Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК2.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.63 Mб
Скачать

1.9 Саясат және процедура.

Студенттер міндет түрде сабаққа қатысу, кешікпеуге керек. Егер студенттер сабақтаң қалса (себеп немесе себепсіз бойынша), онда сабақтардан тыс уақытта тапсырмаларын орындайды. Барлық бақылау түрлерін тапсырған кейін студенттер корытынды бақылауды тапсыруға рұқсатты алады.

2 Белсенді тарату материалдың мазмұны

2.1 Курстын тематикалық жоспары кесте түрінде құрастырылады, онда тақырыптың атауы және әр тақырыпқа сәйкес академиялық сағаттардың саны көрсетіледі.

7-кесте

Нөмірі

Тақырыптың атауы

Академиялық сағаттардын саны

Дәріс-тер

Зертха-налық

сабақтар

СӨОЖ

СӨЖ

1

Borland C++ тіліне кіріспе. Программаның құрылымы. С++-те мәліметтерді ұсыну. Мәліметтердің типтері.

2

3

3

3

2

Препроцессордың директивалары.Сим-волдардың жолдары мен форматталған енгізу мен шығару.

2

1

3

3

3

Операциялар, өрнектер, оператор. Басқару операторлар: тармақтау және шартсыз көшу.

2

1

3

3

4

Басқару операторлар: циклдар

2

1

3

3

5

Массивтер. Бірөлшемді және екі- өлшемді массивтерді өңдеу программаларды құру.

2

1

3

3

6

Borland C++ -тегі функциялар

2

1

3

3

7

Borland C++ -тегі көрсеткіштер

2

1

3

3

8

Массивтер және көрсеткіштер

2

1

3

3

9

Символдық жолдар және жолдық функциялар

2

1

3

3

10

Құрылымдар және мәліметтердің басқа формалары

2

1

3

3

11

Файлдық енгізу және шығару

2

1

3

3

12

С++-те графика

2

1

3

3

13

Borland C++ -те ерекше жағдайларды өңдеу

2

1

3

3

14

ОБП: класстар және абстракциялау

2

1

3

3

15

ОБП: мұрагерлік, визуалды функциялар және полиморфизм

2

1

3

3

Барлығы сағат

30

15

45

45

2.2 Дәрістік сабақтардың конспектілері

1- дәріс. Borland C++ тіліне кіріспе. Программа құрылымы. С++-те мәліметтердің ұсынылуы. Мәліметтердің типтері.

Көптеген программалық өнімдердің С++ программалау тілінің көмегімен жасалғандығы белгілі. С++ тілін – С тілінің кеңейтілімін – 1979 жылы AT&T Bell Laboratories (Нью-Джерси, АҚШ) ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері Бьерн Строустроп жасап шығарған. С++ тілі С тілінде бар нәрселердің барлығын қамтиды. Сонымен қатар, ол объектілі- бағытталған программалауды (Object Oriented Programming, OOP) қолданады. Бастапқыда С++-те үлкен көлемді программалардың жасалуын жеңілдету үшін құрылған болатын. Объектілі - бағытталған программалау программаларды құруға арналған жаңа бағыт болып табылады.

С++ программалау типтік ортасы

Қазіргі кездегі С++-те программалау жүйелері бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Бұлар программалау ортасы, тілі, С-функцияларының стандартты кітапханасы мен С-кластарының әртүрлі кітапханалары сияқты бөліктер болып табылады.

С++ тілінде программаны орындау үшін алты кезеңнен өту қажет: түзету, препроцессорлық (яғни алдын-ала) өңдеу, компиляция, біріктіру, жүктеу және орындау.

Бірінші кезең программаның бастапқы мәтіні бар файлды құру және түзету болып табылады. Ол қарапайым программа мәтінін түзеткіштердің көмегімен орындала береді. Программалаушы осы түзеткіште өзінің С++ программасын тереді. Қажет болған жағдайда ол оған қайтадан қатынас жасап, осы түзеткіштің көмегімен программаның бастапқы мәтініне өзгерістер енгізеді. Содан кейін программа дискте сақталады. С/С++ программаларының файлдарының атаулары "c" немесе "cpp" деп аяқталады. Алайда, Borland C++ v 5.0 (5.2) программалар пакетінің өз түзеткіші де бар, соны да қолданса болады.

Екінші кезеңде программаны компиляциялаудан бұрын компилятор программа мәтінін препроцессорлық өңдеуді бастайды. Компилятордың қызметі – ол программаны машиналық кодқа көшіреді. Яғни ол программаның объектілік коды болып табылады.

С++ программалау жүйесінде трансляция кезеңін бастаудың алдында әрқашан алдын-ала өңдеу программасы орындалады. Ол программаның бастапқы мәтінін трансляциялау алдында қандай түрлендірулерді орындау керектігін көрсететін «трансляция директиваларын» немесе «препроцессор директиваларын» іздеп табады. Әдетте бұл басқа мәтіндік файлдарды компиляцияланатын файлға қосу болып табылады. Препроцессорлық өңдеуді компилятор программа машиналық кодқа түрлендірілмей тұрып жүзеге асырады. Бұл біріктіру процесі басталмай тұрып қажетті функция-программаларды компиляцияланатын программаның мәтініне алып алуға мүмкіндік береді.

Үшінші кезең – компиляция. С++ тіліндегі программаларда программаның сыртында баяндалған түрлі функцияларға сілтемелер болады. Мысалы, стандартты кітапханаларда немесе программалаушылардың жеке кітапханаларында болады. Компилятор құрған объектілік кодтың ішінде осы жоқ болған бөліктердің орнында ойықтар болады.

Төртінші кезең – біріктіру. Біріктіруші объектілік кодты жоқ болған функциялардың кодтарымен байланыстырады да, осылайша орындалатын жүктемелік модульді құрады («ойықтарсыз»).

Бесінші кезең – жүктеу. Орындалу алдында программа жадыға орналастырылуы қажет. Бұл жүктеушінің көмегімен жүзеге асырылады, ол программаның жүктеуші модулін дисктен алып, оны жадыға көшіреді.

Алтыншы кезең – орындалу кезеңі. Программаның алғашқы іске қосудан бастап жұмыс істеп кетуі сирек кездесетін жағдай. Аталған кезеңдердің әрқайсысы қатемен аяқталуы мүмкін немесе қатенің салдарынан сәтсіз аяқталуы мүмкін.

Сондай кезде программалаушы программаның бастапқы мәтінін түзету кезеңіне оралуы қажет. Ол программаның мәтінін жақсылап талдай отырып, қажетті өзгертулерді енгізуі керек. Сосын қатесіз жұмыс істейтін жүктеуші модульді алғанша программаның бастапқы мәтінімен жұмыс істейтін кезеңдердің барлығынан өту керек.