Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ Лаб Инф каз 2-часть.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
4.37 Mб
Скачать

№7 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Графиктік қосымшалармен жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Paint, Corel Draw, Photoshop графиктік редакторларымен жұмыс істеуді үйрену. Әртүрлі графиктік редакторларда графиктік объектілерді құруды, безендіруді, сақтауды және түзетуді үйрену.

1. Paint графиктік редакторы

Графиктік бейнелермен жұмыс істеуге арналған қарапайым және аса кең таралған бағдарламалардың бірі Windows операциялық жүйесінің тобына жататын американдық Microsoft фирмасының Paint графиктік редакторы. Microsoft Paint растрлі графиктің бір терезелі редакторынан тұрады, оның көмегімен қарапайым бейнелерді құруға, редактрлеуге болады және де оларды аса кең таралған BMP, JPEG, GIF форматтарында сақтауға болады. Редактордың ерекшелігі тек қана бір файлмен бір уақытта жұмыс жасау болып табылады. Құрылған суреттерді баспаға шығаруға, Windows жұмыс үстелінің фоны ретінде қолдануға болады, немесе басқа құжаттарға апарып қондыруға болады. Paint сонымен бірге бейненің өлшемін, өзгертуге, көлбеулікті, бұрылуды, созылуды және кескіндеуді орындау мүмкіндігін береді.

Paint құралдарының көмегімен растрлі үлгідегі қарапайым геометриялық фигураларды (түзу, дөңгелек, эллипс және т.б.) құруға болады, сонымен қатар Windows-тың шрифтер жиынын қолдана отырып суретке мәтін қосуға болады. Microsoft Paint бейнені «салу» процесіне және дайын фрагменттерді жинақтауға бағытталған және күрделі графиктік жұмыстарды, автоматтандырылған жобалауды, фотосуреттерді редактрлеуді жүргізу үшін қолданылмайды.

Paint қосымшасының терезесі келесі бөлімдерден тұрады: құрал саймандар панелі; палитра; басты тізбелік; форматтау панелі.

Суретті қарап шығу аймағы. Барлық сурет – олар нүктелер жиыны. Егер масштаб 100% болса, онда нүктелер көрінбейді. Нүктелер масштаб 400% және одан көп болғанда көріне бастайды. Масштабты үлкейту үшін масштаб батырмасын басу керек немесе «Рисунок» тізбелігінен «Масштаб» командасына бару керек. «Сетка» режимінде суретті нүктелер арқылы түзетуге немесе қарындашпен жөндеуге болады. Суретті көлденеңінен және тігінен созуға болады, оны «Рисунок» тізбелігінде 1* дейінгі дәлдікпен бұрылу бұрышын бере отырып бұруға болады.

2. Векторлық графикті әзірлеуші Corel Draw бағдарламасы

CorelDRAW графиктік редакторы векторлық графиктермен жұмыс жасау үшін арналған және осыған ұқсас бағдарламалар арасында алдыңғы қатарға қойылады. CorelDRAW әйгілігі құрастыру құралдарының үлкен жиынтығымен, қолайлы ортасымен және алынатын бейнелердің жоғары сапалылығымен түсіндіріледі. Әсіресе CorelDRAW көптеген суреттерден, фотографиялардан және жазулардан тұратын иллюстрацияларды құру кезінде өте қолайлы. CorelDRAW көмегімен бейне компоненттерін керек орынға қою аса оңай. CorelDRAW бағдарлама пакетіне векторлы графика редакторынан басқа Corel Photo-Paint растрлік графика редакторы кіреді. Екі бағдарламаның интерфейсі өте ұқсас, ал мүмкіндігі бойынша олар бірін-бірі толықтырып отырады. Екі осы бағдарламаларды қолдана отырып, барлық күрделі графиктік жұмыстарды орындауға болады.

Кодтаудың векторлық тәсілінде сурет жеке объектілер түрінде ұсынылады (сызықтар, эллипстер, тіктөртбұрыштар және т.б.), олар компьютер жадысында математикалық формулалар және геометриялық абстракциялар түрінде сақталады. Мысалы, дөңгелекті кодтау үшін оны жеке пиксельдерге бөліп керегі жоқ, ал оның радиусын, центрінің координатын және түсін еске сақтаса болды. Математикалық формулалардың көмегімен аса алуан түрлі формаларды сипаттауға болады. Аса күрделі суретті салу үшін бірнеше қарапайым фигураларды қолданады. Яғни векторлық форматтағы кез келген бейне бір-біріне тәуелсіз түрде редактрлеуге болатын құрамдас бөліктердің жиынынан тұрады. Бұл бөліктер объектілер деп аталады.