Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lab_Access_1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
23.11.2019
Размер:
73.22 Кб
Скачать

Лабораториялық жұмыс №10.

Мақсаты: Мәлiметтер енгiзу әдiсi арқылы кесте құру.

1.Microsoft Access программасын iске қосыңыз. Пайда болған Microsoft Access терезесiнде Жаңа мәлiметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып қосқышын орнатыңыз. ОК батырмасын басыңыз.

2.Жаңа мәлiметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесiнде файлға жаңа Қалалар деген ат берiңiз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз.

3. Кестелер тiзiмiнде Мәлiметтер енгiзу әдiсiмен кесте құру (Создание таблицы путем ввода данных) таңбашасын ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. Өрiс 1 (поле 1), Өрiс 2 (поле 2) және т.с.с. стандарттық өрiстерi бар бағандардан тұратын бос кесте пайда болады. Алдымен төрт өрiсi бар кесте құрылады.

4. Өрiс 1 (поле 1) және Өрiс 2 (поле 2) бағандарының бiрiншi жолына сәйкесiнше 1 және Астана деген мәлiметтердi енгiзiңiз. Екiншi жолына – 2 және Алматы. Үшiншi жолына – 3 және Талдықорған.

5. Бағандардың атауларын өзгерту үшiн жанама менюден Баған атауын өзгерту (переименовать столбец) командасын таңдаңыз. Осылайша бiрiншi бағанға Реттiк нөмiрi, екiншiсiне Аты, үшiншiсiне Қаланың коды, төртiншiсiне Тұрғындар саны атауларын енгiзiңiз.

6. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы терезенi жабу батырмасын Х басып, кестенi жабыңыз. Макеттiн өзгерiсiн немесе кесте құрылымын сақтау керек пе? деген сұраққа жауап беру үшiн Иә батырмасын басыңыз. Сонда Сақтау (Сохранить) сұқбат терезесi пайда болады, оған кестенiн Қалалар атауын еңгiзу керек. ОК батырмасын басыңыз.

7. Түйiндi өрiстi қазiр құру керек пе? (Ключевое поле задать сейчас?) деген сұраққа Жоқ (Нет) батырмасын басып жауап берiңiз.

8. Тiзiмдегi Қалалар кестесiн ерекшелеп, мәлiметтер базасы терезесiнiн аспаптар панелiндегi Ашу (Открыть) батырмасынын көмегiмен құрылған кестенi ашуға болады.

9. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Мақсаты: Негiзгi кестелердi құру.

Отырар кiтапханасының басқармасы екi кестеге негiзделген мәлiметтер базасын жасауға тапсырыс бердi. Бiрiншi кесте оқырмандарға арналған, онда кiтапханадан кiтап алған оқырман жайлы мәлiметтер көрсетiледi. Екiншi кесте кiтапханадағы оқулықтарды тiркеуге арналсын.

  1. M icrosoft Access программасын iске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access).

  2. Microsoft Access терезесiнде Жаңа мәлiметтер базасы ( новая база данных )

ауыстырып – қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертiңiз.

  1. Жаңа мәлiметтер базасының файлы (Файл новой базы данных)терезесiнде

\Менiң құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кiтапханасы деп ат берiңiз. Файл типi ретiнде Microsoft Access мәлiметтер базасы алынғанын көресiз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кiтапханасы мәлiметтер базасының терезесi ашылады.

  1. Кестелер панелiн ашыңыз.

  2. Конструктор режiмiнде кесте құру белгiсiне екi рет шертсеңiз кесте құрылымын даярлау бланкiсi ашылады.

  3. Бiрiншi кесте үшiн төмендегiдей өрiстердi енгiзiңiз:

Өрiс атауы өрiс типi

-оқырманның аты-жөнi мәтiндiк

-кiтаптың аты мәтiндiк

-кiтаптың авторы мәтiндiк

-кiтаптың нөмiрi мәтiндiк

-кiтап алған уақыты мерзiм\уақыты

-бағасы қаржылық

  1. Кiтаптың нөмiрi өрiсi мәтiндiк өрiс екнiне көңiл аударыңыз, өйткенi олардың сандық мағынасы жоқ. Кiтап нөмiрлерiн бiр-бiрiне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.

  2. Болашақ Оқулықтар кестесiмен байланыс орнату үшiн түйiндi өрiс беруiмiз қажет. Кiтаптың аты өрiсiн қайталанбайтын өрiс ретiнде таңдап алуыңызға болады. Бiрақ өте үлкен мәлiметтер базасында аттары әр түрлi кiтаптар кездесуi мүмкiн. Сондықтан бiз Кiтаптың аты және Кiтаптың авторы өрiстерiнiң комбинациясын түйiндi өрiс ретiнде пайдаланамыз. Бланкiнiң жоғарғы бөлiгiндегi өрiстi ерекшелеп алыңыз (Shift). Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюдi ашыңыз және одан Түйiндi өрiс (ключевое поле) бөлiмiнiн таңдап алыңыз.

  3. Конструктор терезесiн жабыңыз. Терезенi жабу кезiнде кестеге Оқырмандар деп ат берiңiз.

  4. 5-9 бөлiмдердегi амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесiн құрыңыз. Оған төмендегiдей өрiстер енедi:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]