Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Жуманов.doc
Скачиваний:
74
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
781.82 Кб
Скачать

12 Дәрістің тақырыбы. Көтеру тасымалдау машиналарын монтаждау

Монтаж – деп жаңа машинаны пайдалануға берерде орындалатын жұмыстар кешенін айтамыз. Жөндеу процесінде машинаны ағытып-жинау кезінде кейбір монтаждау операциялары орындалады. Жаңа машинаны монтаждауда келесідей оперциялар орындалады: монтаждау орынына машина бөліктерін жеткізу, түсіру; монтаждау алаңын дайындау; орнатылатын машинаны жобалық жағдайға орнату және жинау; консервациялау, баптау және машинаны пайдалануға өткізу.

Монтаждау жұмысын бастамастан бұрын КТМ металдық құрастырылымына тіреулік алаңшалы тұрақты фундаментпен және уақытша монтаждау қондырғыларына тіреуге фундаментпен жабдықтайды; рельстік . рельстік емес жолдар салынады, инженерлік коммуникация жүргізіледі; сатылар орнатады; зәкірлік қондырғы, өндірістік және қызметтік үйлер салынады, жұмыс орынын жарықтандырады.

Қазіргі уақытта КТМ монтаждауды өздігінен жүретін үлкен жүккөтергішті крандармен жүргізеді. Өте қуатты стапельдік кранды, портальдық, көпірлік крандарды және өзгеде жабдықтарды көтеру үшін, олардың элементтерінің салмағының өзі 1000 т дейін, ал жалпы салмағы 3000-3500 т болатын арнайы портальды жүккөтергіштігі 4000 т дейін көтергіштер қолданылады.

Монтаждық жұмыстарға өте қатты дайындық қажет. Дайындық жұмыстарына өндірістік, техникалық және жобалық сметалық құжаттар құру, жұмыс көлемін анықтау, монтаждауға жабдықты дайындау, монтаждау құралдары мен механизмдерін дайындау кіреді.

Монтаждау процесін келесідей кезеңдерге бөлуге болады: монтажға белгілеу; монтаждық механизмдерді баптау мен жинау, такелаждық жұмыстар, орнатылатын машинаны жинау, машинаны баптау және сынау, монтаждық механизмдерді ағыту, машинаны сынақтау және пайдалануға тапсыру.

Кейбір жұмыстар түрі әртүрлі жағдайда орындалуы мүмкін, яғни орындалу мерзімінің созылуы, мысалға монтаждау операцияларын техникалық ұйымдастыру жұмысы, такелаждық жұмыстар немесе машинаны жинау, баптау және пайдалануға өткізу.

Құрылыстық монтаждау жұмыстары объектіде дұрыс жоспарлануы қажет. Бірінші кезекте көтеру тасымалдау қондырғыларын іске қосу, технологиялық жабдықтарды монтаждауда қолдану үшін. Орындалған монтаждау жұмысының сапасына машина жұмысқабілеттілігі байланысты болады, сондықтан монтаждау жұмыстары техникалық негізделген технологиямен жүргізіліп, барлық кезеңдерінде қатал бақылауда болу қажет.

Техникалық және жобалық сметалық құжаттар

Монтаждық жұмыстар өндірістік жұмыстар жобасы (ӨЖЖ) бекітілген және орнатылатын объект техникалық құжаттарына сәйкес орындалуы қажет. КТМ техникалық құжаты завод-дайындаушыдан монтаждау ұйымының тапсырыс берушілеріне жіберіледі. Онда техникалық паспорт, машина және оның негізгі түйіндерінің сызбалары, машинаны орнату тәсімі және арқандар бекітілісі берілуі қажет. Паспортқа қоса машинаның пайдаланылуы мен монтажы бойынша заводтық инструкциясы болу керек.

Өндірістік жобалау жұмыстары: түсініктемелік жазбадан, графикалық бөліктен, механизмдермен материалдарға ведомостылар, жабдықтарды жеткізу кестесі, өндіріс жұмысы және жұмыс күні қозғалысы кестесі, сметалық ұйыммен жобаның келісілгені жөніндегі құжаты кіреді. ӨЖЖ монтаждау ұйымымен құрылады, кейбір жағдайларда күрделі объектілер үшін арнайы жобалау ұйымымен жасалынады. КТМ монтаждауының қайталанатын жұмыстары үшін ӨЖЖ орнына типтік жоба бойынша жергілікті жағдайға арналған технологиялық карталар мен жазбалар берілуі мүмкін.

Түсініктемелік жазбада орнатылатын объектіге қысқаша сипаттама, және монтаждауына тапсырма беріледі; жинау кезектілігі көрсетіледі, монтаждау тәсілдері және қолданылатын жабдық келтіріледі. Кейбір жағдайларда көтеру және тасымалдау кезіндегі және монтаждау кезіндегі құрастырылым элементтерінің күшейтілу есептері беріледі. Түсініктемелік жазба арнайы бөлімінде жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі іс шаралар келтіріледі.

Жобаның графикалық бөлімінде: монтаждау алаңының бас жоспары; монтаждалатын жабдықты қондыру тәсімі; зәкірді орнату тәсімі мен сызбалары; орнатылатын жабдықпен оның түйіндерінің жобалық жағдайға көтерілу , тасымалдану тәсімдері; тоқтатылу орынымен ауырлық центрінің көрсетілуімен монтаждау құрылғыларының сызбалары, тоқтатудың негізгі түйіндер сызбасы, көмекші қондырғылармен уақытша құрылыстардың сызбасы болады.

Жабдық жеткізілу графигін, өндіріс жұмысы мен жұмыс күшін монтаждау процесі анықтайды. Олар жұмыс басталуымен аяқталуы мерзімін ескере отырып, монтаждау бригадасымен механизмнің тоқтап қалмауын қамтамасыз ету қажет. Күрделі объектілерге сеттік графиктер құрылуы мүмкін.

Монтаж аяқталысымен орындалу құжаты құралып, тапсырыс берушілерге объектіні пайдалануға өткізгенде беріледі. Орындалу құжаты тапсырыс берушімен жобалау ұйымы келісімімен жүргізілген машинаның өзгерістерімен орындалған сызбаларды құрайды. Рұқсат етілмеген өзгерістерді машина құрастырылымына, оны монтаждау тәсіміне енгізу тиым салынады. Сонымен қатар орындалу тәсімі және тіреу құрастырылымдарының қабылдау акты толтырылады және монтаждау кезінде орындалған тексеріс тәсімдаһері болуы қажет.

Жабдықты монтажға дайындау

Машина жеткізілуі. Завод-дайындаушылар КТМ үлкен гаьбариттік теміржол құрамасымен және өз жүрісімен тұтынушыларға баратын машиналардан өзгесін, ағытылған күйде жөнелтеді.

КТМ үлкен металл құрамалары бөлек түйіндермен,и салмағы мен өлшемдері тасымалдануға болса теміржол платформаларымен немесе көпөсті конвейерлермен жүккөтергіштігі 400 т дейін ұзындығы 58 м дейін автотіркемелермен жеткізіледі. Тасымалданатын әлементтер көлденең өлшемдері белгілі габарит шегінен аспауы қажет. Габариты бойынша жүктер бес дәрежеге бөлінеді: нөлдік,1,2,3,4 болып. Тасымалданатын құрастырылым биіктігі рельс басы деңгейінен 5300 мм аспау қажет. 4 дәреженің тасымалдайтын ең үлкен ені 4450 мм. Габариттік емес жүктер тиеу тәсімі теміржол басқармасымен келісілуі қажет. Кейбір жағдайда габариттік емес құрастырылымдарды автотартқыш-трайлермен немесе су тасымалымен жеткізеді.

Арту алдында жеткізуші механизмдер құрастырылуының сенімділігімен дайындалу сапасын тексеру қажет. Белгіленетін индекстер май бояуымен машина элементтеріне немесе орамына жазылады. Вагонға КТМ түсіру кезінде орамдық ведомость толтырылып, онда вагон ішінде элементтердің орналасу тәсімі, әрбір элемент салмағы мен орамның түрі көрсетіледі.

Түсіру және сақталу. КТМ элементтерінің түсірілуі жоғары механизацияланып темір жол вагондарының тоқтап тұруын болдыртпау қажет. Элементтердің жиналуы арнайы бөлінген алаңшаларда, ал орын болса монтаждау аймағында болу керек. Түсірілген түйіндер мен бөлшектерді бірден жобалау жағдайына орнату ең тиімді саналады. Бірақта оны ұйымдастыру жабдық монтажы мен жеткізілу кестесін мұқият келісімі арқылы орындалады. Көп жағдайларда жабдықтың түсірілуі, жиналуы және сақталуы ұзақ мерзімге есептелінеді, және ол жұмыстар тапсырысберуші ұйыммен орындалады.

Жабдықты расконсервациялау КТМ монтаждайтын ұйыммен, монтаждалатын түйін мен механизм алдында орындалады. Қабылдау. Монтаждау жұмыстарының алдында монтаждау ұйымының адамдары мен тапсырыс беруші жақтан жабдықтыакт бойынша қабылдап алады. Қабылдау-тапсыруды өткізуші және қабылдаушы ұйымдар бұйрығымен тағайындалған инженерлік техникалық қызметкерлер жүргізеді. Қабылдау алдында монтаждау өкілдері объект бойынша техникалық құжатты оқып танысуы қажет. Қабылдау кезінде жабдықтың завод спецификацмясы және оралымы мен белгіленуі ведомостылары бойынша комплекттілігі тексеріледі. Жабдық түйіндерімен бөлшектерінің қорғалу жабын жағдайы, боялуы, қорғау оралымы мен сақтандыру құрылғылары тексеріледі.

Тексеріс(ревизия). Тиеу, түсіру және сақталу кезінде жабдықтың кейбір элементтерінің зақымдылуы мүмкн. Көбіне торлық құрылымдық элементтер, өңделген бағыттаушы беттердің, біліктердің, муфта отырғызылатын орындар мен т.б зақымдалады. Қабылданған жабдықтың зақымдалған элементтерін анықтау үшін монтаждау ұйымы міндетті түрде тексеріс жүргізуі қажет. Тексеріскезінде жабдық орамын ашып, өңделген беттерден. Сақтандыру құрылғыларының және қорғауыштық жабылымдардың жойылуы және мұқият тексеру жұмысы жүргізіледі. Басты назар құрастырмалы бірліктердің коплектілігіне аударылады. Тексеріс кезінде техникалық сызбадан немесе техникалық жағдайдан ауытқу болса немесе зақымдалған, жетіспейтін бөлшектер анықталса акт толтырылып, жоғарыда тұрған ұйымға және завод дайындаушыға жедел жөнелтіледі, және жабдықты қамтамасыз етуге, ауыстыруға немесе жөндеуге қажетті шаралар қабылданады. Қажетті жағдайда жобалау ұйымы келісімімен өзге жабдықпен ауыстыру мәселесі шешіледі.

Ірілендіргген құрастыру. Монтажға жабдықты дайындау, заводтан келетін ірі блок түріндегі құрастырылым элементтерінің біріктіру жұмыстарыменаяқталады. Осыған байланысты ыңғайсыздау жағдайларда жоғарыда, жобалық белгіленуде орындалатын жұмыстар көлемін қысқартуға мүмкіндік туады. Ірілендірген құрастыру жобалау жағдайынан тыс, төменде орындалады. Сонымен бірге жұмыс аймағының тұрақтылы, көтеру биіктілігі аласа жүккөтеру қондырғыларын қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.