Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_ASDiP_25-06-2012_kz.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.79 Mб
Скачать

2.3 Лабораториялық жұмыстардың жоспары

1–лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Арифметикалық операциялар. IF шартты операторы

1–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

1.

2. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

3. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

4. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

5. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

6. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

7. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

8. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

9. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

10. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

11. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

12. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

13. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

14. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

15. х – аргументіне берілген мән бойынша y = f (x) функциясын есептеу программасын құру. Y = f (x) функциясы Паскаль тілінің ережелерімен берілген өрнекпен есептеледі. Есептің варианттары:

16. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

17. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

18. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

19. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

20. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

21. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

22. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

23. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

24. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

25. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок-схемасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

26. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

27. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

28. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

29. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок- сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

30. х – аргументіне берілген мән бойынша f(x) функциясын есептеу программасын және алгоритмнің блок-сұлбасын құру. f(x) функциясының мәні шартты оператор көмегімен есептеледі.

Негізгі әдебиет:1[77-85], [14-37], 3[14-39], 4[4-6]

Қосымша әдебиет:3[6-58].

Бақылау сұрақтары:

  1. Паскаль-программада қолданылатын айнымалылардың типтерін атаңыз?

  2. Айнымалыларды баяндау бөлімі қандай бастапқы сөзбен басталады?

  3. Паскаль-программаларда қандай математикалық функцияларды пайдалануға болады?

  4. Құрамды оператор дегеніміз не?

  5. IF шартты операторының құрылымын келтіріңіз?

2-лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Формулалар бойынша есептеулер.

2–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Берілген n - бүтін және x - нақты сандары үшін берілген өрнекті есептеу алгоритмінің блок-схемасын және программасын құру. Өрнектердің мәні циклдік операторлар көмегімен есептеледі. №16 тапсырмадан бастап өрнектерді есептеу берілген дәлдікпен жүргізіледі. Программа құру барысында әртүрлі циклдік операторларды қолдану қажет.

Есептің варианттары (№1ден №15 варианттар үшін берілген n мен x үшін өрнектерді есептеу):

1. 2. 3. 4.

5. 6. 7. 8.

9. 10. 11. 12. 13. 14. 15.

№16ден №30 варианттар үшін берілген n мен  (10-6, берілген дәлдік) үшін қосындыларды есептеу

16. 17. 18. 19.

20. 21. 22. 23.

24. 25. 26. 27.

28. 29. 30.

Негізгі әдебиет:1 [37-43], [97-99], 2 [123-132], 3 [42-59], 4 [7-11]

Қосымша әдебиет: 2 [95-106].

Бақылау сұрақтары:

  1. WHILE және REPEAT циклдық операторларының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Қандай жағдайда WHILE циклдық операторы шексіз болып табылады?

  3. Қандай жағдайларда міндетті түрде TYPE бөлімінде мәліметтерді баяндау қажет етіледі?

  4. Какие существуют отличия у операторов цикла WHILE и REPEAT?

  5. В каком случае оператор цикла WHILE будет бесконечным?

  6. В каких случаях оператор цикла For не выполнится ни разу?

  7. Что называется циклическим вычислительным процессом?

  8. Как изменяются индексы во внутреннем и внешнем цикле?

3–лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Бірөлшемді массивтер. Екіөлшемді массивтер

3–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Бір өлшемді массивтерді өңдеу есебін шешу алгоритмінің блок-схемасын және программасын құру. Берілген есептерді программалау кезінде әртүрлі циклдік операторларды қолдану ұсынылады.

Екі өлшемді массив қолданылатын есептерді шешудің алгоритмінің блок-схемасын және программасын құру. Берілген есептерді программалау кезінде әртүрлі циклдік операторларды қолдану ұсынылады.

Есептің варианттары:

  1. А(10) массиві берілген. Бірінші нөл элементіне дейінгі оң элементтердің қосындысы мен санын табу;

  2. А(20) массиві берілген. Массивтің ең үлкен және ең кіші элементін және олардың реттік нөмірін табу;

  3. А(15) массиві берілген. Массивтің тақ позициясында орналасқан ең кіші элементті тауып, сонымен қатар ең кіші элементтен кейінгі, нөлге тең емес элеметтердің көбейтіндісін және санын табу;

  4. А(30) массиві берілген. Массивтің ең үлкен және ең кіші элементі арасында тұрған оң элементтердің қосындысы мен санын табу;

  5. Егер А(30) массивінде В-ға тең элемент болса, онда Х айнымалысына бірінші кездескен осы элементке дейінгі барлық жұп оң сандардың қосындысын меншіктеу, әйтпесе Х айнымалысына 0 меншіктеу;

  6. Егер А(20) массивінде соңғы элементтің квадратына тең элемент бар болса, онда осы элементтен кейінгі элементтерді квадраттау, кері жағдайда массивті өзгеріссіз шығару;

  7. Егер В(40) массивінің элементтері өсу ретімен болса, Х айнымалысына 1 меншіктеу, қарсы жағдайда 0 мәнін меншіктеу;

  8. А(10) массиві берілген. Массивтің ең үлкен элементін тауып, одан кейінгі элементтерді кему ретімен реттеу;

  9. Берілген екі массив элементтерінен үшінші массив құрылады: басында бірінші массив элементтері, ал соңында екінші массив элменттері;

  10. Берілген екі массивтің сәйкес элементтерінің ең үлкенінен тұратын үшінші массив құру;

  11. В(20) және С(30) массивтерінің элементтерінен А (50) реттелген массивін құру. В(20) және С(30) массивтері алдын-ала өсу ретімен реттелген;

  12. А (40) массиві берілген. Массивтің элементтерін кему ретімен реттеу;

  13. А (50) массиві берілген. Жұп позицияда тұрған теріс элементтердің санын және тақ позицияда тұрған оң элементтердің қосындысын табу;

  14. А (50) массиві берілген. Әр бесінші элементін бесінші дәрежесімен ауыстыру;

  15. А (20) массиві берілген. Массивтің ең үлкен элементін тауып, сол элементке дейін тұрған элементтерді кему ретімен орналастыру;

  16. А (30) массиві берілген. Егер массив элементтерінің ішінде белгілі бір М санына тең элемент болса, онда осы санға дейін орналасқан нөл емес элементтердің көбейтіндісін тауып, Х айнымалысына меншіктеу, ал егер ондай сан болмаса Х айнымалысына 0 меншіктеу;

  17. Бірінші нөл элементіне дейінгі элементтердің қосындысы мен санын табу;

  18. А (50) массиві берілген. Бірінші нөлге тең элементке дейінгі оң және тақ элементтердің қосындысы мен санын табу;

  19. А (50) массиві берілген. Ең көп қатар тұрған оң тақ элементтердің санын табу.

  20. А (50) массиві берілген. Элементтерінің орташа мәнің табу керек.

  21. A [5,5] массиві берілген. Массивтің тақ жолында орналасқан элементтердің арасындағы ең кіші элементті табу;

  22. A [6,6] массиві берілген. Егер массив элементтерінің ішінде белгілі бір В санына тең элемент болса, онда осы санның сол жағында орналасқан оң элементтердің қосындысын тауып, Х айнымалысына меншіктеу, ал егер ондай сан болмаса Х айнымалысына 0 меншікте;

  23. A [5,5] массиві берілген. Келесі ережемен В(5) массивін тұрғызу: А массивінің J бағанындағы кіші элементті B(J) –ға меншікте;

  24. A [7,7] массиві берілген. Бас диагональдің үстінде жатқан жұп оң элементтердің көбейтіндісі мен қосындысын табу;

  25. A [6,6] массиві берілген. Жолдың оң элементтерінің қосындысын тауып, қосымша диагональдің сәйкес элементтеріне меншіктеу;

  26. A [5,5] массиві берілген. Келесі ережемен В(5) массивін тұрғызу: егер I жолында ең болмағанда бір теріс элемент болса, онда B(I)-ға 1 санын меншіктеу, кері жағдайда B(I)-ға 0 меншіктеу;

  27. A [6,6] массиві берілген. Келесі ережемен В(6) массивін тұрғызу: егер А массивінің I жолындағы нөл емес элементтердің саны нөл элементтерінің санынан көп болса, онда B(I)-ға 1 санын меншіктеу, кері жағдайда B(I)-ға 0 меншіктеу;

  28. A [8,8] массиві берілген. Қосымша диагонаольдің үстінде жатқан элементтердің ең үлкенін табу. Қиылысында ең үлкен элемент тұрған жол және баған элементтерінің орнын ауыстыру;

  29. A [7,7] массиві берілген. Келесі ережемен В(7) массивін тұрғызу: егер А массивінің I жолындағы элементтер өсу ретімен орналасса, онда B(I)-ға 1 санын меншіктеу, кері жағдайда B(I)-ға 0 меншіктеу;

  30. A [6,6] массиві берілген. Келесі ережемен В(6) массивін тұрғызу: В(1) –ге бас диагональдің нөл элементтерінің санын меншіктеу, В(2)-ге бас диаганальдің үстіндегі параллель диагональдің нөл элементтерінің санын меншіктеу және сол сияқты;

  31. A [5,5] массиві берілген. Қосымша диагональға параллель диагональдардың оң сандарының кіші қосындысын табу;

  32. A [6,6] массиві берілген. Әр жолдың ең үлкен элементін және әр бағанның ең кіші элементін табу. Табылған элементтердің сәйкес жолдары мен бағандарының орнын ауыстыру;

  33. A [7,7] массиві берілген. Массив элементтерін жол бойынша реттеу;

  34. A [6,6] массиві берілген. Бір реттен көп қайталанатын элементтердің ішінен ең үлкен элементін табу;

  35. A [8,8] массиві берілген. Массивтің локальді максимумдарының санын табу;

  36. A [7,7] массиві берілген. Сәйкес элементтері бар бағандардың санын табу;

  37. A [8,8] массиві берілген. Өсу бойынша немесе кему бойынша орналасқан жол элементтерінің ішінен ең үлкен элементті табу;

  38. A [7,7] массиві берілген. Массивтің жолындағы үлкен элементтен бастап, кему ретімен орналастырып шығару;

  39. A [8,8] массиві берілген. Бас диагональге параллель диагональдің нөл емес элементтерінің көбейтіндісін табу;

  40. A [7,7] массиві берілген. Бас және қосымша диагональда орналасқан элементтердің ең үлкенін тауып, оны осы диагональдің қиылысындағы элементпен алмастыру.

Негізгі әдебиет:3 [123-135]. 4 [92-105]

Қосымша әдебиет:5 [12-14].

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай жағдайларда міндетті түрде TYPE бөлімінде мәліметтерді баяндау қажет етіледі?

2. Бірөлшемді массивтерді іріктеу әдістерін атаңыз.

3. Бірөлшемді массивтерді іріктеуде қанша циклдық операторларды пайдалануға болады?

4. Екіөлшемді массивтерді бағаналары бойынша іріктеуде қанша циклдық операторларды пайдалануға болады?

5. Екі матрицаны бр-біріне көбейту үшін бірінің ішіне бірі салынған циклдық операторларды ұйымдастырыңыз.

4–лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Жолдық айнымалылар

4–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Символдар жолын қолданатын есептерді шешудің алгоритмі мен программасын құру. Берілген есептерді программалау кезінде жоғарыда келтірілген символдар жолын өңдеуге арналған стандартты процедуралар мен функцияларын қолдану ұсынылады.

  1. Символдар жолы берілген. “а” әріпінен басталатын сөздердің санын тауып, “а” әріпінен басталатын ең ұзын сөзді баспаға шығару.

  2. Символдар жолы берілген. Жолдарды түрлендіріп анықтау.

а) барлық леп белгілерін нүктемен; б) әр нүктені үш нүктемен ауыстырып, жолды түрлендіру.

  1. Символдар жолы берілген. Әрбір “*” символ өшіріп, “*”символынан басқа символдарды қайталау.

  2. Символдар жолы берілген. Әріп топтарының қанша рет қайталанатынын анықтау:

а) abc; б) aba.

  1. Символдар жолы берілген. Бірінші және соңғы символдары өзара сәйкес келетін сөздердің санын анықтау.

  2. Ішінде ең болмағанда бір нүктесі бар символдар жолы берілген. Бірінші кездескен нүктеге дейінгі үтірлердің бәрін өшіріп, нүктеден кейінгі “5” цифрын “+” белгісімен ауыстыру.

  3. Символдар жолы берілген. “я” әріпінен басталатын ең ұзын сөзді тауып, кері ретпен шығару.

  4. Символдар жолы берілген. Дауыссыз әріптен басталатын ең ұзын сөзді тауып, жолдағы ең соңғы сөзбен орынын ауыстырып шығару.

  5. Символдар жолы берілген. “а” әріпінен басталатын ең қысқа сөзді тауып, жолдағы ең бірінші сөзбен орынын ауыстырып шығару.

  6. Символдар жолы берілген. Жолдағы әріп емес символдардың бәрін өшіріп, кіші әріптерді сәйкес бас әріптермен ауыстыра отырып, түрлендіру.

  7. Символдар жолы берілген. (a, e, i, o, u) латын дауысты әріптері көп кездесетін барлық сөздерді табу.

  8. Текст берілген. Ең ұзын цифр тобын тауып, оны соңғы цифр тобымен ауыстыру.

  9. Текст берілген. “а”, “в” әріптері ең көп кездесетін сөздерді тауып, тексттен өшіру.

  10. Текст берілген. “а” әріпі ең кемінде екі рет кездесетін сөздерді табу.

  11. Текст берілген. “9” санынан басталатын ең қысқа сөзді тауып, жолдағы ең бірінші сөзбен орынын ауыстырып шығару.

  12. Бос орындармен бөлінген текст берілген. “я” әріпінен басталып, “я” әріпінен аяқталатын сөзді тауып, тексттен өшіру.

  13. Бос орындармен бөлінген текст берілген. “я” әріпінен басталып, “я” әріпінен аяқталатын ең ұзын сөзді табу.

  14. Бос орындармен бөлінген цифр топтарынан тұратын текст берілген. “1” санынан басталып, “1” санынан аяқталатын ең ұзын цифр тобын тауып, бірінші цифр тобымен алмастыру.

  15. Текст берілген. Тексттің алғашқы үш сөзінде “р” қанша рет қайталанатынын табу.

  16. Текст берілген. Егер текстте “*” символы болмаса, текстті өзгеріссіз қалдыру, кері жағдайда “*” символына дейін орналасқан кіші латын әріптерін “5” цифрымен алмастыру.

Негізгі әдебиет:1 [107-109], 4 [154-165]

Қосымша әдебиет: 5 [14-16].

Бақылау сұрақтары:

1. CASE операторында таңдау белгісінің типі қай типке жатуы мүмкін?

2. Жолдарды біріктіру үшін стандартты процедуралар мен функциялардың қайсысы қолданылады?

3. VAL стандартты процедурасы не үшін пайдаланылады?

4. S жолының элементтерінің бас әріптерін сәйкесінше кіші әріпке айналдыратын функцияны атаңыз.

5. А санының бүтін мәнін S жолына айналдыратын функцияны атаңыз.

6. INSERT стандартты функциясы неге арналған?

5–лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Процедуралар мен функциялар

5–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Процедура мен функция қолданылатын есептерді шешудің алгоритмі мен программасын құру. Төменде келтірілген есептерді программалау үшін кей жағдайларда есептердің өзін процедура немесе функция ретінде шешіп, программаның жеке фрагменттері ретінде сипаттау керек.

        1. s, t нақты сандары берілген. Есептеу керек: f(t, -2s, 1.17)+f(2.2, t, s-t), мұндағы .

2. s, t нақты сандары берілген. Есептеу керек: g(1.2,s)+g(t,s)-g(2s-1,st), мұндағы .

3. a, b, c нақты сандары берілген. Есептеу керек: .

4. n натуралды саны берілген. n, n+1,…, 2n сандары арасында егіз сандар яғни, айырмашылықтары 2 –ге тең жай сандар бар ма, соны анықтау. (Жай сандарды анықтайтын процедура жазу).

5. n, m натуралды сандары және a1,...,an, b1,…,bm, c1,…,c30 бүтін сандары берілген. Есептеу керек:

6. n натуралды саны берілген. 1, 2,..., n сандары арасында екі натуралды сандардың квадраттарының қосындысы ретінде көрсететін сандарды табу.

7. x1,y1,x2,y2,…,x7,y7 нақты сандары берілген.

Координаттары (x1,y1), (x2,y2), ..., (x7,y7) сәйкес келетін жеті бұрыштың периметрін табу.

1- сурет

8. a, b, c, d нақты сандары берілген. Суретте бейнеленген бесбұрыштың ауданын табу. (Берілген үш қабырға бойынша үшбұрыштың ауданын табатын процедурасын анықтау).ғ

9. Бірінші жолдан екінші жолда қайталанатын символдарды өшіретін процедура жазу.

10. А(10), В(10) екі массиві берілген. А(10), В(10) массивтеріндегі бірінші нөл элементіне дейінгі элементтерді 0,5 санына ауыстыру.

11. А(5,5), В(5,5), С(5,5) үш массиві берілген. Тақ жолдарда орналасқан нөл емес элементтердің ең кіші көбейтіндісін табу.

12. А(5,5), В(5,5), С(5,5), D(5,5), Ғ(5,5) бес массиві берілген. Массивтердің көбейтіндісін табу. Екі массивтің көбейтіндісін процедура ретінде сипаттау.

13. А(5,5), В(5,5), С(5,5), D(5,5), төрт массиві берілген. Осы массивтердің қосымша диаганольнің үстіндегі минималды элементтерінің көбейтіндісін табу.

14. Координаттары (x1,y1), (x2,y2), ..., (x7,y7) сәйкес келетін жетібұрыш табу. Максималды ауданы бар үшбұрышты баспаға шығару. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласымен анықтайтын функция жазу.

15. Квадратты матрицаның ізі деп, бас диагональ элементтерінің қосындысын айтасыз. m өлшемді квадратты матрицасы және n натуралды саны берілген. А, А2, ..., Аn матрицаларының ізін табу.

16. A[7,7], B[7,7], C[7,7] үш массиві берілген. Осы массивтердің оң және 5-ке қалдықсыз бөлінетін элементтерінің жалпы қосындысын табу.

17. A[6,6], B[6,6], C[6,6], D[6,6] төрт массиві берілген. Осы массивтердің жұп бағаналарында орналасқан минимальды элементтерінің қосындысын табу.

18. A[8,8], B[8,8], C[8,8] үш массиві берілген. Осы массивтердегі локальды максимумдардың жалпы санын табу.

19. A[5,5], B[5,5], C[5,5], D[5,5] төрт массиві берілген. Қосымша диагоналінің астында орналасқан тақ элементтерінің қосындысы ең кіші массивті баспаға шығару.

20. A[5,5], B[5,5], C[5,5], D[5,5] төрт массиві берілген. Осы массивтердің тақ жолдарында орналасқан оң жұп элементтерінің қосындысының ең кіші мәнін есептеу.

21. A[4,4], B[4,4], C[4,4], D[4,4] төрт массиві берілген. Осы массивтердің қосындысын табу. Процедура түрінде сипаттау керек.

22. A[7,7], B[7,7], C[7,7] үш массиві берілген. Бас диагоналінің астында орналасқан нөлден өзгеше элементтерінің көбейтіндісін есептеу.

23. A[6,6], B[6,6], C[6,6] үш массиві берілген. Массивтердің бас диагоналында орналасқан ең үлкен элементтерінің қосындысын есептеу.

24. Екі тең бүйірлі трапецияның табандары мен биіктігі берілген. Тең бүйірлі трапецияның табандары мен биіктігі бойынша периметрін есептейтін функцияны анықтап, олардың периметрлерінің қосындысын табу.

25. Натурал санның факториалын есептейтін функцияны анықтап, өрнегінің мәнін есептеу.

26. Екі сөйлем берілген. Сөйлемдегі «н» әріпінің санын есептейтін функцияны анықтап, осы сөйлемдердегі «н» әріпінің жалпы санын табу.

27. Берілген санды әртүрлі қосындыларға жіктеу.

28. Берілген натурал санның цифрларының қосындысын табу.

29. Берілген натурал санның цифрларының санын табу.

30. Экранға натурал санның цифрларын кері ретпен шығаратын рекурсивті процедурасын жазу.

Негізгі әдебиет:1[152-170], 4[109-119]

Қосымша әдебиет:5[16-19].

Бақылау сұрақтары:

1. Процедуралар мен функциялардың айырмашылықтарын атаңыз.

2. Формальды параметр-айнымалыларды қолдану мысалдарын келтіріңіз.

3. Функциядағы есептеулердің нәтижесі программаға қалай беріледі?

4. Неліктен функцияны өрнектен шақыруға болады?

5. Процедуралық типтер не үшін пайдаланылады?

6–лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Жазбалар мен файлдар

6–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Жазба типтерін пайдаланып есептерді шешудің алгоритмі мен программасын жазу.

  1. Топтың студенттері туралы мәліметтер берілген: студенттің аты-жөні, студенттің туылған күні және туған жері. Студенттердің туған жылдарының кемуі бойынша топ тізімін шығару.

  2. Аттестация нәтижелері туралы мәліметтер берілген: студенттің аты-жөні, бес пәннің аты мен әр пәннен алған баллдары. Барлық пәндерден аттестация алған студенттердің тізімін шығару.

  3. Алдыңғы есептегідей аттестация нәтижелері туралы мәліметтер берілген. Пәндерден аттестация алмаған студенттердің тізімін шығару.

  4. Кітапханаға түскен кітаптар туралы мәліметтер берілген: автордың аты-жөні, кітаптың аты, баспаның аты, шыққан жылы, кітаптың кітапханаға келіп түскен күні. “Мир” баспадан шыққан, соңғы бес жылда кітапханаға келіп түскен кітаптар туралы мәліметтерді шығару.

  5. Сессия нәтижелері туралы мәліметтер берілген: студенттің аты-жөні, төрт пәннің аты мен әр пәннен алған бағалары. Жалпы баллдарының кемуі бойынша топ тізімін шығару.

  6. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Жалпы балдары максималды жалпы балдан 2 балға ғана айырмашылығы бар студенттердің тізімін шығару.

  7. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Балдары берілген пәннің орташа баллынан 0,5 баллға жоғары студенттердің тізімін шығару.

  8. Экспорттық тауарлар туралы мәліметтер берілген: мемлекет аты, шетелдерге шығарылатын (импортталатын) тауар, тауар аты, келіп түскен партияның данасы. Берілген экспортталатын тауар бойынша мемлекет атын, экспорттың жалпы көлемін табу.

  9. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Берілген экспортталатын тауар көлемінің кемуі бойынша экспортталатын тауар тізімін шығару.

  10. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Берілген мемлекет бойынша экспортталатын тауар туралы мәліметтер шығару.

  11. Топ студенттері туралы мәліметтер берілген: студенттің аты-жөні, топ аты, студенттің туған жылы. Потоктағы фамилиялары бірдей студенттер тізімін шығару.

  12. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Берілген топтағы фамилиялары бірдей студенттер тізімін шығару.

  13. Фирма қызметтері туралы мәліметтер берілген: қызметкердің аты-жөні, туған жылы, мекен- жайы, телефон нөмірі. Жастары қызметкерлердің орташа жастарынан аспайтын қызметкерлердің тізімін шығару.

  14. Автомобильдер туралы мәліметтер берілген: иесінің аты-жөні, бағасы, автомобильдің маркасы мен нөмірі.

  15. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Автомобильдің бағасының өсу ретімен автомобильдер тізімін шығару.

  16. Әртүрлі дата туралы мәліметтер берілген. Әрбір мерзім (дата) – бұл күн, ай, жыл. Ең кеш датаны шығару.

  17. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Жыл мезгілдеріне топтай отырып датаны шығару (алдымен көктемдік даталар т.с.с.).

  18. Кубик туралы мәліметтер берілген: кубиктің өлшемі, оның түсі, материалы. Берілген материал бойынша қабырғасы 3 см-ден аспайтын кубиктар санын табу.

  19. Алдыңғы есептің шарттары сақталады. Берілген түсі бойынша кубиктер санын және қосынды көлемін табу.

  20. Кітаптар туралы мәліметтер берілген: автордың аты-жөні, кітаптың аты, баспаның аты, шыққан жылы. “Программирование” атты кітаптың шыққан жылының өсуі бойынша мәліметтерді шығару.

Файл өңдеу есебін шешу үшін алгоритм және программа құру.

    1. Компоненттері нақты сан болатын f файлы берілген. Табу керек:

а) f файлының компоненттерінің қосындысын;

б) файлдың соңғы компонентін.

    1. Компоненттері нақты сан болатын f файлы берілген. Табу керек:

а) жұп нөмірлі компоненттің ең кіші мәнін;

б) файлдың бірінші және соңғы компоненттерінің әртүрлілігін.

    1. f сиволды файлы берілген. f файлында ең кемінде екі компонент бар. Файлдың алғашқы екі компоненті санба ма, соны анықтау. Егер ия болса, онда осы екі саннан тұратын сан тақ па соны анықтау.

    2. Компоненттері бүтін сан болатын f файлы берілген. f файлының жұп сандарын g файлына жазу, тақ сандарын h файлына жазу. Сандардың реті сақталады.

    3. f сиволды файлы берілген. f файлының компоненттерін g файлына кері ретпен жазу

    4. Компоненттері бүтін сан болатын f файлы берілген. Файлдың ешбір компоненті нөлге тең емес. f файлында неше теріс сан болса, сонша оң сан бар. h қосымша файлын пайдаланып, f файлының компоненттерін төмендегідей шартпен g файлына жазу:

а) бір таңбалы көрші екі сан болмайтындай;

б) алдымен оң сандар, кейіннен теріс сандар орналасатындай.

    1. Компоненттері бүтін сан болатын f файлы берілген. f файлының компоненттерін жүз-жүзден g файлына жазу. Егер соңғы топта жүз компоненттен аз болса, онда g файлының соңғы компоненті f файлының ең үлкен компонентіне тең болуы керек.

    2. f және g символды файлдары берілген. f файлының компоненттері g файлының компоненттерімен сәйкес келе ме, соны анықтау.Егер сәйкес келмесе, онда f және g файлдарының ең бірінші сәйкес емес компоненттерінің нөмірін табу. Егер файлдың біреуі n (n0) компоненттен тұрса және келесі файлдың басын қайталаса, онда жауап n+1 саны болуы керек.

    3. f символды файлы берілген. Бос орынмен бөлінген, арасында бос орын жоқ бір немесе бірнеше символдан тұратын символдар тобын сөз делік. Файлдан бірәріпті сөздерді және артық пробелдерді өшіріп g файлына жазу.

    4. Мекеменің қызметкерлері туралы мәлімет келесі үлгімен жазылған f символды файлы берілген: фамилиясы_аты_әкесінің аты, фамилиясы_аты_әкесінің аты, ... Осы мәліметтерді g файлына келесі үлгілермен жазу:

а) аты_әкесініңаты_ фамилиясы, аты_әкесінің аты_ фамилиясы, ...

б) фамилиясы_а._ә., фамилиясы_а._ә., ...

    1. Жолаушы жүгі заттарының саны мен заттарының жалпы салмағымен сипатталады. Әрбір жолаушының жүгі туралы мәліметі екі саннан тұратын, бірнеше жолаушының жүгі туралы ақпараты бар f файлы берілген:

а) Екі заттан артық жүгі бар жолаушылар санын және заттары орташа зат санынан асатын жолаушылар санын анықтау.

б)Жүктерінің санымен сәйкес келетін және салмағымен 0,5 кг артықшылығы бар екі жолаушы бар ма соны анықтау.

    1. Оқушылар туралы мәлімет олардың аты, фамилиясы, олар оқитын сынып аттарынан (оқу жылы және әріп) тұрады. Мектеп оқушылары туралы мәліметтерден тұратын f файлы берілген.

а) Қандай да бір сыныпта фамилиясы бірдей оқушылар бар ма соны табу;

б)g файлына 9-10 сынып оқушылары туралы мәліметтерді келесі ретпен жинау: алдымен 9а, содан соң 9б т.с.с. содан соң 10а, 10б т.с.с.

    1. Автомобильдер туралы мәліметтер оның маркасынан, нөмірінен және иесінің фамилиясынан тұрады. Бірнеше автомобиль туралы мәліметтерден тұратын f файлы берілген. Табу керек:

а) Берілген марка бойынша иесінің фамилиясы мен нөмірін;

б) әр маркадан қанша автомобиль бар екенін.

    1. Ойыншықтар туралы мәліметтері бар f файлы берілген: ойыншықтың аты (мысалы: қуыршақ, кубиктер, доп, құрастырғыш т.с.с.), оның бағасы (тиынмен), осы ойыншықтар арналған балалардың жас шекаралары (мысалы: екі жастан бес жасқа дейін). Келесі мәліметтерді алу керек:

а) ең қымбат құрастырғышты тауып, келесі үлгімен сипаттау: ... теңге ...тиын

б) Доптан басқа 3 жастағы балаға арналған ойыншық алып, оған қоса доп алғанда ойыншықтардың бағасы 5 теңгеден аспайтын етіп таңдап алуға бола ма?

    1. Паскаль тіліндегі программадан тұратын f текстік файлы берілген. Осы программаның ашылған және жабылған дөңгелек жақшалары сәйес еместін тексеру. Программа операторларының әріп біреуі :

а) f файлының бір жолын ғана ала алады;

б) файл жолдары еркін (произвольный) санын ала алады.

    1. f текстік файлы берілген. f файлының жолдарын g файлына төңкеріп жазу. g файлындағы жолдар төмендегідей болуы керек:

а) f файлының берілген жолдарымен сәйкес болуы керек;

б) Берілген файлдың ретіне қатысты кері болуы керек.

    1. Компоненттері натурал сан болатын f файлы берілген. Файлдың жалпы саны 4 еселі болу керек. Төрт санның алдыңғы екеуі төртбұрыштың жоғарғы сол координаты, келесі екеуі төртбұрыштың төменгі оң координаты. Берілген f файлы бойынша төртбұрыш тұрғызу.

Негізгі әдебиет:1 [99-103], [113-131], 3 [182-195], 4 [122-138], [171-183].

Қосымша әдебиет: 5[19-26].

Бақылау сұрақтары:

1. Жазбалардың массивтерден айырмашылығы неде?

2. Біріктіру операторы дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

3. Жазбаларды өңдеуде «,» операциясы не үшін қолданылады?

4. Қандай стандартты процедура тек қана тексттік файлдар үшін пайдаланылады?

5. EOLN функциясы неге арналған?

6. Файлда керекті компонентті іздеу қандай процедураның көмегімен орындалады?

8. Типтелмеген файлдарда қандай процедуралар мен функциялар қолданылады?

7–лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Стандартты модульдер

7–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

GRAPH.TPU стандартты модулін пайдаланып есеп шешу үшін алгоритм және программа құру.

  1. Сызықты фукцияның графигін тұрғызу: для

2. Мына фукцияның графигін тұрғызу: ;

3. Мына фукцияның графигін тұрғызу:

4. Мына фукцияның графигін тұрғызу:

5. Мына фукцияның графигін тұрғызу:

6. Мына фукцияның графигін тұрғызу:

7. Мына фукцияның графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

20. Келесі функцияның анықталу облысын тауып, графигін тұрғызу:

  1. Берілген элементарлы қабыршақтардың өлшемдері бойынша экранды балықтың қабыршағы суретімен толтыру керек.

  2. Экранда динамикалық элементтері (жанып өшпелі гирлянда, салют, жанып тұрған шырақ және т.б.) бар мейрамға (Жаңа жыл, туған күн және т.б.) арналған құттықтау открыткасын өңдеп даярлау керек.

  3. Экранда жұмыс істеп тұрған жел диірменін бейнелеу керек. Қанаттарының айналу жазықтығы экран жазықтығына параллель болуы тиіс.

  4. Тұрақты жылдамдықпен экранды оның горизонталь осіне параллель оннан солға қарай қиып өтетін нүктені бейнелеу керек.

  5. Экранда шеңбер бойымен бір қалыпты бұрыштық жылдамдықпен қозғалатын нүктені бейнелеу керек.

  6. Экран жазықтығында өзінің бір нүктесі бойынша айналатын түзуді бейнелеу керек, сонымен бірге түзудің түсі бір қалыптан екінші қалыпқа ауысқанда өзгеруі тиіс.

  7. Экран жазықтығында өзінің центрін жағалай айналатын дұрыс үшбұрышты бейнелеу керек.

  8. Экран жазықтығында өзінің ауырлық центрін жағалай айналатын қабырғалары әртүрлі үшбұрышты бейнелеу керек.

  9. Тор дорбасы жоқ биллиардтың бойымен қозғалып бара жатқан шардың қозғалысын бейнелеу керек.

  10. Экранда алыстан бері қарай жақындап келе жатқан шарды бейнелеу керек. Уақыт өтуіне байланысты шардың көзге көрінетін диаметрі қай заң бойынша өседі?

Негізгі әдебиет:1 [258-313], 3 [287-324], 4 [207-222]

Қосымша әдебиет: 5 [26-27] , 8 [160-233].

Бақылау сұрақтары:

1. Паскаль-программада графиканы инициализациялау қалай жүргізіледі?

2. Берілген нүктеден белгілі бір түспен белгіленген шекараға дейінгі қандайда бір аумақты берілген шаблон және түс бойынша бояуды қандай процедураның көмегімен іске асыруға болады?

3. Қандай функция арқылы экранның разрешениесін және адаптердің жұмыс режимінің атын білуге болады?

4. Графикалық экранның қабырғаларының қатынасының масштабтық коэффициенті қай процедураның көмегімен анықталады?

5. Шеңбердің доғасын сызу үшін қандай процедура қолданылады?

6. Ең көп қолданылатын үш стандартты модульдерді атаңыз?

7. Rectangle стандартты процедурасының Bar процедурасынан өзгешелігі неде?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]