Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
276.99 Кб
Скачать

4.1. Uси кернеуінің арна қимасына әсері

Uзи =0 және Uси =0 кернеуі кезінде рn–өткелдердің электр өрісі біртекті және арна қалыңдығы барлық ұзындықта бірдей.

Егер санақ басы деп бастауды алсақ, арнаның кедергісі әрбір нүктеде, сол нүктеден бастауға дейінгі ара-қашықтыққа байланысты әр түрлі болып келеді. Жаппаға неғұрлым жақын болған сайын, кедергісі соғұрлым жоғары, максимал кедергіге арна жаппаның маңайында ие болады.

Жаппаның тогы, арна бойымен бастаудан жаппаға дейін аға отырып, арнаның ұзындығы бойымен бастауда 0-ге және жаппада максимал мәнге дейін өзгеретін кернеудің төмендеуін туғызады.

Uси кернеуі «+» қосылған арнаның n-аймағына қойылған (немесе «-», егер арна р-типті), сәйкесінше Uси кернеу жаппа-арна pn-өткелінде кері болады. Uзи>1 кернеуімен қосыла отырып, Uси кернеуі рn-өткелінің қалыңдығының үлкеюіне және арнаның қимасын кемітуге себепші болады. Кері кернеудің үлкен мәнге ие нүктелерінде рn-өткелі кеңірек, ал арнамыз тар болады. Демек, арнаның ұзындығы бойынша бастаудан жаппаға қарай қимасы өзгеріп отырады.

Uси кернеуінің, тұрақты кернеу Uзи кезінде, үлкеюі арнаның ең тар нүктесіндегі қима кернеуінің мәніне жетуі мүмкін және арна жабылады(4.5-сурет). Осылайша, Uси кернеуінің өзгерісі ток өткізгіш арна қимасының өлшеміне әсерін тигізеді. Uси кернеудің үлкеюімен арнаның қимасы кеми түседі, себебі ол кернеу pn- өткелі үшін кері болып табылады.

4.5-сурет. Uси және Uзи=const кернеулерінің әсерінен арна қалыңдығының өзгеруі

4.2. Басқарушы рn-өткелі бар өрістік транзистордың статикалық сипаттамалары

Өрістік транзистордың қосылуының үш сұлбасы бар: ОБ (ортақ бастаумен), ОТ (ортақ тиекпен) және ОЖ (ортақ жаппамен).

ОБ сұлбасының сипаттамаларын қарастырайық (4.6-сурет).

4.6.-сурет. Басқарушы рn-өткелі бар өрістік транзистордың статикалық сипаттамаларын алуға арналған сұлба

Шығыс сипаттама - Uзи=const кезіндегі Iс =f(Uси) графикалық кескінделген тәуелділік(4.7-сурет).

4.7-сурет. Басқарушы рn-өткелі бар өрістік транзисторлардың шығыс сипаттамалары.

Жаппалық сипаттамаларды алу үшін кернеуді Uси өзгертеміз, басқарушы кернеу Uзи тұрақты болады және әрбір кернеудің мәніне сәйкес кіріс тогын орнатамыз.

Uзи=0 кезіндегі сипаттаманы қарастырайық.

ОА аймағында токтың U кернеуге сызықтық тәуелділігі байқалады. Кернеудің ұлғаюымен бастаудан жаппаға дейінгі заряд тасымалдаушылар қозғалуының жылдамдығы өседі, арнаның тарылуы кернеудің өсуі әсерінен елеусіз болады, жаппа тогы аз.

АВ аймағында жаппа тогы ұлғаяды, ал арнадағы кернеу қатты төмендейді, сәйкесінше ол жаппа жаққа қарай тарылып, арнаның кедергісі өседі, ток жылдамдығы төмендейді, сипаттамасы жазық бола бастайды. Осылайша, жаппа тогының үлкеюі жылдамдығының төмендеуінің негізгі себепшісі болып табылады.

U кернеудің өсуіне қарамастан, В нүктесінен аймақта жаппа тогының өсуі тоқтайды. В нуктесінде арнаның максималды тарылуы болады, оны шартты түрде арнаның жабылуы деп атайды.

Бастау мен жаппа арасындағы арнаның жабылуы кезіндегі кернеу - қанығу кернеуі деп аталады, ал жаппа тогы U>Ucи.нас кернеу кезінде U кернеуінен тәуелсіз және жапа тогын қанығу тогы деп атайды.

Әр транзистор үшін pn-өткелдің электрлік сынуы және кенет бастау тогы ұлғаятын U кернеуі болады. Ескеру керек, pn-өткелге кері U+Uзи кернеуі беріледі, сондықтан Uзи кернеуі үлкен болса, Uси кернеуі сынуға әкелмейді.

Кіріске Uзи кері кернеу берілген кезде, U=0 кернеу жағдайында арна қимасы азаяды, ал арна кедергісі ұлғаяды. Сондықтан сипаттаманың бастапқы аймағы қуысты болады.

Uзи кернеуі үлкен болса, қанығу Uкернеуінің аз мәнінде болады. Кері кернеу үлкен болса, шығыс сипаттама төменірек орналасады, себебі арна кедергісі ұлғаяды және бастау тогы төмендейді.Өрістік транзистордың беріліс сипаттамасы - U= const кезіндегі Ic = f(Uзи) тәуелділігі(4.8-сурет).

4.8-сурет. Басқарылатын рn-өткелді өрістік транзистордың беріліс сипаттамасы

Uзи=0 кернеуі кезінде құйма тогы максималды болады, демек арнаның кедергісі минималды.

Uзи (Uси=const) кернеуінің үлкеюі кезінде құйма тогы кемиді. Uзи = Uзи.отс кернеуінде арна жабылады, құйма тогы нөлге тең. Негізгі емес заряд тасымалдаушылардың елеусіз тогы ағады. Осылайша, беріліс сипаттамасы кіріс кернеуін өзгерту арқылы құйма тогын басқарудың тиімділігін анықтайды.

Қорытынды. Өрістік транзистор – электрлік өріспен басқарылатын және өткізгіш арна арқылы өтетін негізгі тасымалдаушылардың ағынына күшейткіштері негізделген жартыылай өткізгіш құрылғы. Биполярлы транзистормен салыстырғанда, өрістік транзистордыы кейде униполярлы деп атайды, себебі оның жұмысы тек негізгі заряд тасымалдаушыларға негізделге – электрон немесе кемтік. Сондықтан өрістік транзисторда көлемді негізгі емес заряд тасымаллдаушылардың шоғырлануы мен сорып алуы болмайды. Өрістік транзистордың тогын құратын заряд тасымалдаушыларды қозғалысқа келтірудің негізгі әдісі электрлік өрістегі дрейф. Өрістік транзистордың жұмыс тогы туындайтын өткізгіш қабат арна деп аталады. Өрістік транзистор – ток(биполярлы транзистор) емес, кернеу(электрлік өріс) басқаратын күшейткіш құрылғы, осыдан да аты – өрістік деп аталады, ол өткізгіш арнаның көлденең қимасының ауданын өзгертеді, нәтижесінде өрістік транзистордың шығыс тогы өзгереді. Электрлік өрісті басқару статикалық кіріс тогының болмауына әкеледі, ол транзисторды басқаруға қажетті қуатты азайтуға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]