. Кейіннен қалалар салынып, әр түрлі құрылыстар жүргізілсе де, сол күркелер мен лашықтар әлі де өз қызметін жалғастырып келе жатыр.

Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша, сәулеттік шығармаларда бұлжымайтын үш қасиет болуы керек: 1. беріктік; 2. қолайлылық және 3. әдемілік. Беріктік – инженерлік есепке, қолайлылық – тұрмысты білуге байланысты болса, әдемілік – сәулетшінің талант-талғамынан туады.

Бүгінгі күннің сәулет өнері техникалық жабдықтармен тығыз байланысты. Электроника, эскалатор мен лифттер, сантехникалық бұйымдар, ауа тартқыш тетіктерсіз бір де бір ірі құрылыс салынбайды. Алдыңғы қатарлы технологияны өнердің әдемілік шарттарымен ұштастыру үшін сәулетшіге ғылыми сана, суреткерлік ой керек.

Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, тал шыбықтардан және балшықтан салды. Су айдынында да үй тұрғызып үйренген. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгірлер мен дольмендер пайда болды. Менгірлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді.

Сөздік:

тұрғын үйлер – жилые дома беріктік – прочнось

жабдық – оборудование әдемілік – красота

адамзат – человечество салу – строить

шеберлік –мастерство бейне – образ

сәулет өнері – архитектура күрке, лашық – шалаш

адамзат – человечество түнемелі – ночлег

бас шебер – главный мастер ежелгі – древний

баспана – жилище; укрытие; убежище

құрылысты жобалау – проектирование строительства

қоғамдық ғимарат – общественное сооружение

50-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сәулет өнері қай уақыттардан бері дамыған? 2. «Архитектор» сөзінің алғашқы мағынасы қандай ұғымды білдіреді? 3. Даль архитектор деген сөзге қандай анықтама береді? 4. Сәулет өнерінің мақсаты не? 5.Сәулет өнері туындылары ненің қатарына жатады? 6.Сәулетші болу үшін нені білу керек? 7. Құрылыс қай уақыттан бергі өнер? 8. Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты? 9. Ірі тастардан қаланған қандай монументті құрылыстарды білесіздер? 10.Адам баласы құрылыспен қай уақыттардан бері айналысқан?

51-тапсырма. Термин сөздердің аудармасын есте сақтап, мағынасын меңгеріп алыңыздар.

ғимарат – здание ескерткіш – пандус

жобалау – проектирование үлгі, нұсқа – образец

көлемдегі ғимарат блогы – объемный блок здания

ескерткіш ғимараттар – мемориальные сооружения

ескерткіш саяжайлар – мемориальные парки

52-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестеріндегі қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңыздар.

Құрылысшы, сәулет өнері, тұрғын үй, дүкен, қоғамдық ғимараттар, ғалым-құрылысшы, оңай жұмыс емес, жаңа үй, шеңбер жасау, үйдің іргетасы, бөлменің қабырғасы, сарайдың төбесі, үй жиһаздары, қаһарман қалалар, көне шаһар.

53-тапсырма. Берілген сөздерді қатыстырып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ғимарат, үй, қала, мектеп, құрылысшы, сәулетші, аудан, кешен, ауыл, көлік, шығарма, жабдық, бұйым, тетік, тас, құрылыс, төбе, шатыр, дольмен, қабырға.

54-тапсырма. Есім сөздерді жіктеңіздер.

Инженер, маман, мүсінші, құрылысшы, сәулетші, кескіндемеші, жұмысшы, суретші, жинақтаушы, шебер, ісмер, зергер.

Ү л г і : Жекеше түрде: Көпше түрде:

I жақ Мен инженермін I жақ Біз инженерміз

II жақ Сен инженерсің II жақ Сендер инженерсіңдер

Сіз инженерсіз Сіздер инженерсіздер

III жақ Ол инженер III жақ Олар инженерлер

55-тапсырма. Жаңылтпашты жатқа айтыңыздар.

Дән – дәулет, Сән – сәулет,

Дәулет – дән. Сәулет – сән.

56-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Сәулет объектісі – сәулет жобасы негізінде құрылған үймерет, ғимарат, үймереттер мен ғимараттар кешені, олардың бейнесі (көрінісі), жайластырушылық, көрініс не бақпарк өнерінің объектілері.

Сәулет жобасы – жобалауда суретші қатысуы қажет объектілердің құрылысына құжаттамалар жасау үшін қажетті көлемде объектіге әлеуметтік, экономикалық, функционалдық, инженерлік, техникалық, өртке қарсы сақтық, санитарлық-тазалық, экологиялық, сәулет-көркемдік және басқа да талаптарды кешенді есепке алатын сәулет шешімдері бар құрылыс және қала құрылысы құжаттамасының сәулет бөлімі.

Тошала ( шошала) сайман, азық-түлік қоятын, төбесін дөңгелектеп жауып, шошақтап шығарған балшық, яки тас үй.

Зембілтопырақ, тас сияқты ауыр заттарды салып екі кісілеп көтеруге арналған жабдық.

Керіш топырақтан, құмнан бірігіп құралған тас.

Лашық уақытша үй, баспана, үйшік.

Ақ керіш ақ топырақ, онымен үй ағартады.

Қапас – темірден, ағаштен, шыбықтан тоқылған үйшік.

Шахристан – абыз-ақсүйектер қалашығы.

Тасболат – күйдірген кірпіш.

Рабат қолөнершілер қалашығы.

57-тапсырма. Ғибрат сөздерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.

Сәулет – үнсіз музыка. Өнер сыры – өрнекте.

(И.Гете) (Ғ.Мүсірепов)

Архитектура әндер мен аңыздар үнсіз қалып, жер бетінен жойылған халық туралы ештеңе де айтпайтын кездерде де тарих шежіресін жырлап тұрады.

(Н.В.Гоголь)

Ғимарат салғанда адамның тұруына ыңғайлығын әдемілікке ұштастыра білген суретші – мақтауға тұратын сәулетші.

(Д.Бернини)

58-тапсырма. Сөз тіркестерін етістіктің болымсыз формасына қойып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мән берілу, қорды сақтау, күрделі жөндеу, көңіл аудару, істен шығу, ұзақ тұру, қалпына келтіру, дұрыс пайдалану, сапасын жақсарту, жайлылығын қамтамасыз ету, жұмысты бақылау, материалдарды қолдану, ғылыммен айналысу, дұрыс деп саналу, жұмысты ұйымдастыру.

59-тапсырма. Сөздердің антонимдерін тауып, сын есімнің шырай түрлеріне келтіріп, мамандыққа қатысты сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і : Ұзын – қысқа. Параллелепипедтің ұзындығы енінен ұзындау болады. Құрылысшылар ұп-ұзын бөренелерді қоймаға қойды.

Ұзын, қатты, ауыр, тар, қиын, жақын, биік, жоғары, үлкен, жаңа, жуан.

60-тапсырма. Мәтіннен өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жазып, олардың түрлерін (жедел, бұрынғы) ажыратыңыздар.

61-тапсырма. Өз тараптарыңыздан кестені толтырыңыздар.

жай шырай

салыстырмалы

күшейтпелі шырай

асырмалы шырай

Қызыл

қызылырақ, қызылдау

қып-қызыл

өте қызыл, тым қызыл

Жасыл

Биік

Ауыр

Қысқа

Үлкен

62-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Н.Я. Бичурин нақты деректер келтіре отырып, Оғыз – есімі тарихтан жақсы мәлім Туманның үлкен ұлы Мөде деп біледі. Ал, Мөде белгілі адам. Ол б.з.б. 209 – 174 жылдары өмір сүрген. Бұл кезде табғаш (Қытай) елдері ғұндарға бағынып, оларға алым-салық төлеп тұрған. Олар ғұндардан қорғану үшін өздерінің «ұлы қорғанын» осы кезде салған. Алайда бес мың шақырымға созылған бұл биік қорған Мөденің жақсы қаруланған қалың жасағына бөгет бола алған жоқ.

Сөйтіп, Оғыз қаған-ғұндардың әміршісі Мөденің әдеби бейнесі деген болжам бар.

Әдістемелік ұсыныс: Сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігі мен оның басқа салалармен тығыз байланысы жөнінде мәлімет беру.

Әдебиет: Нег.: 5 [4-10]; Қос.: 19 [27-29]

Бақылау сұрақтары:

1. Сәулет өнері дегеніміз не?

2. Сәулетші болу үшін нені білу керек?

3. Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты?

3-апта. 6-тәжірибелік сабақ

63-тапсырма. Мәтінмен танысып, сәулет өнері жайлы білетіндеріңізді өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар.

А р х и т е к т у р а

Архитектура (латынша archi – tectura, грек.architekton – құрылысшы), сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Өзінің атқаратын қызметіне қарай архитектура негізгі үш түрге бөлінеді: 1. көлемдік ғимараттар құрылысының архитектурасы (тұрғын үй, театр, мектеп, дүкен); 2. қаланы көріктендіру немесе жасыл-желек архитектурасы (бақ, парк, фонтандар); 3. қала құрылысының архитектурасы, яғни қала салу өнері (жаңа қалалар салу, ескі аудандарын жаңарту).

Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып саналған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Миллиондаған халқы бар қаланы да, шағын тұрғыны бар ауылды да салу оңай емес. Бұл салада архитекторға тек қана сәулетші болу аз, ол социология мен гигиенаны, экономика мен экологияны, транспорт пен қала шаруасын білуі керек. Жеке ғимараттардан ансамбль құру мәселесі, қаланың қайталанбас кескін-келбетін жасауға тырысу, ескі құрылыс пен жаңа құрылыстың үйлесімді шешімін табу асқан шеберлікті керек етеді.

Архитектор сөзінің алғашқы мағынасы құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдіреді. Ал Даль – архитектор деген терминге «ғалым-құрылысшы», «суретші-құрылысшы» деген анықтама береді.

Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Бұл – латын тілінде «шекимін, қашаймын» деген сөз. Мүсін туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік және аумақтық) құралады. Мүсін қатты немесе пластикалық материалдардан жасалады, негізінен адамды (кейде жан-жануарларды) бейнелейді. Мүсіннің тақырыптық басты жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символикалық және аллегориялық фигуралар, анималистік мүсіндер.

Мүсін мазмұнына қарай: а) монументті-сәндік, қондырғылы немесе ә) шағын формадағы мүсін болып екіге бөлінеді. Мүсіннің өңдеу тәсілдері: ою, құю, шеку т.б. болып келеді. Мүсін негізінен екі түрге бөлінеді: жұмыс (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру). Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады.

Монумент мүсіндерге мемориал құрылыстар кіреді. Бұл латынның «мемориалист» – «ескерткіш» деген сөзінен шыққан. Қазақстан жерінде көне ескерткіштер палеолит дәуірінде пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениетке жауынгер-жасақтарды, кейде балалы ананы бейнелейтін балбалдар (тастан қашалған бейнелер) жатады. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Орта ғасырға жататын қорымдардағы тас-мүсіндердің («Қойтас», «құлпытас» т.б) бетіне көбінесе көгеріс пен геометриялық өрнектер салынып безендірілген. Қазақстан жеріндегі кәсіптік мүсіннің пайда болуы үш мың жылдан асады. Тас мүсіндер тарихта болған адамдарды еске түсіру үшін жасалған жеке кісінің бейнесі (балбал) ретінде қашалды. Мүсін өнерінің бұл түрі түркі қағандығы мен оғыз заманы өнерінде кең қанат жайды.

Сөздік:

тұрғын үйлер – жилые дома беріктік – прочнось

жабдық – оборудование әдемілік – красота

адамзат – человечество салу – строить

шеберлік –мастерство бейне – образ

ойып безендіру, әсемдеу – инкрустация ескерткіш – памятник

кең қанат жайды – распространился қашау – долото

қондырғы, орнату – установка көне дәуірде – в древней эпохе

мүсін туындылары – скульптурные произведения

құрылысты жобалау – проектирование строительства

қоғамдық ғимарат – общественное сооружение

64-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Мүсін өнеріне не жатады? 2. Мүсін туындылары қанша өлшемнен тұрады? 3. Мүсін қандай материалдардан жасалынады? 4. Мүсіннің басты тақырыптық жанрлары не? 5. Мүсін мазмұнына қарай қанша түрге бөлінеді? 6. Мүсіннің қандай өңдеу тәсілдері бар? 7. Монумент мүсіндерге не кіреді? 8. Қазақстан жерінде көне ескерткіштер қай дәуірде пайда болған? 9. Тас мүсіндер не үшін қашалады? 10. Архитектура не істейтін өнер? 11. Архитектура туындылары нені қалыптастырады? 12. Сәулетші болу үшін нені білу керек? 13. Архитектура сөзінің алғашқы мағынасы қандай ұғымды білдіреді? 14. Мүсін орнату дәстүрі қашан пайда болды?

65-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қасысына тәуелдік жалғауларын жалғауға болады? Оларды іріктеп, тиісті сөздерге аталған жалғауларды жалғаңыздар.

Кәсіп, байлық, сұлулық, жасақ, батырлық, ерлік, азаматтық, кітап, көлік, шаттық, ризық, мектеп, академик, суреткерлік, әдемілік, беріктік, қолайлылық.

66-тапсырма. Көптік жалғауында тұрған сөздердің астын сызып, олардың жалғану тәртібін түсіндіріңіздер.

Мемориал құрылыстар – белгілі бір елдің тарихы мен қалаларының айтулы мерзіміне (даталарына), халықтың соғыс кезіндегі және бейбіт еңбек ерліктеріне арналып салынған архитектуралық құрылыстар, сәулет-мүсінді ескерткіштер ансамблі. Мемориал құрылыстар бір немесе бірнеше адамның есімін мәңгілік есте сақтау үшін де салынады. Пішімі мен композициялық құрылымына қарай ежелгі мемориал құрылыстар қорғандардан, шикі кірпіштен қаланған, күйдірілген кірпіштен өрілген және табиғи тастардан қиып орнатқан кешендерден тұрады.

67-тапсырма. Қазақстанның жеті кереметінің бірі – «Алтын адам». Оның сәулет өнерінде алатын орны туралы ойларыңызды ортаға салып, тақырып төңірегінде ой бөлісіңіздер.

68-тапсырма. Қазақстандағы салынған сәулет-мүсінді ірі-ірі мемориал құрылыстарын атап шығыңыздар.

69-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, буын түрлерін ажыратыңыздар. Қаһарман қала

Ұлы Отан соғысы жүріп жатты. Жау Ленинград қаласын қоршауға алды. Қоршау тоғыз жүз күнге созылды. Қала жауға берілмеді. Қаһарлы соғыстың қиындығын жеңді. Ол Қаһармен қала атанды.

Қаһарман қалалардың қандай мемориалдық құрылыстарын білесіздер?

70-тапсырма. Мәтінге тақырып қойып, орыс тіліне аударыңыздар.

1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Алматы – мәдениет пен өнер, білімнің орталығы. Қалада сәулет өнерінің тамаша ескеріткіштері болып саналатын опера және балет театрының үйі, Республика сарайы, Әуезов атындағы театр, Орталық мұражай, Ғылым академиясының бас ғимараты сияқты т.б. ғимараттар бар. Медеу спорт кешені бүкіл республика мақтанышы. Қалада 100-ге жуық жоғары оқу орындары, ондаған театр, концерт, кинозалдар бар. Республика тәуелсіздігінің бесігі алтын адамның мүсіні алыстан көз тартады.

71-тапсырма. “Егер мен сәулетші болсам.....” тақырыбына эссе жазыңыздар.

72-тапсырма. Ғимараттар мен имараттардың түрлерінен мәлімет алып, түсінгендеріңізді мазмұндаңыздар.

Ғимараттар мен имараттар. Сәулетшілер мен құрылысшылардың жасампаз жұмысының нәтижесі дайын ғимараттар мен имараттар болып табылады. Кең мағынада «имарат» деген ұғымға «ғимарат» ұғымы да енеді.

Бөлмелері бар, адамдар тұратын және олардың тұрмыстық, мәдени-қоғамдық, өндірістік немесе шаруашылық қызметтерді орындауға арналған құрылыстар ғимараттарға жатады.

Инженерлік имарат әр түрлі өндірістік процестерді орындауға, материалды сақтауға арналған және өзге (суқабылдағыш имарат, сұйықты сақтауға арналған резервуар, құбыр, түтін мұржасы, газгольдер, канализациялық тазалағыш имарат жэне т.с.с.) арнайы қызметтік құрылыстар.

Ғимараттар мен имараттар қызметтеріне байланысты: 1. құрылысты- өнеркәсіптік, азаматтық (тұрғын, қоғамдық, және коммуналдық-шаруашылық ғимараттар мен имараттар), 2. гидротехникалық (теңіз және өзен), 3.темір жол, автомобиль жолы, көпірлер және тоннельдер, 4. ауылшаруашылық, шахталық, құбырлардық сыртқы тораптары, 5. энергетика және байланыс тораптары, 6. қорғаныстық түрлері бойынша бөлінеді.

Ғимаратгар мен имараттардың жіктелуі оларды жобалау кезінде экономикалық орынды шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасау мақсатын көздейді. Жіктеудің негізіне ғимараттар мен имараттарды олардың қызметі мен мәнділігіне байланысты кластарға бөлу алынған.

Ғимараттар өзінің қызметгеріне қарай – тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік кәсіпорындар және ауыл шаруашылық ғимараттары болып бөлінеді.

Тұрғын ғимараттарға: 1. қарттарға және орындық-арбаларда жылжитын мүгедектері бар отбасыларына арналған пәтерлік үйлер; қоса кіретін пәтерлік үйлер; 2. биіктігіне 25 қабат кіретін жатақханалар; 3. шаруашылық-тұрмыстық және шағын кәсіпкерліктің өзге құрылыстары қоса кіретін жеке тұрғын үйлер; 4. қонақ үйлер; 5. мүгедек және қарттарға арналған интернат үйлер жатады.

Қоғамдық ғимараттарға қоғамдык ғимараттар, кешендер және имараттар топтары тізіміне сәйкес жеке тұрған ғимараттар мен имараттар, ғимараттар кұрамдарына енгізілген қоғамдық қызметтік бөлмелер кіреді.

395 -тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Құрылысшылардың жұмысының нәтижесі не болып табылады? 2. Қандай құрылыстар ғимараттарға жатады? 3. Инженерлік ғимарат дегеніміз не? 4. Ғимараттар мен имараттар қызметтеріне байланысты қандай түрлерге бөлінеді? 5. Ғимараттар қызметіне қарай қалай бөлінеді? 6. Тұрғын ғимараттарға не жатады? 7. Қоғамдық ғимараттардың құрамына не кіреді?

73-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.

Бас жоспар – жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, үймереттерді, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын, инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі.

Тұрғын үймереттер адамдар тұрақты тұратын пәтерлі үйлер және жұмыс не оқу мерзімінде уақытша тұратын жатақханалар.

Бөлшек ғимараттың жоспарда шартты шектелген және көлемдік-жоспарлық, техникалық немесе құрылымдық жағынан бір бүтін болатын ғимараттың бөлігі.

Тұрғын үйдің бөлшегі – үймереттің барлық биіктігі бойынша басқыштармен жасалған және оған пәтерлер есіктері шығатын үймереттің көлемді-жоспарлы элементі.

Жер жұмыстары топырақты ойып алу арқылы жер ғимараттарын жасау бойынша ұйымдастыру-техникалық, физикалық процестердің жүйесі. Құрылыста жер жұмыстары үймереттер мен ғимараттар негіздерінің астына қазаншұңқырлар және жерасты коммуникацияларын төсеу үшін орлар жасау кеңінен қолданылады.

Бағанақұрылыс элементтің ұстауы үшін арналған вертикалды құрылым.

Тіреуіш еден астындағы кеңістікте атмосфералық әсерден қорғауына қызмет ететін тіректі іргетас арасындағы жіңішке қабырға.

Тақтайлар қалыңдығы 100 мм-ден аспайтын және ұзындығының еніне қатынасы екіге тең кесілген материал. Қалыңдығына байланысты тақтайлар жіңішке (13-32 мм) және қалың (40 мм-ден астам) болып екіге бөлінеді.

Қиыршықтас орамалы пішінді өлшемі 5-70 мм болатын тастың бөліктері.

74-тапсырма. Қазақстанның жеті кереметінің бірі – киіз үй тақырыбы бойынша өзара ой бөлісіп, талқылаңыздар.

Қазақстандағы ойдағыдай дамып келе жатқан сәулеттік құрылыс ісі моңғол шапқыншылығының кесапаты салдарынан жермен-жексен болды. Сән-салтанаты мол сәулеттік құрылыстар бүлінді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, сәулеттік құрылыс жүйелері ХШ ғасырдың соңғы ширегінен бастап ХІV ғасырларда қайта жандана бастайды. Орта ғасырдың соңғы кезеңінде қазақ даласында кесене сәулетшілігі жаңа бір деңгейге көтерілді, әсіресе қабір үстіне салынатын бейіттердің құрылысына ерекше мән берілді, әрі оны көшпенділердің баспанасы – киіз үйге ұқсатып салуға деген ұмтылыс болды.

Киіз үйдің сәулет өнерінің дамуы тарихындағы алатын орны ерекше. «Қазақтың әлемдік өркениетке қосқан үш нәрсесі бар. Соның бірі – киіз үй ...»

(Ғ.Мүсірепов)

75-тапсырма. Сапалық сын есімдерге қандай сын есімдер жатады? Мәтіндегі сапалық сын есімдердің астын сызып, өз тараптарыңыздан он шақты сапалық сын есімдерді қосып жазыңыздар.

Қолданбалы өнерде құрылыс материалдары сары топырақты балшық пен ғаныш болған. Орманды дала мен дала зонасында карбонатты сортаң топырақ көбірек кездеседі. Сортаң топырақтан салынған құрылыстар тез бүлінгіш келеді. Батыс Тянь-Шаньда сұр топырақпен қатар, қошқыл сұр топырақ қалыптасқан. Алтайда күлгін тау топырағы басым. Қыратты дала белдеуінде күңгірт қызыл қоңыр және қара топырақ қалыптасқан.

Әдістемелік ұсыныс: Сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігі мен оның басқа салалармен тығыз байланысы жөнінде мәлімет беру. Монумент мүсіндер төңірегінде өзара пікір алмасу.

Әдебиет: Нег.: 5 [4-10]; Қос.: 19 [27-29]

Бақылау сұрақтары:

1. Сәулет өнері дегеніміз не?

2. Сәулетші болу үшін нені білу керек?

3. Сәулет өнері қандай салалармен тығыз байланысты?

4-апта. 7-тәжірибелік сабақ

76-тапсырма. Қазақстандағы құрылыс ісі тарихын өздеріңіз білетін деректермен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Республикадағы құрылыс ісі

* * * * * *

Қазақстанның құрылысы

Қазақстандағы құрылыс ісі жоғары палеолит дәуірінде пайда болды. Алғашқы адамдар әуелі үңгірлерді мекендеді. Үңгірі жоқтар жазық далаларда сайлардың, өзен-көлдердің жарқабақтарындағы ықтасындарды пайдаланды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер тұрақтары шағын топ болып өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен алғашқы қауымдық құрылыс аңшыларының, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құраған адамдардың тіршілік жайын сипаттады. Бірте-бірте жеркепелер салуды үйренді. Ол үшін жерді тайыздау қазып, үстіне ұзын сырықтар тастаған. Сырықтарға тіреулер қойып, үйдің төбесін бұтақ, қамыс, шөп-шаламмен жапқан, сосын шым топырақпен бастырған. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы төбесі сырықтармен жабылған алғашқы тұрғын үйлердің іздері сақталып қалды. Мысалы: Орталық Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы тұрақтары.

Мұнан 5 мың жылдай бұрын адамдар металды қолдана бастады. Оның үй салуды жақсартуға пайдасы тиді. Тұрақты мекендерде қыстақ салуға мүмкіндік туды. Олардың қабырғалары көбіне бөренелерден тұрғызылды, төбесіне сырықтар тасталып, төбелері жабылды. Негізгі от жағылатын бөлмені айнала қоршаған шаруашылық бөлмелер салынатын. Бәрі сыртынан таспен қоршалып, топырақпен көмілді. Сыртынан қарағанда киіз үйге ұқсады. Мұның өзі киіз үйлердің пайда болуына негіз болды. Қазақстан аймағында киіз үй б.з.б. ҮП ғасырдан бері қарай кеңінен пайдаланылды. Ол мал шаруашылығымен айналысқан көшпелілердің негізгі баспанасына айналды.

Қола дәуірінде қарапайым құрылыс техникалары пайда болып, сәулет өнері дами бастайды. Б.з.б. ІҮ ғасырда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ оның алуан түрлері – цилиндрлі, сопақ, кеспек тәрізді типтері кеңінен қолданылды. Бірқатар зерттеушілер мұны әлемдік сәулет өнерінде алғашқы салынған күмбездер қатарына қосады. Осы кезеңдерде Қазақстандағы қала салу дәстүрі өркендеп, кейін еліміздің көшпенді тұрғындарының сәулет өнері мен құрылыс техникасы дами түсуіне әсер етеді.

Орта ғасырларда шикі кірпіш сәулет өнері қанат жайды. Қала-қорғандар көбейіп, шағын қалалардың сырты соқпа балшықтан немесе шикі кірпіштен соғылған қорғандармен қоршалды. Ертедегі бұл дәуірде отырықшы халықтардың тұрғын-жайларын жоспарлау құрылымы өзгерді Ежелгі бекініс-қалалардың орнына нығайтылған бекініс-үйлер пайда болды, кейіннен олар цитадельдерге айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Қалалардың экономикалық маңызы онан әрі артқан сайын оларға іргелес ұсақ қолөнершілер, саудагерлер, кедейлер тұратын рабаттар пайда болды. Цитадель, шахристан, рабаттан тұратын қала «мәуеранахерлік үлгідегі қала» атағына ие болды. Еліміздің көптеген қалалары осы үлгі бойынша ғасырлар бойы дамыды.

Сөздік:

шикі (күйдірілмеген) кірпіш – безобжиговый кирпич

балшық-ғаныш ерітіндісі – глино-гипсовый раствор

соқпа өңдеу – ударная обработка

балшық-топырақ – глинозем

тошала, қойма – клеть қорған – замок

кесене – мавзолей бекініс – острог

сопақ – овальный қамал – замок

77-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Алғашқы адамдар қай жерлерді мекендеді? 2. Жеркепелер салу үшін қандай жұмыстар атқарылды? 3. Үй салуға ненің пайдасы тиді? 4. Қыстақ салу үшін қандай жұмыстар атқарылды? 5. Б.з.б. ІҮ ғасырда құрылыста қандай тәсілдер кеңінен қолданыла бастады? 6. Орта ғасырларда шағын қалалардың сырты қандай қорғандармен қоршалды? 7. Бекініс-үйлер қашан, қалай пайда болды? 8. Орта Азияда қандай қалалар салынды?

78-тапсырма. Сөйлемдердегі сан есімдерді түрлеріне қарай әр бағанаға бөліп жазыңыздар.

1. Отырар ІХ ғасырда ірі қала болған. 2. Киіз үйдің артықшылығын біз 1988 жылы Армениядағы жер сілкінісінде байқадық. Сол қайғылы күндері үйсіз қалған адамдарға Қазақстаннан мыңдаған киіз үйлер жеткізілді. 3.Алтау ала болса, ауыздығы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 4. Жер шарының 2/3 бөлігін су алып жатыр. 5. Дүние жүзінде 2 мыңға жуық үлкенді-кішілі халықтар тұрады. 6. Тоғыз құмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Ойынға екі адам қатысады. Әр ойыншыда 81 құмалақтан болады, барлығы – 162.

79-тапсырма. Төмендегі көмекші етістіктерді негізгі етістіктерге тіркестіріп, олармен мамандыққа қатысты сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і : Қолындағы тасы ауыр болған соң, байқамай тастап жіберді. Ол жерге құлап түсті. Дүкеннен бір қап цементті алып шықты.

Жібер, түс, шық, қой, қал, өт, кел, кет, ал, бер.

80-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Кран ілмегінің құлашыкранның техникалық сипаттамасының көрсеткіші, кранның айналма платформасының айналу өсі мен жүк ілмегінің құрсау центрінен өтетін тік өстің аралығындағы қашықтық.

Ілмектер – жүк көтергіш құрылғының ілмегіне көтерілетін жүкті ілу үшін қолданылады.

Скрепер – жер қыртысын қырнап үйетін немесе тегістеп жаймалайтын жер қазғыш-тасымалдауыш өзі жүретін немесе тіркемелі жер-көлікті машина. Оның төменгі бөлімінде пышақ пен пневмадоңғалақта жабдықталған ожауы бар.

Тасымалдауыш топырақты бір жағына үздіксіз әкетіп тұратын ұзын лента.

Бұрғылау – таулы өндіру процесі цилиндрлік түр арқылы (ұңғымалар, сыбызғылар, шахталық) тау жыныстарын қирату жолымен оларды өндіруден алып тастау.

Автоерітінді тасушы құрылыс объектілеріне ерітінді-бетон тораптарынан әр түрлі консистенциялы құрылыс ерітінділерін тасымалдау, қозғау және тиісті мөлшермен беруге арналған арнайы көлік құралы. Өзімен ерітіндіні араластыру үшін гидравликалық қалақты қозғаушысы бар жүк машинасының рамасына орнатылған цистернаны көрсетеді.

Автоцемент тасушы мамандырылған көлік құралы; арнайы автопойыздарға жатады және сүрлем типті қоймалар мен бункерлерден пневматикалық тиеуші және тұтынушы қоймаларына тікелей құбыр бойымен пневматикалық өздігінен жүк түсірушісі бар негізгі қоймалар мен цемент зауыттарынан герметикалы резервуарда цемент тасымалдау үшін арналған.

81-тапсырма. Кранның қызметіне берілген өлеңді жаттап алыңыздар.

Бар ғой менің краным, Терезені көтерем,

Кранымды бұраймын. Керегені көтерем,

Ілгегіне іліп ап, Үй тұрғызып болған соң,

Жүк көтеріп тұрамын. Неменені көтерем?

82-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін табыңыздар.

Қыл кеңірдек батыр, Бұрасаңыз құлағын,

Үй көтеріп жатыр. ағызады бұлағын.

(Су краны)

83-тапсырма. Үстеулерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ерте, кешке, жоғары, төмен, осында, алға, артқа, әдейі, зорға, босқа, әрең, тез, дереу, жылдам, сонша, бүгін, ілгері.

84-тапсырма. Сөйлемдердің түрлерін (хабарлы, бұйрықты) ажыратыңыздар.

1. Ол есік алдында тұр. – Сен есік алдында тұр.

2. Ол орындық (-қа,-та) отыр. – Сен орындық (-та,-қа) отыр.

3. Ермек дала (-да,-ға) жүр. – Сен дала (-ға,-да) жүр.

4. Сағындық диван (-ға,-да) жатыр. – Сен диван (-да,-ға) жат.

85-тапсырма. Терминологиялық сөздікті пайдаланып, кестедегі судың түрлерінің қазақша-орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақша атаулары

Орысша аудармасы

  1. тазартылған су

  2. сүзілген су

  3. буға айналған су

  4. ағын су

  5. ауыз су

  6. лас су

  7. ыстық су

  8. қайтпалы су

  9. кеуектегі су

  10. лай су

  11. жерасты суы

  12. салқындатылған су

а) вода в виде пара

ә) оборотная вода

б) подземная вода

в) охлажденная вода

г) напорная вода

ғ) поровая вода

д) сточная вода

е) иловая вода

ж) фильтрационная вода

з) дистилированная вода

и) горячая вода

к) питьевая вода

Әдістемелік ұсыныс: Көшпенді тұрғындардың баспанасы мен кесене сәулетшілігінің және Қазақстандағы қала салу дәстүрінің өркендеуінің маңызына тоқталу.

Әдебиет: Нег.: 1; Қос.: 19 [11-25]

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы құрылыс ісінің дамуы қай кезден бастау алады?

2. Орта Азияда қандай қалалар салынды?

3. Бекініс-үйлер қашан, қалай пайда болды?

4-апта. 8-тәжірибелік сабақ

86-тапсырма. Мәтінмен танысып, құрылыс машиналарының атқаратын қызметін жан-жақты қамтып, мазмұндаңыздар.

Қ ұ р ы л ы с м а ш и н а л а р ы

Машиналар өздерінің атқаратын қызметіне байланысты энергетикалық, технологиялық, басқарушы, логикалық болып бөлінеді. Энергетикалық машиналар энергия өндіру (генератор) немесе оларды түрлендіру үшін қолданылады. Технологиялық машиналар әртүрлі пайдалы жұмыс атқарып, технологиялық процестерді орындайды. Оларға ауыл шаруашылық, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен, құрылыс және басқа өндірістерде пайдаланылатын машиналар жатады. Логикалық машиналарға – электронды есептеуіш машиналар жатады.

Құрылыс машиналары – әр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Олардың қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер т.б. жатады.

Атқаратын жұмыс түріне қарай құрылыс машиналары жер қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу-түсіру әрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т.б. механикаландырылған құралдарға топталады. Жер қазғыш машиналар топырақ қазу, карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тастағыш, гидромеханикалық машиналар жатады.

Таптауыш машиналар топырақ т.б. жер қыртыстарынан нығыздау жұмыстарын атқарады. Салмағы 100 тонналық қарапайым таптауыш машина қалыңдығы 40-50см, ал салмағы 12 т. Дірілдемелі таптауыш машина қалыңдығы 80-120см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу және құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады.

Қада қағу жұмыстарында арнайы жабдықтар қолданылады. Құрылыстардағы монтаждау, көтеру-тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары көтергіш кран, шығыр, домкрат, т.б. қондырғылар арқылы іске асырылады. Асфальт, бетон төсемді жолдар салу үшін асфальт не бетон төсегіш шынжыр табанды машиналар қолданылады. Темір жол салу және жөндеу жұмыстарында балластер, жол төсегіш т.б,. машиналар пайдаланылады. Өңдеуіш машиналар сылақ және сырлау, бояу жұмыстарына арналған машиналарға ажыратылады.

Көтергіш крандар. Көтергіш крандар көптеген ауыр жұмыстарды істейді. Бір жерде үлкен ағашты бір орыннан екінші орынға көшіріп отырғызу, басқа бір жерде қазылған орға жуан құбырларды көтеріп салу керек болғанда автомашинаға орнатылған көтергіш крандар пайдаланылады.

Жер қазғыш машина. Экскаватор – негізінен жер қазғыш машина. Тракторға орнатылған кішкене экскаваторлар да бар. Олар кәдімгі шұңқыр мен орды қазады. Үлкендігі үш қабатты үйдей алып экскаватор да болады. Оның мойын жағы ұзын – жуан, ұзындығы 100 метрлік темір құбыр, оған ожау іліп қойған. Осындай ұзын мойын арқылы жүк машиналарынсыз-ақ экскаватор топырақты бірден ожауымен алысқа тастай алады. Экскаватор ожауының үлкендігі сонша, оған автомобиль де сыйып кетеді. Бұл – адымдауыш экскаватор. Ол алға қарай екі үлкен шаңғысын созып жіберіп, оларға таянып, жерден көтеріледі – сонда ол екі метрдей алға жылжиды. Содан соң шаңғыларын тағы да ілгері жылжытып, екінші қадам басады.

Сөздік:

мұнаралы – башенный бұрғылау – бурение

шөміш (ожау) – ковш доңғалақ – колесо

жинақтау аймағы – монтажная зона мойын, мойнақ – шейка

көтеру жебесі – стрела подъема ұңғыма – скважина

тасымалдауыш – транспортер арқалық – балка

темір құбыр – железная труба күрек – лопата

көсеу – шуровка арқан – канат

жебе тәрізді арка – арка стрельчатого очертания

87-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Құрылыс машиналары не үшін қажет? 2. Құрылыс машиналарының түрлерін атаңыздар? 3. Құрылыс машиналары қандай қызмет атқарады?

88-тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып, шағын мәтін құрастырыңыздар.

Құрылыс жұмыстары, құрал-жабдық, құрылыс машиналары, доңғалақты кран, топырақ таптауыш, жер қазғыш машиналар, тастақ қабаттарды бұзу, көтергіш кран, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, өңдеуіш машиналар.

89-тапсырма. Машиналардың қызметін кестеге толтырыңыздар.

Машиналардың атаулары

Атқаратын қызметі

Жүк көтергіш кран

Бетон араластырғыш

Шынжыр табанды экскаватор

Жол құрылыс машинасы

Жүк тиегіш

90-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Кран ілмегінің құлашыкранның техникалық сипаттамасының көрсеткіші, кранның айналма платформасының айналу өсі мен жүк ілмегінің құрсау центрінен өтетін тік өстің аралығындағы қашықтық.

Ілмектер – жүк көтергіш құрылғының ілмегіне көтерілетін жүкті ілу үшін қолданылады.

Скрепер – жер қыртысын қырнап үйетін немесе тегістеп жаймалайтын жер қазғыш-тасымалдауыш өзі жүретін немесе тіркемелі жер-көлікті машина. Оның төменгі бөлімінде пышақ пен пневмадоңғалақта жабдықталған ожауы бар.

Тасымалдауыш топырақты бір жағына үздіксіз әкетіп тұратын ұзын лента.

Бугель – жарылудан қорғайтын ағаштың діңіне кигізілетін болатты сақина.

Құрылыс бұйымы құрылысқа дайын түрінде жеткізілетін зауытта жасалған элемент.

Мастика толтырғыш пен қоспалардан, байланыстырғыш полимерден тұратын желімдеуші материал.

Ағаш шеберлік жұмыстар ағашты ұқыпты өңдеу мен бұйымдар әзірлеу (жиһаздар, есіктер, терезелер). Ағаштың жұмсақ тұқымдарынан (шыршалар, қарағайлар) өндірілген ағаш шеберлігі жұмыстары ақ ағаш, ал қатты тұқымдарынан (емен, шамшат т.б.) алынғандарды қызыл ағаш деп атайды.

91-тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді табыңыздар.

ХІХ ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты зерттеулер мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австриялық ғалым В.Куррердің бояу және бояушылық өнері жайында, Ф.Т.Куглердің, кеңестік ғалымдар С.В.Ивановтың, В.В.Стасовтың, А.Н.Бернштамның және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Т.Бәсеновтың, Э.Масановтың, М.Мұқановтың және тағы басқаларының зерттеу материалдарын айтса да жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді. Мысалы, Т. Бәсенов – ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-түрге ажыратады. Мысалы, «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «сыңар мүйіз», «қармақ», «ырғақ», «қошқар мүйіз», «жапырақ», «гүл» т.б.

92-тапсырма. Мәтіндегі өздік есімдіктерінің астын сызыңыздар.

Шеберлер халықтық ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын не қағазға, не жарғақ теріге, не матаға түсіріп, ойып алатын. Оюдың осындай қиындысын «үлгі» дейді. Үлгі қиюмен көп айналысқан шеберлер қолындағы ою үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын қосып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырды. Қай кезде болса да ер өнері еліне ортақ. Қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап, ұнасым мен әдемілік жағынан көздің жауын алғандай ою-өрнектің үлгісін беріп жүрген халық шеберлері қазір де көп. Солардың бірі Рахым Сәрсембиннің оюлары бірнеше рет одақтық көрмелерде жүлде алған. Р.Сәрсембиннің салған өрнектердің бір тамашасы олардың көпшілігі архитектуралық құрылыстарды ажарлауға, қыш пен ағаш, мүйіз, сүйек заттарын әшекейлеуге арналған. Оның қыл қаламынан туған үй сыртының ішкі кәрнездері мен діңгектердің әдемі өрнектерін қазір Алматы көшелеріндегі үйлердің көбінен кездестіреміз.

93-тапсырма. Төмендегі сұрақтар төңірегінде дөңгелек үстел ұйымдастырыңыздар.

1. Қазақстанның сәулетшілерінен кімдерді білесіздер?

2. Сәулет өнері жайлы не айта аласыздар?

3. Қазақстанның сәулет-құрылысының саласы қалай дамыған?

94-тапсырма. Мәтіннен ілік септігінде тұрған сөздердің тіркестерін теріп жазыңыздар.

Ү л г і : Ұйымдардың қызметшілері. Азаматтық қорғаныстың.

95-тапсырма. Еліктеуіш сөздерді табыңыздар.

Тамағымды апыл-ғұпыл жеп, жұмысқа асығып келдім. Ана жақта ескі ғимараттардың астан-кестені шығып қирап жатса, мына жақта құрылыс жүріп жатыр екен. Алыстан жалт-жұлт еткен шамдар еріксіз көз тартады. Кенеттен дүрс-дүрс еткен дыбыстар естілді. Дың-дың еткен көтергіш кран ба, салдыр-гүлдір жүрістер ме, білмеймін. Құрылысшылар тегіс дыбыс шыққан жаққа қарап, елең ете қалысты. Әлден уақытта арғы жақтағы бөрене басы жайлап сырғып барып, жерге гүрс ете қалды. Бүкіл денем дел-сал болып отыра қалғам, біреу зілдей саптама етігімен сылқ еткізіп теуіп жіберді. Жүрегім зу ете түсті де, суық терім бұрқ етті. Дыбысқа жалт қарамай қалған пенде жоқ.

Әдістемелік ұсыныс: Құрылыс машиналарының түрлері және олардың атқаратын қызметімен танысу. Құрылыста пайдаланылатын жинақтау крандарын, олардың қолданылу ерекшеліктерін атап шығу. Жер қазғыш машина бөлшектерінің қызметін сипаттау.

Әдебиеттер: Нег.: 4; Қос.: 21 [9-10]; Нег.: 4 [16-22]; Нег.: 8

Бақылау сұрақтары:

1. Құрылыс машиналарының түрлері және олардың қызметтері.

2. Көтергіш крандар қандай қызмет атқарады?

3. Жер қазғыш машиналарының атқаратын функциясы.

4. Экскаватор қандай машина?

5-апта. 9-тәжірибелік сабақ

-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, полиграфия тарихынан мәлімет алып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

П О Л И Г Р А Ф И Я Ө Н Д І Р І С І

* * * * * *

Полиграфияның пайда болу тарихы мен дамуы

ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қолөнер үлгісіндегі бірнеше баспа бөліктері пайда бола бастайды. Шағын баспаханалар Орал, Петропавл, Қызылорда, Орда, Семей қалаларында ұйымдастырылды. Бұларда қолмен жүргізілетін «Американка», «Аугс-бург» сияқты ескі машиналар пайдаланылды.

Мәскеу полиграфистері Қазақстанға көмек ретінде полиграфиялық жабдықтар жібере бастады. Бұлар Қазақ АССР-ның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласының баспаханаларына орналастырылды. Оларың қуаты 6 млн. басылым беттен аспады.

1924-1932 жылдар аралығында республиканың полиграфиялық базасы едәуір ұлғайды. Оның қуаты жылына 8 млн. басылым бет болса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 10-12 млн-ға жетті.

Республика полиграфиясының техникалық базасы соғыстан кейінгі кезеңде одан әрі нығайтылды. Бұрын жұмыс істеген баспаханалардан басқа сол жылдары Алматыда полиграфия комбинаты құрылды. Оның жалпы қуаты 160 млн. басылым бет еді.

1967 жылы ҚазССР Министрлер Советінің «Республикада полиграфия өнеркәсібі мен кітап басу ісінің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту шаралары туралы» Қаулысының маңызы зор болды.

1973 жылдың аяғында Алматыда кітап фабрикасы пайдалануға берілді. Республи-калық полиграфия кәсіпорындары базасында Алматыда «Кітап» өндірістік бірлестігі құрылды. Оған кітап фабрикасы, Алматы полиграфиялық комбинаты, билет-бланк және оперативті баспахана, дәптер баспаханалары кірді.

1977 жылы арнайы мамандырылған Алматы полиграфиялық училищесі тұңғыш рет оқушылар қабылдады.

Бұл кәсіпорында полиграфист Социолистік Еңбек Ері С. Умиров, Ленин ордені әріп теру цехының аға шебері И.С. Молчанов, офистік цехтың фотографы г.г. Шемонаев, баспагер С.И. Губкин т.б. өндіріс жаңашылдарын атап айту керек.

Полиграфия кәсіпорындарында 70-жылдардың аяқ кезінде 7000-нан астам қызметкерлер мен қызметшілер еңбек етті.

-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.

баспахана – типография орналастырылды – установлены

өлеңдер жинақтары – сборники песен кітап басу ісі – печатное дело

басылып шықты – отпечатано, выпущено қуат – сила, мощь

үйрету – учить құрылды организован

зерттеулер – исследования тұңғыш рет – впервые

қолөнері – прикладное искусство қабылдады – приняли

баспа – издательство баспагер – издатель

-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. ХХ ғасырдың бас кезінде қандай үлгідегі баспа бөліктері пайда бола

бастады? 2. Қазақ ел індегі қай қалаларда шағын баспаханалар ұйымдастырылды? 3. Ол баспаханаларда қандай машиналар пайдаланылды?

4. Мәскеу полиграфистері қандай көмек көрсетті? 5. Республиканың полиграфиялық базасының едәуір ұлғайуы деп қай жылдарды атауға болады? 6. Алматы полиграфия комбинаты қай жылдары құрылды? 7. 1967 жылы ҚазССР Министрлер Советі қандай қаулы шығарды.? 8. Алматыдағы кітап фабрикасы пайдалануға қай жылы берілді? 9. Алматыдағы Республикалық полиграфия кәсіпорындары базасында қандай бірлестік құрылды? Оған қандай фабрика, комбинат, баспаханалар, кірді? 10. Арнайы мамандырылған полиграфиялық училищесі қайда, қашан ашылды? 11. Ол кәсіпорында қандай адамдар еңбек етті?

-тапсырма. Төмендегі сөздерді септеңіздер.

Полиграфия, баспа, жабдық, кәсіпорын, өндіріс, қызметкер.

-тапсырма. Мамандыққа қатысты сөз тіркестерінің мағынасын меңгеріп, аудармасын есте сақтаңыздар.

басылым бет – печатный лист, печатная страница

полиграфиялық өнеркәсіп – полиграфические предприятия

полиграфиялық комбинат – полиграфический комбинат

полиграфиялық кәсіпорындары – полиграфические производства

полиграфиялық жабдықтар – полиграфические оборудования

нығайту шаралары – мероприятия по укреплению

қаулысының маңызы – значение постановления

пайдалануға берілді – сдан для использования (для эксплуатации)

өндірістік бірлестік – производственное объединение

полиграфиялық училище – полиграфическое училище

-тапсырма. Полиграфия туралы мәліметпен танысып, сұрақ-жауап құрастырыңыздар. Қазақ тіліне тән дыбыстардың сауатты оқылуын қадағалаңыздар.

Полиграфия деген сөздің төркіні гректің poIygraphia (poIys – көп, grfpho) – жазамын) дегенде жатыр Бұл сөз орыс тіліне ХУШ ғасырда Франциядан келіп кірген.

Баспахана ісінің тарихы көптеген ғасырларға созылады. Алғашқы қолөнер полиграфия кәсіпорындары ІХ ғасырда пайда болды. Ол кезде алғаш тақтайға ойып салған формалардан қағазға басатын. Кейіннен балшықтан, көрікте күйдірілген қоладан, ең ақырында, әр түрлі металдардың қосындысынан жасалған литерлер пайда болды.

«Гутенбергтің заманында шрифтерді сақтау үшін жәшіктер және ағаштан жасалған қарапайым баспа станоктары қолданылды. Мұндай станоктардан сағатына 100 басылым көшірме алуға болатын еді.

Ресейде «Печатный двор» деп аталатын алғашқы баспахана Москвада 1563 жылы ашылды. Оны орыстың алғашқы баспагері Иван Федоров басқарды.

Кеңес Одағында Ұлы Отан соғысының басталар алдында 5000-ға жуық әр түрлі полиграфия кәсіпорындары бар болатын.

220-тапсырма. Төмендегі берілген қысқаша мәтіннен қандай мәлімет алдыңыздар, оған не қосасыздар? Өзара ой бөлісіп, талқылаңыздар.

Соңғы он жылдықта мәтінді компьютерде теру барынша даму үстінде және компьютердің мүмкіндіктері мен тамаша жетістіктері молая түсуде. Компьютердің көмегі арқылы текстік диапозитивтерді тек шығыңқы және ойыңқы басу әдістерінде ғана емес, сондай-ақ бірсыпыра жағдайда да қолдануға алып келіп отыр.

Фототеру автоматтарында мәтіндер мен суреттердің фотоформалары шығарылады. Егерде пленка мөлдір емес негізді (маселен, фото қағазда) жасалынса, оны позитив деп атайды. Ал, мөлдір негіздіде (фотопленкада) жасалынса – диапозитив делінеді.

Түсті репродукцияның ең қарапайым түрі – екі бояулы репродукция –

д у п л е к с деп аталады.

221-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Компьютердің мүмкіндіктері туралы не айтар едіңіздер? 2. Мәтіндер мен суреттердің фотоформалрын қайда шығарады? 3. Позитив деп нені атайды? 4.Диапозитивті ше?

27-тапсырма. Мамандыққа байланысты берілген терминдердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Авантитулкітаптың титулының алдыңғы беті. Онда мәтін немесе сурет болады.

Қағаз табақшасының бөлшегі – қағаз табақшасының көлемін белгілі бір санға (әдетте 8, 16, 32, 64) бөлу. Баспа табақтағы беттің саны қағаз табақшасының бөлшегіне тең келеді. Мұның өзі әр басылымның форматы қандай екеніне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

Колонтитул – шығарманың негізгі атын немесе оның бір бөлімінің, тарауының атын, сондай-ақ беттің кезекті нөмірін көрсететін жазулар жиынтығы. Әдетте кітап бетінің жоғарғы жағынан беріледі.

Конгрев – қағазға, картонға түптеме кездемелерге ешқандай бояудың көмегінсіз-ақ, қысымның күшімен бедерлі бейне түсіретін басылым.

Полиграфиядағы өлшем жүйесі – баспаханалық материалдарды, шрифтерді, мәтін, бағаналарының енін, терілімнің форматын тағы басқаларын өлшеу үшін қолданылатын ерекше өлшем бірлігі. Ондай өлшем бірлігін баспаханалых өлшем жүйесі немесе типометриялық жүйе деп атайды.

Шрифтердің индексациясы – шрифтің кегілінің, жуандығының, көлбеулігінің, қаралығының тағы басқа сипаттарының шартты түрде қысқаша белгіленуі.

Ин-фолио – баспа табақтың, жартысы ½ мөлшеріндеге кітап форматы.

Интерлиньяж – терілім жолдарының арасындағы қашықтық.

Каптал – кітаптың мұқабасының немесе блоктың үстіңгі жағының түсіне ұқсас жібек немесе мақта-мата кездемесінен жасалған жіңішке лента. Ол мұқабаның түптеуі мен блоктың үстіндегі бетінің екі арсына бекітіледі. Кез келген кітаптың жалпы безендірілуінің қосымша бір түрі болып табылады.

Басылым көшірмесі – гранкадан, беттен, клишеден байқап көру үшін алынған із таңба.

55-тапсырма. Сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Полиграфиялық бысылым, басылымдардың түп нұсқалары, редакциялық дайындық, полиграфиялық құрал, мәтіндік түпнұсқа, позитив, диапозитив, боямалылығы, техникалық орындалуы, репродукциялау тәсілі, аралас, фототеру автоматтары, техникалық ережелер, қолжазбалар, суреттік түпнұсқалар, сарапталады, штрихты түпнұсқалар, реңді түпнұсқалар, мөлдір материал, компьютерде теру.

44-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын есте сақтаңыздар. Баспагер туралы өз ойларыңызбен бөлісіп, пікір алмасыңыздар.

Баспагер болғың келе ме?

Оқу, жазу, сызу бар жерде баспа саласы да бола бермек. Ал баспагер мамандығы ұқыптылықты, тиянақтылықты қажет етеді. Қазіргі кезде мұнай өндіру саласы әлемде бірінші орында болса, ал баспа саласы үшінші орында. Сол себепті баспагер мамандығы – әрдайым алдыңғы қатарда тұратын мамандық. Өйткені бұл қажеттілік адам өмір сүрген бар уақытта оны қанағаттандыруды талап етеді. Саналы ағза бар жерде міндетті түрде кітаптар оқылады да, жазылады да. Ал оқу мен жазуға сұраныс бар жерде баспа саласының да тоқтамайтыны ақиқат.

44-тапсырма. Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқаларынан мәлімет алып, сабақ барысында талқылаңыздар.

Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқалары. Редакциялық дайындықтан өткеннен кейін өндіріске түсетін және полиграфиялық құралдармен өндірілуге жататын түпнұсқалардың бәрі баспалық деп аталады. Олар мазмұндары, көлемдері, боямалылығы және техникалық орындалуы жағынан әр түрлі болып келеді. Бұлардың

репродукциялау тәсілін таңдап алуда (экономикалық сипатты факторларды есептемегенде) шешуші маңызы бар.

Түпнұсқалар ең алдымен мәтіндік, суреттік және аралас болып бөлінеді.

Мәтіндік түпнұсқа көбінесе техникалық ережелері (стандартты мөлшерлі қағаз парағының бір жағына екі сырғылтпалы етіп басу, мәтіндік жолда белгілі таңбалар санын сақтау, сондай-ақ жан-жағының тиесілі ашық орын қалдыру, т.т.) сақталып, компьютерде басылған қолжазбалар болып келеді.

Суреттік көркемдеу түпнұсқалары – барынша түрлі-түрлі топты болып келеді және әр түрлі белгілерімен сарапталады.

Олар кескіндерінің сипатына қарай штрихты және реңді түпнұсқалар болып бөлінеді. Штрихтыларға кескіндері сызықтрмен (штрих), берілетін түрлі-түсті суреттер бірдей түсті болып келетін (мысалы: чертеждер, қаламұшпен салынған суреттер т.т.) түпнұсқалар жатады. Реңді (тоновые) – кескіндерінің элементтері бірдей ақтан қоңырға қарай біртіндеп ауысып (фотография, акварель, бояу қарындашпен салған сурет т.т.) отыратын түпнұсқалар. Әлгі екуінің элементтері де аралас түпнұсқаларда кездеседі.

Штрихты түпнұсқалар да, реңді түпнұсқалар да бір немесе бірнеше түсті болуы ықтимал.

Түпнұсқаларды өңдеу технологиясы мен таралымды басу тәсілін таңдап алуды қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі – түпнұсқаның орындалу техникасы мен оның материалы болып табылады. Оның негізі мөлдір (калька, балауыз т.т.) материал болуы ықтимал.

Сөздік

түпнұсқа – оригинал түрлі белгілер – разные знаки

дайындық – подготовка аралас – смешанный

кескін – изображение түс – цвет

мәтін – текст өңдеу – обработка

көркемдеу – иллюстрация таңба, белгі – знак

44-тапсырма. Түпнұсқалардың үш тобына берілген терминдердің мағынасын түсініп, ауызша айтып беріңіздер.

Түпнұсқалар үш топқа бөлінеді:

1. Авторлық түпнұсқа – автордың дайындап баспаға өткізген нұсқасы баспалық түпнұсқа – баспа-редакциялық өңдеуден өткен, баспаның жауапты қызметкерлерінің қолы қойылып, теруге жіберілген түпнұсқа;

2. Түпнұсқа макеті – бұл әрбір беті болашақ басылымның әр бетіне сәйкес келетін баспалық табақ. Түпнұсқа макетіне қол қойып теруге және басуға баспаханаға жібереді;

3. Репродукцияланатын түпнұсқа макеті – фотоформаларды немесе басу формасын фотомеханикалық әдіспен не сканерлеп дайындауға арналған түпнұсқа.

Түпнұсқаларды классификациялау:

1. жартылай тонды немесе штрихты түпнұсқалар;

2. мөлдір немесе мөлдір емес;

3. ақ-қара немесе түрлі түсті түпнұсқа.

Әдістемелік ұсыныс: Полиграфияның даму тарихын толық меңгеру үшін, осы саладағы әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді оқып, меңгеру. Полиграфиялық басылымдардың түпнұсқаларын, полиграфия мамандығына байланысты терминдерді меңгеріп, жазбаша тіл дағдысын қалыптастыру.

Әдебиет: Нег.: 1 [10-13]; 1 [16-21]; Қос.: 6 [75-82], [148-158]

Бақылау сұрақтары:

1. Полиграфияның пайда болу тарихы мен дамуы.

2. Баспахана ісінің даму тарихы.

3. Салалық терминдермен жұмыс.

8-апта. 16-тәжірибелік сабақ.

Аралық бақылау жұмысы.

9-апта. 17-тәжірибелік сабақ

22