Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция Жуманов.doc
Скачиваний:
74
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
781.82 Кб
Скачать

1-дәрістің тақырыбы. Кіріспе. Ауырмашина жасау заводтарының өнімдері

Ғылыми техникалық прогресстің жетілуіне байланысты, жаңа өндірістің, технологиялық процестің материалдары мен құрастырылымдар(конструкция-лат-construction-құрастыру,құру) жасалуымен және технологиялық агрегаттардың, қондырғылардың, желілердің жалпы өндірістік кәсіпорындардың бірліктік қуатының артуына байланысты жаңа өндірістік қуаттылықты меңгерудің және құрудың мерзімдерін қысқарту халық шаруашылығының барлық салаларында еңбек өнімділігінің өсуіне себеп болады.

Өндіріс тиімділігі механикалық жабдықтың* техникалық жағдайымен техникалық деңгейіне тікелей тәуелді. Сондықтанда жабдық сенімділігі кәсіпорынды, агрегаттармен машина құраастырылымын жобалауда алдын ала анықтап, монтаждау мен дайындауды қамтамасыз етеді және техникалық пайдалану процесі кезіндегі жөндеу мен техникалық күтімді қалыпты сақтап соңғы жетістіктер технологиясын қолдану нәтижесінде жетілдірілуді жоғарылатады.

Жалпы қарастырылатын пәннің негізгі мақсаты өндірістік жабдықтардың жұмысқабілеттілігін қамтамасыз ету болып саналады. Күрделі жөндеу кезінде жабдықтың модернизациясы (жетілдірілуі) орындалады.

Транспорт техникасының (ТТ) қондырғылары мен машиналарының көбі ауыр машина жасау заводтарының өнімдері болып саналады. Ауыр машина жасау саласы машиналары мен оның бөлшектері әртүрлі салмақты және өлшемді шығарылатын бұйымдар номенклатурасымен сипатталады. Транспорттық жабдық түрі мен арналуы бойынша: экскаваторлық, бұрғылау, әуе-су, теміржолдық, автотракторлық және көтеру транспорттау болып бөлінеді.

Экскаваторлар ашық тәсілмен пайдалы қазбаларды алуда жерқабатын немесе тау-кендерін қазуға және жылжытуда, ауыр әрі еңбек сиымдылықты жұмыстарды орындауға арналған. Сонымен бірге өндірістік, теміржол және гидротехникалық құрылыста жер және тау сілемдерін өндіру жұмыстарында қолданылады. Экскаваторлар карьерлік шынжыр табанды шөміш сиымдылығы 3 тен 8 м3, роторлық, адымдаушы –драглайндық болып жасалынады. Бұл машиналардың салмағы мен габариттік өлшемдері үлкен болып келеді. Мысалға адымдаушы экскаватор ЭШ-25/100 шөміш сиымдылығы 25 м3, жебе ұзындығы 100 м салмағы 2600 т габариттік өлшемдері: 125 х 22 х 58 м. В. И. Ленин атындағы Новокраматор заво­дында экскаватор гигант шөміш сиымдылығы 100 м3 ,жебе ұзындығы 70 м. ЭШ – 100/70 жобаланған.

Уатқыш-ұнтақтау жабдығына (К дробильно-размольному оборудованию) беттік және конустық уатқыштар, шарлық және стержендік диірмендер (мельницы) жатады. Уатқыш-ұнтақтау жабдықтары кен байыту фабрикаларында орнатылып тау кендерін уату мен ұсақтауға қолданылады.

Домендік жабдығы (доменное оборудование) домендік пешке немесе соның жанына орнатылады.Ол домендік процесті механизациялау мен қызмет етуге арналған. Оларға вагон аударғыштар, вагон өлшегіш, скиптік лебедка, тиеу қондырғысы, конустың балансирлері, шихта таратушылар, электрлік пушкілер және де басқа машиналар жатады.

Агломерациялық жабдықтар темір кенінің ұсақ және өте майда концентраттарын қайта өңдеуге және кесектеуге арналған. Оларға агломерациялық машиналар, диірмендер, електер, араластырғыштар жәнеде басқа агломерациялық фабрикаларда орнатылатын машиналар мен механизмдер жатады. Осы аталған машиналар ішінен ең үлкені агломерациялық машина болып саналады. Оның салмағы 1700 т асса, габариттері: 103 х 14,6 х 15,3 м.

Сурет 1. Домендік көтергіштің екі моторлық скиптік лебедкасы

Ауыр машина жасау заводтарында пресстеу жабдығы жасалынады. Оларға тік және көлденең пресстер, түзету қондырғысы, соғу машиналары жатады. Өндірісте

12 000, 30 000, 70 000 т және оданда жоғары әсерлі гидравликалық пресстер қолданылуда. 12 000 т әсерлі гидравликалық пресс салмағы 1600 т болса, ал габа­риттері: 72 х 15 х 10 м құрайды.

Ауыр металлургиялық крандардың жүккөтергіштігі 700 т дейін, салмағы 320 т дейін жетеді.

Ең күрделі және әртүрлі болып прокаттық жабдық саналады. Металлургиялық комбинаттарға сорттық және листтік прокатты өндіру жолында прокаттық жабдықтар кешені жасалған. Прокаттық агрегаттар көптеген әртүрлі машиналар мен механизмдерден құралған. Тұғырларының қатары құрамында 300 астам машиналар мен механизмдер болса, ал желісінің ұзындығы 1000 м асады, мысалға Магыстогорск листтікпрокаты тұғырының ұзындығы 2,5 км құраған. Прокаттық жабдықтың жеке бөлшектерінің өзі өте ауыр болып келеді. Жылжымалы тұғырының бір листінің салмағы 100 т жоғары болады.

Еңбек өнімділігін көтеру жолында және машинаның өзіндік құны мен оларды дайындаудың өзіндік құнын азайту мақсатында құрастырылымда стандарттық және қалыптастырылған бөлшектерді қолдануды ұйымдастыратын техникалық ісшараларын енгізуді кең қолдануды талап етеді.

2-дәрістің тақырыбы. Ауырмашиналарды құрастырудың тәсілдері.

Ауыр машиналар заводы шығарған машиналардың бәрі заводта құрастырылып, заводта сынақталуы қажет. Бірақта үлкен габариттік өлшемдері мен салмақтарының ауырлығы завод жағдайында барлық машиналарды құрастырып, свнақтау мүмкін емес. Сондықтанда машиналарды құрастырудың қандай тәсілдері болатынын және олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екендігімен танысайық.

Құрастырудың келесідей түрлері бар:

– толық;

– түйіндік (поузловая);

– тізбекті.

Толық құрастырумен машина жасау заводтарынан шығатын машиналардың басым бөлігі орындалады. ТТМ оларға: рольгангтар,үлкен таспалы және қатпарлы конвейерлердің жетектері, қырнауышты және шнекті транспортерлер, вибро-конвейерлер, жүккөтергіштігі 50 т дейін көпірлік крандар жатады.

Толық құрастыру кезінде бөлек түйіндер мен комплекттердің құрастырылуы тексеріледі, технологиялық және конструкторлық жұмыстардан кеткен кемшіліктер орындалады. Машина құрастырылып болған соң жүктемесіз сынақталады. Содан соң машина түйіндерге бөлшектеніп, егерде габариттік өлшемдері тасымалдануға кедергі келтірмесе онда құрастырулы күйінде тұтынушыға жіберіледі.

Түйіндік құрастыру кезінде машинаны толықтай толықтай завод жағдайында құрастыру мүмкін болмаған жағдайда қолданады. Ол көбіне жеке өндірісте кең тараған. Ондай машиналарға: жүк көтергіштігі үлкен крандар, арнайы крандар, адымды жүрісті шөміш сйымдылығы үлкен экскаваторлар, скиптік көтергіштер, ұзын конвейерлер жатады.

Түйіндік құрастыру кезінде көбіне макеттік құрастыруды қолданады. Макет – ол бір-бірімен жанасатын түйіндердің біреуінің негізгі өлшемдерінің қайталанатындай етіп жасалған арнайы құрылғы. Макеттің өлшемі мен салмағы құрастырылған бөлшекпен түйіннен ондаған немесе жүздеген есе кіші болып келеді және түйін сапасын машинаны құрастырмай-ақ анықтауға мүмкіндік береді.

Тізбекті құрастыру бір-бірімен қосылған, бөлек секциялардан тұратын ұзындығы үлкен бөлшектер мен түйіндерді құрастыруда қолданылады. Ондай машиналар мен агрегаттарға: цементтік және иілткіш(вальцы) пештері, конвейерлер тұғыры, дерикрандар және т.б. жатады.

Машиналарды құрастыру технологиясы. Технологиялық процестерді жобалаудың бастапқы негіздеріне:

– пайдаланылуда сенімді және ұзақтұрақтылықтығына кепіл болатын құрастырылатын машинаның жоғарғы сапалығын қамтамасыз ету;

– құрастырылатын ауданның текше метрінен максимальды өнім алу, минимальді құрастыру циклімен;

– құрастырушылар еңбек өнімділігін арттыруға әсер етуші рациональды механизациялауды қолдану;

– слесарлық-құрастыру жұмыстарының ең аз еңбексиымдылығы;

– құрастырудың аяқталғандығы және оның комплектілігі.

Технологиялық процесті жасаудағы мақсат қолданыстағы өндірістік жағдайда машина мен оның құрастырмалы бірліктерінің құрастырылу тәртібін тиімді және үнемді жасау.

Тиімді және үнемдіқұрастырылу тәртібі өңдеуші, құрастырушы-технолог және конструктор еңбектері бірігіп қолданылған жағдайда ғана жүзеге асады.

Машина құрастырылымына қойылатын негізгі технологиялық талаптар:

  • бөлек құрастырмалы бірліктердің құрастырылу мүмкіндігі, олардың сынақталуы мен бақылануы және өндіріс циклінің қысқартылуы. Машина рациональды құрастырмалы бірліктерге бөлшектенуі қажет;

  • машинаның жоғарғы жылдам құрастырылуы, қиылыстыру жұмыстары көлемінің аздығы;

  • құрастырылудың қарапайымдылығы, бөлшектердің бекітілісіне оңай жету, бөлшектердің бір-бірімен құрастырылуының технологиялығы.

2.1. Технологиялық процестің бөлшектенуі

Технологиялық құрастыру процесін жасауда құрастыру операциясын дифференциялау негізін қолдану ұсынылады, ол машинаны бөлек құрастырмалы бірліктерге бөлшектеуді қажететеді (түйіндер(узлы), түйіншелер(подузлы), комплектер және бөлшектер).

Мысал ретінде кранды қарастырамыз.

Технологиялық комплект дегеніміз — бөлшектерді бір-бірімен қосылуын орындайтын қарапайым құрастырмалы бірлік. Олардың базалық бөлшегінің өзге қосылыстағы бөлшектерімен қатынасы координатталған. Қосылатын бөлшек комплектің базалық бөлшегі деп аталады. Бөлшек дегеніміз бірғана материалдан немесе бірнеше материалдан механикалық бекітіліссіз орындалған бұйымның бір бөлігі.

Сурет 3, а иінді біліктің тегершікпен құрастырылуы көрсетілген. Бұл технологиялық комплект. Ол базалық бөлшектен 2 (иінді білік) және білікке престелген тегершіктен 1 тұрады.

Сурет 2. Көпірлік кран бөлшектенуі

Қарастырылатын комплекттің құрастыруының технологиялық процесін келесідей тәсіммен көрсетуге болады (сур. 3, б). Технологиялық комплект технологпен жасалады және кейде сызба түрінде беріледі.

Сирек және жалпы түрде өндірістен шығарылғанда технологиялық комплекті технологтың эскизімен немесе сызбасымен орындау тиімді болып саналады.

Сурет 3. Технологиялық комплект:

а – иінді білік; б – құрастыру тәсімі; П – запрессовка

Түйінше дегеніміз бұл күрделі құрастырмалы бірлік. Ол бір немесе бірнеше комплект пен бөлшектің қосылуымен орындалады. Комплектілер мен бөлшектер базалық беттермен қосылыстағы бөлшектерге қатынасты координатталуы қажет. Қосылыстағы бөлшек түйіншенің базалық бөлшегі деп аталады.

Түйін дегеніміз бір немесе бірнеше түйіншелерден, технологиялық комплектерден және бөлшектерден тұратын, базалық беттермен қосылыстағы бөлшектерге қатынасты координатталған күрделі құрастырмалы бірлік. Қосылыстағы бөлшек түйіннің базалық бөлшегі деп аталады.

3-дәрістің тақырыбы. Жылжымайтын ажырамасыз қосылыстарды құрастыру

Қосылыстарда керілісті қолданған кезде үлкен айналу моментінің, соққылы жүктеменің және өстік күштердің берілуі; бекітіліс бөлшектерінің дайындалуының жоғарғы технологиясы талап етілуі мүмкін. Ауыр машина жасауда жыжымайтын ажырамасыз бекітілістерге иінді біліктің құрамы бөліктері, центрлері мен тісті дөңгелектің тәждері, теміржол құрамының құрсауы мен сырғымасы, шайқалма мойынтіректері және т.б.жатады.

Керіліс шамасына, бөлшектердің құрастырылымдық өлшемдеріне және технологиялық мүмкіндіктеріне байланысты бұл қосылыстар әр түрлі тәсілмен орындалуы мүмкін. Ауыр машиналарды құрастыруда бөлшектерді жаншудың (запрессовка) кең қолданылатындары: а)гидравликалық, пневматикалық, пневмогидравликалық және механикалық пресстермен; б) винттік құрылғылармен; в) жүк әсері арқылы пресстеу; г) ұстаушы бөлшекті қыздырып пресстеу; д) ұстаушы бөлшекті салқындату жолымен; е) комби­нирленген жаншу яғни ұстаушы бөлшекті қыздыру, ұстайтын бөлшекті салқындату жолымен; ж) үлкен қысыммен май қолдану арқылы.