Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Құқық негіздері-лекциялар.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
431.62 Кб
Скачать

4. Экологиялық құқык бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылық

Заңды жауаптылық дегеніміз құқыққа қарсы жасаған әрекет үшін кұқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік жене жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасысы. Экологиялық қуқық бұзушыпыққа қарсы заңды жауаптылығы дегеніміз мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы құзыретті, құқық қорғау органдары және басқа да құзыретті субъектілер мен экологиялық кұқық бұзушының арасыңдағы сол бұзушыға жаза қолдану жөніндегі қарым-қатынасы.

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы заңды жауаптылықтың түрлері. Экологиялық құқық бұзушылық өзінің құрамына қарай әкімшілік және тәртіптік теріс қылық немесе қылмыс болуы мүмкін. Жасалғаны үшін әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық сияқты жауаптылық туындайды. Сонымен қатар келтірілген залал, зиян, нұқсан үшін азаматтық-құқықтық және материалды жауаптылық туады.

Тәртіптік жауаптылық. Тәртіптік жауаптылық еңбек саласы қызмет бабы, лауазым дәрежесімен тығыз байланысты. Экологиялық құқык бұзушылық, немесс қоршаған ортаға бағытталған теріс қылығы үшін кызметкерге жаза түрінде қолданылатын санкцияны тәртіптік жауаптылық дсйміз. Сондықтан, тәртіптік теріс қылық деп қызметкердің кінәсі не оған жүктелген қызметгік міндеттердің дүрыс орындалмауын не мүлде орындалмауын айтамыз. Сондықтан, жұмыс беруші қызметкерге қызмет, шарт бойынша өзінің қоршаған ортаға байланысты қызметтік міндетін орындамағаны үшін оған тәртіптік жазалар қолданады. Қазақстан Республикасының 1999 жылгы 10 желтоқсандағы «Еңбек туралы» Заңының 94-бабына сәйкес тәртіптік жазалардың 4түрі қолданылады: 1)ескерту жасау; 2) сөгіс беру; 2-1) катаң сөгіс беру; 3) осы Заңның 26-бабының 9)-12) тармақшаларына сәйкес жеке еңбек шартын бұзу.

Егер экология саласында теріс қылық жасаушы мемлекеттік қызметкер болса, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 28-бабына сәйкес төмендегідей тәртіптік жазалар қолданылады: 1) ескерту жасау; 2) сөгіс беру; 3) қатаң сөгіс беру; 4) қызметінс толық емес сәйкес келетіндігі туралы есксрту; 5) кызмстінен босату.

Тәртіптік жаза колдану ушін қызметкерден міндетті түрде жазбаиіа тусініктеме алынады. Жаза тағайындау туралы бұйрық қызметксрден қолхат алу арқылы жарияланады. Жаза 1 ай етпей тағайындалады.

Экологиялық қүқық бұзушылық үшін материалды жауаптылық. Қоршаган ортаға келтірілген зиян, әсіресе мүліктік нұқсанды кызметкер белгіленген мөлшерде және тәртіп бойынша орнына толтыру керек. Материалды жауаптылықтың: толық және шектелген сияқты екі түрі бар. Толық материалды жауаптылық егер қызметкерге толық материалды жауаптылық міндеттелсе, ішімдіктің, нышаның әсерімен жасаса, тікелей оның кінәсі бойынша қоршаған ортаға зиян, нұқсан келтірілсе, егер кәсіпорын сотқа шағымданған жағдайда сот шешімімен тағайындалады.

Шектелген материалдық жауаптылық кәсіпорын басшысының шешімімен, айлық орташа еңбекақы көлемінінен аспайды.

Үжьшдық материалдық жауаптылық әрбір қызметкердің матсриалды жауаптылығын анықтау мүмкін болмаған және жазбаша шарт үжыммен жасалғанда қолданылады.

Экологияглық қүқық бузушылыққа қарсы әкімшілік жауаптылық. (ҚРӘК, 30.01.01.) Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген қүқыққа карсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе занды тұлғаның құқыкқа қарсы іс-әрекеті нс әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік экологиялық құқық бұзушылық деп экологиялык кұкыктық тәртіпке, халықтың өмірінс,денсаулығына, экологиялык қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға нақты қауіп төндіретін, әкімшілік жауаптылық қарастырылған құқыққа қарсы, кінәлі әрекетті нс әрекетсіздікті айтамыз. Әкімшілік кодскс бойынша әкімшілік жауаптылыққа 16 жасқа толған азаматтар тартылады.

Қазакстан Республикасы Әкімшілік кодекснің 45-бабына сәйкес экологиялык кұқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның 10-түрі қолданылады: 1)ескерту жасау;2)әкімшілік айып салу;3)әкімшілік кұқық бұзушылықты жасау кұралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алу.4)өкімшілік кұқық бұзушылықты жасау құралы немесе оған тікелсй объектісі болған затты, әкімшілік құқық бүзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалау кағаздарды тәркілеу;5)арнаулы кұқықтан айыру;6)лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан(куәліктен айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не бслгілі бір іс әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;7)жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу 8)өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; 9)өкімшілік қамауға алу;10)шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру. |

Экологиялық құқық бұзушылыққа қарсы қылмыстық жақтылық. Адамның өмірі қоршаған ортаның, ауаның, судың пырақтың тазалығына, тағамдардың сапасына тікелей байланысты. ҚР ҚК-нің 2-бабында көрсетілгендей Қылмыстық кодекс міндеттеріне адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарымен занды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшіл адамзаттың қауіпсіздігін және қоршаган ортаны қоргау жатады.

Қылмыстық кодекстің шоғырланған табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қылмыстарды үлкен санаттарға бөлуге болады: арнайы экологиялық құрам,аралас және қосымша.

Арнайы экологиялық құрам ҚР ҚК-нің 11-тарауында «Экологиялық кылмыстар» деген атпен (277-294-баптар) шоғырланады.Бұлар таза экология саласындағы қылмыстар. Мысалы Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бузылуы — өзге де ауыр зардаптарға әкеп сокса,келесі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу кұкығынан айырып не онсыздаған жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруға жазалаңатын 278-бап.Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактчвті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы — бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. Абайсыздан адамдардың жаппай сыркаттануына немесе кісі өліміне әкеп соққан әрскеттер үш жылдан сегіз жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруға жазаланады.

281 бап. Суларды ластау, бітеу және сарқу — жүзден екі жүз айлык есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесс сотгалған адамның бір айдан екі айға дсйінгі кезендегі жалакысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бслгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу құқығынан айыруға, нс бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жүмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

Адамның денсаулығына зиян келтіруге нсмесе жануарлар немесе өсімдіктср дүниесінің жаппай құрып кетуіне, сол сияқты ерекше корғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дэл сол әрекеттер - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер — бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

282-бст. Атмосфераны ластау — жүздсн екі жұз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айга дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынаы айыруға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

Адамның денсаулығына зиян кслтіругс әкеп соқкан дәл сол әрскет - екі жүзден бес жүз айлық ссептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезендсгі жалакысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не ескі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылғадейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктеріңде көзлслгсн, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әрекеттер - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгына, айыруга жазаланады.

283-бап. Теңіз аясын ластау — екі жүзден бсс жүз айлық есептіі көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның ек айдан бес айға дейінгі кезсндегі жалақысы немесе өзгс де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімгі белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпсн айналысу құқығынан айыруға, екі жылға дсйінгі мерзімге түзеу жүмыстарына, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауга жазаланады.

Адамның денсаулығына, жануарлар немссе өсімдіктер дүниесіне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмсн қорғалатын мүддслергс елеулі зиян келтірген дәл сол әрекетгер - елуден жүз айлық есептік көрссткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалакысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруға жазаланады. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда кісі өліміне әкеп соққан нақ сол әрекет — бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады.

Аралас экологиялық құрамды қылмыстар тек белгілі бір жағдайларда, қоршаған орта мен табиғатты қорғау саласына ғана қатысы бар жағдайларда ғана экологиялық деп танылады. Экологиялык кылымыстардың қүрамы, белгісі тек қосымша сипатта болады. Мысалы 155-бап. Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру — (экология саласында) елуден жүз айлық есептіі көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының нсмссе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімг түзеу жұмыстарына жазаланады. Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты күш қолданып немесе күш колданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекст - скі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына нс үш жылга дейінгі мерзімгі белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу кұқығынан айырып немесе онсыз үш жылга дейінігі мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. Сол секілді терроризм (лаңкестік, 233-6.), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде кауіпсіздік ережелерін бұзу (245-6), жарылыс каупі бар объектілердс қауіпсіздік ережелерін бұзу (246-6). |Қосымша қүрамы бар экологиялық кылмыстарға мемлекетгік билікке карсы, мемлекет қызмет саласындағы және мемлекеттік құпиялармен байланысты кылмыстарды жатқызуға болады. Мысалы 307-бап. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, 308-бап. Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, 314-бап. Қызметтік жалғандық жасау, 316-бап. Салақтық.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39-бабына сәйкес экологиялык қылмыс жасалғаны үшін төмендегідей жазалар тағайындалады: а) айыппұл салу; б) белгілі бір лауазымды атқару немесе бслгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; в) қоғамдық жұмыстарға тарту; г) түзеу жұмыстары; д) әскери қызмет бойынша шектеу; е) бас бостандығын шектеу; ж) қамау; з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау; и) бас бостандығынан айыру; к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.Сотталғандарға негізгі жазалардан баска мынадай қосымша жазалар: а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; б) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.

Айыппул салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан айыру және қоғмыдық жұмыстарга тарту жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.

Экологиялық кұқық бұзушылыққа қарсы азаматтық-кұкықтық жауаптылық. Онын мәнісі: нұқсан келтірген субъектілер жәбірленуші жаққа мүліктік және моральды келтірілген шығынның орнын толтырады. Азаматтық-құқықгық жауаптылықтың ерекшелігі, ол құқық бұзушыға тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жазалармсн қатар қолданатындылығында және келтірілген экологиялық зиян үшін өтем, өтемақы төленуінде. Өтсм заттай және ақшалай өтелуі мүмкін. Заттай отем дегеніміз, егер жер бүзылып, оған зиян келтірілсе, оны өзінің бүзылмай тұрғанға дейінгі бастапқы қалпына кслтіруді айтуға болады.

Такса және зиянды есептеу әдісі. Такса: келтірілген зияннын көлемін анықтау және кінәліні жазалау. Мысалы диаметрі 25 см-ден жоғары, 1 текше метр карағай - 12 200 теңге, емен, шетен - 22 000 теңге, қайың- 1 330теңге, шырша - 11000 теңге, сексеуіл - 3400 теңге, тау қойы (архар, муфлон), әрбір келісі - 1500 теңге, қар барысы - 2000 тенге, борсык - 10 тснге, тиын - 5 тенге, өзен құндызы - 15 тенге, қызыл қасқыр - 600 тенге, жайран — 400 тенге.

2-дәріс. Конституциялық құқықтың негiздерi

1. Конституциялық құқық: ұғымы, пәні мен жүйесі

2. Қазақстан Республикасының қғамдық құрылысының конституциялық негізі

3. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

3. Қазақстан Республикасының Президенті, парламенті, сот билігі

4.Қазақстан Республикасы сайлау жүйесі

Конституция – мемлекеттiң негiзгi заңы

“ Конституция ” сөзi негiзiнде латын тiлiнен шыққан, “соnstitutio” латын тiлiнен аударғанда “мекеме”, “бекiтiлiм” дегендi бiлдiредi. Мемлекеттiң негiзгi заңы ретiнде конституция буржуазиялық мемлекеттердiң өмiрге келген соң пайда болды. Конституцияны түрлi негiздермен жiктеуге болады. Конституцияны түрлi негiздермен жiктеуге болады. Олар өзгерiстер мен түзетулер енгiзу тәсiлi бойынша қатаң және өзгермелерi болып бөлiнедi Қатаң конституциялар референдум жолымен жаппай дауыс беру арқылы не арнаулы конституциялық iс-шаралар жолымен немесе Парламентпен қабылданады. Өзгермелелi конституциялар қатардағы зандарды қабылдау тәртiбiмен қабылданады және өзгертiледi.

Формасы бойынша конституциялар жазылған немесе жазылмаған болуы мүмкiн. Жазылғандар бiрыңғай нормативтiк құқықтық акт түрiнде болады. Жазылмағандар – конституциялық сипаттағы бiрқатар жүйеленбеген актiлер, соттық прецеденттер, құқықтық әдет-ғұрыптар

Конституцияның болуы – заңдылықтың, құқық тәртiбiнiң және билiк институтының тұрақтылығының мiндеттi шарты.

Конституция өзiндiк заңдық ерекшелiктерге: жоғарға заң күшiне, тiкелей әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқаа, түзетулер қабылдау мен енгiзудiң ерекше тәртiбiне ие. Конституция қоғамда пайда болатын күрделi қатынастарды реттейдi, ол барлық салаларды қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтiк және рухани.

Конституцияға түзетулер Республика Президентiнiң шешiмi бойынша өткiзiлетiн республикалық референдуммен енгiзiлуi мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтыруларды, егер президент оларды қарауды жоғарғы өкiлеттi орғанға беруге ұйғарса, Парламент қабылдайды. Конституцияға енгiзiлуге тиiс түзетулер жобасы Парламенттiң екi Палатасының бiрлескен мәжiлiсiнде қаралады. өзгерiстер мен толықтырулар, егер оған Парламент депутаттары жалпы санының төрттен үш бөлiгi жақтап дауыс берсе қабылданады.

Қазақстан Республикасының қғамдық құрылысының конституциялық негізі

Конституциялық құрылыс деп мемлекеттiң құыққа бағынуын қамтамасыз ететiн және оны конституциялық мемлекет ретiнде сипаттайтын мемлекеттi ұйымдастыру әдiсi ұғынылады. Конституцияға Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысына негiз қалаған қағидаттар бекiтiлген: бұқаралық билiк, мемлекеттiк өмiрдiң барынша маңызды мәселелерiн демократиялық жолмен шешу, бiртұтастық, мемлекеттiк егемендiк, билiктердi бөлу қағидаты, құқықтық үстемдiгi.

Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп белгiленген. Бұл ҚР Конституциясында мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр ретiнде халықтың айқындалғаның бiлдiредi. Халықтық билiк республикалық рефенрендум және еркiн сайлау жолымен, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге мемлекеттiк органдарға беру жолымен жүргiзiледi. Демократия тек мемлекеттiк билiк органдарын халықтың құрғанынан ғана емес, сонымен бiрге жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жұмысына қатысуынан да көрiнедi.

Конституция стратегиялық мақсатты айқындады – Қазақстанда құқықтық мемлекет орнату. Конституция, сонымен қатар, бағдарламалық құжат болуына байланысты, құқықтық мемлекет құру барынша созылмалы процесс болып есептеледi. Әлеуметтiк мемлекет деп басты мiндеттерiнiң бiрi теңдiкке, жалпыға ортақ ынтымақ және өзара жауапкершiлiкке негiзделген қоғамдық процесске қол жеткiзу болып табылатын мемлекет ұғынылады. Бұл – саясаты адамның салауатты өмiр мен еркiн дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Бұл дiни бiрлестiктер мемлекеттен бөлек дегендi бiлдiредi. Олар мемлекеттiк саясатқа араласпайды, сондай-ақ мемлекет те дiни бiрлестiктердiң iсiне араласпайды. Зайырлы мемлекетте ресми, мемлекеттiк дiн болмайды және бiр де бiр дiңге басымдалдық берiлмейдi. Мемлекет дiни наным-сенiм мәселелерiнде аралық қалыпты ұстайды. Бiлiм мен дiн бiр-бiрiнен бөлек. ҚР Азаматтары зайырлы бiлiм алады. ҚР дiни бiрлестiктер Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы “Дiни наным-сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы “Заңы негiзiнде қызмет етедi.

Қазақстан – президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет

Тәуелсiз Қазақстан мемлекетi құрылған кезден бастап Президент мемлекет басшысы деп жарияланды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елiмiздi президенттiк басқару нысанындағы мемлекет деп жариялады.

Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарымен байланасады.Парламент қабылдаған заңға Президент қол кояды. Президенттiң тыйым салу хақысы бар, яғни ол заңды пысықтай түсу үшiн Парламентке қайтара алады. Президент өзiне белгiлi бiр мерзiмге арнап заң шығаратын өкiлеттiлiк беру жөнiнде Парламентке ұсыныс енгiзуге хақылы.Егер Парламент Президенттiң өтiнiшiн қанағаттандыратын болса, Президент заң қабылдай алады.

Егер Параламент қалыпты жұмыс iстей алмайтын болса немесе Үкiметпен, Жоғарғы сотпен ымырасыз алауыздыққа келетiн болса, онда Президент Парламенттi таратып жiбере алады.

Президент Парламенттiң келiсiмiмен премьер-министрдi және Републиканың Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындайды. Президент Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Бас прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындайды.

Президент атқарушы билiк тармағына: үкiметке, жергiлiктi атқару органдарына тiкелей ықпал етедi. Президент:

  • премьер- министр лауазымына адам ұсынады;

  • үкiметтiң құрылымын анықтайды;

  • министрлердi қызметке тағайындайды және қызметпен босатады;

  • министрлiктердi, мемлекеттiк комиттердi құрады және таратады;

  • үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды;

  • үкiметтiң ерекше маңызды мәселелер жөнiндегi отырыстарына төрағалық етедi;

  • Мәжiлiске заң жобаларын енгiзу жөнiнде үкiметке тапсырма бередi;

  • үкiмет шешiмдерiнiң күшiн жояды немесе тоқтата тұрады.

Президент жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысына да басшылық етедi. Ол областық әкiмдердi тағайындайды және босатады, әкiмдердiң шешiмiн тоқтата тұрады. Президент әкiмдермен кеңес өткiзедi, олардың жергiлiктi жердегi жұмысы түралы, заңдарды қалай орындап, өз мiндеттерiн қалай атқарып жатқандары жайлы есептерiн тындайды.

Президенттiң басқа да өкiлеттiктерi болады. Солардың бiрi – мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерi бойынша референдум өткiзу құқығы. Референдум – халықтың мемлекеттi басқару iсiне тiкелей қатысуының бiр түрi. Референдум – халықтың мемлекеттi басқаруға тiкелей қатысуының бiр нысаны.

Өзiнiң өкiлеттiгiн орындау үшiн Президент жарлықтар мен бұйрықтар шығарып отырады. Президент жарлықтарының нормативтiк және нормативтiк е емес түрлерi болады.

Президент – мемлекет басшысы, елдiң де, халықаралық қатынастарда да халық пен мемлекет атынан сөйлеуге хақылы. Ондықтан Президенттiң абыройды мен арнамысы қорғалады. Халықтың қалаулысы ретiнде Президент соның мүддесiне қызмет етедi.

Қазақстан Республикасы сайлау құқығының негiздерi

Конституция азаматтардың өкiлеттi органдарға, сайланбалымемлекеттiк қызметтерге сайлау және сайлану құқығын, сонымен бiрге республикалық референдумға қатысу құқығын бекiттi. Қазақстан Республикасы сайлау құқығы мен сайлау жүйесiнiң негiзiн ҚР азаматтарының сайлау құқығы кепiлдiктерi құрайды.

Сайлауларға және республикалық референдумға он сегiз жасқа жеткен, белсендi дауыс құқығына ие ҚР ке-келген азаматы қатысуға құқылы.

Сайлау құқығы – объективтi негiзде сайлау процессi кезiнде қалыптасқан қатынастарды, сайлаушылардың мәртебесiн, сайлау жүйесiн реттеушi нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы.

ҚР сайлау төте және жанама болады. Төте сайлау құқығымен Президент, Парламент Мәжiлiсiнiң, Маслихаттардың депутаттары және жергiлiктi өзiн-өзi басқару мүшелерi сайланады. Жанама сайлау құқығы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаған кезде қолданылады.

Сайлау органдары жүйесiң ҚР Президентiнiң ұсынысы бойынша Парламент Мәжiлiсi сайлаған орталық сайлау комиссиясы басқарады. Сайлау органдарына участкелiк сайлау комиссиялары, аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары жатады.

6-дәріс. Азаматтық құқық негіздері

  1. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама,жүйесі, қатынастары.

  2. Заңды тұлғалар

  3. Мәмiле ұғымы, түрлерi және нысандары

  4. Қазiргi замаңғы Қазақстан Республикасы азаматтық заңдылықтарының жалпы сипаттамасы

Азаматтық құқық ұғымы

Азаматтық құқық – құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды жеке қатысушылардың мүлiктiк қатынастарының теңдiгiне негiзделген, сондай-ақ байланысты, жеке мүлiктiк емес басқа да қатынастарды реттейтiн саласы, нормалардың жиынтығы. Азаматтық заңдылықтармен реттелеушi қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер болып табылады.

Азаматтық құқықтың негiзгi бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлiмнен және 1999 жылғы 1 шiлдедегi Ерекше бөлiмнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы және заңға қарасты актiлерде мазмұндалған, олар Азаматтық кодексте белгiленген ережелердi толықтырады, реттейдi, нақтылайды. Мұндай нормативтiк актiлерге төмендегiдей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шiлдедегi “Шаруашылық серiк-тестiктерi туралы”, 1998 жылғы 10 шелдедегi “Акционерлiк қоғамдар туралы”, 1997 жылғы 21 қантардағы “Банкроттақ туралы”, 1997 жылғы 19 маусымдағы “Жеке кәсiпкерлiк туралы”.

Кәпкерлiк – азаматтар мен заңды тұлғалардың, меншiк нысанына тәуелдi емес, тауарларға сұранысты қанағаттандыру жолымен таза пайда табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) немесе мемлекеттiк кәсiпорынның шаруашылық iс жүргiзу құқығына (мемлекет кәсiпкерлiк) негiзделген бастамашыл қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, тәуекелмен және оның мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.

Азаматтық құқықтың негiзi субъектiлерi жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер де азаматтық құқықтың субъектiлерi болып табылады, бiрақ өздерiнiң азаматтық құқықтарын олар арнайы және соған уәкiлеттi заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырады.

Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынылады. Азаматтық құқыққа ие болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлетi) барлық азаматтарға бiрдей деп танылады. Азаматтық құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады.

Заңды тұлғалар

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Түрлерi бойынша заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлiнедi. Коммерциялық тұлғалар негiзi мақсаты ретiнде пайда табуды көздейдi және алынған таза пайданы қатысушыларға үлестiрiп бередi. Комерциялық емес заңды тұлғалар керiсiнше, өз қызметiнде негiзгi мақсаты ретiнде пайда табуды көздемейдi және алынған пайданы қатысушыларға үлестiрмейдi.

Коммерциялық заңды тұлғалар нысандары бойынша мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам және өндiрiстiк кооператив болып бөлiнедi.

Мемлекеттiк кәсiпорындар шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына негiзделген кәсiпорын түрiнде болады.

Мәмiле ұғымы, түрлерi және нысандары

Азаматтардың азаматық құқықты белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған iс-әрекеттерi мәмiлелер деп танылады олар бiр жақты және екi жақты немесе көп жақты болып келедi. Нысандары бойынша мәмiлелер ауызша және жазбаша болып болiнедi.

Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заңдылықтар арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған иелiк ету құқығы. Иелену құқығы дегенiмiз мүлктi iс жүзiне иеленудi жүзiге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету. Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.

Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде танылады. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.

Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде танылады. Республикалық меншiк республикалыққазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктерден тұрады. Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заңдылықтарға сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктерден тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттiк меншiк объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген басқа да мемлекеттiк мүлiктер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды. Жер де заңдылықтармен белгiленген негiздерде, жағдайда және көлемде жеке меншiкте болуы мүмкiн.

Қазiргi замаңғы Қазақстан Республикасы азаматтық заңдылықтарының жалпы сипаттамасы

Азаматтық заңдылықтар өздерi реттейтiн қатынастарда қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұғылмаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерде кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұксан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.

Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта басқадай қарастырылмаса, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы, сондай-ақ адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары залалдар деп ұғынылады. Мемлекеттiк билiк органының, басқада мемлекеттiк органның заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетi салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасы немесе тиiсiнше әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өтеуге тиiс.

Азаматтық кодекстiң ерекше бөлiмi мiндеттемелердiң мына сияқты жекелеген түрлерiн: сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, рента және өмiрлiк асырауда ұстау, мүлiктiк жалданым, түрғын үйдiжалдау, мүлiктi қайтарымсыз пайдалану, мердiгерлiк, тасымалдау қызметiн қайтарымсыз көрсету, көлiк экспедициясы, заемақшалай талапқа орай қаржыландыру, банк қызметi, сақтау, сақтық, тапсыру, басқаның мүддесi үшiн тапсырыссыз iс-әрекетжасау, комиссия, мүлiктi сенiм арқылы басқару, кешендi кәсiпкерлiк лицензия, конкурстық мiндеттемелер, залал келтiруге байланысты мiндеттер және негiзсiз баюға қатысты мiндеттердi реттейдi.

Ерекше бөлiм сондай-ақ интеллектуалдық меншiк құқығы, мұрагерлiк құқығы және халықаралық жеке құқық мәселелерiне арналған.

Интеллектуалдық меншiк құқықтарына:

а) интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерi;

б) азаматық айналымның, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң қатысушыларының даралау құралдары жатады.

Мұрагерлiк құқық мұрагерлiктi реттеуге арналған. Мұрагерлiк - өлген азаматтың мүлiктерiнiң басқа тұлғаға - мұрагерге көшуi. Мұрагерлiк өсиет бойынша және заң бойынша жүзеге асырылады. Заң бойынша мұрагерлiк өсиет болмаған не ол барлық емес мүлiктiң тағдырын анықтайтын жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде қарастырылған жағдайларда орын алады.

Халықаралық жеке құқық шетелдiк азаматтардың немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не шетелдiк элементпен күрделенген мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес қатынастарды реттейдi. Бұл қатынастарды реттеген кезде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi, басқа да заңдылықты актiлер, Қазаұстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттар, сондай-ақ мойындалған халықаралық әдетғұрыптар қолданылады.

1 Әкімшілік құқық / Ю.М. Козлов, Л.Л. Поповтың редакциялауымен.-М., 1999, . 34 б.

2 Тихомиров Ю.А. «Әкімшілік құқық және процесс курсы». М., 1998, 88б..

3 Бельский К.С. «Әкімшілік құқық жүйесі туралы » // Мемлекет және құқық, 1998, №3, . 8б.