Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_Access_1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
23.11.2019
Размер:
73.22 Кб
Скачать

Өрiс атауы өрiс типi

- кiтаптың аты мәтiндiк

-кiтаптың авторы мәтiндiк

-баспасы мәтiндiк

-шыққан жылы мерзiм\уақыты

-кiтаптың нөмiрi мәтiндiк

-көлемi сандық

-бағасы қаржылық

  1. Көлем өрiсiн шертiңiз. Бланкiнiң төменгi бөлiгiнде ондық белгiлер саны 0-ге тең қасиетiн берiңiз.

  2. Бұл кестеге түйiндi өрiс енгiзбесе де болады -- берiлген тапсырмада ол талап етiлмейдi.

  3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде құрылған кестелердi кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгiзiңiз. Жұмысты аяқтап кестелердi жабыңыз. Mikrosoft Access программасын жабыңыз.

Мақсаты: Кестеаралық байланыстарды құру.

1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.

3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Кестелер (Таблицы) панелiн ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестелерiнiң таңбашалары барына көзiңiздi жеткiзiңiз.

4 . Аспаптар панелiнен Мәлiметтер схемасы (Схема данных) батырмасын iздестiрiңiз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис Мәлiметтер схемасы (Схема данных). Мәлiметтер схемасы терезесiн ашу үшiн, осы тәсiлдердiң кез-келгенiн қолданыңыз. Осы терезенiң ашылуымен қатар бiр уақытта Кестелердi қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесi ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құратын кесте таңдауға болады.

5. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерiн таңдаңыз -- Мәлiметтер схемасы терезесiнде осы кестелердiң өрiс тiзiмдерi ашылады.

6. SHIFT пернесiн басып тұрып Оқырмандар кестесiнен екi өрiстi ерекшелеңiз: Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы.

7. Осы өрiстердi Оқулықтар кестесiнiң өрiс тiзiмiне әкелiңiз. Тышқан

батырмасын жiберген сәтте, Байланысты өзгерту(Изменение связей) сухбат

терезесi шұғыл түрде ашылады.

8. Байланысты өзгерту(Изменение связей) терезесiнiң оң жақ панелiнен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесiнен Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы өрiстерiн таңдаңыз.

  1. Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесiн жауып, Мәлiметтер схемасы (Схема данных) терезесiнен пайда болған байланысты көрiңiз. Байланыс сызығын тышқанның сол жақ батырмасын шертiп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкiндiк беретiн жанама меню ашылады.

  2. Мәлiметтер схемасы терезесiн жабыңыз программасын жабыңыз.

Мақсаты: Таңдамаға сұранысты құру.

Бұл жұмыста көлемi 500 беттен, бағасы 150 теңгеден аспайтын кiтаптарды iрiктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.

  1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.

  3. Отырар кiтапханасы : мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы) панелiн ашыңыз. Конструктор режiмiнде сұранысты құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгiсiн екi рет шертiңiз, сонда үлгi бойынша сұраныс бланкiсi ашылады.

  4. Кесте қосу терезесiнде Оқулықтар кестесiн таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертiңiз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесiн жабыңыз.

  5. Оқулықтар кестесiнiң өрiстер тiзiмiнен қорытынды кестеге енгiзiлетiн Кiтаптың аты, Кiтаптың авторы, Көлемi, Бағасы өрiстерiн таңдаңыздар. Таңдауды өрiс атауларын екi рет шерту арқылы жүргiзiңiз.

  6. Көлем өрiсi үшiн сұрыптау шартын берiңiз.Сол өрiстiң Сұрыптау шарты

(Условие отбора) жолына мына шартты енгiзiңiз: <500. Сонда кестеден көлемi 500-ден аспайтын кiтаптар iрiктелiп алынады.

  1. Бағасы өрiсiне сұрыптау шартын берiңiз. Сәйкес жолға <150 өрнегiн енгiзiңiз. Ендi кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана iрiктелiп алынады.

  2. Үлгi бойынша сұраныс бланкiсiн жабыңыз. Сұранысты жабу кезiнде оған Кiтаптарды таңдау деген ат берiңiз.

  3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестенi қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №8.2. зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесiне енгiзiлген жазбаларға тәуелдi. Егер ешбiр басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бiрде-бiр мәлiметтер болмаса, онда негiзгi кестелерде оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтермен толтырыңыздар.

  4. Зерттеу аяқталған соң ашық объектiлердiң барлығын жауып, Microsft Access программасын жабыңыз.

Мақсаты: Параметрлi сұраныс құру.

Сұрыптау шарты қалай жұмыс iстейтiнiн бiз жоғарыда қарастырдық, бiрақ оның өзiндiк кемшiлiктерi бар. Мәлiметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс iстейдi. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 теңгеден арзан кiтаптарды iрiктеп алатын сұраныс даярласа, онда қолданушы бағасы 100 теңгеден арзан кiтаптарды iрiктей алмайды, өйткенi сұраныс жоқ.

Парметрлi сұраныс қолданушыға мәлiметтердi сұрыптаудың критериiн өзi енгiзуге мүмкiншiлiк туғызады.

Кiтаптарды iрiктегенде сұранысты iске қосқаннан кейiн ақырғы бағаны қолданушының өзi енгiзетiндей сұраныс даярлайық.

  1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.

  3. Отырар Кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запрос) панелiн ашыңыз. Конструктор режiмiнде сұраныс құру таңбашасына екi рет шертсенiз, үлгi бойынша сұраныстың бланкiсi ашылады.

  4. № 8.4. зертханалық жұмыс бойынша Оқулықтар кестесiне негiзделiнген, келесi өрiстерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыздар:

-кiтаптың аты мәтiндiк

-кiтаптың авторы мәтiндiк

-бағасы қаржылық

-баспасы мәтiндiк

  1. Сұранысты iске қосқанда қолданушы қажеттi мәндi енгiзетiн хабар ала алатындай етiп Бағасы өрiсiнiң Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолын толтыру қажет.

Қолданушының назарына арналған мәтiн тiк жақшаға алынуы қажет. Егер бiз бағалары 400-ден қымбат кiтаптарды iрiктеп алғымыз келсе >400 деп жазар едiк. Егер бағасы 100-теңгеден арзан кiтаптар қажет болса, онда <100 деп енгiзер едiк. Бiрақ бiз бағаны таңдау мүмкiндiгiн қолданушының өзiне берсек, онда < [Ең жоғарғы бағаны енгiз] деп жазуымыз қажет.

  1. Сұраныс (Запросы) терезесiн жабыңыз. Жабу кезiнде оны Оқулықтарды таңдау деген атпен сақтап қойыңыз.

  2. Отырар кiтапханасы:мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы) панелiн ашыңыз және Кiтаптарды таңдау сұранысын iске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдiң мәнiн енгiз (Введите значение параметра) деген жазу бар терезе ашылады.

  3. Өзiңiз қалаған мәндi енгiзiп, ОК батырмасын басыңыз.

Оқулықтар кестесiндегi енгiзiлген мәндерге байланысты сұраныстың нәтижесi – қорытынды кесте алынады.

9. Мәлiметтер базасының барлық объектiлерiн жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]