Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
276.99 Кб
Скачать

4.7. Өрістік транзисторлардың жиіліктік қасиеттері

Биполярлы транзистормен салыстырғанда, өрістік транзисторларда негізгі тасушылардың инжекциясы болмайды және осы үрдіспен байланысқан зарядтардың жинақталуы мен инерциялығы және олардың сорып алуы болмайды.

Жоғарыда электрод аралық сыйымдылықтардың ЖЖ кезінде транзистордың жұмысына әсері көрсетілген. Бұл сыйымдылықтан басқа, ЖЖ-ке басқарылатын рn- арналы өрістік транзистордағы жаппа-арна рn-арнасының тосқауыл сыйымдылығы әсер етеді.

Uзи кернеуінің өзгеруі кезінде осы сыйымдылықтардың арна кедергісі арқылы қайта зарядталуы жүреді. Осы қайта зарядтау тізбегінің тұрақты уақытына τ=Сзк∙Rкан өрістік транзистордың инертілігі және шапшаңдығы тәуелді болады.

Өрістік транзистордың шекаралық жиілігі:

f=1/2πτК=1/2π∙Сзи∙Rкан (4.5)

Осылайша жаппа-арна сыйымдылығы және арна кедергісі неғұрлым аз болса, шекаралық жиілік соғұрлым көп. Өрістік транзистордың жиіліктік қасиеті арнадағы негізгі заряд тасымалдаушылардың қозғалысына байланысты және ол құйма мен бастауға осы тасымалдаушылардың орын ауыстыру уақытымен байланысты. Сондықтан өрістік транзисторлардың жиіліктік қасиеттері р-арналыға қарағанда n-арналыда көп.

4.8. Өрістік транзисторлардың таңбалануы

Транзисторлардың таңбалануы 6 әріптік-сандық белгіленуді көздейді:

–бірінші символ–әріп немесе сан–шығыс материал;

–екінші символ–әріп құрылғының классын анықтайды (П–өрістік, Т– бипо­лярлық);

–үшінші символ–1 ден 9-ға дейінгі сан –энергетикалық немесе жиіліктік тәуелділікті анықтайды.

–төртінші және бесінші символдар –01 ден 99-ға дейінгі сан – жобалаудың реттік нөмірін анықтайды;

–алтыншы символ– құрылғының белгілі бір параметрлері бойынша топтарға бөлу.

4-тармақ бойынша қорытынды: оқшауланған жаппасы бар өрістік транзисторлар басқарушы электроды токөткізгіш арнадан диэлектрик қабатымен ажыратылған жартылай өткізгіш құрылғы болып табылады. Әрине, қандай да бір құрылғыны таңдағанда басым талғам барлығында бірдей жағдайларда басқаруға қуатты жұмсауы төмендеу және басқару тізбегіндегі тогы төмендеу болатынына беріледі. Индуцирленген арнасы бар өрістік транзисторлар тек байыту режимінде ғана жұмыс жасайды. Өрістік транзисторлардың негізгі артықшылықтары болып оның үлкен кіріс кедергілері және жоғары технологиялылығы жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Неліктен кіріс кедергі электронды құрылғының артықшылығы болып табылады?

2. Неліктен өрістік транзисторлар кірісінде Uзи тура кернеумен жұмыс жасамауы қажет?

3. Арнадағы қоспаның шоғыры жаппадағыға қарағанда көп болуы неге негізделген?

4. Өрістік транзисторлардың шығыс кедергілері шығыс сипаттамаларында қанығуға дейін және қанығудан кейін бірдей бола ма?

5. Неліктен кернеудің өзгеруі кезінде арнаның ұзындығы бойынша қалыңдығы біқалыпты өзгермейді?

6. Неліктен орнатылған арнасы бар өрістік транзисторлардың кіріс кедергісі кірісіне берілетін кез-келген полярлығында үлкен болып қалады?

7. МДЖ-транзистордың кедейлену кезінде жұмыс жасамайтынын қалай түсіндіруге болады?

8. МДЖ-транзисторлардағы диэлектриктің қалыңдығы немен шектеледі?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]