Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
276.99 Кб
Скачать

4.5. Орнатылған арнасы бар мдж-транзистор

Берілген типтегі өрістік транзисторда бастау мен құйма арасында қосапының аз ғана концентрациясы бар жіңішке арна(көбінесе n-типте) бар(4.13-сурет). Қабат асты ретінде р-типтің кремний монокристалы болады. Арна металдық жаппадан диэлектрлік үлдір арқылы бөлінген. Заряд тасымалдаушылардың тығыздығы мен арнаның көлденең қимасының өзгеруін басқару қағидасы индуцирленген арналы транзисторлардағы секілді электростатикалық индукция құбылысымен байланысты.

4.13-сурет. Орнатылған арнасы бар МДЖ-транзистордың құрылғысы мен оның сызбалық белгіленуі

Кернеу Uси=0-ге тең. n-арнасы үшін Uзи кернеуінің мәні мен полярлығын өзгертетін боламыз.

Жаппадағы оң потенциал үшін электрондар арнаға(құйма мен бастаудың қабатынан, қабат астынан негізгі емес тасымалдаушылар ) тартылатын болады. Негізгі заряд тасымалдаушылармен арнаның байытылуы жүреді, электрөтімділігі үлкейеді және кедергісі кемиді.

Жаппадағы теріс потенциалда элеткростатикалық индукция арқасында электрондар арнадан тебілетін болады және астыңғы қабаттан бір мезетте кемтіктер тартылатын болады. Кейбір кернеу мәнінде сипаттама өзгеретін болады, n-арнаның орнына р-арнасы пайда болады.

Uси кернеуін берейік. Құйма тогы Ic оң таңбалы жаппадағы мәнімен ағады, демек бұл режимде арнаның байытылуы болады. Осылайша оқшауланған жаппасы бар және орнатылған арнасы бар өрістік транзисторларда байыту және қанығу режимінде де жұмыс жасай алады,яғни кіріс кернеудің әр түрлі полярлығы кезінде орындалады.

4.5.1. Орнатылған арнасы бар мдж-транзисторларының статикалық сипаттамалары

Шығыс сипаттамалары. Жаппа тогының Ic өзгеруінің жалпы сипаттамасы өзгеретін Uси кернеуі және тұрақты Uзи кернеуде басқа өрістік транзисторлардың типімен ұқсас(4.14-сурет).

4.14-сурет. Орнатылған арнасы бар МДЖ-транзисторларының шығыс сипаттамалары

4.15-сурет. Орнатылған арнасы бар МДЖ-транзисторларының беріліс сипаттамалары

Беріліс сипаттамалары. Байыту режимінде Uси тұрақты кернеуі мен Uзи кернеуі ұлғайған сайын құйма тогы Iс өседі(4.15-сурет), себебі арнаның электр өткізгіштігі өседі. Кедейлену режимінде кері үрдіс жүреді. Кернеудің шектік мәніне жеткен кезде құйма тогы Iс 0-ге тең болады.

4.6. Оқшауланған жаппасы бар өрістік транзисторлардың негізгі параметрлері

Құйма Iс тогына екі Uзи және U кернеудің өзгеруі әсерін тигізеді. Олардың тұрақты болуы немесе ұлғаюы құйма тогының азаюына әкеледі.

Тұнықтығы – U=const кезінде және Uзи кернеуі 1В-қа өзгергенде, құйма тогының қандай мәнге өзгергенін көрсететін сан. Ол келесі формуламен анықталады.

S=∂Iс/∂Uзи при Ucи=const (мА/В). (4.1)

Сонымен қатар, МДЖ-транзистордағы тұнықтыққа диэлектриктің қабат қалыңдығы әсер етеді: диэлектрик қабаты азайса, Uкернеуінің мәні өзгермеген кезде өрістің шиеленісі арта түседі және құйма тогының Iс қадамы артады.

Күшейту коэффициенті (μ): кернеуді қаншаға өзгерту керектігін көрсететін санмен белгіленеді, Uзи –ді 1В, ол кезде құйма тогы Iс өзгеріссіз қалуы керек. Әдетте күшейту коэффициенті 10 – 100 бірлікті құрайды.

Шығыс кедергі: Uзи=const кезінде Uкернеуінің өзгерісі Iс тоққа әсерін көрсетеді және ондаған кОм-ды құрайды.

Rвых=∂U/∂Iснемесе Rвых=ΔU/ΔIс Uзи=const. (4.2)

Кіріс кедергі: Uзи =const кезінде Uзи –дің өзгеруінің Iз-ге әсерін көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:

Rвх=∂Uзи/∂Iз немесе Rвх=ΔUзи/ΔIз Uси=const. (4.3)

Uзи кернеуінің үлкен өзгерулері кезінде жаппаның тогының өзгерісі Iз≈0, яғни Rвх үлкен ондаған МОм.

Өрістік транзистордың сипаттамалары келесі теңдікпен байланысқан

μ =Rвых·S (4.4)

Rвых және S параметрлерін шығыс сипаттамалары арқылы анықтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]